Мақал-мәтел сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақал-мәтел сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
мақал-мәтел жұмбақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мақал –айтыс » сайысы сценарий
І-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, сайысқа қатысушы тыңдаушылар! 
 ІІ-жүргізуші:  Мақал-мәтел – ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық.
Мақалда қорытынды тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі.

«Сөздің көркі – мақал» деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады. Мақал-мәтелді көп біліп, көп қолданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі. Олай болса мақал-мәтел сайысымызды бастайық.
Байқауымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
__________________________________________________________

__________________________________________________________

__________________________________________________________

__________________________________________________________

 жүргізуші: Байқауымыз бес кезеңнен тұрады.

1. «Тақырып айтыс» ( білім, ата-ана , достық, туған жер, тіл, той, келін т.б)

  1. «Жоғалған сөз» (мыс: «Есі кеткен .... күледі» (елге))

  2. «Сөзден мақал құрау» (әр мақалдың бір сөзін алып мақал мақал айту)

  3. «Қайым айтыс» (мақалды жалғастыру)

  4. «Балама мағына» (тұрақты сөз тіркестерінің балама мағынасын табу)

 І-жүргізуші:  Ендеше, байқауға қатысушыларды ортаға шақырайық. 
(қатысушылар әуенмен ортаға аты-жөні аталғаннан кейін бір-бірлеп шыға бастайды)
 І-жүргізуші: Көп рақмет сіздерге құрметті қатысушылар, енді байқауымыздың бірінші кезеңін бастайық.

1.«Тақырып айтыс» ( 1 минут ішінде білім, ата-ана , достық, туған жер, тіл, той, келін т.б)
  (ортаға кезекпен сайысқа қатысушылар шақырылады)
 І-жүргізуші:  Байқауымыздың екінші кезеңіне көшейік.
«Жоғалған сөз» (мыс: «Есі кеткен .... күледі» (елге))

  1. Жақсы байқап сөйлер, жаман кісі шайқап сөйлер.
    Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер.
    Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен.
    Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар.
    Тарта жесең, тай қалар,

Қоя жесең, қой қалар,
Қоймай жесең, не қалар?!
Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.
Білмесең үндеме, білгенді күндеме.
Баланың ұяты әкеге, шешенің ұяты шешеге.
Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса, ас көп.
Еріншектің ертеңі бітпес,
Жеңілтектің селтеңі бітпес.

І-жүргізуші:  Байқауымыздың үшінші кезеңіне де келіп қалдық.
«Сөзден мақал құрау» (әр мақалдың бір сөзін алып мақал мақал айту)
 (ортаға кезекпен сайысқа қатысушылар шақырылады)

Сөздің көркі-мақал (Жүздің көркі-сақал)

  1. Өз елім… (өлең төсегім)

  2. Балапан ұядан не көрсе…(ұшқанда соны іледі)

  3. Сөзің тәтті болсын…(ашуың қатты болсын)

  4. Жақсы байкап сөйлер…(жаман кісі шайкап сөйлер)

  5. Батыр туса ел ырысы…(жаңбыр жауса жер ырысы)

  6. Балалы үйдің…(ұрлығы жатпас)

  7. Тіл тас жарады…(Тас жармаса ,бас жарады)

  8. Тіліңмен жүгірме,..(Біліммен жүгір)

  9. Ұста пышаққа жарымас..(етікші етікке жарымас)

  10. Сөзде қаңқу жаман…(ауруда шаншу жаман)

  11. Білімі жоқ ұл… (жұпары жоқ гүл)

 І-жүргізуші: Байқауымыздың төртінші кезеңіне де жеттік.

 Мақал-мәтелдерді орын тәртібі бойынша оқу.

  1. Ел даусыз болмайды, ер жаусыз болмайды.

  2. Жылқының етін жесең, тісіңе кіреді.

Жемесең түсіңе кіреді.

  1. Сөзің тәтті болсын, ашуың қатты болсын.

  2. Ана сүтін ақтамағанды, ешкім жақтамайды.

  3. Өмір қартайса да, көңіл қартаймайды.

  4. Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер.

  5. Отаны бірдің жүрегі бір, жүрегі бірдің тілегі бір.

  6. Кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде.

  7. Артында қызы қалғанның ісі қалғаны, ұлы қалғанның – өзі қалғаны.

  8.  Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

ІІ-жүргізуші: Байқауымыздың бесінші кезеңіне де келіп жеттік. Сұрақ-жауап.

1.Білмеген не ішеді? ( у ішеді)

2.Жас келсе неге? (іске)

3.Өтірікші кімді алдайды? (өзін-өзі алдайды)

4.Білгенің қанша, білмегенің қанша? (білгенің 9,білмегенің 99)

5.Адамда арқау бола ма? (Ас адамның аркауы)

6.Түкіріктен көл бола ма? (Көп түкірсе көл болар)

7.Тастың жеңілі бола ма? (Керек тастың ауырлығы жоқ)

8.Көпке не шашпа? (топырақ)

9.Дос басқа қарайды, ал дұшпан ше? (дұшпан аяққа қарайды)

10.Тауық түс көре ме? (тауықтың түсіне тары кіреді)

11.Сиырдың сүті қай жерде? (сиырдың сүті тілінде)

12.Бейнет түбі не? (зейнет)

13.Сөз анасы не? (құлақ), су анасы не? (бұлақ), жол анасы не? (тұяқ).

14.Не қылыштан өткір? (тіл қылыштан өткір)

15.Тұз астың дәмін келтірер, ал сөздің дәмін не келтірер? (мақал сөздің дәмін келтірер)

ІІ-жүргізуші:  Осымен  «Мақал – сөз мәйегі» атты байқаудың шарттарының кезеңдерін орындап шықтық.  Ал, енді әділқазылар алқасы бір шешімге келгенше , шағын сөзжұмбақты шешсек



М









А









Қ












А







Л












М







Ә








Т











Е







Л
















 


1. Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер.

2. Заттың атын білдіретін сөз табы.

3. Жылқы пірі

4. Адамның түрлі көңіл күйін білдіретін сөздер.

5. жеке затарға қойылатын атау.

6.Балаға ең қымбат –

7. Білім беретін мекеме.

8. Бірнеше сөйлемнен құралып негізгі ойды білдіреді.

9. Көркемдеп суреттеуде затты не құбылысты екінші затпен немесе құбылыспен салыстыра суреттеу.

10. Сиыр пірі.

11. Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы.

Қандай сөз шықты? (Мақал – мәтел)

І-жүргізуші:

Құрметті қауым! Ортаға байқау қорытындысын жариялауға Гүлдана Алмұханқызы Есмурзинаны шақырамыз.

 

Марапаттау сәті.

         1 орын –

2 орын 

3 орын 

ІІ-жүргізуші:

Құрметті өнер сүйер қауым! Осымен бүгінгі «Мақал-сөз мәйегі» атты қазақ мақал-мәтелдеріне арналған тапқырлар  сайысы да өз мәресіне жетті. Барлық қатысушыларға  алғыс айта отырып, талаптарыңызға нұр жаусын демекпіз.

Келесі кездескенше, сау саламат болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.06.2018
2568
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі