«Мәңгілік ел - мәңгілік тарих» /тарихи-танымдық кеш/

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мәңгілік ел - мәңгілік тарих» /тарихи-танымдық кеш/

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәңгілік ел арманы – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану немесе тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу.Осыны ескерген Елбасы бaй тapиxымызды түгeндeп, өткeнімізді жaңғыpтып, өшкeнімізді қaйтa жaғу жoлындa ұлт тарихын танып-білудің жаңа кезеңін бастап беріп отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мәңгілік ел - мәңгілік тарих»

/тарихи-танымдық кеш/

1- жүргізуші: Қазақ жері қонақжай төрдің жері,

Қазақ елі қас сақтай ердің елі.

Елі кедей болмаған, жері байтақ,

Еділ ердей, Бабырдай шерлер елі.

Азат бүгін байлыққа тұнған жерім,

Азап жүгін, ел жауын қуған ері.

Әділет пен бірлікке жанын қиып,

Әділ өткен билердің туған жері.

2 - жүргізуші: Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ ері - өнерлі, өсиетті,

Египетті билеген Бейбарыстың,

Елі текті, киелі, қасиетті.

Қорлаған жау - басқыншы халыққа мұң,

Қорғаған ер – ойлаушы халық қамын.

Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыстар,

Қорғап қалды ел бағын алыптарым.

1 – жүргізуші: Қазақ елі сонау Алтайдан Пиренейге дейін билік еткен ер Еділ батырдың елі. Қазақ елі – асқан батырлығымен, ақыл – парасаттылығымен Египет еліне билік жүргізген Бейбарыстың, Үндіні билеген Бабырдың елі.

2 – жүргізуші: Аспаныңда жарқ – жұрқ етіп жалындар,

Аққан судай зымырады ғасырлар,

Тұрды күтіп, түрлі – түрлі асулар.

1 – жүргізуші: Тарих! Осы сөзде қаншама мазмұн, қаншама ойлар мен ұғым жатыр. Ұлы Жібек жолының кіндігі болған әлемге әйгілі Отырардың күйреуі, жоңғар шапқыншылығы, үш жүздің Ресейдің қол астына кіруі, ұлт – азаттық шаруалар көтерілісі, нәубет аштық, жеке басқа табынушылық, репрессия, Ұлы Отан соғысы, қазақ даласындағы полигон зардаптары, орталықтың теріс саясатының нәтижесінде Желтоқсан оқиғасы бәрі де біздің тарих.

Енді сол тарих бетін ашайық!

2 – жүргізуші: Отырар қаласы өз тарихында сұрапыл соғыстан 3 рет қирап, 3 мәрте тірілген іргелі орын. Отырардың керуені кіріп – шығып жататын бес қақпасы болған, дарбаза қақпа, алтын қақпа, хан сарайы қақпа, құл қақпа, пышақты қақпа деп аталатын. Дүниеге Әбу –Насыр Әл –Фараби, Әл – Жауһариді келтірген, 100 мыңнан астам халық мекендеген, бірнеше мешіт, медресесі бар аты әлемге әйгілі қала.

1 – жүргізуші: 1219 жылы Шыңғысхан жасағы Отырар қаласын 200 мың әскерімен қоршауға алды.Бірақ қанша шабуылдаса да олар қаланы ала алмады. Шыңғысхан қаһарланып, бүкіл қолы қырылса да «Отырарды алу керек» деген бұйрық береді. Отырар тұрғындарының жағдайы нашарлайды, тамағы таусылады. Әскер ішінен бір жансыз опасыздық жасап, қала қақпасын ашып береді. Жау сатқындарды да, қала халқын да қырып салады. Сонымен 6 ай бойы жауға тойтарыс берген Отырар қаласының орнында төбе – төбе топырақ қалады.

/Мұхтар Шаханов «Отырар» дастаны оқитын 8 «А» сынып оқушысы Мәлік Дана/

2 – жүргізуші: Тәуелсіздік! Бостандық!- деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен «тарих» дейді.

Керей, Жәнібек аттандады халқы үшін,

Өз елінің атағы үшін, даңқы үшін.

Болашақты ойлап олар ұрандап

Күрескенді ата-баба салты үшін.

1 - жүргізуші: Сонымен, XV ғасырдың екінші жартысында (1465-1466) Қазақ хандығы даласында кем дегенде екі мыңжылдық тарихта артта қалған мемлекеттер мен заңдардың қасиетін, мәнді белгілерін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қабылдай қадір-қасиетімен, даралануымен алғашқы қадамын жасады.

Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.

Көрініс: «Қазақ хандығының құрылуы»

1 - көрініс: «Керей мен Жәнібектің Әбілхайыр ханға қарсылығы»

/Сахнада Әбілхайыр хан тақта отыр. Жанында кимешек киген әйел адам/

Әбілқайыр:-Түрің неден жабырқау, түсің неден қашыңқы?

Әйел:-Білмеймін хан ием, айтсам ба, айтпасам ба? Көңілде жатқан көп ойдың толқынын тысқа шығарсам, ұғар ма екенсіз, ұқпас па екенсіз.

Әбілқайыр: -Сөйле, Гүлбақыт, сөйле. Ештеңені бұып қалма.

Әйел:-Сөйлесем, жөні суық түс көрдім, бір ерекше іс көрдім. Сіз отырған алтын тақты екі бөрі талқандай бөліп, ордаңызды ортасына түсіріпті хан ием. Мен білсем, екі бөрі-жас сұлтандар Керей мен Жәнібек болса керек. Сіздің әр қателігіңізді қарауылдайын қағып, бақауылдайын баққан екеуі менің күдігіме құрық бола береді хан ием.

Әбілқайыр:-Күдігің орынды-ақ, бірақ олар ұлт басы болады дегенге көңілім сенбейді. Ордада ойран сала алатындай қуат жоқ оларда.

Әйел:- Қате күтпеген жерден келеді, мүмкін ірілікпен байқамайтын шығарсыз. Қос сұлтан ордамызға қатар кіріп келгенде сарайыңыз дірілдейді (қолын жоғары көтеріп) хан ием. Әсіресе Керейдің көзі өнменіңнен өтеді. Атасының алынбаған өшін мына бізден көрердей.

Әбілқайыр:-Жақсы, айтқаныңды қош дедік. Ақылға салып көрелік.

Әйел:-Әне өздері де келіп қапты. Сын сағаты соқты, енді өзіңіз көрерсіз. Кірсін бе?

Әбілқайыр:-Мейлі кірсін. Көрейік. (екеуі кіргенде, әйел тақтың екінші жағына қашып шығады)

Әбілқайыр:-О, Сұлтан, жұптарыңды жазбай жабысып жүретін бопсыңдар ғой.

Керей:-Егер есіңізде болса, біз ағайынды жандармыз.

Әбілқайыр:-Бірің құптап, бірің жұптап, қисындарыңды тапқан екенсіңдер. Ел сөзін айтар мына сендер болғансыңдар ма?

Керей: -Атамыз басқа болғанымен, түбіміз бір. Арманымыз басқа болғанымен алашымыз бір. Ел ортақ. Жер ортақ. Сондықтан қарашаның сөзін айтамыз.

Әбілқайыр: -Маған ондай сөзің керек емес. Ел де менікі, жер де менікі. Осы елдің үкімі мен күтімі де маған бұйырған. Тәңірім берген билігімді алты алаштың ағайынына арқалатып жіберетін жәйім жоқ. Сондықтан кетер жолдарың әне.

Жәнібек:-Асырып айтқым келмейді. Басылып қайтқым келмейді. Билік біреу болғанмен ел ортақ.

Әбілқайыр:-Тәйт ары. Алаңдамайын десеңдер ары жүріңдер.

Керей:-Айттық ендеше. Біз арылдық. (кетіп қалады).

Әйел:-Айтқаным айдай келді, жүрістері суыт, жүздері суық көрінеді хан ием, байқаңызшы. (кетіп қалады)

Әбілқайыр: /хан ашуланып орнынан тұрады/ -Жетілдік деген екен, желпініп тұр. Сонда бұл ағайынға не керек? Не жетіспейді. Жеке ел болып жетіскенін көрер ем. Елді ұстап тұру, оны басқару оңай іс деп ойлай ма екен? Мен көрейін бұларды. (шығып кетеді).

2-көрініс. /Сахнаға Есен-Бұға, ақсақалдар, билер шығады/

Уәзір: /Кенан/ Алдияр тақсыр! Сізге Әбілқайыр хандығынан Керей мен Жәнібек сұлтандар келіп тұр.

Есен-Бұға: /Елдар/ Кірсін!

/Керей мен Жәнібек кіріп бастарын иіп амандасады./

Есен-Бұға: Келген шаруаларыңды айтыңдар

Керей: /С.Ернар/ Өзіңіз білесіз! Ақ Орда хандарының ұрпақтары Дешті-Қыпшақ мекендеген керең Сахараның арыстаны болып алысты, жолбарысы болып жұлысты, қыраны болып самғады. Ендігі арада бізбен іргелес боларлық ел, қонысы болса қоныс болар жер іздеп, соның орайын шолып шыққан жайымыз бар.

Сұлтан: /Жәнібек/ Уа хан ием! Қазірдің өзінде қазақ руларының біраз елі Шу мен Таластан бастау алар беткейін жағалап, анау Қошқар мен Жуанарықты жайлау қылып жайлап барады. Сол қалың елдің алды. Көкше теңізге дейін барып қалды.

Би: /Думан/ Мойынқұм жаққа да бет алған ел бар. Қазақ рулары дулат пен қоңыраттар ата қонысы мен Әулиеата мен Меркіні де маңайлап қалды.

Есен-Бұға: /Елдар/ Жау болам деп шаттығып келмей, қоныс сұрап ниеттес те, тілектес болып қонысты боламыз деген ойларыңның орайы бар екен. Соңдарыңнан ерген қазақ рулары анау Шу мен Сарысу, Талас пен Бадам өзендерінің бойына, төрт ата дулаттың атамекеніне қоныс тепсін. Оған сыймаса анау қарайып жатқан Қаратау мен Қозыбасы да соның Моғолстанға қарайтын терістік беткейін Қаратал өзенімен тұйықталатын Түркістанға дейінгі алқапты да қоныс қылыңдар.

Алайда, бір шартым бар:

Мына бізді қалмақтар мен ойраттар бірлесіп шабуға әскерін жасақтап жатыр деген хабар келді. Құшағымыздан қоныс алып ел болып жатырсыңдар өрісіміз бір, ендеше тағдырымыз да бір. Ел шетіне жау келсе күш қоса бірге қорғанамыз.

Жәнібек: /Х.Ернар/ Шартыңызды құп алдық. Өрісі бір елдің жаны бір.

Есен-Бұға: /Елдар/ Уа, сұлтандарым! Қазақпен қоңсы болсаң қол-бетін алынбас деген ежелден келе жатқан сөз бар еді. Соған анық көз жетті.

Би: /Думан/ Уа жұртым! Әр жұрттың жұмағы өз ордасы. Отансыз аспаны бағынышсыз байрағы екен. Елсіз ел, киесіз жер, хансыз Орда болмайды. Басымызға бақ қайырылған сәтінде кешегі оңтарыла көшкен көшімнің тізгінін ұстаған Керей мен Жәнібек еді. Ақ тілекпен аға жолы деп Керейді Ақ Орданың ханы етіп көтерейік.

(Керей, Керей, Керей, Керей,.......,) Екі би Керейді сахнаға алып шығады, ақ киізге тұрғызып ақ шапан жабады.

Керей: (Кітапқа қолын қойып)

Құдіреті күшті Алланың алдында,

Қалың елім Алашымның алдында,

Керей басым хан болып

Қазақ елімнің бағын асырып,

Көтерілген Ақ Орданың мейманасын тасытып,

Бабаларымыздан қалған ұлы Тұран даласын

Бірлікке келтіріп,

Төрткүл дүниеге рухты ел екенімізді паш етуге АНТ еттім!

(Барлығы бірге: Керей хан, Керей хан, Керей хан, Керей хан,.......,) (Керей таққа отырады)

Керей: /С.Ернар/ Тағдырдың талқысынан, тауарихтың тезінен өттік.

Көк бөрідей шарладық, қыран құстай самғадық.

Жауларының мысын басқан, достарына құшағын ашқан

Қазақ деген Ел болдық.

Шапағат нұрын шашқан,

Еңселі елімді, атамекен жерімді, тәуелсіздіктің көк туын

Болашаққа еңкейтпей алып бару

Келер ұрпақ өрендерім сендерге енді АМАНАТ!

1 – жүргізуші: Тарихтың терең – терең қатпарларына көз жіберер болсақ, елдің есі мен санасында ұзақ уақыттан бері сақталып келе жатқан небір орасан оқиғаларға куә боламыз. Сол соқпақтардың бойында еліне елеулі еңбек сіңіріп, қаһармандық қызмет атқарған ірі – ірі тұлғалардың өмірі мен тарихта қалдырған іздері әлі күнге дейін сайрап жатыр. Заманымыздағы Тәуке хан сондай ардақты есімдердің ішінен ерекше орын алады.

Көрініс: «Жеті жарғы»

Автор: Әділ хан аз болды Назардайын

Алашқа Есім ханның жолы дайын.

Тәукедей данышпан хан құрған екен

Басында Күлтөбенің құрылтайын.

Тәуке хан: /Күнбол/ Уа, жұртым, алты алашқа аты шыққан қазақтың игі жақсылары! Бүгінде Күлтөбенің басына жайдан - жай жиылып отырған жоқпыз. Бабаларымыз Қасым ханның «Қасқа жолын», Есім ханның «Ескі жолын» жалғастыра отырып ел тыныштығын сақтайтын, тентекті түзейтін Жарғы қабылдап «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға» жетуіміз керек. Бабадан мирасқа қалған жерді сақтау, нығайту үшін ең алдымен дау, жанжалдың негізі болған көшпелі елдің мал жаятын жайылымын, қоныстарын дұрыс жолға қою қажет. Олай болса бірінші жарғы жер дауы болсын. Бұдан былай жайылымдар ру–ру болып пайдалануға беріліп және әр ру белгіленген аймақтың шеңберінде ғана көшіп – қонуға мүмкіндігі бар болсын. Белгіленген жер межесінің шеңбері рудағы түтін саны мен мөлшеріне қарай бөлініп, жерді пайдалану барысында дау туатын болса, ру басшылары, билер әділетті шешім шығаруы қажет. Ал енді Ұлы жүздің бас биі Төле би, сен не айтасың?

Төле би: /Баяшат/ Жыртық үйден жел гулесе – сол жаман.

Өлім – бесік әлдилеген – сол жаман.

Ұрлық, қарлық, барымталап мал тауып,

Берекесін елдің алған – сол жаман.

Олай болса екінші жарғымыз ұрлық, қарлық, барымтаның жо-

лын қиып, ел тыныштығын қорғайтын заңымыз болсын.

Тәуке хан: /Күнбол/ Ал енді Орта жүздің бас биі Қаз дауысты Қазыбек биге сөз берейік.

Қаз дауысты Қазыбек: /Балғын/

Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт – береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөзді асырмаған елміз.

Келесі жарғымыз ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болсын.

Тәуке хан: /Күнбол/ Келесі сөзді Кіші жүздің бас биі Әйтеке биге берейік.

Әйтеке би: /Мадияр/ Қазақ ордасын нығайту үшін ең алдымен бет – бетімен ру – руға бөлініп, бір – бірімен қырқысып, ел берекесін алған рулар арасындағы дауды шешіп, елдің ұлттық бірлігін сақтауымыз керек. Алты алаштың баласы бір – біріне жау болса елдің ертеңі не болмақ. Келесі жарғымыз ру арасындағы дауды шешуге арналған заңымыз болсын.

Тәуке хан: /Күнбол/ Келесі сөзді қырғыз Көкім биге берейік.

Қырғыз Көкім би: /Руслан/ «Аға өлсе – жеңге мұра, Іні өлсе – келін мұра» дегендей, жетімдеріміз бен жесірлеріміз ел кезбесін десек келесі жарғымыздың бірі жесір дауы болсын.

Тәуке хан: /Күнбол/ Қарақалпақ Сасық би, жарғыға қосарың бар ма?

Сасық би: /Ерен/

Балаң жаман болса,

Көрінгеннің мазағы емес пе!

Әйелің жаман болса,

Бұл жалғанның тозағы емес пе!

Туған балаң жақсы болса,

Тән мен жанның шырағы емес пе!

Алған жарың жақсы болса,

Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе! - деп Қаз дауысты Қазыбек би айтқандай, келесі жарғымыз үй іші мен бала тәрбиесі болсын.

Тәуке хан: /Күнбол/ Ал қатаған Жайма би, сөз кезегі саған да келді, не айтарың бар?

Қатаған Жайма би: /Баян/

Төрені қара өлтірсе, құнын оның кім бермек,

Азаматын өлтірсе, ақысын оның кім бермек?

Жерін жөнсіз иеленсе, есесін оның кім бермек?

Әйелі ерін сыйламаса, ері елін сыйламаса, елі әдет – ғұрпын сақтамаса ертеңгі күніміз не болмақ? Олай болса келесі жарғымыз құн дауы болсын.

Тәуке хан: /Күнбол/ Уа, жұртым, алты алаштың игі жақсылары! Ел тәуелсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етер «Жеті жарғымызды» қабылдадық. Айымыз оңымыздан туып, «Жеті Жарғымыз» темірқазығымыз болсын! Әумин!

Автор: Жер дауы баяндайтын – біріншісі,

Ру, қоныс болыпты меншікті ісі.

Иеленген жеріне жанжал болса,

Біреуге басымдық қып озбыр кісі.

Үй іші мен баланы тәрбиелеу –

Болған екен заңының екіншісі.

Ұрлық, қарлық, барымта – үшінші заң,

Баян етер бәрін де білген кісі.

Төртінші боп саналған мынау заңы:

Бір халықпен басқа ру болса дауы.

Ұлтын жаудан қорғамақ – бесінші,

Алтыншы – құн, жетінші – жесір дауы.


2 – жүргізуші: 1723 жыл. Ел жайлауға көшіп жатқан кез. Алтайдан Атырауға дейін тыныштық орнатқан қазақ елі қаннен – қаперсіз, шат – шадыман жаз жайлау қызығын көруге бет алғанда, жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қазақ халқын қан жылатты. Бұл шабуылдарды жоңғар ханы Цеван Рабданның інісі Шона Даба басқарды. Дүрліккен ел шұбыра қашып, табаны езіліп, шұбырынды халық ақ табан болды. Аңдыздаған жұрт Алқа көлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Елдің елдігін, ердің ерлігін соңғы рет сынайтын күн туды. Жауға соққы беріп, жалпы жұртты аман алып қалу үшін данышпан ата Төле би батырларды батылдыққа, елді бірлікке шақырды.

1 – жүргізуші:Қара таудың басынан көш келеді,

Қара жорға шайқалып бос келеді.

Қара күнді жамылып қара қазақ,

Қара түнді басынан кешкен еді.

Қара қайғы көрсетпей ештеңені,

Қара жауы қанатын кескен еді.

Шұлғау болып қыздардың кестелері,

Талай қара шаңырақ өшкен еді.

Қара жұртта бықсыған шала қалған,

Аналардан ес кеткен, балалардан.

Тал да таппай қармауға жағалаудан,

Ақыл қашқан адыра бабалардан.

2 – жүргізуші: «Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен» заман болды. Қалың елді Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай батырлар бастап, азулы жауды Аңырақайда жеңді. Райымбек сияқты киелі батырлар кейін шапқан кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен біржолата қуып тастады.

1 – жүргізуші: Ер елінің Қабанбай тірегі боп,

Өренінің мақтаныш, жігері боп.

Ерлік сапта жүр мәңгі өзі бастап,

Әр ұрпаққа күш берер жүрегі от.

Етсе егес Бөгенбай дана батыр,

Өткен емес кек алмай дара батыр,

Айбары боп елдіктің, ердің ісі,

Айғағы боп ерліктің дала жатыр.

Райымбек әулие – қасиетім,

«Құдайым» деп жаулары бас иетін.

Балалары батыр боп орындайды,

Бабалардың өнеге - өсиетін.

2 – жүргізуші: Ел иесіз, жер иесіз болған емес. Халық болған соң оның көсемі болады. Ел басына күн туғанда қол бастайтын батыры болмаса, ел бастайтын иесі болмаса ел болудан қалады. Міне, осындайда ел басшысы болған, тарихта үлкен орын алатын тұлға – қазақтың батыр ханы Абылай. Абылай 1771 жылы Әбілмәмбет дүниеден өткен соң хан сайланады. Абылай 30 жасқа жетпей - ақ алғыр, жігерлі, қайрат – қуатымен ел бірлігіне араласады. Абылай бірінші ел бірлігі, екінші қарулы күш болу керек екенін түсінеді.

«Абылайлап» Сабалақ қол бастады,

Абылай хан аталып, ел басқарды.

Ерлігінен хандардың басталады,

Егемендік, елдіктің сел бастауы.

1 – жүргізуші: Туған жерің Жиделі Байсын екен,

Елібай деп атаған Бұқар маңы.

Атыңды Бұқар қойған сол себептен

Мәлім ғой, ол қазақтың ескі заңы.

Соғыста қалмақ жеңіп басып келген,

Белгісіз келген жанның қанша саны,

Бастап келген Қалқаман сенің әкең

Батырды қарсы алыпты Бұхар ханы, – деп осы баяндалған оқиғаларды

Үмбетей жырау өзінің бір толғауында жырға қосады. Бұқар жырау ХVІІ ғасырдың соңғы ширегінде, нақты айтсақ 1668 жылы Жиделі Байсын аталатын Бұхар жерінде дүниеге келеді. Көмекей әулие атанған Бұқар жырау - заманының заңғар тұлғасы, қара қылды қақ жарған әділ би, атақты Абылай ханның кеңесшісі. Алмағайып кезеңде ханның дұрыс шешім қабылдауына ықпал еткен ақыл иесі, кейінгі ұрпақтың болашағын дәл болжаған данагөйдің туғанына 350 жыл толып отыр.

2 – жүргізуші: Осыған орай «Көмекей әулие - Бұқар жырау» тақырыбында жас ақындар мүшәйрасы жарияланған болатын. Сахнаға өз арнауымен /


1 –жүргізуші: Халқымыздың елдік тарихында Исатай, Махамбет бастаған 1836 – 1838 жылдары шаруалар көтерілісі айрықша орын алады.

2 – жүргізуші: ХVIII – ХIХ ғасыр, Қазақ билері мен хандары иек атып, көмек күткен орыс патшалығы бірте – бірте өз мақсатын орындап, қазақ жерін отарлап, қазақ елін аздыра бастады. Ел ішіне іріткі салып, зымияндық саясатпен ел бірлігіне, ұлттық қасиетімізге, тіліміз бен дінімізге, кеңдігіміз бен елдігімізге кесір келтірді. Оған қазақ шаруалары ызаланып, бас көтерді. Исатай мен Махамбет бастаған ел көтерілісі сәтсіз болса да, ер намысының айғағы еді.

1 –жүргізуші: Орнатам деп Исатай бостандықты,

Ордадан кек, құптауды достан күтті.

Жаңғырған мұң – шаруа күресінен

Жәңгір хан мен орыс патша жасқаныпты.

Көрініс: «Махамбет пен Жәңгір хан»

Жәңгір: /Х.Ернар/ Уа, Махамбет, ел ішіндегі орақ ауызды ақын едің, мені мақтап бір өлең айтшы мына халыққа.

Махамбет: /С.Ернар/

Айтсам айтайын.

Хан емессің қасқырсың,

Қас албасты басқырсың.

Дұшпаның келіп табалап,

Достарың сені басқа ұрсын.

Хан емессің аярсың,

Айыр құйрық шаянсың.

Жәңгір: /Х.Ернар/ Әй, тоқтат Махамбет, талай жыл дәмдес болып тең өсіп едік. Сенен бұны күтпеген едім, текеметімді тілгендей Әбілқайыр тұқымынан не жамандық көрдің соншама? Сені ел қатарына қосқан Тайман тұқымы ма?

Махамбет: /С.Ернар/ Жәңгір, атаң Әбілқайыр қарауындағы елді алакөз дұшпаннан қызғыштай қорғаған ел үшін туған нар еді. Нардан айғыр туды, айғырдан қауырсын туды. Тайманұлы Исатайға тіл тигізбе, ол қарадан туса да хан боп туды. Сен жылатқан елді ол жұбатса несі айып?

Жәңгір: /Х.Ернар/ Алып кетіңдер мынаны!

1 –жүргізуші: Ресей қазақ елі түгелдей қол астына біріккеннен кейін, өз ойларын іске асыра бастады. Қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алып, беттен ауған орыс шаруаларына берді. Қазақтың хандығы жойылды, биліктен айырылды. Мұндай зорлықтарға шыдамаған ел Кенесарыны хан сайлады. Азаттық соғыс ашты. Кенесары қазақ халқын өз алдына мемлекет етем, өз алдына дербес ел болғызам деген қазақтың ең соңғы ханы болды.

2 – жүргізуші: ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей Азиялық Шығысты отарлауды кең көлемде жүзеге асырды. 1916 жылы 40 мыңға жуық шұрайлы жерінен айырылған қазақ еліне 19 бен 41 жастың арасындағы ер азаматтар қара жұмысқа алынсын деген патша жарлығы шықты. Соған қарсы жер– жерде көтерілістер отряды құрылып, Торғай, Жетісу өңірінде Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин сияқты ардагерлер басқарды.

Ардагер Амангелді ердің ері,

Кең өріс жалпақ дала туған жері.

Елі мен мекенінің туын ұстап,

Қол бастап қан майданда аққан тері.


1 – жүргізуші: Қазақтың ғұмырындағы жазылмас дерт – осы ғасыр. Ендеше тарихқа тағы да көз жүгіртейік. /Бейнеролик жүріп тұрады/

1918 – 1919 жылдар.Ресей үшін «Азаматтық» деп аталатын қызыл мен ақтың соғысында қазақ ауылдары қосақ арасында кетіп қырғынға ұшырады.

1920 жыл. Алаш елі Кеңес империясының илеуінде қалды.

1921 жыл. Қазақтың кейбір аймақтарында ашаршылық болып өтті.

1928 жыл. «Ірі феодалдар» деген сылтаумен ағайынға ұйытқы болып отырған қазақтың бай отбасыларын айдауға жіберді.

1929 жыл. Қазақтың жүздеген зиялыларын, мыңдаған азаматтарын Кеңеске қарсы деп атты, асты, айдауға жөнелтті.

1930 жыл. Кәмпеске, колхоз деген желеумен мал сүмесіне ғана қарап отырған ұлттың тігерге тұяғын қалдырмай, тышқақ лағына шейін сыпырып алды.

1931 жыл. Қыстан әрең шығып, бір уыс тары таба алмай, Кеңес өкіметі әдейі ұйымдастырған алапат ашаршылыққа ұшыраған қалың қазақ жартысының көбінен айрылып шыбынша қырылды. Бір деректер бойынша 3 500 000 адам аштан өлген.

1937 жыл. Қызыл репрессия


2 – жүргізуші: Жеке басқа табынушылықтан, Сталиндік зұлматтың зардабынан қоғам қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Міжақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Смағұл Садуақасовтар құрбан болды.

1 – жүргізуші: Бодандықтың қамытын киіп, қарғыс атқан күндерден құтылғанша көрген азабы, тартқан тозағы аз болған жоқ. Одан қайтсем құтқарам, теңдігін алып, терезесі тең етем деген ұлт ұлылары қиян – кескі қарсылықтарын көрсетіп жатты. Өресі, өлшемі ерек, ой – санасы қырандай қияны шалған Алаш арыстарының жолы азапты да қасіретті. Алайда ұлт дегенде түн ұйқысын төрт бөлген олар алған беттерінен қайтпады.

2 – жүргізуші: 1941–1945 жылдар. Адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары ерекше ерлік көрсетті. Батырлықты батырлардың ұрпағы Бауыржан Момышұлы бастады.

1 – жүргізуші: 1986 жыл. Желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

2 – жүргізуші: Ерлігіміздің арқасында Қазақстан егеменді болып дүние жүзіне танылуда. 1991 жылы біздің Отанымыз егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті болды.

Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуге Қазақстан елдігін.

Арман еткен, қыршын кеткен ағалар

Елің алды егеменді теңдігін.

1 – жүргізуші: Тәуелсіздік – бабалардың ұраны

Қазақстан сен бір елсің жаһанда

Бейуақытта бойға тартқан тұмары.

Тең танылған таудай асқақ тұлғасы

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

Бір сөйлемді ортасынан үздім мен,

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.

Осыншама осал боппыз біз кімнен?

Тәуелсіздік – берекенің бір басы,

Білсін әлем айырылмаймыз ешқашан

Дәулетің мен сәулетіңнің тұнбасы.

Қолымызға түгел тиген тізгіннен!

2 –жүргізуші: Міне, достар, Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Осы Тәуелсіздікті тұғырында нық ұстап тұру үшін сапалы білім мен тәртіп керек. Болашақ өз ұлтын сүйетін, өз елі, өз жерін, Отанын сүйетін ұлтжанды, өр намысты, биік рухты болу біздің қолымызда.

Қорытынды: Тaмыpcыз тaл бoлмaйды,

Тapиxcыз eл бoлмaйды, - дeп кeлeтін мaқaл мeмлeкeт бacшыcының «Ұлы дaлaның жeті қыpы» aтты мaқaлacының бap мәнін aшып тұpғaндaй. «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында, кеңістік – барлық нəрсенің, ал уақыт – бүкіл тарихтың өлшемі делінген. Елбасы мысал келтіре отырып: біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр және екіншіден, зор мəдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды дей келе, кейінгі жылдары табылған тарихи жəдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды, -  деп жазды.

Ұлы даланың жеті қыры – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі мәңгі тарихы немесе асыл арманы. Мәңгілік ел арманы – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану немесе тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу.Осыны ескерген Елбасы бaй тapиxымызды түгeндeп, өткeнімізді жaңғыpтып, өшкeнімізді қaйтa жaғу жoлындa ұлт тарихын танып-білудің жаңа кезеңін бастап беріп отыр. Осыған орай «Ұлы дaлaның жeті қыpы» aтты мaқaлacының бap мәнін ашып, бейнелеп қабырға газетін шығарған сыныптарды ортаға шақырайық.

1 – жүргізуші: Құрметті оқушылар, сіздердің қолдауларыңызбен «Мәңгілік ел - мәңгілік тарих» тақырыбы аясында өткен тарих - география онкүндік барысында көптеген елеулі оқиғалар аталып өтті. Осы қорытынды кешіміздің көптен күткен сәті - марапаттау рәсіміне кезек берейік!

2 –жүргізуші:

Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Дарындарға арналсын тілегіңіз!

Ұлттық интернет олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау үшін сөз мектеп директоры, тарих ғылымының кандидаты Ардақ Мұхаметжанқызы Қырықбайға беріледі.

1 – жүргізуші: Қазақстанның өз жолы, өзіндік болашағы бар, бұдан былай және мәңгі Тәуелсіз Қазақстанның тарихы жалғаса бермек! Қарышта, жайна, Қазақстан! Қазақстанның болашағы гүлдене берсін! Қазақ елі - Мәңгілік ел боп қаламыз!

2 –жүргізуші: Бүгінгі «Мәңгілік ел - мәңгілік тарих» атты тарихи-танымдық кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!



































1 жүргізуші:

Жалғанның жартысындай қазақ елі,

Алғандай көздің жауын сұлу жері,

Ақ пейіл, дархан көңіл халқымыз бар,

Болған да бірі батыр, бірі сері.

Әз бабам азаттықты аңсап өткен,

Ел үшін талай қазақ құрбан кеткен,

Солардың құдыреті ой арманы,

Таңы боп Тәуелсіздік бізге жеткен!


2 Жүргізуші:

Жиырма бес жыл, жиырма бес жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан да,
Кетпесін туған жердің берекесі!


Мен Беріштен шыққан Махамбет! Халұымның небір қиын кезеңдерді бастан кештік. Елдің ертеңі, келешегі қалай болар екен. Шығысыңнан қара қытай, оның алдында жоңғар келеді, ентелеп. Ал қазақ жері ру-руға бөлініп, бір бірікпеді бастары!

2 батыр

Мен,хан ұрпағы Кенесары! Иә, солтүстіктен ақ патшаның орыстары, небір сылтаумен қазақ жеріне еніп жаты! Ол - ол ма, оңтүстіктен Қоқан хандығы мал-мүлікті тонап, әйел, баласын құлдыққа алып жатыр!

1 батыр. Махамбет

Мүмкін емес, қазақ жерінде, батырлардың сарқылып, ел басқарар ханның қалмауы! Мүмкін емес, ел бірлігі болмауы! Сол баяғы алауыздық, бірін – бірі көре алмаушылық, сен тимесең, мен тиме! Сенің атың тұра тұрсын, менің атым, жүре тұрсын! Жоқ!!! Енді бұған жол бермеу керек!

2 батыр. Кенесары

Дұрыс айтасыз! Тәуелсіз ел болу үшін, барлық қазаққа жұмыла еңбек ету керек! Төрт құбыламызды түгендеп, еліміз үшін, жеріміз үшін қанымызды да, маңдай терімізді де төгеміз!

1 батыр. Махамбет

Бейбіт елде сән болар, бөлінген елде дау болар! Даудың түбі жау болар, жаудың түбі дау болар! Шаңдатып жүріп айқассақ, айта жүрер күн болар, қазағым!

3 батыр. Сырым

Мен байбақтының Сырымымын! Атадан жақсы ұл туса, елінің ұлы болғаны, Атадан жаман ұл туса, халқының соры болғаны!

1 батыр. Махамбет

Сонда қазақта жақсы ұл жоқ дегенің бе! Жоқ, олай емес! Тәуелсіздік түспейді ғой аспаннан! Ырас, талай батыр құтқарам деп өз елін, қара жерді жастанған!

2 батыр. Кенесары

Иә, тәуелсіздік бізге оңай тимейді! Асау аттай өз тізгінін бермейді! Қазағымның алтын басын иілтіп, талай дұшпан төрімізге төрледі. Қазақтың кең байтақ далаға бытырай қашқаны, өз елінің болашағы, қамы үшін!

3 батыр. Сырым

Бір тудың астына бірігіп, бір ханның қол астында болып! Сол туды құлатпай, жаулап күресіп! Ен даланы қорғау үшін, азаттық үшін жауға қарсы шығайық!

Сахнаға тағы бір батыр шығады

4 батыр. Абылай

Мен, қазақтың ханы Абылаймын! Оу, халқым! Ел болмас елдің төбесінде күн тұрақтамас, төрінде тәж тұрақтамас деген. Бірлік, намыс, ерлік болсын ұранымыз! Менің арманым үш жүздің басын қосу!

Музыка ойнайды. Сахнаға үш жүздің өкілдері үш найзаны алып шығып, бастарын байлайды.

4 батыр. Абылай

Жан-жақтағы елдермен татулық, бітімгерлік орнату керек! Сендер жан – жаққа бытырап, шашылып кетпей, бірің жең, бірің жаға, бірің аға, бірің іні болып, өзара бірлікке, бірлік арқылы елдікке, елдік арқылы өзгелермен теңдікке жетейік ағайын.

Сахнадан барлығы кетеді.

Сахнаға бала шығады.

3 батыр: Сырым

Уа ағайын, тарыдай шашылған халқым бірікті, Халқымның тағдыры жаңғырып, аспанында ашық күн туды! Найзасына үкі тағатын, Намысын қамшылайтын кез жетті!

Музыка ойнайды. Сахнаның сыртынан дауыс шығады.

Автор:

Құс ұшса қанатымен, Тұлпар шапса, тұяғы даланыкі!Осынау кең байтақ жер, қазақ жері! Шығыстан шыққан күн, Батыстан кең даламды қимай-қимай батады. Сондай әсем жер, Қуғыншының қонысы, Жұт пен қаттың мекені, Қорқыныштың себебі болғаны қашан....

Енді алашымның ақ насымын үкілейтін! Мықтылардан үркімейтін, күн туды! Себебі, дүниеге сән құрып, жерді бағындыратын, Мәңгілік елді қалыптастыратын, Шекесі торсықтай ұл келді дүниеге!

Сахнаға қолында нәрестесі бар ана шығады. Баласын аялап, билеп жүреді. Сәлден кейін ересек бала шығады. Ана сахнадан кетеді.

Бала:

Түнекте жатқан түнді емес,

Тілекпен айтқан күнді көрем!

Елімнің еңіреп жүргенін емес,

Бұғаудан босап, күлгенін көрем!

Өркендеп, өсіп, толғанын,

Мәңгілік ел болғанын көрем!


5 сынып оқушысы өлең айтады.


Сахнадан кетеді. Сахнаға кемпір мен немересі шығады

Әжесі: Е-е-е-е... — тәуба! Бергеніне шүкір...

Немересі: Әже, әжетай! Далада керемет болып жатыр, аспанға жаркылдаған салют атып, адамдар құанышқа бөлiніп жатыр. Жүрiңіз, көрейік!

Әжесі: Е-е-е-е, жарығым бұл қуаныш. Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет, қой. Жақсылығымыз ұзағынан болсын!

Немересі: Әжетай, Тәуелсіз деген не?

Әжесі: Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың, балам. Біздің кезімізде мұндай еркіндік болған жоқ.

Немересі: Маған сол, Тәуесіздік туралы айтып беріңізші?

Әжесі: Жарайды балам, онда Тәуелсіздік белестерін тамашалайық!


Сахнада жылдар шеруі басталады.

Алдияр: 1991 жыл 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды

Өзіңдікі — Елің де
Өзіңдікі — жерің де,
Өзіңді өзің еткен Бақ, —
Тәуелсіздік — төріңде
Келешегі кең іске.
Асқар тау да сенікі.
Бақша, бау да сенікі
Қалтықсыз доспенен
Қатал жау да сенікі
Өзіңдікі — Туын да,
От пен ауа, суың да,
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буың да


Әділет: Тұңғыш қазақ ғарышкер
Әубәкіров ағаның
Даңқы көкке самғаған.
Ғарышқа қазақ жолын жалғаған. - Халқымыздың түңғыш ғарышкері Тоқтар Әубакіров 1991 жылы 2 қазанда ғарышқа ұшты


Ғарышкердің сөзі:

Мен, ғарышқа ұшып қазақ елін, әлемге таныттым! Тәуелсіздігіміздің Туы Ғарышта мәңгі желбірей берсін!


Алдияр: Халқы сенер, ақылын елеп ұлдың

Еліне де қашан да сенер ұлың,

Елбасысы болды да қазағының,

Еңкейтпеді жалауын, өр елінің! 1991 жылы 1 желтоқсан Тұңғыш Президент сайлауы болды


Президенттің сөзі:

Қандай да бір қасіретке қабырғасы қайысса да, қаймықпай төзе білген, қажырлы да, қайсар қазақ халқының алдында мен басымды иемін! Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ! Көңілімнің төрінде тұратыны туған халқым!


Әділет: 1992 жылғы 2 наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болдық!

Өркендедік, ел болдық та кемелді

Тереземіз өзгелермен теңелді.

Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болып,

Бейбіт күннің шуағына бөленді!

Осы кезде Президенттің қолын алып, БҰҰ төрағасы қол қоюы керек.


Алдияр: Мемлекеттік Ту мен Елтаңба және Әнұранымыз бұл Тәуелсіздіктің айғағы!

Әуелеттік Әнұранды аспанға,

Туымызды тіктік биік асқарға,

Мәңгілікке Елтаңбамыз жарқырап,

Тәуелсіздік нұрын бізге шашқанда!

1992 жылы маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бекітілді!


Әділет: Әнұран, Елтаңбамыз енгенімен,

Тәуелсіздік Ту көтеріп келгенімен

Қазағым, арманым көп айта берсе,

Орнаған Тәуелсіздік теңгеменен.

Дүние дөңгелеудей дөңгеледің

Өзі тауып жатады, ел керегін,

Қазақ, қазақ болғалы қолға ұстаған,

Мықты болсын тұғыры теңгелердің - 1993 жылы 15 қарашасында төл теңгеміз айналымға шықты.


Алдияр «Қазақстан келешекте дамыған мемлекеттердің біріне айналуы үшін, мұнда тұратын барлық халықтар өзара достастығы мен бірлігін нығайтып, татулықта өмір сүруі керек» - деген Елбасы. Осыған орай 1995 жылғы Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды.

Ұлттық киімдермен қол ұстасып шығуы керек.


Әділет; Жаңа Астана Тәуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектің нышаны, 1995 жылы қыркүйекте Қазақстанның астанасы Ақмолаға көшірілсін деген жарлыққа қол қойылған күн. 1998 жылы маусымда Қазақстанның жаңа астанасы Астана қаласының салтанатты тұсаукесер тойы болды.

Домалап қазағымның өрге тасы,

Думанмен дүрілдесін аспан асты,

Биіктеп Бәйтеректей зәулімденіп,

Асқақтай бер, елімнің Астанасы.


Алдияр: 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.


Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,
Шектеу де және тегін қойылмайды!
Келісім-шарт жасасқан барлық шет ел
Қазақтың Ата Заңын мойындайды!

Өмірден әділдік пен бақ табатын,
Құқығым қорғалды деп шаттанатын,
Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп
«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!

Әділет: ҚР мемлекеттік қаіпсіздігін сақтау үшін Ұлттық Ұлан құрылды.

Ұландықтар шығады.



Алдияр: Мен Қазақстанмын,

Бабалар намысымын!

Байтақ елмін, игілік табысымын,

2030 – 2050 мәресін әйгілейтін,

Азияның айбарлы барысымын!


Осы кезде стратегияларды көрсету керек


Әділет:

Осы 25 жыл ішінде Еуропадағы қызметтестіктің қауыпсыздық ұйымы саммитіне төрағалық етті

Алдияр:

7 Қысқы Азия ойындары Қазақстан Республикасында Алматы және Астана қалаларында өтті.

Әділет: Халықаралық көлемде тарихи - мәдени іс – шаралар, көптеген елдермен келісім шарттар жасалды.


Ортаға шаңырақты көтеріп алып шығады. Оның жан-жағына байлнанған ленталарды барлығы ұстап тұрады.


Алдияр:

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,

Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.

Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,

Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!

Ортаға 5 сынып оқушылары шығып, ТӘУЕЛСІЗДІК сөзіне түсінік береді

Т - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігімен

Ә – Әнұран, рәміздерімен!

У – унитарлылығымен!

Е – егемендігімен!

Л - лайықтылылығымен!

С –саясатымен!

І – ізгіліктілігімен!

З – заманауи заңдарымен

Д – демократиялығымен!

І – ізеттілігімен!

К – көркейе бер, Қазақстаным!


Ұлан ән


Алдияр:

Егемен ел болдық, қаһарлы ерлікпен!

Бағымыз жанады, бауырмал елдікпен!

Қазақтың мейірі, жұлдыздай жоғары!

Мәңгілік жасаймыз бірлікпен, елдікпен!

Әділет

Келесі онкүндікте кездескенше сау – саламатта болыңыздар!




Жарнама



Бір бала өтеді. Жарнаманы ұстап шығады

Сахнаға екі бала шығады

1 бала

Сен білесің бе, біздің гимназияда қандай жаңалықтар болады? Білсең айтып жіберші!

2 бала

Жоқ, білмедім, көрмедім! Өзің айтып жіберші.

1 бала

Онда тыңда! 23.11-03.12 аралығында «Мәңгілік ел – мәңгілік тарих» тақырыбында тарих пәні онкүндігі өтеді. Сен кітап оқығанды жақсы көруші едің ғой, 24 қарашада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Аяулы Отаным - Қазақстан» атты кітап көрмесі өтеді, кітаптарға шолу жасалады , қатыссайшы.

2 бала

Жарайды барайын, тағы не болады екен?

1 бала

«Менің елім - Қазақстан» деген тақырыпта суреттер сайысы мен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» тақырыбында тарихи шығармалар жарысы болады.

2 бала

Қай жерде, қашан бұл қызық екен?!

1 бала

25 қарашада 101,102 кабинеттерде өтеді.

2 бала

Тағы сайыстар ма? Жалғыз мен қатысам ба? Басқалары біле ме?

1 бала

Мен жалғыз саған емес, залда отырғандардың барлығына айтамын. Одан басқа тағы да 26 қарашада Ақерке апай 103 кабинетте 13,30 минутта «Ұлт азаттық көтеріліс» тақырыбында дебат өткізеді. Ол 10 сыныптар арасында өтеді. Бірақ көруге болады. Ең қызықтысы 28 қарашада болады,

2 бала

Ол не? Ол не?

1 бала

9-11 сыныптар аралығында 13.30 минутта акт залында «Батырлар салған сара жол» тақырыбында тарихи көріністер болады. Мұнда әр сынып тарихи оқиғалардан көрініс көрсетеді.

2 бала

Қатысу керек. Қызық болатын шығар. Көріністі көру арқылы қазақ халқының батыр болғандығын білеміз.

1 бала

Сен осы, конференцияның не екенін білесің бе?

2 бала

Иә, білемін, жыл сайын тарих пәні онкүндігінде ғылыми конференцияар өтеді. Былтыр Меруерт. Аружан, Сабиналар жүлдеді орын алып, қалалық жарыстарға жіберілген.

1 бала

Онда тыңда, 29 қарашада «Тәуелсіздік ел тілегі» тақырыбында ғылыми конференция өтеді. Мынаны ұғып ал, 6-7 сыныптар арасында 2 желтоқсанда «Мен елімді әнге қосып мақтан етем» атты патриоттық әндер сайысы өтеді.

2 бала

Тамаша болған. Келіңіздер көріңіздер!

1 бала

24,26,30 қараша күндері тарих пәні мұғалімдері 6,7,9,10 сыныптарда ашық сабақтар өткізеді.

2 бала

Ой, бізде күнде ашық сабақ қой!

Екі бала қосылып

Келіңіздер, көріңіздер! Жеңімпаз болып бас жүлдені алыңыздар! Барлық қызық осы онкүндікте.

Егеменді еліміздің тұңғыш Елбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы қазақ халқының ежелгі жылдардан бүгінге дейінгі маңызды тарихын саралаған - өмір энциклопедиясы.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында, кеңістік – барлық нəрсенің, ал уақыт – бүкіл тарихтың өлшемі делінген. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады және Европа немесе Азия халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны белгілі. Тарих деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады дей келе Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс делінген.

Елбасы мысал келтіре отырып: біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр және екіншіден, біз айтқалы отырған зор мəдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды дей келе, кейінгі жылдары табылған тарихи жəдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды, -  деп жазды.

Ұлы даланың жеті қыры – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі мәңгі тарихы немесе асыл арманы. Мәңгілік ел арманы – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану немесе тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу.

Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін – Ұлы даланың жеті қыры.

Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.

Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Ұлы даланың жеті қыры біздің төл тарихымыз. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.

Байлығымыз да, бақытымыз да болған Ұлы даланың жеті қыры Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

Бұл жəдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Тіпті, қазақтың кейбір ру-тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі болған. Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым əріде жатқанын айтты.

Еуропацентристік көзқарас сақтар мен ғұндар жəне басқа да бүгінгі түркі халықтарының арғы бабалары саналатын этностық топтар біздің ұлтымыздың тарихи этногенезінің ажырамас бөлшегі болғаны туралы бұлтартпас фактілерді көруге мүмкіндік берген жоқ. Сонымен бірге ұзақ уақыттан бері біздің жерімізде өмір сүріп келе жатқан көптеген этностарға ортақ Қазақстан тарихы туралы сөз болып отырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл түрлі этностардың көптеген көрнекті тұлғалары өз үлестерін қосқан бүкіл халқымызға ортақ тарих. Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек делінген.

Ұлы даланың жеті қыры дәріптеуде ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық спортымыздың ұлықтатуын дене шынықтыру және бұқаралық спорт түрлерімен қалыптастырудың дара жолында Елбасының бастамасымен қолдаушылардың қызығушылығын тудырғандығы халқымыздың қатты қуанарлық қазынасына айналып келеді.

Ұлы даланың жеті қыры қазақ елінің рухын асқақтатары айқын айтылады. Елбасының Ұлы даланың жеті қыры - деген сөздерінен жүрек қуанышын көруге болады.

Елбасы өз еңбегінде ел мәдениетінің жоғары жетістіктерге жетуін тәуелсіздігімізді әлемге танытқан тұстарын болашақ Қазақстан халқының позитивтіне айналарына сеніммен қарағандығы қарастырылады.

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – Ұлы даланың жеті қыры. Қазақ елінің тарихы мен оған жет­кізетін жолдары тым ертеден басталады. Мен Елбасының Ұлы даланың жеті қыры атты мақаласында көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс.

Ұлы даланың жеті қыры саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың тарихи өзегіне айналады. Рухани жаңғыру тек бүгін басталған жоспардың Тәуелсіздік кезеңінде тың бағытта бірнеше ауқымды іс атқарылатына сенеміз. Ұлы даланың жеті қыры негінде Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер зерттеуге алынып, оның тарихын әлемге таныту баршамыздың парызымыз. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттеуге жол ашылады. Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастау бәрімізге ортақ мұра. Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа­лай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз туралы көзқарас­тарым­ды Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен ортаға салуды жөн көрдім.

Ұлы даланың жеті қыры дегеніміз – ұлттың тарихы, я болмаса жүріп өткен өмір тіршілігі деген ұтымды дүниені ұсы­нуға аламын. Бұл рухани мұра ғана емес, соны­мен бірге, ілім, білім, ғылым және еңбек ресурстары болып табылады. Ұлы даланың жеті қыры арқылы болашақ ұлттың тарихы  танылады, адам өмірінің өлшемі уақыттпен айқындалады.

Сондықтан, Ұлы даланың жеті қыры әрбір қазақ­стандық үшін ұлы тарих, сол тарих арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты ұлттық қасиеттерге ие болуы керек. Біз «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, тарихымыздың тамырын тереңнен танып, дәйектермен дәлелдеп, нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен əрі дұрыс пайымдауға тиіспіз.



Ұлы даланың жеті қыры тарихи оқиғалардың тұтастығын танытады. Ақ пен қара – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар секілді қақақ тарихының ақ пен қарасын таразылап алу әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Ұлы даланың жеті қыры жеке адамдардың да, тұтас халықтардың да өміріне қайталанбас қасиетті мұра. Біздің тарихымызда қасіретті сəттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар аз болмаған. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ де келе Ұлы даланың жеті қыры тарихымызды дұрыс түсініп, ұлттық тарихымызды қабылдай білуіміз керектігі айтылған.

Біз «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, тарихымыздың тамырын тереңнен танып, дәйектермен дәлелдеп, нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен əрі дұрыс пайымдауға тиіспіз.









26


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2019
1476
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі