Мамаңдықты қалай дұрыс таңдау қажет?
— Мамандықты дұрыс таңдау — ол өмір жолының сәттілігінің негізі. (Э. Ф.
Зеер)
Мамандық таңдау - әрбір адам өміріндегі өте маңызды,әрі жауапкершілікті қажет
ететін қадам.«Болашақта мен кім боламын?Қандай мамандық тандағаным дұрыс?»
деген сұрақтар 11 сынып бітірген түлектердің ойын жиі мазалайды.Дұрыс таңдау
жасау - жарқын болашақтың кепілі.Сондықтан,бойында мақсат мен арман лаулап
тұрған жастарға жақсылап ойланып,нық қадам жасаған жөн. Мамандық таңдауда
қандай критерийлерге назар аудару қажет?
1.Болашақ мамандығын жайлы ақпарат көбірек іздену. Мамандық таңдау үлкен
ізденісті және толық ақпарат алуды қажет етеді:семинарларға қатысу,пікірлер
оқу,тегін курстарға жазылу және де қызықтырған мамандыққа оқып жатқан
студенттерден кеңес сұрау.Мамандықтың түпкі негізі неден тұратының білу
қажет.Сонымен қатар,анализ жасап,мамандығыныздың болашақта сұранысы жайлы
толық білуге талпынған жөн.Өмір бойы таңдаған қызметке өкінуден гөрі,бір ай бойы
толық ақпаратты оқыған
2.Болашақ мамандықтағы өз бейнеңізді қалыптастыру. Бірнеше мамандықты
салыстыру үшін,алдағы бірнеше жылдағы мансап жолын елестетуге
болады.Мысалы,күнделікті қандай жұмыс атқаратынымызды көріңіз.Еген көрініс
көңіліңізден шықса,ары қарай жүре аласыз.
3.Өмірлік тәжірибеңізді күшті және әлсіз жақтарын бағалау. Кез келген қатысқан ісшаралар сізге тәжірбие береді.Жаңа кәсіптегі болашақ жұмыс берушінің тарапынан
өз қабілеттеріңізді тексеріңіз:мансап жолында сіз қандай еңбек атқара
аласыз.Объективті баға беру қолыңыздан келмесе,жұмыс берушіге де бойыңыздан
жұмысқа деген талпынысты көру қиын болмақ.
4.Болашақ мамандығынызға белгілі бір күш салуыңыздың дайындығын бағалау.
Мамандықты дамыту үшін көп ресурстар қажет:жаңа білімді жинауға ақша мен
уақыт.Бұл жолдан өту қиын болғандықтан,аянбай еңбек ету үшін,құрбандықтың
болуы.Мысалы,өз ісіңіздің маманы болуыңыз үшін оқу кезінде достарыңызбен
кездесуге,қызығушылықтарыңзға көңіл бөлуге және әдеттегі өмірдегі іс-шараларға
уақыт жетпеуі мүмкін.
Сонымен қатар,ұсынылған кеңестер болашақ мамандығыңызда сенімді болуға үлкен
көмек бермесе,тәжірбиелі мамандардың көмегіне жүгінген жөн. Кәсіптік бағдар беру
мамандары - адамдардың жеке мүдделеріне,қабілеттері мен тәжірбиесіне сәйкес
қолайлы саланы таңдауға көмек беретін мамандар.Ол сіздің
мотивацияныз,интеллегіңіз бойынша талдау жүргізіп,мансабыңызды құруға жоспар
мен траекториясын құрылуын ұсынады.
Қорытындылай келе,мамандық таңдау - өте күрделі іс.Ең бастысы - өз жүрек қалауына
сену.Себебі,өмір бойы айналысатын ісіңіз сізге ләззат әкелуі қажет.Дұрыс таңдау
жасалмаған жағдайда,эмоционалды күйреуге шалдығасыз.Сондықтан,өзіңізге
сеніңіз,арман қуыңыз және жақсылыққа талпыныңыз!