Абай
атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
«Келісілді»________
Директорының
тәрбие ісі
жөніндегі
орынбасары
Ж.Е.Омарова
Тақырыбы: «Мәңгілік ел»-идеясының
тарихи негіздері
Кітапханашы:Абетова
Р.К
2018оқу
жылы
Тақырыбы: «Мәңгілік
ел»идеясының тарихы негіздері
Түрі :Дөңгелек
үстел
Мақсаты: Елімізде тұратын ұлттар
мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу,
Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту. Өзара жағымды қарым –
қатынасты дамыту, Отанына адал қызмет етуге «Мәңгілік ел» қасиетті
ұғым екеніне көз жеткізу, болашаққа сеніммен қадам басу, жас
ұрпақты отаншылдыққа, адамгершілікке елжандылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ елі суреттері,
Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә
Назарбаевтың суреті, кітаптар
көрмесі.
Барысы:
1-жүргізуші:
Мәңгілік Ел ата-бабаларымыздың
сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі
тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын
тәуелсіз мемлекет атану еді.
- біз армандарды ақиқатқа
айналдырдық мәңгілік елдің іргетасын
қаладық.
- біз үшін болашағымызға
бағдар ететін , ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея
бар.
- ол-Мәңгілік Ел
идеясы
- Қазақтың мәңгілік ғұмыры
ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге
арналады
- ендігі ұрпақ-мәңгілік
қазақтың перзенті
- Мәңгілік Ел ұғымын
ұлтымыздың ұлы бағдары-«Қазақстан-2050» стратегиясының түп
қазығы
- Мәңгілік Ел болу біздің өз
қолымызда
2-жүргізуші:
2014 жылдың 17 қантарында Қазақстан
Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа
жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының
жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат-Қазақстанның ең
дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік Қазақстан»
жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел
келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық –тұңғыш
мемлекеттік ресми идеология , яғни «Мәңгілік Ел» идеясының
жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын –тұжырым .
Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық
ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы
армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы
жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы
қол жеткен асу.
1 -
жүргізуші:
Ассамблея деп ауыз ашқаннан көз алдыңа еліміздегі тыныштық,
этносаралық жарастық, конфессияаралық келісім келеді. Бір
құдіреттің күшімен осынау сөз Қазақстанда барлық бейбіт өмірді,
тұрақты тіршілікті жасап тұрғандай болып көрінеді. Біз 25 жыл бойы
соған үйреніп, соған әбден сеніп алдық. Өткен 25 жылда Қазақстан
қоғамының ішкі ықпалдасуының, қоғамдық келісім мен ел бірлігін
нығайтудың біртұтас мемлекеттік және қоғамдық жүйесі толығымен
қалыптасты.
2 -
жүргізуші:
Ел ішінде мұқият талқыланып, Елбасы мақұлдаған «Ел бірлігі
доктринасы» бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтудың «Бір ел -
бір тағдыр», «Тегі басқа – теңдігі бір», «Ұлт рухының дамуы» сияқты
басты қағидаларын айқындап берді. Елбасының өкімімен бекітілген
Қазақстан халқы ассамблеясы туралы ережелер оның мәртебесі мен
құзіреттерін, сондай - ақ, Ел бірлігі саласындағы мемлекеттік
саясатын жүзеге асыруға қатысу тәртібін бекітті.
Өткен жылы Елбасының Өкімімен Президент жанындағы «Қоғамдық келісім
республикалық мемлекеттік мекемесі
құрылды.
Келесі сөз кезегі тарих пән
мұғалімі Ташенов Канат Шугайұлына
беріледі.
Құрметты дөңгелек үстел
қатысушылар ,оқушылар өз пікірлерін
білдіреді.
Сұрақ
–жауап
1 Мәңгілік Ел дегеніміз не
?
Мәңгілік Ел,бұл –Жалпыұлттық
бірлік, бейбітшілік пен келісім.Біздің Отанымыз бір, ол –Тәуелсіз
Қазақстан , біздің еліміз бір-тағдырымыз ортақ.Бейбітшілік пен
келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға
жалғасады.
2 Мәңгілік ел- жалпы ұлттық
идеясының неше басты құндылықтары бар
?
1.Инновациялық
индустрияландыру трендін түзеу және күшейте
түсу.
2.Қазақстанның агроөнеркәсіп
кешенін инновациялық бағытқа
түсіру.
3.Ғылыми қамтымды экономика
құру –ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуметін
арттыру.
4.Инфоқұрылым үштаған
–агломерацияның , көліктің, энергетиканың қарқынды дамуын
қамтамасыз ету.
5.Шағын және орта бизнесті
дамыту.
6.Біздің болашаққа барар
жолымыз қазақстандықтардың әлеуметін ашатын жаңа мүмкіндіктер
жасауға байланысты.
7. мемлекеттік институттар
жұмысын жетілдіру.
Қорынтынды: . Елбасының «Мәңгілік
ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын
ұранға айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп Тұңғыш
Президентіміз айтқандай Қазақ елінің мәңгілік болуына
аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы
белгілеп берген «Қазақстан - 2050» стратериясы ұлттық
ұлы бағдары. Мәңгілік ел біздің өз
қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі
қамшылап, ұдайы алға ұмтылу
керек.