Қайталанбас тағдыр иесі – Бейсекең
Бейсен Құранбек – жүректерде мәңгі сақталатын есім. Қазақ журналистикасының жарық жұлдызы, қайталанбас тұлға. Ол бар болмысымен өз халқына адал қызмет етті, өзінің терең ойы, шынайы жанашырлығы арқылы ұлт жүрегіне жақын бола білді. Оның есімі аталғанда жанашырлық пен жауапкершілік ұғымдары қатар жүреді. Биыл Бейсекеңнің өмірден озғанына төрт жыл толса да, оның жарқын бейнесі, өшпес еңбегі әлі күнге дейін халық жадында сақтаулы.
Мен үшін Бейсен Құранбек жай ғана танымал журналист емес, менің өмірлік ұстанымымды қалыптастырған тұлға. Журналистика саласын таңдауыма себепкер болған да осы Бейсен ағам еді. Оның биік парасаты мен адамдық қасиеттеріне тәнті болып, мен де болашақта дәл осы жолды жалғастыруды мақсат тұттым.
Бейсен Құранбек – ұлттық болмысты бойына сіңірген, қазақ руханиятының қайнарынан нәр алған ерекше тұлға. Оның өмірлік ұстанымдары мен шығармашылық жолын тереңірек түсіну үшін белгілі шығыстанушы, ағартушы, «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы - Санжар Керімбайдың «Бейсен және болмыс» кітабына үңілген жөн. Бұл еңбек – Бейсен Құранбектің болмысын түсінуге арналған рухани мұра.
Кітапта Бейсекеңнің ел алдындағы жауапкершілігі мен қызметіне ерекше мән беріледі. С.Керімбай Бейсеннің журналистиканы тек кәсіп ретінде емес, халқына адалдық танытатын жол ретінде қабылдағанын атап өтеді. Мәселен, оның «Айтуға оңай» бағдарламасындағы әрбір кейіпкердің тағдырына алаңдап, олардың мәселелерін шешуге барын салғаны оның терең жанашырлығы мен жауапкершілігінің айқын дәлелі.
Кітаптың бір тарауында Санжар Керімбай Бейсекеңнің ауыл өмірінен бастап журналистикаға дейінгі жолын сипаттайды. Ол ауылдың қарапайым тіршілігінен үйренген адамгершілік пен еңбектің арқасында ұлттық деңгейдегі беделді тұлғаға айналды. «Ол әрқашан өзінің шыққан жерін ұмытпай, қарапайымдылығын сақтады» дейді автор. Бұл қасиет – нағыз ұлылықтың белгісі.
Бейсен Құранбек елдің мұңын, қоғамның қажеттілігін сезіне білді. Оның жүргізген бағдарламаларының әрбір шығарылымы шынайылық пен әділеттіліктің айнасы болды. Ол журналистиканы қарапайым ақпарат тарату құралы деп емес, халықтың тағдырын жақсартуға қызмет ететін үлкен құрал деп түсінді. Мәселен, «Айтуға оңай» бағдарламасында ол тек ақпаратты жеткізіп қоймай, кейіпкерлердің өмірін жақсартуға бар күшін салды. С.Керімбайдың айтуынша, Бейсекеңнің бұл бағдарламаны жүргізудегі негізгі мақсаты – елдің жан жарасын емдеу, қоғамдағы күрделі мәселелерге шешім табу болды. Оның сөз саптауы, халыққа деген шынайылығы әрбір көрерменнің жүрегіне жететін.
Бейсен Құранбектің болмысы маған үлкен рухани азық берді. Оның өмірлік ұстанымдары, жанашырлығы мен адалдығы мені журналистикаға жетеледі. Оның жолын жалғастыру – менің алдыма қойған ең үлкен мақсатым. Журналистика – тек ақпарат тарату емес, халыққа қызмет ету, қоғамға пайдасын тигізу екенін Бейсен ағамыздың еңбегінен ұқтым.Мен де болашақта Бейсен Құранбектей өз ісіне адал, халқына шынайы жанашыр болуды армандаймын. Оның ізімен жүріп, қоғамның мұң-мұқтажын сезініп, шынайы журналистикаға үлес қосуды мақсат етемін.
Бейсен Құранбек – тек журналист қана емес, тұтас бір дәуірдің айнасы, ұлт руханиятының қайраткері. Оның өмір жолы мен шығармашылығы – ұрпаққа үлгі. Бейсен ағамыздың әр сөзі, әр ісі адамдықтың, адалдықтың, ұлттық болмыстың көрінісі болды. Санжар Керімбайдың «Бейсен және болмыс» кітабындағы әрбір әңгіме – оның жан-дүниесін ашатын құнды мұра. Ал Бейсен Құранбек – бізге еңсесін тіктеген ел болу үшін қызмет ету керектігін ұғындырған ұлы тұлға. Біздің міндетіміз – сол жолды жалғастыру, оның еңбегін ұмытпау, өскелең ұрпаққа ұлықтау. Бейсекеңнің қайталанбас тағдыры, жарқын бейнесі әрбір жүректе сақталары хақ. Ол халқымен бірге мәңгі жасайды. Батырлар туады ел үшін!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала

шағым қалдыра аласыз