Материалдар / "Мәңгілік ел- идеясы" танымдық сабақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Мәңгілік ел- идеясы" танымдық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған танымдық сабақ. Мәңгілік Ел – ол ортақ тағдыр, жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар. Сонымен қатар туған жеріміздің тума ақиық ақын жазушылары мен орта жүздің биі Қазыбек бабамыз туралы толық ақпараттар жинағы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2023
94
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Егіндібұлақ ауылы Оқушылар орталығы
“ШЕШЕНДІК ӚНЕР” үйірмесі

Пікірсайыс

МӘҢГІЛІК ЕЛ- идеясы

Жетекшісі: Сарсекеева Динара Жумагельдиевна
2021 жыл

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗГЕ

30 жыл

МАҚСАТЫМЫЗ


«Қазақстан - 2050»
стратегиясының маңызы мен
мақсатын түсіндіру арқылы
Мәңгілік ел –идеясының
маңызын түсіну.

МІНДЕТІМІЗ
 Отанымызды сүюге, бірлікке, ел

тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік
рәміздерін құрметтеуге үйренеміз
 Отанымыздың байлығын қорғауға,

елімізді өркендетуге міндеттіміз
 Білімді ұрпақ боламыз

ӘН ҰРАН

кіріспе
 Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан халқына арналған дәстүрлі
Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне

30 жыл уақыт болған ел егемендігінің
тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан
бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден
- бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың
халыққа арнаған Жолдауы екендігіне кӛз
жеткізер едік.

ТӘУЕЛСІЗДІК деген НЕ?

ӚЗ АЛДЫНА
ДЕРБЕС

ЕРКІН
МЕМЛЕКЕТ

ӚЗ
БАЙЛЫҒЫН
ӚЗІ БАСҚАРА
АЛАДЫ

ЕШКІМГЕ
ТӘУЕЛДІ
ЕМЕС

ӚЗ
МӘСЕЛЕСІН
ӚЗІ ШЕШЕДІ

«Ой
ашар»
сұрақ

жауап
әдісі

— Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіздер?
— Біздің Отанымыз -….
— Біз қай ұлтпыз?
— Қандай Республикамыз?
— Біздің ана тіліміз қандай тіл?
— Елбасымыз кім?
— Балалар, біз қандай елміз?
— Қай жылы тәуелсіздік алдық?
— Неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?
— Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?

 Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл

толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ
мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз
аңсаған азаттықтың тұғыры нығая
түскенін дәлелдейтін маңызды белес.
Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл –
көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт.
Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін
қиындығы мен қуанышы, дағдарысы
мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге
болады. Біз де осындай жолдан өтіп
келеміз.

Мәңгілік ел
монументі
қай қалада және
қай
жерде орналасқан?

XXI ғасырдағы Қазақстан
мемлекетінің мызғымас
идеялық тұғыры!»
деген болатын.

Кімнің айтқан сөзі?

 СҰРАҚТЫҢ ЖАУАБЫ:

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Ой қозғау
 - Мәңгілік ел дегенді қалай түсінесіңдер?
 -Мәңгілік елдің сен үшін маңызы қандай?

 -Мәңгілік ел идеясына сен қандай үлес

қосар едің?

Мәңгілік Ел – ол ортақ тағдыр,

жалпы Қазақстандық ортақ
шаңырағымыздың ұлттық
идеясы, ел болашағының
іргетасын қалаған басты
құндылықтар.

Мәңгілік елдің маңыздылығы –

ол Қазақстан 2050
стратегиясының басты
мақсатына жету, яғни алға
қойған міндеттерді орындау.

Мәңгілік ел идеясын іске асыру

үшін әрбір қазақстандық азамат
ӛз елінің, жерінің патриоты болу
керек.

«Бәйтерек» стелласы
 Стелла – елдің береке бірлігінің белгісіндей болашаққа

деген сенімнің асқақ символындай болады деген
сеніммен орнатылды.
 Биіктігі 12 метр металл құрылыс стелла.
 Мұндай сыйлықты туған ауылына
 Стелланың авторы - ауылымыздың тумасы Ғани
Омаров.
 Стеллада – Қазыбек Би бабамыздың «Алтын ұяң – Отан
қымбат» деген нақыл сӛзі мен Қазыбек Би 350 жыл
деген жазу орналасқан.
Стелла - Егіндібұлақ ауылының кіреберіс қапталында
орналасқан.

«Мәди Бәпиұлы» ескерткіші
 1880, Қарағанды облысы, Қарқаралы - Егіндібұлақ

қазіргі Едірей жерінде дүниеге келген.
 Жас кезінен-ақ ән айтып, домбыра тартып аты
шыққан. Арғы аталары атақты Қазыбек би.
 Мәди- ақын, халық әнші-композитор. Қарапайым
халықтың құқығын қорғап, әлеуметтік әділетсіздік
және теңсіздіктің жалауын желбіреткен халық
қалаулысы.
 Мәди Бәпиұлының ескерткіші Мәди кӛшесінде, ауыл
әкімшілігінің қарсы алдындағы саябақта орналасқан.

«Қаздауысты Қазыбек би»
ескерткіші
 1995 жылы Егіндібұлақ селосының орталығында Қаздауысты

Қазыбек би ескерткіші орнатылған еді. Қасиетті бабаның
кескін-келбетін сомдаған белгілі мүсінші – Жаубасар
ҚАЛИЕВ. Ұлы бидің құрметіне қойылған еңселі белгінің
қойылғанына биыл 27 жыл толып отыр.
 Ескерткіштің іргетасы қойылған уақытта бидің мүрдесі жатқан
Түркістандағы Әзірет Сұлтан қорымынан мемлекет және қоғам
қайраткері Қуаныш Сұлтанов бір уыс топырақ әкеліп салған еді.
Ескерткіш Қарағанды кӛркем-сурет комбинатында жасалып,
қоладан құйылған. Терең ой тұңғиығына батқан, қыр мұрынды,
кеудесіне түскен сақалын салалы саусақтарымен иегінен тӛмен
қаусыра ұстап, қолында қамшысы, аяғында саптамасы, иығында
жамылған шапанымен отырған баба бейнесі.
 Қаздауысты Қазыбек би ескерткіші Қазыбек би кӛшесіндегі
аллеяда орналасқан.

«Тәттімбет Қазанғапұлының»
ескерткіші
 Тәттімбет атқа ерте мініп, ел ісіне ерте араласқан

адам. Домбырашылық ӛнер арғы ата-тегінен
дарыған. Алғаш домбыра тартуды әкесі
Қазанғаптың інісі Әлиден үйреніп, анасы
Ақбӛпеден тәрбие алған. Тәттімбеттің әр түрлі
тақырыпты қамтитын 40-тан астам күйі бар.
 1984 жылы Егіндібұлақ ауданында композиторға
ескерткіш-белгі (мүсіншісі Ж.Молдабеков,
археолог А.П. Малков) қойылды.
 Тәттімбет Қазанғапұлының ескерткіші Тәттімбет
кӛшесінде орналасқан.

«Қажыкен Смайлов» ескерткіші
 Егіндібұлақ ӛңірінің тумасы еңбек сіңірген ардагер

ұстаз.
 Ұлағатты ұстаз – педагог.

«Сүйінші бала» мүсіні
Жалпы қазақ халқында сүйінші жақсылықтың нышаны. Беті
балбұл жанып сүйінші сұрай келген адамға қалағаныңды ал, деп
қолын еш қақпаған. Күні бүгінге дейін бұл дәстүр жалғасын
тауып, сүйінші сұрау жақсылықтың, қуаныштың нышаны болып
келеді.
Ауылымызда осындай сүйінші хабар кӛп болсын деген ырыммен
«Сүйінші бала» мүсінін орнатқан.
Жалпы қазақ халқында сүйінші жақсылықтың нышаны. Беті
балбұл жанып сүйінші сұрай келген адамға қалағаныңды ал, деп
қолын еш қақпаған. Күні бүгінге дейін бұл дәстүр жалғасын
тауып, сүйінші сұрау жақсылықтың, қуаныштың нышаны болып
келеді.

«Алтын асық» мүсіні
 Алтын асығын үріп болжайтын наным-сенім болған.

Асықтың алшысынан түсуі жолаушыға ақ жол, аңшының
қанжығасы майланды деп, ӛздері ойлаған істің оң болғанын
межелеп болжап отырған. Сондықтан, алшысынан түскен
асық ӛте бағалы болып есептелген. Халық арасында
«Асығың алшысынан түссін» деген бата- тілек бар.
 Асық алшынан түссе, күтпеген қуаныштың және жеңіске
жетудің белгісі болып табылған.
 Алтын асық мүсіні 2017 жылы Қазыбек би бабамыздың 350
жыл мерейтойына орай Егіндібұлақ ауылын кӛркейту және
аббаттандыру мақсатында ауыл жастары қаржысы есебінен
орнатылған мүсін.
 Орналасқан жері: Қазыбек би және Әбіш кӛшісінің
қиылысында.

«Қос арқар» мүсіні
 «...Арқар ӛрген жер ырыс дарытар киелі мекенге саналып,

оны кездестірген адамның жолы болады. Балқантау тауы
кезінде Қу тауы болып аталған. Осы Қу тауының
баурайында ертеден және әлі күнге дейін мекен ететін
арқарлар бар. Қазақ арқарды әдетте таудың рухы деп
санайды. Жақпар тастың ӛркешіне құламай секіретін, қия
құздың ӛр тӛсіне оп-оңай орғып шығатын «Қос арқар»
мүсіні ауыл халқына адамзат пен табиғат біртұтас екенін
білдіріп,рух беріп тұратын мүсін.
 «Қос арқар» мүсіні 2017 жылы Қазыбек би бабамыздың 350
жыл мерейтойына орай Егіндібұлақ ауылын кӛркейту және
аббаттандыру мақсатында ауыл жастары қаржысы есебінен
орнатылған мүсін.
 Орналасқан жері: Қазыбек би және Әбіш кӛшісінің
қиылысында.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында
қаза болған ата- бабаларымызға арналған
ескерткіш тақта.
 «Ешкімде ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмыт

қалмайды.» деген жазу жазылған бұл ескерткіште
Ұлы Отан соғысында қасық қаны қалғанша елінжерін қорғауда күш салып ерлікпен қаза болған атабабаларымыздың есімдері жазылған.
 Ескерткіш Қазыбек би кӛшесінің бойында орталық
саябақта орналасқан.

Ақаев Хасен ескерткіші
(1859-1931жж)

 Қоғам қайраткері, ағартушы, кәсіпкер және Алаш

қозғалысының ӛкілі. Қу болысын 16 жыл басқарып, ел
ішіне жаңалық енгізуші болған. Елде тұңғыш бастауыш
орыс-қазақ мектебін ашқан. Мемлекет және қоғам
қайраткері. Н.Нұрмақовтың ӛсіп жетілуіне тікелей
қолдау кӛрсеткен. Атақты «Қоянды» жәрмеңкесінің
ұйымдасуына басшылық жасаған.
 Егіндібұлақта 1925-1928 жылдары бірнеше әлеуметтік
құрылыстар салуға қаржылай демеушілік кӛрсеткен.
 Бай шожардың ұрпағы болғаны үшін жазықсыз
қудаланып, «Халық жауы» атанған. 1989 жылы толық
ақталған.

 Саяси қуғын- сүргін құрбандарына

арналған мемориалды тақта.
 31- мамыр мемлекеттік қуғын-сүргін құрбандарын

еске алу күні болып белгіленген.
 Мемориалды тақта О.Жакешов кӛшісінің бойында,
саябақта орналасқан.

«7» қасиетті сан.
(Қай топ жылдам жазып береді)

 7- Қазақстан Республикасының

қалаларының атауы?
 7 - ақын,жыршы,жырау, шешендік ӛнерге
үлес қосқан ақын-жазушылардың есімі.
 7- Қазақстан Республикасының кереметі?
 7-Кім жеті атасын біледі?
 7- ауылымыздың кӛшелер атауы?

Мәңгілік ел болып
қалыптасу кімнің
қолында? Қалай
ойлайсыздар?

Ойын “Кім жылдам”
1-топ
Сенің Отаның қалай аталады?
2.
Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
3.
Қазақ тілінде неше септік бар?
4.
Отан туралы мақалды аяқта «Отансыз адам, ....»
5.
Қазақстан тарихында неше астана болған?(9 Созақ,Сығанақ,Түркістан, Ташкент,Семей, Орынбор,Қызылорда,Алматы, Астана,)
6.
Көне түріктердің негізгі жазуы қалай деп аталады.(руна)
7.
“Әдебиет” сөзі қай тілден енген? (араб)
8.
«Қара алтын» деп нені атайды?(көмір)
9.
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары кімдер?
10.
«Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім? (О. Сүлейменов)
11.
Ең ірі көл (Балқаш)
12.
Көлікті күтетін жер (Аялдама)
13.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)
14.
Бөле деген кім? (1 үйдің қыздарының балалары)
15.
Құлагер кімнің аты?(Ақан сері)
16.
Күрішті аймақ?(Қызылорда)
17.
Алтын адам табылған жер? /Есік қорғаны/
18.
Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? (Бәйтерек)
19.
Сөздің ең түпкі мағына беретін бөлшегі? (Түбір)
20.
«Отан» сөзінің синонимы(туған жер,атамекен)
2 топ сұрақтары
1.
Қазақстан республикасының рәміздерін ата
2.
Шоқан Уәлихановтың шын аты кім? (Мұхамедқанафия)
3.
Қазақстанның ең биік шыңы (Хан тәңірі)
4.
“Шалға” қарағанда “балада” не көп? (буын, әріп)?
5.
Бәйтеректің биіктігі неше метр?(97)
6.
«Халық»сөзінің синонимі (ел)
7.
«Родина начинается семейного очага» аудармасы қалай?
8.
Мемлекеттік Гимнің авторлары кімдер?
9.
Ең тәтті, ең ащы не? (тіл)
10.
Астана қаласының бұрынғы атауы(Ақмола)
11.
Жартылай тұщы, тұйық көл ( Балқаш)
12.
Нағашы кімнің туысы? (Ананың )
13.
Көмірлі аймақты астана? (Қарағанды)
14.
Ең үлкен жануар? (кит)
15.
Қазақта өлең атасы –Абай, күй атасы-Құрманғазы десе ән атасы деп кімді айтамыз? (Әміре)
16.
Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн? (1995. 30. 08)
17.
Карта жинағы? ( Атлас)
18.
Құстың негізгі мекені? (Ұя)
19.
Зат есімнің сұрақтары? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)
20.
Жер шарының моделі?( Глобус)
1.

БІЗ БІРМІЗ ,БІЗ МӘҢГІЛІК ЕЛМІЗ
 А3 қағаздың ортасында глобустың суреті

орналасқан ақ түске, оқушылар алақандарын
саусақтарын гуашпеп бояп, таңба қалдырады
 Елімізден не күтеді және қандай болғанын
қалайды?- бір сөзбен осы қағаздағы қолының ішіне
жазады; бірлік,әділдік,білім,адамгершілік.....
 Қолтаңба кепкен соң, тегі мен есімін жазады.
 Естелік болып үйірмеде қалады

Мәңгілік ел логотипі

Мәңгілік ел болуға ант ету
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!