«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері
Қазақстандық қоғамның «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін дайындаудың өзектілігі білім беру ұйымдарының ұлттық мәдениетті меңгеру, бекіту, көріну және трансляциялауына ықпал ететін білім алушы тұлғасын рухани, ұлттық теңестіру мен әлеуметтендіруге бағдарлау қажеттілігімен айқындалады Мемлекет пен қоғам ұлттың зияткерлік әлеуетін, адамгершілік, дене дамуы мен психикалық саулығын сақтау, тапсыру және көбейтудің негізі ретінде қарастыратын білім беру ұлттық өзіндік сана тәрбиесінен ажырағысыз. Елдегі оң өзгерістер білім беру ұйымдарындағы тәрбие қызметінің жүйесінен көрініс тапты. Қазақстандық патриотизмнің, азаматтықтың, руханилықтың саяси және адамгершілік мәнін түсіну, адамгершілік бағдарлы, әлеуметтік белсенді, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру процесі жүріп жатыр. Ұлттың жалпықазақстандық дінін, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлерін ескере отыра, зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін жағдайлар жасалуда. Оқушы жастардың санасында білімнің беделділігі, өз денсаулығын сақтаудағы экономикалық мүдделілік сияқты жаңа позитивті трендтер артуда; отбасы, достары, денсаулығы, материалдық игіліктер, қызықты жұмыс, мансабының өсуі оқушылардың дәстүрлі өмірлік құндылықтары болып қала беретінін социологиялық зерттеулер көрсетіп отыр. Сонымен бірге, ұлттық тәрбие беру қажеттілігін түсіну мен балалар мен жастарда азаматтық көзқарас, патриоттық сезім, ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың жеткіліксіз деңгейі арасындағы қарама-қайшылық байқалады.
Мектеп өз тәрбиеленушілерін Қазақстан тарихының бастауларына, туған елінің мәдениетіне, ана тіліне, қазақ әдебиетіне толық бейімдемейді. Мектеп бағдарламаларында оқушылар тұрып жатқан өңірдің табиғаты, мәдениеті және экономикасының жергілікті ерекшеліктерімен байланысты материалдарға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейді. Білімнің өзі адамның тіршілік әрекетінің міндетті құрамдасынан социумның пайдакүнемдік-қызметінің функциясына айналады, мұнда адам бейнесі білікті тұтынушы бейнесімен алмасады.
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, ғаламдану процесі бірқатар проблемаларды:
– жасөспірімдер ортасында ксенофобия, кемсіту мінез-құлқы мен жауығушылықтың туындауына әкеліп соқтыратын балалардың жекелеген санаттарының этикалық, азаматтық-патриоттық, мәдени-эстетикалық тәрбие деңгейінің төмендеуін;
– көп жағдайда рухани-адамгершілік және ұлттық құндылықтар екінші орынға шығып қалады. Көптеген отбасылар мен мектептерде балалар ана тілінде қарым-қатынас жасамайды, өз халқының мәдениетімен аз таныс, ата-ананы құрметтеу, ата-аналардың баласының болашағы үшін жауапкершілігі және балалардың ата-ана алдындағы борышы және т.б. дәстүрлі отбасылық құндылықтардың құнсыздануын;
– балалар мен оқушы жастардың батыс мәдениетінің құндылықтарына қайта бағдарлануы өскелең ұрпақтың адамгершілік және моральдық болмысының құлдырауына, рухани жұтаңдауына әкеледі. Балалар мен жасөспірімдер арасында қайырымсыздыққа үгіттеу, темекі шегуге, алкоголь және есірткі пайдалануға, оқушылар арасында зорлыққа, жезөкшелікке бейімдеудің жүргізілуін;
– оқушының жауапкершілігін және жасөспірімдер мен жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауын дамытудың жоғары әлеуеті − еңбек тәрбиесінің рөлінің төмендеуін;
– денсаулық мәдениеті мен саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүргізілген жұмыстың тиімсіздігін;
– отбасының және қоғамдағы басқа әлеуметтік институттардың тәрбиелік әлеуетінің жеткіліксіздігін;
– әлеуметтік жетімдік, суицид проблемаларын, іріткі салатын секталарға қатысуын және т.б. шиеленістіріп отыр.
Мұндай жағдайдың бірден бір себебі – нысаны балаларды және оқушы жастарды рухани, адамгершілік, патриоттық дамыту болып табылатын тәрбиені әлеуметтік құбылыс ретінде және мақсатты процесс ретінде де жете бағаламау. Тәрбиенің өзі құндылықтар, қарым-қатынас, мінез-құлық, мораль және адамгершілік сияқты категориялармен анықталады.
Сондай-ақ тәрбие бағдарламалары мен технологияларын іске асырудың жаңа тәсілдерін енгізу механизмдерінің өңделмегендігі, педагогикалық және жетекші мамандардың жаңа жағдайлардағы тәрбие жұмысына даярлығының жеткіліксіздігі ықпал етеді.
Сонымен, білім мазмұнын жаңарту жағдайында іс-әрекет стратегиясы ретінде басқару органдары мен білім беру ұйымдары үшін өзінің білім беру- тәрбие кеңістігінде тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін дайындау мен енгізудің объективті алғышарттары қалыптасты
Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы — 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.
Жолдауда бұл құндылықтар аталған: Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы; қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Президент сондай-ақ, белсенді, білімді және дені сау азаматтар қалыптастыру, жаңа қазақстандық мәдениетті дамытуға жаңа серпін беру міндетін қойды. 2020 жылғы қазақстандық жастарды патриот, білімді, дені сау, жауапкершілікті және жігерлі, инновациялық экономика жағдайында табысты жұмыс жасайтын, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген, қазақ халқының құндылықтары мен мәдениетін бойына сіңірген, толерантты, әлемде танымал және құрметті тұлға ретінде көреміз.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Жаңа Қазақстандық патриотизмнің идеялық негізі болып табылатын осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтар ескеріле отыра құрастырылады.
Қазақстандық қоғамның Мәңгілік елге бағытталуы жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жас ұрпақты тәуелсіз Қазақстанның даму тарихының субъектісі ретінде, өзгерістердің бірыңғай маңызды факторы ретінде, жаңа идеялар мен бағдарламаларды тасымалдаушы ретінде, ерекше түрдегі әлеуметтік құндылық ретінде қабылдау миссиясын атқарады.
Нормативтік – құқықтық қамтамасыз ету
Жұмыстың нормативтік негізін Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттары құрайды:
–Қазақстан Республикасының Конституциясы;
–Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
–Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» Заңы;
–– Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»;
–Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»;
- Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму. ҚР Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың Халыққа Жолдауы
– «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы»;
− «Барлық білім беру ұйымдарында оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы;
– Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 ж. 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілген.
Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтармен тәрбиеленген, көшбасшылық қасиеттері бар, әлеуметтік және тұлғалық өзін-өзі анықтауға қабілетті білімді тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
- Қазақстандағы әр бала тұлғасының мотивациялы-құндылықты аясын
дамыту;
- тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана тілін және қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;
- көшбасшылық қасиеттері бар, жаңа демократиялық қоғамда өмір
сүруге қабілетті азаматты және патриотты тәрбиелеу;
-отбасының тәрбиелік әлеуетін күшейту;
-оқушыларда табысты әлеуметтенуі үшін құзыреттіліктерді, толассыз
өздігімен білім алу мен өзін-өзі дамытуды, олардың саналы түрде жан-жақты өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі дамытудың жоғары формасы – өзін-өзі тәрбиелеуге қатысуды қалыптастыру.
Тәрбие процесін ұйымдастырудың әдістемелік негіздері
Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы тәрбие процесін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері:
–үйлесімді әлемнің әмбебап моделін дайындау, әлем және адамның келісті жүйесін қамтамасыз ететін, оның жаратылыстануғылыми және гуманитарлық құрамдастарының табиғи бірлігі негізінде білім берудііргелендіру;
–қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы өзгерістердің артуы салдарынан басымдықтар мен мәдени құндылықтардың алмасуында, инновациялық технологияларды жетілдіруде және енгізуде көрінетін ғаламдану;
– тәрбие қызметін білім беру ұйымдарының тәрбие саясатын іске асыру инструменті ретінде қарастыратын тәрбиенің жүйелі тұтастығы;
Түрлі мекемелер – әлеуметтікмәдени орта субъектілері, қоғамдық ұйымдар, іскерлік және әлеуметтік серіктестермен ұжымдық шығармашылық пен ынтымақтастық негізінде білім мазмұны, білім беру-тәрбиелеу қызметінің формалары мен әдістерін жаңартуды болжайтын тәрбиенің ашықтығы.
Білімнің жаңа мазмұнына өтуде тәрбие процесі келесі көзқарастарды болжайды:
Тұлғаға бағытталған көзқарас – өзара байланысты түсініктер, идеялар және іс-әрекет тәсілдері жүйесіне арқа сүйеу, тұлғаның өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру процестерін, оның дербестігінің дамуын қолдау.
Тәрбиедегі іс-әрекеттік көзқарас – тұлғаның өз әрекетімен бірлігі, тікелей және жанама түрде тұлға құрылымына өзгеріс жасауды жүзеге асырады.
Құзыреттілік көзқарас – тәрбие мақсаттарын анықтаудың, тәрбие процесін ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бағалаудың ортақ принциптерінің жиынтығы, оқушыларға олардың табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ететін құзыреттіліктердің қалыптасуы.
Кешенді көзқарас – тәрбие процесінің басты, маңызды жақтарын көрсететін тәрбиенің бірлігі мен тұтастығы.
Әлеуметтік көзқарас – әлеуметтік шынайылықтың тұлғаның мақсаты мен міндеттеріне бүкіл өмір бойы ықпал етуі, осы ықпалдың адам және қоғам үшін педагогикалық салдарлары.
Құндылықты (аксиологиялық) көзқарас – адамдардың санасымен және тұлғалық мағынасымен әлемге, өзге адамдарға, өз өзіне және т.б. қатынастарын анықтайтын жалпыадамдық және ұлттық құндылықтар.
Жаңа білім мазмұнына өту жағдайында тәрбие процесін ұйымдастыру принциптері:
Ізгілікке (гуманизм) бағытталған принцип– педагогтің өзіндік дамудың жауапты және дербес субъектісі ретінде тәрбиеленушімен бірізді қатынасы, оның тәрбие процесінде тұлғамен және ұжыммен адамгершілік қарым-қатынас негізіндегі өзара қатынас стратегиясы.
Тәрбиенің диалогтық принципі – бір мезгілде қоғамдық мүдделерді сақтау мен тұлғалық-құнды мақсатты іске асыруда міндеттемелер мен ынтымақтастықтарды орындау, өзіндік менеджментке қабілетін дамыту, әлеуметтік ұтқырлықты байқаудан өткізу үшін балалардың түрлі бірлестіктері, соның ішінде жетекшілердің тәжірибелерін қалыптастыруда педагогтер ұйымдастырған мүмкіндіктерді пайдалануды болжайды.
Мәдени сәйкестік принципі–тәрбие мәдениеттің жалпыадамзаттық құндылықтарына және жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттердің нормаларына негізделуі тиіс.
Тәрбиенің үздіксіздігі принципі– тіршілік әрекетінің барлық кезеңінде тұлғаның жан-жақты дамуы, оның күші мен қабілеттерін, кәсіби және жалпымәдени өсуін барынша толық іске асыруы үшін оның шығармашылық әлеуеті мен мүмкіндіктерін арттыру.
Табиғи сәйкестік принципі – табиғат дамуының ортақ заңдарының басымдығы; табиғи және әлеуметтік процестерінің өзара байланысы; тәрбие жұмысында білім алушылардың жынысы мен жасын ескеру.
Тәрбиенің тұтастық принципі оқу және оқудан тыс іс-әрекетінің бірігуімен қамтамасыз етіледі: оқу іс-әрекеті қазақстандық сәйкестілігінің когнитивті құрамдасын қалыптастырады; сабақтан тыс іс-әрекетте әсерлі-құндылықты мінез-құлық құрамдасы дамиды.
Этникалық принцип– этникалық мәдениеттердің бірігуі негізінде жалпыұлттық мәдениеттің гүлденуіне, азаматтық келісім мен үйлесімге, қоғамдық қатынастарға қол жеткізуге ықпал ететін мәдениетжасаушы орта қалыптастыру.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін білім беру ұйымдарында
жүзеге асыру шарттары
Нормативтік – құқықтық қамтамасыз ету – тәрбие процесінің Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкестігі.
Ақпараттық қамтамасыз ету – заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану, мектепішілік және жоғары оқу орныішілік БАҚ, тәрбие мәселелері бойынша баспа қызметін ұйымдастыру және т.б.
Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету– педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, ғылыми-әдістемелік кешендер әзірлеу, вариативтік бағдарламаларды, тәрбиелік және ақпараттық технологияларды енгізу. Тәрбие процесін ұйымдастырудың озат тәжірибесін анықтау, зерделеу және кеңінен тарату; тәрбие процесінде, сондай-ақ оны басқаруда жаңа технологияларды меңгеру; адамның рухани әлемін қалыптастыруға бірізді бағдарлану.
Ұйымдастыру-басқарушылық қамтамасыз ету – білім беру ұйымдарында және олардың құрылымдық бөлімшелерінде тәрбие жұмысын оңтайлы жоспарлау, олардың жұмысын үйлестіру негізінде тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру үшін жағдай жасау; негізгі және қосымша білім беру мазмұнын бірігуі, жұмыстың тиімді тәжірибесін ұдайы зерттеу, жалпылау және тарату, тәрбие процесіне мониторинг жүргізу, тәрбие процесі субъектілерінің пікірін зерделеу негізінде біртұтас білім беру кеңістігін құру.
Үздіксіз білім беру жүйесін; білім беру деңгейлері мен сатыларының сабақтастығын дамыту; зерттеушілік және инновациялық қызметті қолдау; отбасылық тәрбие жүйелерін және отбасын мектептің тәрбие жүйесіне қосуды қайта өркендету.
Материалдық – техникалық қамтамасыз ету – қажет материалдық, техникалық жағдайлар жасау, тәрбие жұмысын республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру, тәрбие процесіне қатысушыларды ынталандырудың икемді жүйесін тиімді пайдалану.
Психологиялық-педагогикалық қолдау балаларды тәрбиелеудебілім беру ұйымдары педагог-тәрбиешілерінің педагогикалық жоо және колледждердің, ғылыми ұйымдардың профессорлық-оқытушылық құрамымен, ата-аналар қауымдастығымен және қоғамдық ұйымдармен серіктестік пен ынтымақтастықты білдіреді. Ол балалар мен жастардың әлеуметтік-педагогикалық қорғанысын қамтамасыз етуді, өзіндік құндылық және психологиялық жайлылық сезімін қалыптастыруды; дамудың психологиялық-педагогикалық кемшілігін түзетуді қажет ететін балалар мен жастардың түрлі категорияларымен жұмыс жүйесін жетілдіруді болжайды.
Кадрлық қамтамасыз етутәрбие жұмысымен айналысатын педагог қызметкерлердің барлық категорияларының біліктіліктерін арттыру және қайта даярлауды; сынып жетекшілері, кураторлар, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтердің функционалдық міндеттерін қайтадан бөлуді болжайды. Мектептерде тьюторлық институтын, еңбекақысы төленетін (штаттағы) сынып жетекшілерін енгізу. Жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша педагогикалық колледждер оқушылары және жоғары оқу орны студенттерінің педагогикалық практикасын жаңғыртуды жүзеге асыру.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыруда
күтілетін нәтижелер
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері:
–Қазақстанда тұлға мінез-құлқының дұрыс мотивациялы- құндылықты аясын;
–оқушы жастарда қазақстандық патриотизмді, азаматтық сананы, толеранттылықты және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырудың өсіп отырған деңгейін;
–жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардағы мәдениет негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті;
–рухани дамыған және жоғары адамгершілікті тұлға қалыптастыруда отбасы институтының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді;
–өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тәрбиелеуге жан-жақты саналы түрде қатысуды, табысты әлеуметтенуді, өз бетінше білім алуды және өзін жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен, Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы білімді, адамгершілікті, жігерлі, көшбасшылық қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, «Мәңгілік Ел» — Қазақстан-2050 Стратегиясының басты мақсатына қол жеткізуге белсенді қатысатын адамды қалыптастыруға бағытталған.
Мектепте Қазақстан Республикасының Рәміздерін насихаттау, патриоттық тәрбие беру
2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес мектебімізде нақты жұмыс жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдануды, насихаттау және бақылау бойынша 2015-2016 оқу жылына іс-шаралар жоспары әзірленді. Мектепте жоспарлы түрде мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Комиссия тексеру барысында 2015-2016 оқу жылы басында мектепте 3 Мемлекеттік Ту, 2 Мемлекеттік Елтаңба және мемлекеттік рәміздері бейнеленген 2 стенд бары аңықталды. Мемлекеттік рәміздер мектеп дәлізінде, мектеп директоры кабинетінде және Мемлекеттік Ту мектеп мандайшасында орналасқан. Стендтер мектеп фойесіңде, тарих кабинетінде орналасқан. Олар тиісті талаптарға сай пайдаланады. Мемлекеттік стандарттаға сәйкес келмейтін дәліздегі Мемлекеттік ту жойылды.
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің бастапқы қадамы- ол оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін ояту болып табылады. Мемлекеттік рәмізді дұрыс пайдалану азаматтық сана- сезімді және қауымдық сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Мектепте мемлекеттік рәміздердің тарихымен, мазмұныментаныстыру және саяси және рухани мәнін пайымдау үшін жастардың азаматтық міндеттері туралы дүниетанымын кеңейту, тереңдету мақсатындағы іс- шараларды ұйымдастыру жолдары, бағыттары, интерактивті әдістер қолданылады.
2015-2016 оқу жылында осы бағыт бойынша ұстаздар ұжымы үлкен жұмыс атқарды. Оқу жылы әдеттегідей «Менің Отаным Қазақстан» білім мерекесімен басталды. Бұл күні патриоттық тәрбие беру бағыты бойынша «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. ҚР рәміздерін құрметтеу бойынша тәрбие берілді. (оқушылар дәстүрлі мерекелерде, салтанатты лездемелерде ҚР мемлекеттік әнұранын орындайды, осы тақырып бойынша сұрақ-жауаптарға, тақырыптық әңгімелерге қатысады). Әр жыл сайын ҚР Мемлекеттік рәміздері бойынша білімді тексеру сынамасы өткізіліп тұрады.
1 қыркүйек күні барлық сыныптарда білім күні «Менің Отаным- Қазақстан» атты тәрбие сағатынан басталып, мемлекеттік рәміздерге ерекше көңіл бөлінді. Барлық мемлекеттік мерекелерге арналған салтанатты лездемелер Қазақстан республикасының гимнімен ашылады. Мысалы, Білім күніне, Тұңғыш Президент күніне, Тәуелсіздік күніне арналған лездемелерде. Күнделікті 1 сабақты оқушылар әнұранмен бастайды.
Бекітілген жоспарға сәйкес 31 қазанда 8-9 сыныптарда « Сен рәміздерді білесің бе?» сауалнаманы Шайкиева Г.Е. өткізді. Қараша айында сауалнама 5-7 оқушылары арасында өткізілді.Сауалнама нәтижесі туралы педкеңесте айтылды. Оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімі мен оған дегенқұрметті күшейту, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді қалыптастыру және насихаттау мақсатында желтоқсан айында барлық сыныптарда «Еліміздің рәміздері- біздің мақтанышымыз» атты сынып сағаты өткізілді. Тарих пәні мұғалімдері тарапынан әдістемелік көмек көрсетілді.Мысалы, Шайкиева Г.Е., Жангужанова Г.Е., Омирбаева М.Д. 8-11 сыныптарға арналған «Менің елім-менің мақтанышым» атты тарихи-танымдылық кеште мемлекеттік рәміздерді қорлау фактілерін келтіріп, заңды бұзғандар қатаң жазаланатынын ескертті. Сонымен қатар, 16 қаңтарда «Сен рәміздерді білесің бе?» сауалнама 3–4 сыныптарға ұйымдастырылды. 18 ақпанда «Менің елім» атты инеллектуалды ойын 8 – 9 сыныаптар арасында,
15 наурызда 1 – 7 сыныптарға «Рәміздерді құрметте» атты лездеме өтті. 5 мамырда мемлекеттік рәміздерге арналған өлең сайысы 1 – 4 сынып арасында ұйымдастырылды. 4 маусымда мектеп кітапханасында рәміздер күніне арналған «Рәмізім мақтанышым» атты тақырыпта рәміздер бейнеленген түрлі суреттерден жинақталған фото көрме өтті.
Мектепте Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдануды, насихаттау және бақылау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыс жалғасады.
ҚР рәміздерін дұрыс қолдану, кеңінен тарату, насихаттау мақсатында мектепте нақты жұмыстар жүргізіледі. Мектептің ресми іс-шараларында оқушылар әнұранды орындайды. Сынып жетекшілері тарапынан РҚ Елтаңбасы, Туы, Әнұраны жайлы сынып сағаттарының циклы жасалды. Мемлекеттік рәміздер бейнеленген стенд мектептің 1-қабатында, қазақ тілі және АӘД сыныптарында орналастырылған. Әр дүйсенбіде бірінші сабақ басталардан бұрын оқушылар әнұранды орындайды. Мектепте 2015 жылдың 10 қарашасынан 1 желтоқсан аралығында ҚР Тұңғыш Президенті күнін атап өтуге арналған іс-шаралар өткізілді. Мереке күндеріне арналған қабырға газеттері, суреттер көрмесі, басылымдар шығарылды. Барлық сыныптарда АКТ қолданылған «Елбасы жолы – ел жолы» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, 9-11 сыныптар арасында «Елбасы мен халықтың мүддесі ортақ» тақырыбында үздік ой толғау сайысы, «Елбасы жолы» фильмінің жалғасын жаппай көрсету ұйымдастырылды. 1-8 сынып оқушылары арасында
ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған мектепішілік патриоттық әндерді орындау сайысы өткізілді. 2-3 сыныптардың үздік 40 оқушысы «Жас Ұлан», «Жас қыран» балалар ұйымының қатарына қабылданды.
Қазан айында «Мен патриотпын» тақырыбында 9 – 10 сыныптар арасында қалалық әскери – спорттық сайысқа қатысты.
Қараша айында әскери – спорттық бағыттағы болған қалалық А.Мешков атындағы кубокқа таласу жарысына қатысып, 10 «Б» сынып оқушысы Ақшайықова Р. 3 орын иеленді.
Ақпан айында мектебімізде дене шынықтыру пәні мұғалімдерімен бірігіп, 10 – 11 сыныптар арасында «Жас Батыр» әскери патриоттық жаттығу ойындарынан сайыс өтті.
Кеңестік әскердің Ауған жерінен шығарылуына 27 жыл толуына байлынысты мектеп оқушылары интернационал – жауынгерлер мұражайында болып, Ауған соғысында қаза болған жерлестерімізге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Абай атындағы театрда өткен концерттік бағдарламаны көрді. Наурыз айының басындағы «Азаматтық қорғаныс» күніне арналған өрт болған жағдайда, жер сілкінгенде қандай іс шара қолдану керек, қай жер қауіпсіз екендігін білдіретін арнайы нұсқаулықпен таныстырылып, апатты дабыл қағылып, тәжірибе жүзінде оқу – жаттығу іс шарасы өтті.Сәуір айында 1-8 сыныптар арасында «Атамекен» патриоттық әндерден сайыс өтті. Сәуір айының аяғында 5 – 7 сынып арасында әскери саптық әндер байқауы болды. 1 мамыр «Ынтымақтастық күніне» байланысты «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында 5-10 сыныптар арасында үлкен салтанатты мереке тойланды. Әр сынып біб бір ұлт өкілдерін таңдап, солардың өнерін, салт дәстүрлерін көрсетті. Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесіне ардагерлерге және тыл ардагерлеріне арналған салтанатты іс-шараға шақыру билеттері жасалып,таратылды, оның ішінде 6 соғыс ардагері:Сакенов О,Тихонов Д.Г,Қаймолдин А,Хасенов Ш,Байров К.Д,Атавин А. Тыл ардагерлері10 олар: Искакова Б.Б,Ишмухамбетов В.А, Кенжебаев С.М, Калиева Ш.И, Исмаилова Г.К, Караханова М, КарпикМ.Т, Калачев Ю.И, Калачева О.Ф, Жексенбаева.Х.Т Тыл уақытындағы аналардың,балалардың еңбегі слайд арқылы көрсетіліп, дәріптелді. Концерттік бағдарламаның соңында ардагерлерге сөз беріліп,олардың тәрбиелік мәні зор әңгімелері тыңдалынды. Ардагер анамыз ұжымға, оқушыларға арнап шашу шашып, батасын берді. Салтанат соңында мектеп директоры тағы да мектеп атынан алғысын білдіріп, оқушылар шағын сыйлықтар тапсырды. Денсаулығына байланысты келе алмаған ардагерлердің үйлеріне барып, сыйлық тапсырылып ,арнайы мектеп құттықтаулары айтылды. Бағдарламаның мақсаты оқушыларды Отанды, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеп, патриоттық сезімін оятып,ардагерлерімізді ардақтап,құрмет көрсете жүруге баулу. Бағдарлама өз мақсатына толықтай жетті.
Қорытынды
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз