мақала Ботулизм жөнінде не білеміз?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

мақала Ботулизм жөнінде не білеміз?

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұрғындар арасында кездесіп жататын ботулизмнен қалай сақтануға болады, оның белгілері қандай, оның асқынған кезде келтіретін зардаптары қандай
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ботулизм жөнінде не білеміз?»

Дайындаған: Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚМКК арнайы пәндер оқытушысы Гаухар Шапатаева


Тақырыптың өзектілігі: Тұрғындар арасында кездесіп жататын ботулизмнен қалай сақтануға болады, оның белгілері қандай, оның асқынған кезде келтіретін зардаптары қандай екендігін көпшілік қауымға ақпараттандыру мақсатында жариялап отырмыз.

Түйін сөздер: ботулизмнен сақтану, эпидемияға қарсы шаралар.


Ботулизм – бұл өте ауыр түрде өтетін, кейде өлімге әкеп соқтыратын токсикоинфекциялық ауру. Ол Clostrydi Botulinum токсиндері жайылған және қоздырғыш микробтың өзі бар тамақты қолдану салдарынан пайда болатын ауру. Ботулизм организмді уыттандырып, көбінесе орталық және вегетативтік жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады.

Этиологиясы. Ботулизм клостридиясы - анаэробты, жақсы қимылдайтын, спора түзетін таяқша. Оның ерекшелігі - ғылыми белгілі токсиндердің ішінде ең күшті нейротоксин түзетін қасиеті бар. Қоздырғыштың бірнеше түрлері бар: А, В, С, Д, Е, F, G. Адамдар үшін ең күшті патогенді токсиндер болып А, В, С түрлері саналады. Токсиннің әр түрге бөлінуі жасушада түзілетін токсиндердің антигендік құрылымының ерекшелігімен байланысты. