Материалдар / Мақала "Абай Құнанбаев"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Абай Құнанбаев"

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Ақпан 2023
274
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Абай шығармаларындағы  оқу-білім және тәрбие туралы».



Орындаған: Қалдыбаева Динара Жүсіпқызы

Жол-көлік колледжі.

Шымкент қаласы,qaldybaevas@mail.ru



Абай (Ибраһим) Құнанбаев  (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.Қай халықтың болмасын белгілі бір тарихи кезеңде өнері мен әдебиеті, яғни бүкіл мәдени болмысы өзгеше бір биікке көтеріліп, кейінгі өрлеу мен дамуға кең жол ашары сөзсіз. Ендеше біздің қазақ халқының тарихында да сондай кезеңдердің бар екендігі шындық. Қазақ халқының руханияттық дамуында осындай толағай өзгерістер мен ерекше серпілістердің көзге айрықша шалынар сәті — ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы.Қос ғасырдың тоғысар тұсында «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп» екі жаққа үңілген ұлы Абай, халықты өркениеттің өріне алып шығар амалды тапты. Ол ғылым мен білім, өнер үйрену жолы еді. Замананың тұрпатын, ұлт тұрмысының кемшілікті тұстарын Абайдай көре білген, ұлы ақындай таныған жан кемде-кем. Абай жасампаздығының мәңгілігі мен өнерінің өрістілігі осында жатса керек. Абай феномені –  қазақ ұлтының өркениеттік болмысындағы орны айтып болмас ұлы құбылыс.Ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқыған сайын бүгінгі ұрпақ, ұлы ағартушының білімге, өнерге шақырған үнін ғана емес,білімді меңгеруді,меңгергенде практикалық түрде жүзеге асыру жөнінде байыпты ойлар айтты.Абайдың пікірінше, адам тіршілік сырларын біртіндеп таниды,өзінің ақыл-ойын дамытады.Ал  ақыл ойды  дамыту  оқыта  бiлу мен  оқи  бiлуге  байланысты. Ақыл-ой  болмаса, адам баласы ғылым,   бiлiм,мәдениет салаларын меңгере алмас еді. Жан-жақты  жетiле  алмас  едi. 19-қара сөзінде: «Адам – ата- анадан туғанда  естi  болмайды, естiп, көрiп, ұстап, татып ескерсе,дүниедегі жақсы,жаманды таниды-дағы сондайдан білгені,көргені көп болған адам білімді болады»,- дейді.32-қара сөзінде «Білім,ғылым үйренбекке талап қылушылар әуелі білмек керек...Талаптың өзінің біраз шарты бар.Оларды білмей іздегенмен табылмас»-деп алдымен білімді меңгеру талаптарының алты түрлі жолдарын саралап ұсынады. Ақынның  «Құдайдан қорық, пендеден  ұял,білімді балаң болсын  десең- оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит  қазақ  болып, қалған соң  саған  рахат  көрсетер  ме? ( 27-шi сөзiнен) деген  ағартушылық  ойлары  бүгiнгi  оқу  тәрбие  мақсатына  үндес. Мұсылман  болған  әрбiр  адамның  мойнында қырық   түрлi  парыз, яғни  мiндет  болады. Сол парыздардың  ең соңғы қырқыншысы – ғылым  iздеу. Осы ойдың терең мағынасын  өз кезiнде  түсінген  адам жоқ едi. Сондықтан да  бала оқытуды ғылым  қуу,  бiлiм алудың пайдасын өмір бойы жалықпай айтып,жар құлағы жастыққа тимей насихаттап өтті».Абай Құнанбаевтың ақындық шығармашылығының негізгі бөлігі жас жеткіншектерге,осынау өскелең ұрпаққа білім-ғылым негіздерін меңгеруге шақырады.Ол болашақтың негізін қалаушы еңбеккер де ғылым да «жаңа адам» жеткіншек болатынына сеніммен қарады.Ұлы Абайдың ұланғайыр бай мұрасының ішінде педагогикалық бағыттағы «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба», «әсемпаз болма әрнеге», т.б шығармалары жастарды оқуға,өнерге,ғылымға шақырып өмірде босқа өткізбей,еңбек етіп,білім алу керектігін насихаттайды.

         Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім

      Ержеткен соң түспедің уысыма,   

                   Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

 Ақын Абай жастарға өнеге ғибрат болсын деп өз өміріндегі өкінішін жасырмайды,жастық шағында білім алып үлгеріп қал,кейін өкініп жүрие деп ескертеді. «Жастық шақ-өмірдің асыл шағы,осы бағалы уақытты құр жібермеу керек».Сұлулық пен әдемілік,күш бәрі жастық шақта болмақ. Ал,адамды әдемі де,күшті ететін оның ақылы,білімі,ары және еңбек-дей келе ол жастарды білімге,өнерге,өз қоғамына адал қызмет етуге шақырады.Бұның негізгі ғылымда жатқанын,оны меңгеру қажеттігіне

                 

                   Ғылым болмай немене, 

                   Балалықты қисаңыз?

                   Болмасаң да ұқсап бақ,

 Бұл тұста ерекше бір көңіл бөлерлік жай - Абай ғалым болу мен адам болу мәселесін бір-бірімен сабақтастыра айтады, бүл екеуінің тамыры, түбі бір деп санайды. Ғалым болудың басты шарты - не нәрсені болсын ақыл таразысына салып өлшеу, ақыл сенген нәрсеге ғана сену және көзің анық жеткен шындықты тура айтудан тайынбау екендігін нақтылап, мейлінше дәлелді етіп, шегелеп айтады. Осы өлеңдегі Абайдың надандықпен айтылған сөзге ерме дей отырып, «ақсақал айтты, бай айтты...», егер қисық көрінсе кімнің сөзі болса да, тіпті жақын адам айтса да, ақылмен жеңуді үлгі етуі әсіресе, сол өткен ғасырдағы қазақ өмірінің жағдайында бірден-бір батыл айтылған пікір болғаны анық. Үлкен адамға, лауазымы жоғары адамға қарсы келіп, өз ойын көлденең тарту сыпайыгершілікке келмейді дегенді желеу қылып, шындықты тура айтуды қалайда шектеу, қолдамау ол заман ғана емес, бүгінгі заманда да аз кездеспейтінін ескерсек, Абайдың осы пікірінің мәні зор дейміз. Ендеше:

«Ақымақ көп, ақылды аз,

Деме көптің сөзі - пұл...» - дегенді көпке топырақ шашқандық емес пе деп

көлгірсімей, ашық айтылған, жастарды артық сенгіштіктен сақтандыратын ащы өмір шындығы деп бағалауымыз орынды.

«Сөзіне қарап кісіні ал,Кісіге қарап сөз алма...»-деген нақыл түрінде келетін түйін жоғарғы пікірлерге орайлас,жалғасСырттай қарағанда мұның өзі бір түрлі, тосын естілуі мүмкін, өйткені кісіні сөзіне қарай бағалама, ісіне қарай бағала дейтін үйреншікті пікірге қарама-қарсы келетін секілді. Ал, байыппен қарасақ, мұнда терең мағына жатыр. Кісіні сөзіне қарай, яғни, ақылына, ойына қарай бағала, кісіге қарап, оның мансабына, дәулетіне қарап ақылға сыймайтын, қисынға келмейтін сөзіне иланып алданып қалма, «надандықпен кім айтса, ондай түпсіз сөзге ерме...» деген даналық пікірді аңғартады. Абай надандыққа, қандай да болсын теріс, кертартпа ықпалға қарсы тура алатын оқыған, біліммен қаруланған адамды құрметтеу керек деп санайды. Ең алдымен білімді, ғалым адам мақтан тұтуға лайықты. Ақылды, парасатты адамның идеал бейнесін ұсына отырып, Абай оған жақсылықты жамандықтан ажырата білмейтін, ағыммен ілесіп жүре беруге бейімделген надан, қараңғы адамды қарсы қойды.

Данышпан Абай біліммен қатар ғылымның пайдасын ерте сезінген. Өзі сүйген еліне оны емірене жеткізген.

Бір ғылымнан басқаның,

Кеселі бір асқанға,-деп, «Мәз болады болысың» атты мақтанға салыну, босқа желігіп шабу, шенді шекпен жапқанға мәз болу секілді шынайы ғылымға жат мінездерін атап көрсетіп, болыстыққа таласу психологиясының терең әрі қитұрқы иірімдерін жасырмай, талдап көрсетеді. Шенеуніктік ішкі кұпиялар әлеміне енгізеді.

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез,

Нұрын ,сырын көруге

,Көкірегінле болсын көз

Абай осылай дейді. Білімдінің талаптыға кез болуы шарт. Абайша ой толғағанда, білімдінің міндетті түрде нұры, сыры болады. Нұры жарық шашады. Сыры тереңге бойлатады . Оны тек көкірегінде көзі бар, санасы сәулелі жан ғана аңғарады, түсінеді, түйсінеді, пайымдайды, байқайды. Білімді адам Абай айтпақшы, «надандай болмас ақ көзді».Білімдінің көзі көкірегіне орнығады. Маңдайдағы көз – алдамшы, сиқырлы әрі бет перде көз. Көкіректегі көз – шынайы,нұрлы әрі сәулелі мөлдір әрі тұнық. Оның не нәрсе болса да,анық та ашық не нәрсе ашық көретіндігіне сенуге әбден болады. Көкірек көзі –ішкі түйсіктің бірі. Ал ішкі түйсік көп жағдайда алдамайды. Дұрыс бағдар сілтейді.Жалпы алғанда, білім сөзінің білу деген сөзден бастау аларын ескергендіктен, білім сөзі Абай туындыларында жаппай білім алушылықты, сауаттылықты емес, зиялылықты, адами парасат пен пайымдылықты аңғартады. Ақын туындыларындағы білім сөзі сандық көрсеткіш қана емес, сапалы ұғым, адамгершілік категориясымен қабысатын түсінік, тұжырым.

Білгенге маржан,

Білмеске арзан,

Надандар бахра ала алмас, –

дейді «Сегіз аяқ» шығармасындағы өлең жолдары. Білген жан қашанда өз пайдасын, өз үлесін айыра алады. Нарықтық бәсекеде, мемлекеттік мүдде астасқан тұста мәселенің байыбына жете үңілу, мемлекеттік пайданы дөп сезіну – аса қажетті қасиет. Мінеки, Абай өлеңдері мен өзге де шығармалары мемлекеттік идеологиялық ұстыны бола алатындығының тағы да бір сыры осында. Ұлттық, мемлекеттік менталитет, ұлттық, мемлекеттік білім мен ғылымның негіздерін Абай туындыларынан еселеп табуға болатындығы да сондықтан. Абай өзінен кейінгі ақындардың барлығына «Жарығын түсірді» десек, өсіріп айтқанымыз емес. Өйткені «Абай — қазақтағы суретті, сұлу сөздің атасы, тереңге сырлы, кең мағыналы кестелі өлеңнің атасы. Қазақ өлеңіне өрнек берген, түрін көбейтіп, қалыбын молайтқан – Абай. Ол қазақтың ішінен оқушы тапқан». Ұлы Мұхтар Әуезовтің бұл ойларынан артық Абай болмысын тап басып тану қиын. Абай дәстүрін жалғастырушылар оның осы «оқушылары». Олар ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ поэзиясын әлемдік деңгейге көтерген Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан сынды бір туар дарындар еді. Бұлардың бәрі өз кезегінде Абай ұлылығын тануға ұмтылып, ақындығын бағалауға тырысқан болатын. Осы орайда Абай ақындығын бағалаудағы олардың ұлы ақынға берген атаулары да әрі қызық, әрі ой саларлық. Ең жақын шәкірті Шәкәрім «Ұлы ұстаз» тұтса, Ахмет «Қазақтың бас ақыны» деп біледі, Мағжан үшін «Ақындар хакімі» болса, Сұлтанмахмұт «Ақындар пайғамбары» көреді.Абай ұлылығын тани біліп, ақындығына табынған осынау «оқушылар» ұлы ақын дәс-түрінің әр қырын, әр бағытын өз шығар-машылық мүмкіндігіне, ұстанған мақсатына орай дамытып, жаңғыртып әкетті.Абай – сонымен қатар келер ұрпақтан үмітін еш жоймаған аса зор жасампаздық  тұлға. бай поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі. Ұлы ақын "Абайдың қазақ әдебиетіне XIX ғасырда және XX ғасырда еткен әсері аса мол. Абайдың өзін көрмей, сөзін оқу арқылы, естіп ұғыну арқылы, сол Абайдың өлеңдерінің үлгісінде әлеуметтік мәселеге, адамгершілік жайға, ағартушылық турасына арнап көп-көп өлеңдер жазған талай ақындар бар. Әсіресе, бұлардың саны, Абай шығармалары қазақ сахарасына жайыла бастаған сайын молая түскен", - дейді Мұхтар Әуезов.

Абайдың қазақ әдебиеті алдындағы ұлы қызметі оның ұлттық әдебиетте шындық дегеннің не екеніне бірнеше рет көңіл аударып, оны тұңғыш аша білуі деуге болады. Ол - қазақ әдебиетінде әйелдердің тағдырына бірінші көңіл бөлген ақын. Оның кіршіксіз, таза, терең сезіміне үңілді, ананы, даналықты, достыққа берік адал сезімді жырлады. Абай кедей ақындардың күнкөріс кәсібіне айналып, бағасы түскен өлең сөзді өз биігіне қойып, оқырманның, тыңдаушының талғамын тәрбиелеуге белсенді араласты. Ақынның бұл саладағы ұлы қызметі орыстың классикалық әдебиеті эстетикасымен, Белинский, Чернышевский көзқарастарымен ұштасып жататыны ғылымда әлдеқашан дәлелденген.

Абай нағыз адам мұратын қалыптастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге ол мақсатқа жетудің шынайы жолын көрсетіп берді. Абай шығармашылығындағы сондай-ақ адам бойындағы қайырымдылық, қанағат секілді адамның қалыптасуына себепші иманды қасиеттер де талданған. Кант, Достоевский тәрізді ұлы гуманистер "қайырымдылық", "қарапайымдылық" секілді ұғымдарды тұлғаны қалыптастыратын басты белгі деп қарастырған. Нағыз адамды білімділік, ақылдылық, біліктілік, ғылымсүйгіштік қасиеттер анықтайды деп тұжырымдайды. Дана ақынның пайымынша, адамшылықтың мұратына жетудің негізгі құралы - шығармашылық ойлау. Абайдың айтуында, ой кісіге табиғат құбылыстарын ғана емес, адам өмірін талдау, қорыту, салыстыру үшін берілген. Нағыз адам мұратына жетудің екінші шартын Абай еңбек, қызмет деп есептейді. Ақын еңбек туралы да жаңа сөз айта алды. Ол қазақ қоғамында еңбек туралы жаңа түсінік қалыптастырды. Абайдың айтуынша, еңбек - жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы. Еңбектің өмір сүру құралы екендігін баршаға насихаттайды. Ғылымды игеру, тану, білімді болу - табан ақы маңдай тердің, еңбектің мәні. Сондықтан ақын еңбек пен мақсатты өлеңдерінде асқақтата жырлады.



Қорытынды.

Абай қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет өз заманында халықты толғандырған қоғамдық және саяси өмір проблемаларын күн тәртібіне қойды . Ол қазақ қоғамының қайшылықты жақтарын, замандастарының алауыз берекесіздігін, патшаның отаршылдық саясаты қоздырып отырған рулық тартыстардың елдің бірлігіне келтірген зиянын қатты сынай отырып, еңбекші елге іш тартты, халықты озық мәдениетке сүйреді. Ол халықтардың оңашаланып өмір сүретін дәурені өткенін, ендігі жерде ел болудың кепілі - дамыған көрші елдермен қарым-қатынас жасауда екенін айтты. Елді жолда бірігуге, ынтымақтастыққа шақырды. Уақыт талабын заманынан оза сол шауып түсіну - Абай даналығының белгісі. Ол шындықтың ақыны болып туды, солай өмір сүрді. Оның өлеңдерін оқи отырып, одан жалғандық табу қиын. Өлеңдерінен қазақтың ұлттық табиғатына тән шындық мөлдіреп көз алдыңа келеді. Ұлы суреткер есебінде Абай оны көркем бейнелеудің жаңа жолын тапты. Оның өлеңдері өзінің қарапайымдылығымен, табиғилығымен құйылып, ойға, сезімге ұялайды. Сондықтан ол қазақ әдебиетіндегі тұңғыш ұлы суреткер саналады. Абай ақын боп сөз жазып қана отырмаған, өз өлеңіне өзі ән шығарып таратқан. Оның композиторлық шығармашылығы біздің халықта ерекше бағаланады .Қазақ даласында бірінші шырқалған Татьяна тек Пушкинді ғана насихаттап, халыққа таратып қана қойған жоқ, сүйгеніне қосыла алмаған мұңды орыс қызын қазақпен байланыстырды. Абайдың жастайынан көргені, естігені - халық әдебиеті, бай фольклор, жеке ақындар творчествосы болды. Жасынан әке ырқымен ел ісіне араласқан Абай сөз сырын жақсы білді, дау ұстағандардың талай сынынан өтті, шешен атанды, төбе билікке де сайланды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!