Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мәңгілік ел» идеясы: бастаулары мен тәуелсіздік тарихындағы әлеуметтік маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада автор «Мәңгілік ел» идеясы мен оның тарихи бастауларына талдау жасайды. Сонымен қатар бүгінгі тәуелсіздік тұсындағы «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығына тоқталып, оның жаһандану жағдайындағы атқаратын маңызды міндеттерін ашады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құрманқожа Гүлнұр Қайратқызы

91 жалпы білім беретін мектебінің

ағылшын тілі пәні мұғалімі

Әлеуметтану ғылымының магистрі

Алматы, Қазақстан


«Мәңгілік ел» идеясы: бастаулары мен тәуелсіздік тарихындағы әлеуметтік маңызы


Аңдатпа. Мақалада автор «Мәңгілік ел» идеясы мен оның тарихи бастауларына талдау жасайды. Сонымен қатар бүгінгі тәуелсіздік тұсындағы «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығына тоқталып, оның жаһандану жағдайындағы атқаратын маңызды міндеттерін ашады.

Түйін сөздер: егемендік, жолдау, идея, мемлекет, тарих, жаһандану, қоғам.

Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін қоғамды бір мақсатқа ұйыстырып, ортақ мүддеге жұмылдыру үшін ортақ идеологияны қалыптастыру жұмыстары белсенді жүрді. Рас тәуелсіздік жылдарында ұлттық идеологияның негізі болуы тиіс бірқатар құндылықтарымыз дәріптелді. Алайда осы бағыттағы жұмыстар өзінің толыққандылығымен ерекшелене алмады. Өйткені Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет болып табылады және барлық қазақстандықтарды ортақ мақсатқа біріктіру үшін ортақ құндылықтар жүйесіне назар аударудың қажеттілігі айқын сезілді. Нәтижесінде 2014 жылы 17 қаңтар айында мемлекеттік идеологияның берік негізі болатын және барлық қазақстандықтардың ортақ көзқарастарына сай келетін «Мәңгілік ел» идеясы көтеріле бастаған болатын.

Рас «Мәңгілік ел» идеясы өміршеңдігімен ерекшеленетін жетекші ойлардың жиынтығы болып табылады. Бұл турасында ел егемендігі жылдарында алғаш болып көңіл аударған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болған еді. Нақты атап айтқанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2014 жылы 17 қаңтар айында өзінің Қазақстан халқына арналған Жолдауы барысында «Мәңгілік ел» идеясын көтереді. Аталған Жолдау барысында Елбасы бұл «Мәңгілік ел» идеясы тек қана бүгін ғана көтеріліп отырмағандығын ерекше атап өтті. Біз жоғарыда аталған идеяны өміршең деп атаған болатынбыз. Демек «Мәңгілік ел» идеясы өзінің тарихи бастауларын сонау түркі дәуірінен алады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы тарихи сабақтастықты қайта жалғап, ұрпақтар үндестігіне жол ашты. Рас ұрпағымен мың жасауды ежелден халқымыз маңызды деп санаған. Барлық қоғамдық қарым-қатынастар да осы маңыздылыққа негізделеді. Осы тарихи Жолдау барысында да «Мәңгілік ел» идеясы біздің батыр бабаларымыздың асыл арманы екендігі нақты аталады. Рас тарихымызға мән беретін болсақ, қазақ даласында мемлекеттілік дәстүрі басталғалы бері, ел басқарған басшылар мен ұлт мақтан еткен хандарымыз өздерінің ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымдарын ұрпақтар жалғастығы мен мемлекеттің дамуының баяндылығына негіздеген болатын. Томирис патшайымнан бастап, үш жүздің басын қосқан Абылай хан да көршілерімен терезесі тең қарым-қатынастар орнатуға тырысып, қос тараптың да мүддесі ескерілетін байланыстар орнатуды арман етті. Бабаларымыздың осы асыл арманы бүгінгі күннің шындығына айналып отыр. Міне осы тарихи сабақтастық мәселесі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясына арналған Жолдауы барысында ерекше аталып өткен болатын [1, 91-92 бб].

Ендігі кезекте Елбасының атап өткеніндей «Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздеріне тоқталар болсақ, мәселенің соншалықты ауқымды екендігін байқаймыз. Мысалы «Мәңгілік ел» идеясы туралы алғаш болып ой айтқан түркі қағандары болып табылады. Бұл жайында Қ. Сартқожаұлының «Мәңгі ел» деген ғылыми-зерттеу жұмысында толыққанды баяндалған. Автор «Мәңгілік ел» идеясы алғаш рет түркілердің руна жазуында кездесетіндігін атап өтіп, түркі қағаны Елтеріс тұсында кеңесші болған Тоныкөк жазып қалдырғандығы туралы мәліметтер береді [2, 64-67 б.].

Рас Түркі қағанатын Елтеріс қаған басқарып тұрған жылдары Тоныкөк кеңесші «Мәңгілік ел» идеясы туралы ойды жазуға атсалысқан болатын. Руна жазбаларында «түркілер елінің түпкі мақсаттарыы «Меңгу эл»» деген болатын. Бұл әрине сол жылдардағы түркілердің қуатты мемлекетін одан әрі нығайта түсуге негізделген мемлекеттік идеология болды. Мұндай ойды біз кейінгі жылдары ел басқарған түркі қағандарының да ішкі және сыртқы саяси ұстанымдарынан анық байқаймыз. Осы туралы түркілердің руна деп аталатын жазуын толығымен оқып, оны түсінікті етіп аударған ғалым Ғ. Айдаровтың еңбегінде нақты көрсетіледі. Мысалы автор Күлтегін жазбасын зерттей келе, «түркілердің көктегі Тәңірі қолдасын, түркі халқы жойылмай, халық болсын» деген жыр жолдарын ерекше атап өтеді [3, 23 б.]. Әрине аталған сөз тіркестеріне мән беретін болсақ, сөзсіз аталған ойдың «Мәңгілік ел» идеясымен ұштасып жатқандығын байқаймыз. Халықтың жойылмауы туралы ойы біздің пікірімізше дәл осы «Мәңгілік ел» идеясының баламасы болып табылады.

Түркі дәуірінде тек мемлекет басшылары ғана емес, сонымен қатар түркі ойшылдарының еңбектерінен де «Мәңгілік ел» идеясының көріністерін байқауға болады. Мысалы кейінгі түркі дәуірлерінде өмір сүрген, әрі өзінің өлместі іздеген әйгілі қобызшы, түркі ойшылы Қорқыт бабамыздың өлімнен қашуы да «Мәңгілік ел» идеясына ұмтылысы болып табылады. Рас өлімнің дәмін татпайтын пенде жоқ. Алайда Қорқыт бабамыздың мұндай бастамасы сөзсіз мәңгілік мекен идеясының бастауы болып табылады. Ол туралы М. Әуезов өзінің зерттеу жұмыстарында Қорқыттың өлімнен қашып, мәңгілікті аңсауы, мәңгілік өмір және оның мәні ретінде ұрпақтар арасындағы жалғастық ойының жатқандығын атап өтеді. Мұндай түркі ойшылдарының қатарында Асан қайғыны да жатқызуға болады. Желмаясына мініп, адам үшін қолайлы болатын жерді іздеуі де «Мәңгілік ел» идеясына ұқсас әрі сабақтас болып табылады [4, 2 б.].

Әрине бұл қос тұлғаның «Мәңгілік ел» идеясымен сабақтас болып табылатын ойлары бір қарағанда қиялы немесе утопиялы болып көрінуі әбден мүмкін. Алайда ғылыми негіздері басым зерттеу жұмыстарын жүргізген кейінгі түрпкі дәуірінің ғалымдарының еңбектерінен де «Мәңгілік ел» идеясын байқауға болады. Мысалы «әлемнің екінші ұстазы» атанған әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» атты еңбегінде ерекше үйлесімділікте өмір сүретін мемлекет туралы ғалымның ой толғауын байқауға болады. Еңбекпен таныса отырып, әл-Фарабидің адамзат баласы ұзақ жасап, ізгілікке негізделген қарым-қатынастар құруы сөзсіз өзара үйлесімді байланыста болумен қатар, оның баянды өмір сүруінің кепілі екендігін байқаймыз. Осы арқылы әл-Фараби адамдар арасындағы байланыстарды ізгілендіру арқылы қала немесе мемлекет ұзақ жылдар өмір сүреді деген нақты тұжырым жасайды. Бұл өз кезегінде «Мәңгілік ел» идеясымен тығыз байланысып жатыр деп санаймыз [5, с. 32].

«Мәңгілік ел» идеясының көрінісін сонымен қатар келесі бір түркі ғалымдарының бірі Жүсіп Баласағұн және оның «Құтты білік» шығармасымен танысу арқылы байқаймыз. Бұл шығарма 1070-ші жылы Қашқар қаласында жазылған еді. Бұл жылдары қазақ даласы қарлұқтардың жалғасы болған Қарахан мемлекетінің билігі жылдарында жазылған. Рас ғалымның еңбегінің құндылығы соншалықты тіпті бұл шығарма Қарахан мемлекетінің азаматтары ерекше құрметтеген еңбекке айналды. Міне сол еңбекте «Мәңгілік ел» идеясымен ұштасып жатқан түрлі ойлар айтады. Мұндай ойлармен таныса келе, ғалым мемлекеттің ұзақ өмір сүру және оның өміршең міндеттерінің жүзеге асуы алдымен азаматтар арасындағы достық қатынастар ұстануымен тығыз байланысты деп көрсетеді. Көп жағдайда автор «Мәңгілік ел» идеясы туралы ойларын Күлтегін қағанның ойларымен ұштастырады. Бұл «Менгі ел» идеясының жалғасы деп айтуға толық негіз бар деп санаймыз [6].

Әрине «Мәңгілік ел» идеясының келесі бір көрініс сөзсіз Керей мен Жәнібек хандардың ел басқарған жылдарынан ерекше байқауға болады. Кішігірім ғана Қозыбасы деп аталатын Шу өзені бойындағы елді-мекенде Қазақ хандығының негізін қалаған осы хандар бастапқы уақыттан-ақ іргесі мығым, әрі ұзақ жылдар көлемінде тарих сахнасында болатын мемлекет құруды ойлады. Осы үшін де мемлекеттің территориялық тұтастығына ерекше көңіл бөлді. Ол туралы өзінің ғылыми зерттеу жұмысында тарихшы Марта Олкотт «...үлкен жерге иелік ету оңай болмайтыны белгілі. Сол үшін де Керей мен Жәнібек хан тұсында мемлекеттің өмірін ұзақ ету үшін ішкі саясатта бір Алаштың баласымыз деген идеология өмірге келеді. Бұл идея болса, жаңадан құрылған Қазақ хандығының өмірін мәңгі етуге зор ықпал етті» деген пікір білдіреді [1, 54 б.]. Әрине америкалық тарихшының бұл пікірі өте орынды. Қазақты құраған ру тайпалар өз кезегінде өзара туыстығын білдіру үшін Алаш немесе алты Алаш ұғымдарын белсенді пайдаланған болатын. Осы арқылы мемлекеттің іргесін берік ету ойлары түптеп келген «Мәңгілік ел» идеясымен тығыз байланысып жатты.

Сөзсіз «Мәңгілік ел» идеясының тарихи бастауларының бір кезеңі ХХ ғасыр басындағы ұлт қайраткерлерінің қоғамдық-саяси қызметтерінен анық көрінді. Өйткені ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының мұңы мен мұқтаждығын жоқтап, күрделі мәселелерін шешуді өздерінің міндетіне алған Алаш қайраткерлері ұлтқа қызмет етудің озық үлгісін көрсете білді. «Қияметке дейін қазақ халқы мәңгі жасай бермек» деген Әлихан Бөкейхановтың ойы «Мәңгілік ел» идеясымен тығыз байланысты. Әрине ұлтқа қызмет ете жүріп, қазақ халқының баянды болашағына сенген ұлт қайраткерлері алдымен қазақ халқының ішкі бірлігін нығайтуға ерекше көңіл аударды. Алаш қайраткерлері ХХ ғасыр басында отарлықтың ауыр зардабын әбден тартқан қазақ халқының тек ішкі топтасуы мен саяси белсенді болуы ғана ұлтты сақтап қалатындығын ерекше насихаттады. Осы ретте батыл қадамдарға да бара алды [7, 156 б].

