400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мәмбетов Айқын Сүлейменұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоблыланды батыр
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тоқтарбайұлы Қобыланды батыр

(XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды.

Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, ханның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының бөлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған деседі. Бұл жөнінде Шәкәрім шежіресінде: «Біздің осындағы арғындардың атасы Дайырқожа Әбілхайыр ханның сүйікті қазысы екен. Билікті әділ айтқандықтан Ақжол би атаныпты. Және Қара Қыпшақ Қобыланды да ханның сүйікті адамы екен. Екеуі іштей жауласып жүргенде, бір күні Қобыланды Дайырқожаны далада өлтіріп кетіпті. Мұны әз-Жәнібек хан біліп, Қобыландыны шариғат бойынша қысас қылып өлтіруге сұрапты. Әбілхайыр берейін десе, көп қыпшақ бұзылатын болған соң, бере алмай, үш кісінің құнын ал деген соң, бұған Жәнібек өкпелеп, бөлініп кетеді» деген дерек беріледі. Бұл оқиғаның тарихи шындық екенін Дайырқожаның әкесі Қотан жыраудың өлген баласының денесін айналып, қайғырып, қан жұтып жүріп айтқан:

"Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным?

Сексен асып таянғанда тоқсанға,

Тұра алмастай үзілді ме, жұлыным, —”

деп басталатын толғауы да дәлелдей түседі. Қобыланды батыр жайында екінші бір дерек көзі — қазақ халқының қаһармандық жырларының бірі — "Қобыланды батыр" жыры. Бұл мазмұны жағынан да, басқа батырлық жырларға қарағанда шоқтығы биік тұрған халықтық шығарма, ерлік эпопеясы. Бұл жырдың оқиғаларына қарағанда, Қобыландының ерлік жолы қазақ елінің сол кездегі сыртқы жауы — қызылбастар (парсылар) мен олардың шапқыншылық жасаған ханы Қазанға қарсы күресінен басталады. Оның бұдан кейінгі шайқасқан батырларының атына қарап, олардың атақты Едіге батырдың тұқымдары екенін аңғаруға болады. Қобыланды батырдың Орақ батырмен дос болып, Алшағырмен жауығуы — Қазақ хандығының өзара іштей екіге бөлінген Ноғай ордасының бірін қолдап, екіншісімен соғысып жатқан тарихи кезеңін алға тартады. Мұның бәрі Қара Қыпшақ Қобыланды батырдың аңыздық негізде қиялдан туған кейіпкер емес, өмірде болған, ерлік істерімен еліне танылып, құрметіне бөленген хас батырларының бірі болғанын дәлелдейді. Және де қазақ халқының қалыптасуына үлкен үлесін қосты.[1][2]



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 желтоқсан
65
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі