Мәңгілік Ел Қазақстандық патротизм
негізі
«Абылай хан»
атындағы жоғары колледж
Қапаш
Гүлбақыты
130400-«Есептеу
техникасы және
бағдарламалық
қамтамасыз ету»
мамандығының
3-курс білім алушысы
Қазақсан
Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері балаларлың, жасөспірімдердің
оқу-тәрбие ісіне ұдайы көңіл бөлініп келеді. Оқу –тәрбие ісінде
назар аудартып отырған тәрбие салаларының бірі – патриоттық
тәрбие.
Бүгінгі бала –
ертеңгі күні туған жерін түлетуші
тұлға.
Жас жеткіншектерді
Отанын сүюге тәрбиелеу бір кезеңді іс емес, күрделі педагогикалық
үрдіс.
Патриотизмнің ең
жақсы үлгісі туған жердің тарихын танудан басалады. Туған жердің
әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір
өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде
сақталған перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс.
Мысалы, Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Ер Тарғын, Батыр Баян,
Қабанбай, Бөгенбай батырлар. Әлемдік озық мәдениеттің шоқ
жұлдыздары: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерінің
ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі мол. Тәлімдік ой пікірмен барша қазақ
даласын дүр сілкіндірген Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов,
Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаевтардың тұжырымдамалары
өміршеңдігімен құнды.
Тұлғаның патриоттық
құндылықтарын дамытып, Қазақстанда елдік пен тәуелсіздікті нығайтып
баянды етудің негізі «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы. «Мәңгілік ел»
ұлттық идеясы – ел болашағының сара жолы. Бұл жол халқымызды
рухтандыратын, ар – намысын қамшылап, ерік – жігерін асыратын
патриоттық жол. Мәңгілік елге айналу, Мәңгілік Қазақстанды құру
идеясының бастауы тым тереңде, осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз
«Түрік жұртының мұраты – Мәңгілік ел» деп өсиет
қалдырған.
Әрбір жас ұрпақ
халқымыздың аты тарихтан өшпей, жалғасып, шарықтап дамуы үшін
аянбай күресіп, тер төгуі қажет екенін сезінуі тиіс. Сонда ғана
тәуелсіздігіміз баянды болып, еркін дамыған елге айналарымыз хақ.
Бабаларымыздың қалдырған әрбір ізі, ерлігі, қайсарылығы бізге
сабақ, үлгі болады. Жас жеткіншектер бойында туған жерге деген
елдік санасын, сүйіспеншілік сезімін қалыптасытыра отырып өз халқы
мен отанының бақыты үшін аянбай күресетін ұрпақ тәрбиелеу басты
мақсат болмақ. Ол үшін, мәңгілік тәуелсіздігімізіді көздің
қарашығындай қорғай білуге үйрету; халқымыздың ұлы істерінің
арқасында қалыптасқан жасампаз Қазақстандық патриотизимді дамытып,
ұрпақтан ұрпаққа жеткізу
керек.
Оқушылардың бойында азаматтық – патриоттық сана – сезім, іс
-әрекет адам бойына өздігінен қалыптасатын қасиет емес екендігін,
оның өзі білім мен тәрбие барысында Отанды ұлағаттау, халықтың
төлтума мәдени – рухани әлеміне терең бойлау арқылы қалыптасатынын
теория мен тәжірибе дәлелдеп келеді.
«Мәңгілік
ел» ұлттық идеясы аясында патриоттық тәрбие берудегі
жауапкершілікті неғұрлым терең сезініп, бар мүмкіндікті пайдаланып,
шыныққан да шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау ісінде тәрбие маңызы
ерекше.
Мағжан Жұмабаев:
«Тәрбиелеудегі мақсат - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей
қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып
шығару.
...Тәрбиешінің қолданатын
жолы - ұлт тәрбиесі. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып,
көп буын қолданып келе жатқан тақтай жол болғандықтан әрбір
тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және әрбір
ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын
болғандықтан , тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға
міндетті» дей отырып, жастарды тәрбиелегенде ұлт тәрбиесінің
негізінде тәрбиелеу арқылы, ұлттық құндылықты бойына сіңіре
білгенде ғана, ол рухани бай, сол заманға
лайық, елі, Отаны үшін қызмет етуге дайын
болып шығатынын көрсетеді. Бұл- келешек ұрпақтың патриот
болып шығуы үшін, тәрбиелеуді ұлттық тәрбиеден бастауымыз
керектігін
көрсетеді.
Тек тұлға ғана өзінің Отанға
деген қатынасын ішкі, қастерлі сезім ретінде пайымдауға қабілетті.
Сол себепті, патриотизм де тұлғаның биік даму деңгейін сипаттайтын
аса маңызды рухани игілік ретінде
түсініледі.
Жас ұрпақты
патриотизмге тәрбиелеу – бұл тұлғаның, елдің, оның
мәдениетінің бірегейлігі, әлеуметтің, халықтың әлеуметтік
психологиясының ерекшеліктері толымды көрініс табатын қоғамдық
өмірді ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі
дамуы. Патриотизм міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік
белсенділігін көрсетеді, өйткені, оның өзі еңбекте
табыстарға жету үшін, қоғамға, ел жұртқа, халыққа қызмет ету үшін
биік серпін болып
табылады.
Сонымен жалпы ойымызды
жинақтай келіп, қорытындыны Мағжан Жұмабаевтың мынандай ойымен
аяқтағымыз келеді. «...Бала аурулы, зағип болса, баладан емес,
тәрбиешіден; бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі емес,
тәрбиеші кінәлі. Бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды
болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы. Бала істеген жауыздықтың
жазасын тәрбиеші көтерсін» деген иран елінің мәтелі-шын,
дұрыс.
Қолданылған
әдебиеттер
1.Назарбаев Н. Қазақстан –
2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. -
Алматы: 2012.
2. Новый
энциклопедический словарь. - М., 2002. –
.888бет
3.Қазақтың тәлімдік ой-пікір
антологиясы. -Алматы «Рауан»
1994ж.
4.Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы, 1992. – 160
бет.
5. Төлеубекова Р.К.
Адамгершілік тәрбиесінің негіздері. – Алматы,
1998.
– 25
б.