жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мәнерле оқыу о
Күні:10.12.2018ж Пәні: Мәнерлеп оқу Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу техникасы
Сабақтың мақсаты: Жұрт алдында сөйлеуге бейімдеу. Сөйлеу техникасы, сөздің айтылуы дауыстап оқу жайында мағлұмат беру. Оқушыларға көркем сөз оқу өнерінен жан-жақты мәлімет бере отырып, сөз өнері мен сөйлеудің әдіс-тәсілдеріне төселдіру, сөйлеу техникасы-дұрыс дем алу, дикция (үні, сазы), дауыс сапасын дамыту
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: аралас сабақ
Көрнекілік: сұрақ-жауап, өзіндік шығармашылық жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу
Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындықтарын тексеру
ІІ. Білімдерін жан-жақты тексеруСөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдарын оқушылармен бірлесе отырып айқындау.
1. Психологиялық дайындық.
2. Ақпараттар жинау.
3. Сөйлеу техникасына төселу.
4. Жазбаша мәтін құрастыру. Бірақ мүмкіндігінше қағазға қарамай сөйлеуге дағдылану.
5. Шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді орынды қолдана білу.
ІІІ. Жаңа
сабақ
Қарым-қатынастың ерекше түрі.
Егер сізде бірнеше адам болсын, көпшілік қауым болсын, олардың
алдында сөз сөйлей алатын артықшылықтарыңыз болса, онда бұл жерде
қарым-қатынастың ерекше түрі жұмыс істейтінін білулеріңіз керек.
Сіздердің алдыларыңызда, әрқашан ерікті тыңдаушыларыңыз болады.
Тіпті оратор шектеулі жағдайларда болса да, тыңдаушылар мейлі
кішкене топ, не көпшілік қауым болсын, ораторға назарын аударады.
Көпшілік алдында сөз сөйлеудің мүмкіндіктерін қолданудың ең
қауіпсіз жолы – өздерінің ақылдарын, жүректерін ашуға дайын
адамдарға, сіз баяндайтын ойдың нақтылығы және зияттылығы болып
табылады. Сіздің баяндамаңызды күтетін адамдар, сізге жылы көзқарас
танытып, өздерінің жақындарынан күтетін достық пен мейірбандықты,
сізден күтү үстінде болады. Шындығында, осы топ арасынан сіздің
болашақта достарыңызда шығып қалуы ғажап емес.Сіздер адамдармен
алдағы мақсат-міндеттеріңізбен, армандарыңызбен бөліскенде, бұл
қарым-қатынасты жеке басты және бірегей етеді. Бірақ, дәл осындай
үндеулеріңізді мың немесе миллион тыңдаушыларға жеткізе білу,
кейбіреулердің қолынан ғана келетін, ұлы және ерекше
артықшылықтардың бірі болып табылады. Қарым-қатынас беретін
мүмкіндіктердің тереңдігін ұғынған кезде ғана, оның ерекшелігін
сезесіздер. Қағидаттар:Көпшілік алдында сөз сөйлу – бұл жалғыздық
сезімі Тыңдаушылар қорғансыз
Тыңдаушылар ерікті түрде тыңдайды
Тыңдаушылар бағынышты жағдайда отырады
Тыңдаушылар сыни көзқарас немесе ынта танытады
Көпшілік алдында сөз сөйлеу – бұл ерекше артықшылық
Өзіңіздің жолдауыңызды біліңіз. Көптеген ораторлардың айтары жоқ болып қалатын жағдайлар болады. Көпшілік алдындағы жолдауларыңыз қаншалықты ұзақ болмасын, оны екі-үш сөзбен қорытындылай алуларыңыз қажет. «Қалай?», «Неліктен?» деген сұраққа толық жауап бере алатындай болсын. Келесі айтатын мәселе, ол тақырыпқа толық тоқталу болып табылады. Сіз өз тыңдаушыларыңызды айтқаныңызға көндіру үшін мықты ынтамен сөйлесеңіз, таңғаларлық күшке ие болатыныңызды байқайсыз. Жолдауыңызды дайындау барысында, нақты деректерді қамту үшін, зерттеу жүргізу керек. Дәл осы кезде оқығаныңыздың дағдысы сізге көмекке келіп, сізді керекті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Маңызды сөз сөйлеу барысында, сіз колданатын сөздерден бөлек, басқа да толық ақпарат жинау керексіздер. Бұл сіздің сөйлеу мәнеріңізде, сіздің өзіңізге деген сенімділігіңізде анық байқалатын болады. Жолдауыңыздың барлық аспектісін қамтуға тырыспаңыздар, ол жолдауыңызды бұрып, тыңдаушыларыңыздың ойын шатастырады. Жоғары деңгейде сөз сөйлеуге кедергі болатын, яғни айқындылықты, драматизм, модуляция және т.б. маңызды ингредиенттерді жоғалтып алтып аласыздар. Алдыға нық сенімділікпен жүру үшін тек дайындалыңыздар, дайындалыңыздар, дайындалыңыздар! Кез-келген сөздеріңізді «мен сіздерге айттым ғой!»,-деп бітіретіндей, мықты оратор болыңыздар.
Сахнаға дайындалу. Кәсіби оратордың өмірінде де, неше түрлі күтпеген жайттар болуы мүмкін. Бірақ ол жағдайлар, ешқашан сіздің сөз сөйлеуіңіздің сапасына немесе қарым-қатынасыныңызға әсер етпеуі тиіс. Сахнаға шыққан кезде, 100% сападан төмен көрсетсеңіз, оған қынжылу керексіз. Сыртқы келбет, әркез сенімділікті және абыроыйңызды бейнелеуі қажет. Шаршағандықтан, ауырғандықтан, үрейден өзіңізді басқаша ұстауға болмайды. Ешқашан халық алдында басыңыздағы қиыншылықтарыңызды көрсетпеңіздер!!! Кәсіби оратор ұқыпты болу керек, ұқыпты көрінуі керек, сөз сөйлеудің алдында, барысында, одан кейін, ұқыпты болып қала беру керек. Егер сіз шет елде сөз сөйлейтін болсаңыз, өз тіліңізде сөйлеңіз, ал аудармашылар, сіздің айтқан әр сөзіңіздің мағынасын түсінетініне көз жеткізіңіз. Бұл өте маңызды. Бір жағынан қарағанда, ораторлардың барлығы актерлар. Соны пайдаланып, кез-келген кейіпке кіре аласыздар. Сахнадағы ахуал, киім, техникалық бөлшектер, бұлардың барлығы маңызды бөліктің бірі болып табылады. Сіздің дайындығыңыздың маңызды бөлігі. Қағидаттар:
Өзіңіздің қиыншылықтарыңызды ешқашан көрсетпеңіз
Залдағы тыныштықтан аулақ болыңыз
Электроаппаратураны тексеріңіз
Киім – сөз сөйлеудің жарты бөлігі
Сахнадағы ахуал жолдауларыңызың жетуіне әсерін тигізеді
Платформадан аудиторияға қарай түспеңіздер
Дұрыс дауыс екпіні. Даусымды жаттықтыра бастаған кездегі ең тиімді нәрсе – ол диктофон болды, дейді автор. Ең алғашқы жазбаларымды естігенде, жек көретін жіңішке дауысым, мыңқылдаған дауыс екпінім, ыңғайсыздықтан да көп әсер тигізетін. Көпшілікке шығар алдында, айтатын сөздеріңіздің әр біреуін айтып жаттығыңыз. Өзіңіздің даусыңызбен жұмыс істеңіз, басқа адамдардың құлағына сенімділікті, жылылықты жеткізу үшін, дауыс екпінін дамытытуға тырысыңыздар!
Жақсы интонация негізі болып – теле және радио жаңалықтарының дикторларын тыңдау. Айқын интонация және дикция, аса маңызды мәнге ие. Сонымен бірге, достарыңыздан көмек сұраңыздар. Олар сіздердің дауыстарыңыздың қалай шығатынын талқыға салсын, тек шынайы түрде. Әзіл айтқанда жай ғана жымиыңыз. Оратор айтқан кез-келген қалжың:
Шындыққа жанасуы керек
Бірақ жолы болу керек
Күлкілі болу керек
Егер бұған қол жеткізе алмасаңыздар, онда ақылдырақ болып, қалжыңды қолданбаған жөн. Әрқашан интонацияны басқара біліңіз. Ол сіз жарықтандыратын салада, өзіңізді атақтырақ етіп көрсетеді. Егер дауыс екпінін басқара білсеңіз, онда тыңдаушылар, дәл сізге келгені үшін өкінбейді. Сізді қайта тыңдауға келетініне, мен кепілдік бере аламын дейді, автор. Қағидаттар:
Өз даусыңызды жиі тыңдаңыз
Өзге адамдардың ойын тыңдаңыз
Драматургияны дәл уақытында қолданыңыз
Ешқашан айқайламаңыз, дауыстың модуляциясын қолданыңыз
Эмоцияны қолдануда абай болыңыз – жиі жылап, не ашуланбаңыз
Өзіңіздің роліңізді ойнап жатқаныңызды ұмытпағайсыз
Жымиыңыз, бірақ қатты күліп, халықтың ашуына тиіп алмаңыздар
IV. Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру:
-
Әр топ өзіне тақырып таңдайды.
1. Сыйлы оқушы деген кім?
2. Егер мұғалім болсам…
3. Қай оқулық ұнайды?
4. Мектеп өмірі қайтсе қызықты болады?
Жеке, көршісімен ой бөліседі, топқа салады. Спикер шығып қорғайды. 1 ұсыныс, 1 пікір.
Жұрт алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын кеңестерге тоқталу.
Психологиялық жаттығу жұмысы. РЕЛАКСА ЦИЯ.
Релаксация
(Психологиялық жаттығу)
Балалар, әрқайсымыз өзімізге ыңғайлы, жайлы жер тауып отырайық. Басымызды сәл бұрып, қолымызды тіземізге, бар зейінімізді маған аударып, көзімізді жұмайық. Қол аяғымызға жайлы, жағымды энергия берілуде. Денемізден ток жүріп өткендей, аздап ысып келеді. Рахаттану сезімін басымыздан кешкендейміз. Осы қалпымызда 10 секунттай отырамыз. Мен кері санағанда ойымызды жинақтап, көзімізді ашуға даярланамыз. 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0. Енді бәріміз бастапқы қалпымызға келеміз. Көзімізді ашамыз.
V. Шығармашылық жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
VI. Жаңа сабақты бекіту.
Ораторлық қасиет деген не? Ол бізге не үшін керек? Сол арқылы өмірде қандай жетістікке жете аламыз? Қандай қиыншылыққа төтеп бере аламыз? Өзімізді қандай қырымыздан көрсете аламыз?
VII. Уй тапсырмасын беру
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген