AR
ЖӘНЕ
VR
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ САБАҚ
БАРЫСЫНДАҒЫ
МАҢЫЗЫ
Нышан
Ақмарал Төребекқызы – Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы, Әл-Фараби атындағы №21
мамандандырылған гимназиясының ағылшын
тілі пәні мұғалімі
Аңдатпа:
Қазіргі
білім беру жүйесінде жаңа технологияларды
қолдану -
оқытудың
сапасын арттырудың негізгі тетіктерінің
бірі. Солардың ішінде AR (қосалқы шындық)
және VR (виртуалды шындық) технологиялары
ерекше назар аудартады. Бұл мақалада
аталған технологиялардың сабақ
барысындағы рөлі, артықшылықтары мен
оларды тиімді қолдану жолдары
қарастырылады. Сонымен қатар, ағылшын
тілі пәні сабақтарында қолдану
ерекшеліктері мен педагогикалық әсері
нақты мысалдар арқылы сипатталады.
Использование
новых технологий в современной системе
образования — один из основных механизмов
повышения качества обучения. Среди них
особое внимание привлекают технологии
AR (дополненная реальность) и VR (виртуальная
реальность). В данной статье рассматриваются
роль этих технологий в ходе урока, их
преимущества и эффективные способы
применения. Также описываются особенности
использования и педагогическое
воздействие этих технологий на уроках
английского языка с конкретными
примерами.
Түйін
сөздер: AR,
VR, цифрлық технология, білім беру,
инновация,
сабақ,
визуализация, мотивация
AR,
VR, цифровая технология, образование,
инновация, урок, визуализация, мотивация
Мақсаты:
AR
және VR технологияларын ағылшын тілі
сабақтарында тиімді қолдану жолдарын
зерттеп, олардың оқыту сапасына және
оқушылардың мотивациясына әсерін
анықтау.
Міндеттер:
1.
AR және VR технологияларының білім беру
процесіндегі негізгі артықшылықтарын
талдау.
2.
Ағылшын тілі сабағында AR және VR қолданудың
педагогикалық ерекшеліктерін қарастыру.
3.
Оқушылардың оқу мотивациясы мен
дағдыларына AR және VR технологияларының
ықпалын зерттеу.
4.
Тиімді қолдану тәжірибелері мен
мысалдарын жинақтап, сабаққа енгізу
тәсілдерін ұсыну.
5.
Мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін
арттырудың маңыздылығын қарастыру.
Қазіргі
таңда, біздің елдің мақсаты қандай?
Дамыған 30 елдің қатарына ену. Сол
дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін біз
технологиямен ұштасқан әлемді жетік
меңгере отырып, оны келешек ұрпақ, яғни,
оқушыларға да болашақта пайда болатын
технологияларды оқытудағы қолдану
өзекті болып табылады. AR дегеніміз не?
Ол ағылшын тіліне аударғанда «қосалқы
шындық немесе толықтырылған шындық»
деген мағынаны білдіреді. Яғни, ақпаратты
компьютермен өңдеу, ал vr ол виртуалды
шындық. Қазіргі заманда білім беру
саласына инновациялық технологияларды
енгізу – басты талаптардың бірі. Соның
ішінде AR және VR технологиялары оқушылардың
білімге деген қызығушылығын арттырып,
сабақты визуалды, әсерлі әрі есте
қаларлықтай етеді. Бұл технологиялар
ағылшын тілі сабағында ерекше тиімді,
себебі шет тілін меңгеру – тек теория
емес, сонымен қатар тәжірибе, сезіну
және көру арқылы қалыптасатын процесс.
AR
технологиясы арқылы оқушылар кітаптағы
кейіпкерлерді тірілтіп, 3D форматта көре
алады, яғни оқулықтар мен суреттер
шынайы қозғалысқа енеді. Мысалы, оқушы
сөзді оқып қана қоймай, оны көріп, естіп,
өзара әрекеттесе алады. Бұл оқушының
жаңа сөздерді тез меңгеріп, сөздік қорын
дамытуына септігін тигізеді.
Ал
VR технологиясы оқушыны виртуалды әлемге
ендіреді. Мысалы, ағылшын тілі сабағында
оқушы Лондон көшелерімен "жүріп",
мұражайларды аралап, ағылшын тілінде
сөйлейтін кейіпкерлермен диалог жүргізе
алады. Бұл – ауызекі сөйлеу дағдысын
дамытуда таптырмас құрал.
AR/VR
қолдану арқылы мұғалім де өзінің сабақты
ұйымдастыру стилін жаңаша құрады.
Дәстүрлі әдістерге қарағанда, мұғалім
оқушыларды бағыттаушы, бағдар беруші
ретінде танылады.
Дегенмен,
бұл технологияларды енгізуде бірқатар
кедергілер де кездеседі: техникалық
жабдықтардың жетіспеушілігі, мұғалімдердің
цифрлық сауаттылық деңгейі және интернет
жылдамдығы. Сондықтан бұл салада үздіксіз
оқыту мен қолдаудың болуы маңызды.
Виртуалды
шындық пен толықтырылған шындық ол
әлемдік жетістіктердің бірі болып
табылады. Ал мұндай әлемдік жетістіктерді
мен өз пәнімде яғни ағылшын сабағында
кеңінен пайдаланамын. Оның ішінде 3
сыныптың Animals бөлімінде мен жануарлар
әлемін кеңінен тану үшін мен оқушыларға
таратпа қағаздар AR технологиясын қолдану
арқылы жасадым. Әрбір таратпа қағазда
жануар 3D форматта пайда болып, олар
қозғалады.
Оқушыларға
ағылшын тілі пәнін үйретуде оларды
сөйлету өте маңызды. Мысалы 3 сынып
оқушысы карточкадағы жануар атауын
атайды кейін оның 3D бейнесін көріп, оның
не істеп жатқанын айтады. Мысалы, «Horse
is running» – «Жылқы жүгіріп бара жатыр».
«Frog is jumping» - «Бақа секіріп бара жатыр».
Сабақ
барысының 45 минутын түгел дерлік біз
бұл технологияны пайдаланып өткізгеніміз
біздің педагогикалық білімімізге
қайшылық әкеледі. Бұл ar арқылы жасалған
карточкаларды оқушылар жаңа тақырыпты
ашып, жаңа сөздерді жазып болған соң
пайдаланады. Оқушыларға 5-7 минут беріледі.
Олар сол аралықта карточкаларды қарап,
әр жануарды тани алады. Бұл AR технологиясы
арқылы жасалған таратпа қағаздарды
желілік қоғамдастық бойынша тарих,
биология, қазақ әдебиеті, география
пәнінің мұғалімдеріне де ұсынған
болатынмын.
Мысалы,
тарих пәнінен тас дәуірінде қолданған
құралдарды 3D форматта көретін болса,
биология пәнінен ағзадағы бөлшектерді
шынайы етіп көре алады.
Бәріміз
білетіндей VR дегеніміз көзілдіріктің
ішіндегі бөлек әлем. Ол сізге айналаңызды
шындыққа жанастырып көрсетеді.
Мен
мысалы Buldings атты бөлімде бөлмелерді
өткен тақырыпта қолдандым.
Үй
ішінің видеосын оқушыларға көрсете
отырып, оларға сұрақтар қойдым. Сен қай
бөлмедесің? Сенің жаныңда қандай заттар
бар? Бұл процессте оқушы өзі қате айтамын
деп ойламайды. Ол шынайы көріністі көріп
тұрғанда, сұрақтарға басын қатырмайды.
Бар білгенін өзі көріп, тұрған дүниені
өзгеге айтуға асық болады. Және де мен
бұл VR көзілдіріктің бюджеттік вариантында
ұсынамын.
Мұның
ішінде тек 2 лупа мен картон.
Және
сонымен қатар, күншығыс елінде әлем
бойынша Жапонияда ең алғашқы виртуалды
мектеп пайда болған екен. Метағаламдық
білім ошағында балалар кез келгенде
жерде жүріп ақ оқи алады.
Оқушылар
мұнда орта мектептің білімін алып
шығады. Дамыған заманда бұл дүниеге
біздің елге де келетіні сөзсіз. Сондықтан
ең алғашқылардың бірі болып бұл жүйеге
менің мектебім енгенін қалаймын. Сол
себепті мен өз мектебімнің виртуалды
макетін жасадым. Бұл макет ішінде
мектептің бөліктері 360 градуста QR код
арқылы ашылатын болса, бұл жерде qr кодпен
мектепті VR көзілдірікпен шынайы етіп
көруге болады.
Бұл
технология арқылы менің оқушыларымның
ағылшын тіліне деген қызығушылықтары
артып, сапа көрсеткішінде жоғарлау
байқалды.
Қорыта
айтқанда, AR және VR технологиялары қазіргі
білім беру жүйесінің даму бағытына сай
келетін, заман талабына бейімделген
тиімді құралдар болып табылады. Бұл
технологиялар дәстүрлі сабақ беру
әдістерін жаңғыртып, оқушылардың оқу
процесіне деген қызығушылығын арттырады.
Ағылшын тілі сабағында қолдану арқылы
оқушылардың сөйлеу, тыңдау, жазу және
көру сияқты негізгі дағдыларын дамытуға
үлкен септігін тигізеді. Сонымен қатар,
визуализация арқылы ақпаратты қабылдау
жеңілдеп, есте сақтау қабілеті күшейеді.
Мұғалім
үшін де бұл технологиялар – кәсіби
дамудың жаңа сатысы. Ол тек ақпарат
беруші емес, оқушылардың бағыттаушысы,
серіктесі ретіндегі рөлін күшейтеді.
Сонымен бірге, AR/VR құралдарын қолдану
мұғалімнің сабаққа дайындалу сапасын
арттырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге
жол ашады.
Дегенмен,
бұл технологияларды тиімді қолдану
үшін тиісті инфрақұрылым, техникалық
құралдар және педагогтардың цифрлық
құзыреттілігі қажет. Сондықтан болашақта
ұстаздарды AR/VR технологияларын қолдануға
жүйелі түрде оқыту, мектептерді заманауи
техникалық базамен жабдықтау – маңызды
міндеттердің бірі болып қала береді.
Жалпы алғанда, AR және VR – болашақтың
білімін бүгінгі күннің оқушысына
қолжетімді ететін, сабақтың мазмұнын
байытып, оқыту сапасын арттыратын қуатты
құралдар. Оларды тиімді пайдалану арқылы
оқушыны қызықтырып қана қоймай, терең
әрі сапалы білім беруге мүмкіндік туады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.Қараев
Ж.А. Білім берудегі жаңа ақпараттық
технологиялар. – Алматы: Рауан, 2022. –
180 б.
2.Prensky
M. Digital Natives, Digital Immigrants // On the Horizon. – 2001. –
Vol. 9, No. 5. – P. 1–6.
3.Azuma
R.T. A Survey of Augmented Reality // Presence: Teleoperators and
Virtual Environments. – 1997. – Vol. 6, No. 4. – P. 355–385.
"Augmented Reality: Principles and Practice" — Dieter
Schmalstieg, Tobias Hollerer
4.
"Learning in Virtual Reality" — Giuseppe Riva, Brenda K.
Wiederhold, Emily A. Cipresso
5.
"Virtual & Augmented Reality For Dummies" — Paul
Mealy, John Carucci