400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

мақала бала еңбегі түралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала еңбегiнiң ең нашар түрлерiне қарсы күрес Бүгінгі таңда бала еңбегін пайдалану -проблемасы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ересектерге қарағанда, балаларды басқару оңай, олардың икемдігі мен дағдылары аз болса да, өз құқықтарын жете түсінбейді, әуре- сараңға салмайды және тез бейімделгіш келеді. Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) мәліметінше дүниежүзінде 215 млн бала еңбекпен шұғылданады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape2 Shape1

Түркістан облысы, Түркістан қаласы Ә.Науаи атындағы №13 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аметова Динара





Бала еңбегiнiң ең нашар түрлерiне қарсы күрес

Бүгінгі таңда бала еңбегін пайдалану -проблемасы өзекті мәселелердің

бірі болып отыр. Ересектерге қарағанда, балаларды басқару оңай, олардың

икемдігі мен дағдылары аз болса да, өз құқықтарын жете түсінбейді, әуре-

сараңға салмайды және тез бейімделгіш келеді. Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) мәліметінше дүниежүзінде 215 млн бала еңбекпен шұғылданады.

Қазақстан Республикасының заңдарында бала еңбегіне шектеулер қойылып, оның ең нашар түрлері үшін қылмыстық және әкімшілік жазалау

қарастырылған. ҚР еңбек заңнамасының негiзгi қағидаттарының бiрi - балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерiне тыйым салу болып табылады (ҚР 4-бабы 3-тармақшасы). ҚР Еңбек кодексiнде бала еңбегiн пайдалануға жол бермеу мақсатында еңбек шартын жасасуға жол берiлетiн жас белгiленген (ҚР ЕК 31-бабы). 31-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берiлетiн жас Еңбек келiсiм-шартын он алты жасқа толған азаматтармен жасасуға рұқсат етiледi. Еңбек шарты:

-орта бiлiм беру ұйымында негiзгi орта, жалпы орта бiлiм алған жағдайларда, он бес жасқа толған азаматтармен;

-оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтiрмейтiн және оқу процесiн бұзбайтын жұмысты орындау үшiн он төрт жасқа толған оқушылармен;

-кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтiрмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшiн осы тармақтың 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкiн.

Еліміздің еңбек кодексінде жасөспірімдерге қатысты арнайы кепілдіктер мен жеңілдіктер нақтыланған. Соның ішінде, кәмелетке толмағандардың еңбек құқық қатынастары да бар. Қазіргі таңда миллиондаған балалар жұмыс істеп жүр, бұл олардың дамуына және білім алуына, болашақтарына кедергі жасайды, олардың көбі бала еңбегінің ең нашар формасына тартылуда. Бұл балалардың өмірлеріне, денсаулықтарына зиян келтіреді және психологиялық әсерін тигізеді Бала еңбегінің ең нашар түрлерін пайдалану және балаларға қатысты зорлық – зомбылықты қолдану –бала өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп келтіру болып саналады. Бала дегеніміз – болашақ. Баланы үнемі ұрып - соғып, қателескен жерінде қатаң жазалап тәрбиелеудің қажеті жоқ. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру әр ата - ананың

міндеті.Сондықтан балапандарымыздың гүлдей жайнап өсуіне ата- ана, мұғалім, қоғам болып ат салысуымыз қажет.

Иә, бала еңбегінің ең нашар түрлерімен дер кезінде күреспесе, болашақта ұлтымызды сауатсыздыққа,ұлт кедейлігіне, аурушаңдыққа, физикалық және зияткерлігі шектеулі ересек жандардың қатарын артуына әкеп соқтыруы әбден мүмкін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
09.06.2023
401
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі