Мақал-мәтелдер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақал-мәтелдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау, ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұрамыз мақал-мәтелдерді орынды пайдалана білуге дағдыландыру, қазақ халқының қадір-қасиетін сақтап,бағалай білуге тәрбиелеу. Әдісі: сұрақ-жауап, баяндау Көрнекілігі: нақыл сөздер, фотолар Барысы: І. Ұйымдастыру Сайыстың шарты: ұлттық киіммен шығып, мақал-мәтелдерді тиімді қолдана білулері шарт.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі




Келісемін: Бекітемін:

ДОІЖО Мектеп директоры

М.К.Кыдыралиева А.Б.Карекеева


Сыныптан тыс сабақ

Тақырыбы:



Бастауыш сынып мұғалімі:

Ниетова Айгул


2014-2015 оқу жылы



Тақырыбы: «Мақал-сөздің мәйегі»

Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау, ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұрамыз мақал-мәтелдерді орынды пайдалана білуге дағдыландыру, қазақ халқының қадір-қасиетін сақтап,бағалай білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Көрнекілігі: нақыл сөздер, фотолар

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Сайыстың шарты:

ұлттық киіммен шығып, мақал-мәтелдерді тиімді қолдана білулері шарт.


Сайыс бөлімдері:

  1. «Сөздің басы сәлемнен». Әр топ атымен, топ мүшелерімен таныстырады.

  2. «Мақал – сөздің мәйегі». Әр топқа берілген тақырыптар бойынша мақал-мәтел құрастырады.

  3. «Салт-дәстүрім – қазынам». Салт-дәстүрден сұрақтар қойыл

  4. «Өнерлінің өрісі кең». Әр топ өз өнерін көрсетеді.

  5. «Кім жылдам?»

Біліміңді саралап,

Төрелігін айтатын,

Әділ баға беретін,

Әділқазы алқасын.

Көтерейік құрметпен.

Сайыскер топтарға әділ төрелігін беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.


Құрметті ұстаздар, оқушылар!


«Мақал-сөздің мәйегі»- атты сайысқа қош келдіңіздер!

1 бөлімге кезек берейік. Әр топ өздерін таныстырады.


2. «Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді» дегендей, келесі бөлім мақал-мәтелдер сайысы.

1.Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.

2.Өнер алды-қызыл тіл.

3.Тіл бар жерде өмір бар.

4.Тіл қылыштан өткір.


Мақал – мәтелдерді аяқтау.


1. Денсаулық -........................ (зор байлық)
2. Тәні саудың -....................... (жаны сау)
3. Емнің алды -................................ (еңбек)
4. Тазалық – саулық негізі, саулық -................. негізі. (байлық)
5. Шынықсаң -..................... (шымыр боласың)
6. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын............. ізде. (жол)
7. Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса....... /аузыңды тый/
8. Жан ауырса тән азады, қайғы басса жан...../азады/
9. «...... қадірін ауырғанда білерсің»
10. «....... жасырған өледі»


«Сыңарын тап» Мақал – мәтелдерді аяқтау.


Жығылып жатып................. /сүрінгенге күлме/.
Күлме досыңа...................../келер басыңа/.
Ауру қалсада.................... /әдет қалмайды/.
Әдепті бала арты бала......./әдепсіз бала сорлы бала/
Ұяда не көрсең.................../ұшқанда соңы ілерсің/

Жаксыдан үйрен................/жаманнан ширен/
Жаксы туса - ел ырысы....../жаңбыр жауса - жер ырысы/
Қызым саған айтам.........../келінім сен тыңда/
Дария жанынан................./құдық қазба/
Умен ойнамабатарсың...../отпен ойнама жанарсың/
Ағасы бардың - жағасы бар..../інісі бардың тынысы бар/
Жылы - жылы сөйлесең....../жылын інінен шығады/
Атаның баласы болма......./адамның баласы бол/
Әдепті бала ата - ана мақтар..../әдепсіз бала ата - анасын қаксатар/


«Не істеуге болмайды?»

деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.


1. Үлкендердің алдын -
2. Кішкене баланы -
3. Құстарды -
4. Қыз баланы -
5. Сабақтан -
6. Үйге жүгіріп -
7. Үлкен кісіні -
8. Оқу - құралдарын -
9. Сыныпта айғалауға -
10. Ысқыруға -
11. Құстардың ұясын -

Әз бабам азаттықты аңсап өткен,

Ел үшін талай саңлақ шейіт кеткен.

Солардың құдіретті ой-арманы

Таңы боп тәуелсіздік бізге жеткен.


Ал шәкірттер алды-артын аңдасын,

Шешілмеген сұрақтары қалмасын.

Танымдықпен, білгірлікпен

Жауаптары таңдалсын.


Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын,

Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.

Салт-дәстүрден сұрақтар қойылады.


Оқушыларға ситуациялық жағдаяттар қойылады.

1. Анашым мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы.

2. Әке, мен бүгін мектептің терезесін сындырып алдым.

3. Әке, мен бүгін мектепте жарысқа қатысып, мақтау қағазын алдым.

4. Анашым, мен бүгін сіздің жақсы көретін құмыраңызды сындырып алдым.



Келесі өнер көрсету бөліміне кезек берейік.

Басталады «Кім тапқыр» сайысың,

Бұл сайыста озып шығар қайсысың?

Жылдамдығың, білімділігің сыналар,

Қане, шәкірт көрінесің қайсысың?- дей келе соңғы бөлімге кезек берейік.

Әділ қазыларға сөз беріліп, ұпай сандары анықталады.

Әр топ арнайы мақтау қағаздарымен марапатталып, әрқайсысына сыйлықтар тарту етіледі.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
737
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі