Материалдар / «Мәңгілік Ел» идеясы аясында жастарға патриоттық тәрбие берудегі мемлекеттік тілдің рөлі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мәңгілік Ел» идеясы аясында жастарға патриоттық тәрбие берудегі мемлекеттік тілдің рөлі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлтшыл емес, ұлттық сана- сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2018
300
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Мәңгілік Ел» идеясы аясында жастарға патриоттық тәрбие берудегі мемлекеттік тілдің рөлі»

Өтілетін орны: Қостөбе ауылы, Қостөбе орта мектебі

Мерзімі: 09.02.2018 жыл

Түрі: дөңгелек үстел

Қатысушылар: 9-10 сынып оқушылары

Әдісі: Сұрақ – жауап. Талдау – жинақтау.


Кіріспе сөз.

Құрметті дөңгелек үстелге қатысушы оқушылар, қадірменді қонақтар!

«Мәңгілік Ел» идеясы аясында жастарға патриоттық тәрбие берудегі

мемлекеттік тілдің рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстелімізге хош келдіңіздер!


Мақсаты: Ұлтшыл емес, ұлттық сана- сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.

Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар, тіл жанашырлары!

Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы!- деп ақын Қ. Аманжолов ағамыз айтқандай дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын "
Тіл -- ұлттың басты негізі" тақырыбына арналған видеороликке назар аударайық.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мәңгілік ел» идеясын ұсынып, мемлекеттік тілді мәңгілік тіл ретінде қалыптасатынына баса назар аударған болатын. Елбасы өз сөзінде: «... Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» – деп мемлекеттік тілдің болашағын біржола бағамдап, нүктесін қойды Мемлекеттік тіл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбааев 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында: «ХХІ ғасырда кәсіби білімі мен мемлекеттік тілін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары сападағы білікті кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда, жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушы кәсіби мамандарсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деп баяндаған болатын. Өркениетті елдер мемлекеттік тілін ту етіп көтереді. Себебі, қай мемлекеттің болмасын мемлекеттік тіл елдің шығу тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен теңдессіз тарихи құндылықтарын дәріптейді. Осы баға жетпес ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан сан ғасырлық құндылықтар мемлекеттік тілдің негізін құрап, содан нәр алады. Қай мемлекет болмасын өзінің сөйлеу мәдениетін тек ана тілінде ғана қалыптастыра алады. Туған ана тілінен нәр алған сөйлеу мәдениетінің өзегі тереңде. Қазақ халқы дүниетанымға, сыпайы сөйлеуге, мақал-мәтелге, шешендік нақыл сөздер мен орамдарға өте жетік және олардың дұрыс та, орынды терең мән беріліп айтылуына ерте кезден-ақ қатты ден қойып, ерекше бағалай білген. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді қолдау саясатын жүргізу барысында көптеген азаматтар тілді тек «аса маңызды қатынас құралы», өзара түсінісіп, пікір алысудың тәсілі, рухани мұрамызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп қана отырады дап түсінеді. Ол түсінік жеткіліксіз. Адамзат өміріндегі тілдің мән-мағынасы мен қызметі, міндеті мен мүмкіншілігі бұлармен ғана шектелмейді. Мемлекеттік тіл өркениеттілікке жетуге, кәсіби сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, салт-дәстүр мен әдет-ғұрып қағидаларын насихаттауға шексіз қызмет атқарады. Осы бағытта алып қарағанда біз заңгерлердің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру барысында мемлекеттік тілді ұлттық мәдениеттің негізі өзегі деп қарастыра аламыз. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық. 

Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:
1. Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?

2. Мемлекеттік тілдің қадір-қасиеті қандай?
3. Қазақ тілінен латын әліпбиіне көшу тиімділігі


(Әр сұрақтан кейін жауаптары, пікірлері тыңдалады)
Жауаптарыңызға рахмет! Дағыстандық ақын Расул Гамзатов «Ана тілім менің! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тілегім- сенсің. Мен сені мақтан етемін»,- деген екен. Олай болса, тіл жанашырлары , бүгінгі ана тіліңіздің тағдырына ризасыз ба?
- Кейде өзінің ана тілін сыйламайтын, білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады. Олар туралы не айтар едіңіз?

- Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Дауға салса, алмастай қиған, ойға салса, қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде ештеңе жоқ», -деп айтқан. Осы пікірді естігенде, сіздің басыңызға ең бірінші қандай ой келеді?

Рахмет пікірлеріңізге! Ендеше, «Елбасының қазақ тілі туралы айтқаны» назарымызды видеороликке аударайық.

Қорытынды сөз:
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойлармен сусындадық. Туған тілім - тұғырым. Бұл сіздердің басқа тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер - сол ана тілің. Ана тілінің бүге - шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай білу - саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол - туған жерді, отанды, ата мекенді сүйе білу деген сөз. Осы азғантай уақыттағы айтылған сөз, өнер толғаған сезім, ұлылардан қалған ой - пікірлерді көкіректеріңе мәңгі қалдырыңыздар! Рас, сіздердің айтылған әрбір сөздеріңіз шындық, бәріміздің күнделікті өмірімізде кездесіп жатыр.Сонымен, біз өз ана тілімізге құрметпен қарап, қазақша сөйлесіп, қазақ тілі мәңгілік тілге айналуына ат салысайық.

Бұл жанды тіл-менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Жыры қуат, сөзі ана уызындай.

Жасай бер, Ана тілім, қазақ тілім!

Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға, қатысқандарыңызға көп - көп рахмет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!