«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында жоғары сынып оқушыларын ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу
Қазіргі таңда жоғары сынып оқушыларын тәрбиелеу – маңызды әрі жауапты іс. Бұл кезең – жасөспірімдердің тұлғалық қасиеттері мен көзқарастарының қалыптасатын уақыты, сондықтан олардың ұлттық құндылықтарға негізделген рухани дамуы ерекше назарда болуы керек. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» оқушыларды мектеп, отбасы және қоғам арасындағы байланыс арқылы кешенді түрде тәрбиелеуді қамтамасыз етеді, соның ішінде ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіру арқылы олардың азаматтық және рухани дамуына ықпал етеді.
Қазіргі уақытта, мен 10-сынып оқушыларына сынып жетекшімін «№15 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Үш Б» - «Ұят болады, сауап болады, обал болады…» авторлық тәрбиелік бағдарламасы аясында 0-11 сынып оқушыларына арналған тәрбие бағдарламасы негізінде жұмыс атқарып жатыр. Бұл бағдарлама оқушылардың жас ерекшелігіне сай ұсынылған. Жоғары сынып оқушыларының ерекшелігі – олардың ересек өмірге жақындап, қоғамда өз орнын табуға, өз таңдауларын жасау кезеңі. Бұл кезең – тұлғалық дамудың шешуші кезеңі, сондықтан жасөспірімдер өздерінің болашақ мамандығын таңдап, өздерінің қабілеттерін бағалап, қоғамдағы орнын анықтайды.
10 - сынып оқушыларына арналған бағдарлама «Менің таңдауым: «Ұжым - тұжырымдамасы» EQ, Soft Skils, өзін-өзі дамыту және рефлексияны дамытуға арналған тренингтер арқылы, ЖОО таңдау мақсатында табысты түлектермен, ата-аналармен, қоғам көшбасшыларымен кездесулер ұйымдастыру.
«Үш Б» - «Ұят болады, сауап болады, обал болады…» авторлық тәрбиелік бағдарламасы ұлттық құндылықтары арқылы жастарды тәрбиелеу, ең алдымен, олардың рухани және адамгершілік қасиеттерін дамытуға негізделеді. Мысалы, халқымыздың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, өнері мен әдебиеті – жоғары сынып оқушыларына ұлт тарихын терең түсінуге, қазақ халқының бай мәдени мұрасына деген қызығушылықтарын арттыруға көмектеседі. Мұның бәрі оларды патриотизмге тәрбиелеудің маңызды қадамдары болып табылады.
Ұлттық құндылықтар – адам бойындағы ізгі қасиеттерді тәрбиелеудің негізгі тірегі. Қазақ халқының «үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген нақыл сөздері жоғары сынып оқушылары үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие. «Үш Б» - «Ұят болады, сауап болады, обал болады…» авторлық тәрбиелік бағдарламасы аясында мектепте және мектептен тыс уақытта ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау көзделеді.
Ұлттық мәдениет пен тарихты білу арқылы оқушылар өздерінің тамыры мен түпкі тарихын түсінеді. Бұл ұлтжандылық сезімін нығайтады. Мысалы, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында Абай, Шәкәрім, Жамбыл секілді қазақтың ұлы тұлғаларының шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың бойында даналыққа, әділдікке және адамгершілікке деген құрметті тәрбиелеу маңызды. Ұлттық құндылықтар жастарға ұлттық бірегейлікті сезінуге, өздерінің этникалық және мәдени тамырларын тануға көмектеседі.
Сонымен қатар, «Үш Б» …» авторлық тәрбиелік бағдарламасы жастардың бойына еңбекқорлық, өз еліне қызмет ету, адалдық және отансүйгіштік қасиеттерді дарытуды мақсат етеді. Бұл қасиеттерді қалыптастырудың негізгі құралдары – ұлттық өнер, дәстүрлер мен қоғамдық құндылықтар. Мысалы, мектебімізде көркем еңбек пәнінің тәжірибелі ұстазы қолөнер үйірмесіне жетекші және «Бес асық», «Тоғызқұмалақ» сияқты спорттық ойындар жастардың физикалық және рухани дамуына ықпал етіп, оларды жігерлендіреді.
Жоғары сынып кезеңі – оқушылардың өзіндік тұлға болып қалыптасуы мен болашақ мамандық таңдауына шешуші уақыт. Осы жастағы оқушылар өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтап, өмірлік жолдарын таңдауға тырысады. Бұл процесте ұлттық құндылықтарға сүйену, болашақта қоғамға пайдалы азамат ретінде қалыптасу үшін өте маңызды.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беру – олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етеді. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген оқушы өз болашағын тек жеке басының пайдасына ғана емес, туған жері мен еліне қызмет ету жолында құруға тырысады. Ата-аналардың және мектептің рөлі оқушыға өзінің мүмкіндіктерін, қабілеттерін дұрыс бағалап, болашақ мамандыққа деген көзқарасын қалыптастыруда ерекше орын алады. Сонымен қатар, ұлттық рухани құндылықтарға негізделген тәрбиелік шаралар, мамандық таңдауда этикалық және адамгершілік қағидаттарға баса назар аударуға көмектеседі.
Мамандық таңдауда оқушыларға қоғамның сұраныстарын, еңбек нарығының талаптарын түсіндірумен қатар, ұлттық құндылықтар мен рухани негіздерді ұстанудың маңыздылығы туралы бағыт беру аса маңызды. Бұл оқушылардың болашақ өмір жолында адаспай, өз таңдауын дұрыс жасауына көмектеседі.
Мектеп – оқушыларға ұлттық құндылықтарды үйрететін негізгі орда. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бағдарламасы аясында мектептегі тәрбие жұмысы бірнеше бағытта жүзеге асырылады. Біріншіден, ұлттық мәдениет пен тарихты тереңдетіп оқыту – оқушылардың өз ұлтының тарихын білуге, мәдениетін құрметтеуге баулиды. Мысалы, тарих пәнінде Қазақстанның Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы күресі, батырлар мен хандардың өмір жолы оқытылса, бұл оқушылардың елін сүю сезімдерін арттырады.
Екіншіден, ұлттық құндылықтарды насихаттауда әдебиет сабақтары маңызды рөл атқарады. Ұлы ақын-жазушылардың шығармалары арқылы оқушылар адамгершілік пен рухани байлықтың мәнін түсінеді. Сонымен қатар, мектептегі тәрбие жұмысы тек сабақтармен шектелмей, әртүрлі ұлттық іс-шаралар, мәдени фестивальдер, ұлттық мерекелерді ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Бұл іс-шаралар оқушыларға ұлттық бірегейлікті сезіндірумен қатар, ұлт мәдениетіне жақындатады.
«Үш Б» бағдарламасы қоғам мен ата-аналардың да тәрбие жұмысына белсенді араласуын көздейді. Ата-аналар мен мектеп арасындағы тығыз байланыс жоғары сынып оқушыларының тәрбие процесінде маңызды рөл атқарады. Отбасының ұлттық құндылықтарды балаға сіңірудегі үлесі өте зор. Отбасында баланың ұлттық дәстүрлер мен мәдениетке деген құрметін қалыптастыру үшін ата-аналар өздерінің өмірлік тәжірибесі мен үлгісі арқылы тәрбиелік бағыт береді.
Сондай-ақ, қоғамның да үлесі ерекше. Мәдени орталықтар, ұлттық ұйымдар, спорт секциялары және жастарға арналған қоғамдық қозғалыстар – жоғары сынып оқушыларына ұлттық құндылықтарды бойларына дарытуға көмектеседі. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» барлық тәрбиелік процесті мектептен тыс жерде де ұйымдастыруды көздейді, осылайша оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, олардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын арттыру арқылы кешенді тәрбие беру мүмкіндігі артады.
Жоғары сынып оқушыларын ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында мектеп, отбасы және қоғамның бірлесе әрекет етуі арқылы оқушылардың ұлттық мәдениетке, салт-дәстүрлерге деген қызығушылығын оятып, оларды жан-жақты дамытудың тиімді жолы қалыптасады. Сонымен қатар, олардың тұлғалық қалыптасуы мен болашақ мамандық таңдауында ұлттық құндылықтарға негізделген бағыттар арқылы дұрыс шешім қабылдауына жол ашылады. Бағдарлама жастардың патриоттық сезімін нығайтып, ұлттық бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ болашақта өз елінің игілігі үшін қызмет ететін азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған.
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласының білім бөлімінің
«№15 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Жуматаева Жибек Дюсенгалиевна
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында жоғары сынып оқушыларын ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу.

шағым қалдыра аласыз