ДӘСТҮРЛІ
ГАЗЕТТІҢ БОЛАШАҒЫ БАР МА?
Ақпараттық
технологиялар қарыштап дамыған XXI
ғасырда «Газеттің күні бітті
ме?»
деген сұрақ жиі қойылады. Смартфондағы
жедел жаңалықтар тасқыны
қағаз
басылымдарды ысырып тастағандай
көрінгенімен, газеттің орны әлі де
бөлек.
Бүгінде әлемдік деңгейдегі сапалы
басылымдар тек ақпарат беруші
емес,
терең талдау мен сараптама орталығына
айналуда.
Тарихқа
көз жүгіртсек, алғашқы ресми газеттер
XVII ғасырда пайда болғаннан
бері
қоғамдық пікірді қалыптастырудың басты
құралы болып келеді.
Статистикалық
мәліметтерге сүйенсек, Жапония мен
Германия сияқты дамыған
елдерде
халықтың 70%-ы әлі де болса таңғы асын
газет оқумен бастайды. Бұл
—
сенім мен сапаның белгісі.
Себебі,
әлеуметтік желідегі «фейк» (жалған)
ақпараттардан шаршаған оқырман
нақты
дерек пен кәсіби редакция сүзгісінен
өткен мақала іздейді. Газет — бұл
жай
ғана қағаз емес, бұл — жауапкершілік.
Әрбір жазылған сөз үшін автор мен
редактор
заң алдында жауап береді. Бұл —
интернеттегі жасырын парақшалар
бере
алмайтын кепілдік.
Қазақстанның
баспасөз тарихына үңілсек, оның тамыры
тым тереңде жатқанын
көреміз.
XX ғасырдың басындағы «Қазақ» газеті
мен «Айқап» журналы ұлттық
сананың
оянуына, Алаш идеясының таралуына
өлшеусіз үлес қосты. Әлихан
Бөкейхан,
Ахмет Байтұрсынұлы секілді ұлт зиялылары:
«Газет — халықтың көзі,
құлағы
һәм тілі» — деп, баспасөздің қоғамдық
маңызын дөп айқындап берді.
Сол
дәуірден басталған ағартушылық миссия
бүгін де жалғасын тауып келеді.
Қазіргі
таңда «Егемен Қазақстан», «Ана тілі»,
«Түркістан» секілді іргелі
басылымдар
мемлекеттің ақпараттық саясатын жүргізіп
қана қоймай, қазақ
тілінің
тазалығын сақтаудың басты кепілі болып
отыр. Статистикалық
деректерге
сүйенсек, елімізде 3000-нан астам мерзімді
басылым тіркелген.
Оның
ішінде өңірлік газеттердің рөлі ерекше.
Себебі, шалғайдағы ауылдар мен
аудандардың
тыныс-тіршілігін, жергілікті халықтың
мұң-мұқтажын жеткізуде
газет
әлі де ең сенімді құрал болып қала
береді.
Әлеуметтік
желідегі «фейк» ақпараттар мен беті
ашылмаған қауесеттерден
шаршаған
оқырман бүгінде нақты дерек пен кәсіби
редакция сүзгісінен өткен
мақала
іздейді. Қазақ басылымдарының басты
артықшылығы да осында: әрбір
жазылған
сөз үшін кәсіби этика мен жауапкершілік
бар. Бұл — интернеттегі
жасырын
парақшалар мен блогтар бере алмайтын
ақпараттық қауіпсіздік кепілі.
Қостанай
облысы, рудный қаласа
№13
мектеп: Абдраманова Жаухар Нұрбекққызы