Кеңестер үкіметі орнап, қазақ халқы өз жерінде отырып аз ұлтқа айналған және қазақ тілі тұрмыстық тілден ары аса алмай отырған шақта Жұбан Молдағалиевтің жыры жарық көрді. «Мәңгілік ел» идеясымен ұштасып жатқан бұл жырда ақын

Мен қазақпын белдімін байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім, - деу арқылы «Мәңгілік ел» идеясының кеңестік билік жылдарындағы нақты көрінісі болып табылады [8, 3 б.].

Демек осы келтірген жайттардан-ақ байқағанымыз «Мәңгілік ел» идеясы тек қана тәуелсіздік жылдарында ғана емес, қазақ жерін мекен еткен ежелгі мемлекет басшыларының түрлі тарихи кезеңдерде көтеріп отырған өміршең ойларының жиынтығы екендігіне көз жеткіздік. Сөзсіз мұның өзі «Мәңгілік ел» идеясының тарихи негізі берік екендігінің дәлелі. Ал негізінің берік болуы сөзсіз оның нәтижелілігі мен дұрыстығының басты кепілі болып табылады.

Міне «Мәңгілік ел» идеясының тарихи бастауларын шартты түрде бөліп, осылайша кезеңдедік. Әрине осы бағыттағы жұмыстар әлі де болса белсенді жүріп жатқандығын да алға тартқымыз келеді. Бұл бағытта тарихшы, философ, саясаттанушылар өзіндік пікір айтып, «Мәңгілік ел» идеясының егемендікке дейінгі көрініс алуының ғылыми негіздерін қалыптастыру үстінде. Дипломның осы тараушасы барысында «Мәңгілік ел» идеясы тек егемендік алғаннан кейін Тұңғыш Президенттің бастамасымен қайта көтеріліп, бабалардың түрлі тарихи кезеңдердегі армандарының тәуелсіздік жылдарында қайта жандануы мүмкіндік берілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы барысында алғаш рет түркі дәуірінен бастау алатын «Мәңгілік ел» идеясы көтерілді. Жолдау барысында Елбасы еліміз жаңа дәуірге қадам басқалы тұрғандығын айта келе, «Мәңгілік ел» идеясының жобасын қабылдау туралы тарихи бастама көтерген болатын.

Елбасы «Мәңгілік ел» идеясы барлық қазақстандықтарды біріктіруші идея болатындығына сенім білдірді. Ал «Мәңгілік ел» идеясының негізгі өзегін ел тәуелсіздігі жылдарында қол жеткізілген табыстар құрауы тиіс болды. Жолдау барысында Елбасы мұндай табыстарды жеке-жеке жіктеп шықты. олардың қатарында:

  • Ел тәуелсіздігі мен Нұрсұлтан (Астана) қаласы;

  • Ұлттық бірлік пен келісім және бейбітшілік;

  • Зайырлы қоғам мен руханият;

  • Индустриалды-инновациялық негізі бар экономиканың қарыштап дамуы;

  • Жалпыға ортақ еңбек қоғамы;

  • Тарих, мәдениет және тілдің ортақ болуы;

  • Ұлттық қауіпсіздік пен жаһандық мәселелердегі белсенділік деген маңызды міндеттерді атап өтуге болады [9, 1 б.].

Сөзсіз осы жоғарыда аталған Мәңгілік ел идеясының негіздері болған жетістіктер ел егемендігі жылдарын қол жеткізген толағай табыстар болып табылады. Бұл құндылықтар қазақстандық патриотизмді қалыптастырып, мемлекетті дамытушы негізгі идеялар болатындығына сенім мол. Өз кезегінде осы жолдау барысында Елбасы Президент әкімшілігімен қатар, Қазақстан Республикасы үкіметіне және Қазақстан халқы Ассамблеясына «Қазақстан 2050» жалпы ұлттық қозғалысымен бірлесе отырып, «Мәңгілік ел» патриоттық актісін құрастыру тапсырмасы жүктелген болатын. Ең бастысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев «Мәңгілік ел» идеясы әсіресе жастар үшін аса қажет деген болатын. Сөзсіз бабалар арманы мен тілегінен туындаған «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруда немқұрайлылық танытуға болмайды. Ел егемендігінің алғашқы жылдарында ел экономикасындағы қиыншылықтар турасында жоғарыда атап өткен болатынбыз. Міне осы қиындықтарды еңсерген еліміз 2030 жылға арналған даму стратегиясын жариялаған болатын. Аталған стратегияға сай еліміз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру межесі белгіленген болатын. Осы меже сәтті еңсерілгеннен кейін Қазақстанның 2050 жылға арналған даму стратегиясы жарияланды. Ендігі міндет дамыған әрі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру болып табылады. Өз кезегінде Елбасы «Қазақстан 2050» Даму стратегиясы бағдарының түп қазығы «Мәңгілік ел» идеясы болатындығын атап өткен болатын. Әрине тәуелсіздікке қол жеткізу Қазақстан және қазақ халқы үшін оңай болмағаны анық. Біз ол тарихи оқиғалар желісінің кейбір мәселелерін жоғарыда атап өткен де болатынбыз. Ал тәуелсіздікті сақтап қалып, оны келесі ұрпаққа аманат етіп жеткізу тіпті қиын шаруа. Ол үшін қоғам бір мақсатқа топтасуы шарт. Міне сол қоғам мүшелерін топтастыру міндетін «Мәңгілік ел» идеясы атқаруы тиіс [10, 5 - 27 б].

«Мәңгілік ел» идеясының ұлттық құндылықтармен қатар, салт-дәстүр, діл мен дүниетаным, тарих пен тағылым сынды жоғары руханиятқа негізделуі сөз жоқ жастардың немесе өскелең ұрпақты жаһандану дәуірінде өзге мәдениетке сіңісіп кетуіне жол бермесі анық. Өйткені ХХІ ғасырдың бір ерекшелігі жаһандану үдерісінің белсенді түрде ел өмірінің рухани негіздеріне араласа бастауы болып табылады. Мысалы соның бір көрінісі ұлттық құндылықтарға мүлдем қатысы жоқ батыстың мәдениетінің жастар арасында тым танымал бола бастауы. Сөзсіз өзге елдің мәдениетіне деген сұраныс өз кезегінде ұлттық құндылықтар мен оның мәдениетіне деген немқұрайлылықты тудырары анық.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


  1. Жетпісбаева Ж.Ж. «Мәңгілік ел» ұлттық идеяның қазіргі Қазақстан қоғамыының негізгі даму бағдары ретіндегі маңыздылығы // «Мәңгілік ел» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Астана, 2017. – 174 б.

  2. «Mangi el» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналы. – Алматы, 2014. – 123 б

  3. Күлтегін-Тоныкөк: Ежелгі түркі рун жазалары. – Алматы, 2000. – 137 б.

  4. Есполов Т. Мәңгілік елге бастар қадам // Егемен Қазақстан. 2014 жылы 17 қаңтары. – 19 б.

  5. ал-Фараби. Трактат о взглядах жителей добродетельного города // Григорян С.Н. Из истории философии Средней Азии и Ирана VІІ-ХІІ вв. – Москва, 1960. – 315 с

  6. Сыздықов С. «Мәңгілік ел» идеясы: саяси-философиялық негіздері және тарихи сабақтастығы // Электронды ресурс: http://edu.e-history.kz/ru/publications/view/546

  7. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 2004. – 278 б.

  8. Молдағалиев Ж. Жыр жинағы. – Алматы, 2003. – 132 б.

  9. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2014 жыл 17 қаңтар. – 14 б.

  10. «Қазақстан 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. // Ақиқат журналы. – №17 – 2013. – 127 б.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2021
234
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі