Материалдар / МАҚАЛА
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МАҚАЛА

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу және тәрбие - өзара байланысты екі процесс. Олардың міндеттері әрқилы, дегенмен бір- бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар жүріп отырады, бірақ ұйымдасу әдістері және формалары тұрғысынан түбегейлі өзгеше. Тәрбиелік іс-әрекет тәрбиешінің жекеленген әрекет аймағы түрінде (өз мақсаттарына, міндеттеріне, мазмұнына ие) немесе оқу процесіне тікелей енген (себебі оқу тәрбиелік сипатқа ие) қалыпта болуы мүмкін. Оқу мен тәрбиенің ортақ белгілері:
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2023
150
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КІРІСПЕ
І тарау. Тәрбие процесі түсінігі мен мазмұны.
1. «Тәрбие процесі» ұғымының анақтамасы.
1.2. Тәрбие процесінің ерекшеліктері.
1.3. Тәрбие процесінің диалектикасы.
1.4. Тәрбиеші тұлғасы.
1.5. Тәрбие процесінің жүйесі мен құрылымы.
ІІ тарау. Тәрбиенің жалпы заңдылықтары.
2.1. Отбасы тәрбиесі.
2. 2. Отбасылық тәрбие ережелері.
2.3. Тәрбие формалары.
Қорытынды.


Оқу және тәрбие - өзара байланысты екі процесс. Олардың міндеттері әрқилы, дегенмен бір-
бірімен ажырамас ұштасқан  күйде бір уақытта  қатар  жүріп  отырады, бірақ  ұйымдасу әдістері  және
формалары тұрғысынан түбегейлі өзгеше.
Тәрбиелік   іс-әрекет   тәрбиешінің   жекеленген   әрекет   аймағы   түрінде   (өз   мақсаттарына,
міндеттеріне,   мазмұнына  ие)   немесе  оқу  процесіне  тікелей  енген  (себебі   оқу  тәрбиелік   сипатқа   ие)
қалыпта болуы мүмкін.
Оқу мен тәрбиенің ортақ белгілері:
тәрбие   процесі   өз   ішіне   оқу   элементтерін   қамтиды:   қандай   да   ережені   орындауды 

   талап етуден бұрын оның іске асырылу жолдарын үйрету қажет;
-оқу   процесі   мұғалім   мен   оқушы   арасындағы   ықпалдасты   іс-әрекеттің   ұйымдастырылу
формасына сәйкес етеді. Өз қызметі барысында мұғалім оқушыға тәрбиелік ықпал жасайды;
-оқу   және   тәрбие   процестерінде   бірдей   әдістер   (түсіндіру,   қадағалау   және   т.б.)
пайдаланылады.
Жалпы   педагогикалық   процестің   аталған   екі   қызметінің   арасындағы   принциптік
айырмашылық   :оқу   барысында   шәкірт   әртүрлі   ғылымдар   негізін   меңгереді,   ал   тәрбие   процесі оқушының тұлғалық сапа-қасиеттерін қалыптастыруға бағышталады.
Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер:
-мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нәтиже тиімділігінің кепілі);
-мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қызметтестіктің көрсеткіші);
-нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді);
-көп жағдаяттылығы  (тұлға  көп  әрі сан  қилы  ұнамды  да,  ұнамсыз да  ықпалдарға  кезігеді.
Тәрбие барысында олар реттеледі.
Тұлғаға болған тараптар ықпалы өзара сәйкес келсе, тәрбие нәтижесі тиімді болады.
ауыспалылығы   (тәрбиеленуші   мақсатты   көзделген   және   кездейсоқ   әсерлерге   бірдей 

  кезігіп отырады).
-үздіксіздігі   (ешқандай   науқанды,   бір   мәртелік,   шара   қаншама   жарқын   болмасын,   аса
ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тәрбие істерінің орнын баса алмайды);
-кешенділігі (тәрбие мақсаты мен міндеттерінің , мазмұн, форма және әдістерінің бірлігі);
баламалығы   (тәрбиеленушілер   даралықты   ерекшеліктері   және   әлеуметтік   тәжірибесінің   әртүрлілігімен ажыралады. Тәрбие процесінде бұлар ескерілуі шарт, себебі әсері бірдей болғанның өзінде
де тәрбиелік нәтиже әрқилы болуы ықтимал);
-екітараптылығы (тәрбиелік ықпалды жүргізуші – мұғалім, ол ықпалды қабылдаушы - оқушы);
-тәрбие процесі - өмірлік, ол 
қозғалмалы да ауыспалы;
тәрбиеші   тұлғасы   –   тәрбие   барысына   ықпалды   маңызды   жағдаят   (тәрбие   процесінің   өнімді
болуының  кепілі  –  мұғалім   ептілігі,  шеберлігі,   құндылықты  бағыт-бағдары,  қызметтестік   қатынасқа
түсе білу қабілеті);
-қарама-қайшылықты   болуы   (қарама-қарсылықтар   тәрбиенің   қозғаушы   күші   ретінде
қарастырылады).
Тәрбиенің   негізгі   қайшылықтары   оқутәрбие   процесінде   кездесетін   келесідей   

құбылыстарарасында   көрінеді:   қоғамдық   өмірдің   жаңа   шарттары   мен   оған   дайындауға   арналған   әдістер   менформалардың ескіруі; адамның табиғи даму мүмкіндіктерінің 

шексіздігі мен бұл дамудың әлеуметтік жағдайлар бағдарламаларына тәуелді шегерілуі;адамның табиғаттан белсенді, әрекетшең 

болуы, оның қоғамдық өмірге араласу ынта ықыласы мен өмірлік процеске нақты қатысуүшін қажет тәжірибе, білім,ептілік пен дағдылардың жетіспеуі және т.б.
Сонымен, жоғарыда  аталғандарды  ескерумен  келесідей  қорытынды  шығаруға  болады:

 тәрбиепроцесі оқу процесімен бір қатар жүріп жатса да, ол бірнеше мәнді ерекшеліктерге ие, 

сондықтан да өз алдына дербес қарастырылады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!