Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала . "Ақ тілеудің белгісі-бата"

Материал туралы қысқаша түсінік
бата туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

2. 1 Халқымыздың салт-дәстүріндегі бата сөзінің шығу төркіні


Халқымызда бата-тілектердің орны ерекше. Қонағы өзін құрметтеп, бір шыны қара шайы болса да қабақ шытпай беріп, ықылас бата сұраған адамдардан адал ниет, ақ батасын аямаған. Алайда, ықылас батасы үй иесінің кісілігі, мақсат-мұрат, талап-тілегі  бойынша әр алуан мазмұнда берілген. Ақ бата көбінесе жас талапкерге, жорыққа, бітімге аттанған, игілікті іс бастаған азаматтарға, құдалық, достық салтына, жас отау, өнер қуған жастармен «батаңызды беріңіз» деп өтінген адамдарға берілетін ықыластың бір түрі. Мұндай бата жас ұрпақтарды үміткерлікке, ерлікке, адалдыққа баулиды. Әдетте ақ бата түрлі мазмұнды болып келеді. Мысалы, халқы үшін қызмет еткен жастарға батагөйлер:

Ел-жұртыңның гүлі  бол,

Шам-шырағы нұры бол,

Көп жасай бер, тірі бол,

Болашақта ірі бол.

Ірілердің пірі бол,

Батырлардай санды бол,

Сал-серідей сәнді бол,

Бақ-дәулетті малды бол,

Өз құрбыңның алды бол, — деп ризалық батасын береді.

«Бата» ұғымының түп-төркініне барлау жасар болсақ, Құранның бірінші сүресінің аты «фатихадан» туындаған тәрізді. «Фатиха» сөзі арабша «басы, кіріспе, алғы сөзі» деген мағынаны білдіреді. Мұнда Жаратушы мен оның елшісі Мұхаммед пайғамбарға мадақ сөз айтылады. Сонымен бірге «Адамзатты адасушылардың жолына емес, тура, дұрыс жолда жүрушілердің жолына бастай гөр» деген құлшылық тілектер айтылады. Бұдан біз батаны бар жақсылықтың басы деп түсінуге тиіспіз. Өйткені, халықтың ұғымында бар жақсылық Аллаға құлшылық жасаудан, оны мадақтаудан басталады. Мәселен, бұрыңғы ата-бабаларымыздың бата сөзіне үңіліп көрсек, онда барлық бата-тілектің басы бір Алланың атымен басталады. Мысалы,

Әуелі Алла оңдасын,

Қыдыр баба қолдасын! – деп басталатын бата түрлері көп.

Немесе,

Құдайым жарылқасын,

Бақ қарасын,

Қыдыр дарысын! – деген сияқты бата сөздері бар.

Алдымен, Алланы еске алып, одан кейін күнделікті тірлігіне жарылқау тілеген халық, батасының тек кетпейтінін, одан қандай да бір жақсылық болатынын білген, оған сенген, бар жақсылықтың кілті Алланы ауызға алудан бастаған – батада деп ұққан. «Адамға сенгеннің екі көзі шығады, Құдайға сенгеннің екі бүйірі шығады» – деп, бар жақсылықты Алладан тілеген. Бата сөзін Алладан бастаудың жөні сондықтан болса керек.


2. 3 Батаның адам өмірінде алатын орны


Бата – алғыс, тілек, ризалық деген ұғымдардың жиынтығы. Әйгілі тілші ғалым, ақын, аудармашы әдебиет теоретигі Ахмет Байтұрсынов: «Бата – біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз. Батаны ақсақал адамдар айтады», – деп жазады.

Бата сөздер біздің күнделікті өмірімізде ісіміздің алға басуына, тұрмысымыздың оңалуына игі әсерін тигізіп қана қоймай, ол ұрпақ тәрбиесінде де айрықша рөл атқарып келеді. Ол – халықтық тәрбиенің қайнар көзі, ол – заман таңбасы, әр дәуірдегі тәрбиенің пәрменділігін арттыру үшін қолданылғын тәсіл деуге тиіспіз.

Бүгінгі таңда біз бата сөздердің мән-мағынасын жете түсініп, қасиетін пайымдап, ұлттық тәрбиеміздің ажырамас бір бөлігі, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздың озық үлгісі ретінде қабылдап отырмыз. Соңдықтан, өскелең ұрпақты бата сөздерге мен берумен бірге бата алуға тырысуға үйретуіміз, баулуымыз қажет. Бата алу бақыт пен жақсылыққа жетудің ең ізгі жолы екеніне көздерін жеткізуіміз керек. Бұл жұмыстағы менің көздеген басты мақсатым да осы.

Бұрынғы кезде батаға үлкен мән берген. «Баталы ер арымас, батасыз құл жарымас» деген қанатты сөздің қадір-қасиетін түсінген жастар үлкендерден бата алуға тырысқан. Оның ішінде ел-жұртқа даңқы шығып, абырой-атаққа бөлеген адамдардан, ел мен жерін жаудан қорғап, ерлік көрсеткен батыр – баһадүрлерден, сондай-ақ өнердің майталман жүйріктерінен, би-шешендерден бата сұраған. Олар да батаны кез келген адамға бере бермеген. Адамды түр-түсінен, істеген, айтқан сөзінен танып барып, бата берген. Мысалы, Жидебай батырдың Қабанбай батырдан бата алуы ерекше құбылыс. Бірде Жидебай батырдың Алмұрат атасының ауылына Қабанбай батыр жолай соғып, қонақ болып жатады. Сол түні таңға жақын Жидебай батыр түс көреді. Түсінде үлкен атасы Дос батыр: «Балам орныңнан тұр. Қабанбай батырдан бата алып қал!» деп айтады. Сонда жас бала орнынан ұшып түрегеліп, Алмұрат атасының үйіне жүгіре басып келеді. Сөйтсе, Қабанбай батыр атына мініп жүргелі жатыр екен дейді. Сонда жас бала тұрып Қабанбай батырдан бата сұрайды.

Қабанбай:

Жарайсың балам, жарайсың,

Дос батырдай болғайсың.

Төрт түрлі алмағайыптың,

Басым етіп бердім біреуін,

Қадір тұтып алғайсың – деп батасын береді.

Бұған Алмұрат атасы қуанып: «Балам, Алла тілегіңе жеткізеді екен, Дос атаңдай батыр болады екенсің. Төрт алмағайып деген батырға тән қасиеттер: біріншісі – қайтпас жүрек, екіншісі – қажымас білек, үшіншісі – алдын болжай алатын ақыл, төртіншісі – айлалы тәсіл. Осы қасиеттердің бірі сенде басым болады екен», – деп түсіндіріпті.

Бұл Қабанбай батырдың Жидебай батырға шын пейілімен, ықылас-ниетімен берген батасы, яғни бұл ақ бата. Осы батадан кейін Жидебай батырдың атақ-даңқы шығып, батырлығымен қоса шешендігі мен билігі де арта бастайды. Сөйтіп, үлкен дәрежеге жетеді.

Ақ бата көптеген жағдайларда беріледі. Нәресте дүниеге келгенде, сүндетке отырғанда, меткепке барғанда, үйленіп келін түсіргенде, қыз ұзатқанда бата беру қалыптасқан дәстүр. Жолаушы жолға аттанарда, аңшы аңға шыққанда, адам қан майданға немесе қажылық сапарға аттанарда берілетін сәттілік пен жеңіс, табыс пен амандық тілеу баталары болған. Бие байлағанда шөп пен егін науқаны басталарда берілетін батаға ерекше көңіл аударған. Ал жаңа қонысқа көшкенде, автокөлік алғанда берілетін батаның жөні бір бөлек. Ұлыстың ұлы күнінде айтылатын бата ең үлкен бата деп есептелген. Бұдан басқа ас қайырғанда дастарханға бата жасау ырымы бар. Жақсы іс бастарда берілетін ықылас-ниет бата адамды шабыттандырып, үлкен табысқа жетелейді. Үлкен кісілер немесе кез келген адам біреудің қайырымдылығы мен жақсылығы, ізгі қызметі үшін, тілегін немесе аманатын орындағаны үшін алғыс түрінде бата береді. Ол көбінесе «Құдай алдыңнан жарылқасын», «көсегең көгерсін», «қатарыңның алды бол», «ғұмырың ұзақ болсын», «таудай бол» деген ризалық пейілмен айтылады.

Бұрынғы кезде аузы дуалы, айтқаны айдай адамдардан бата алуға тырысқан. Олардың берген батасы бос кетпей, қабыл болады деп ойлаған. Халел Досмұхамедовтың өз еңбегінде: «Өз ісінің әбден төселген, ысылған, тәжірибелі шебері, мәселен, би, ақын, бақсы, зергер және тағы басқалар өздерінің қасиетті өнерін ізбасар шәкірттеріне аманат етіп тапсырғанда ақ батасын береді» деп жазады. Бұл қазақта қалыптасқан ырым. Осы пікірде айтылғандай, тәжірибелі бақсы-тәуіптер, емшілер, би-шешендер өздерінің өнерін жалғастырушы ізбасарларына, дұрысын айтқанда сенімінен шыққан шәкірттеріне ақ баталарын берген. Мысалы, ел аузында сақталған аңыздың бірінді Шабанбай бидің Жанғұтты шешенге берген батасы жөнінде айтылады.

Жанқұтты он жеті жасында әкесінің айтуымен Сарым елінің беделді биі Шабанбайға бата алуға келеді. Би Жанқұттының жайын сұрап білгеннен кейін: – Шырағым, дүниеде не адал, әлемде не мықты? – деп сұрайды. Сонда Жанқұтты:

Адал болсаң, судай бол!

Су арамды кетіреді.

Мықты болсаң, жердей бол!

Жер жаһанды көтереді, – деген екен.

Жауабына риза болған Шабанбай би бала Жанқұттыны бірнеше күн қонақ етіп, кетерінде:

Аллаға жағам десең – азанды бол,

Ағайынға жағам десең – қазанды бол.

Халқыңа жағам десең – әділ бол,

Судай таза бол,

Жердей берік бол,

Өмірің ұзақ болсын,

Аймағын суат болсын,

Сөзің халқына қуат болсын! – деп, ақ батасын беріп аттандырған екен.

Мұндай баталар талапты, халық сүйген ер-азаматтарға ғана берілген. Сондай-ақ бата халқы сыйлап, билік басына келген хан, патшаларға да беріледі. Оны құрметті әрі елге сыйлы ақсақал адамдар берген. Мәселен, Елбасымыз Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев 1991 жылы алғаш рет Президент болып сайланған кезде өзінің таққа отыру рәсімін өткізді. Сонда Елбасымыз үлкен ақсақалдың ақ батасын алып барып, ел басқару ісіне кірісті. Батаны бүкіл қазақтың данышпан ақыны болған, аты әлемге жайылған ұлы Абайдың ұрпағы Шәкір Әбенов деген ақсақалдан алды. Шәкір Әбенов жай кісі емес, ол – қазақтың халық ақыны, сазгері, сөз білетін, жөн білетін дана ақсақалы еді. Осындай аузы дуалы ақсақалдан бата алған Елбасымыз Қазақстанды үлкен биіктерге көтерді. Бұрын-соңды болмаған дәрежеге жеткізді. Ақсақалдың берген батасы елімізге құт болып, жақсылық болып келді.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2021
440
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12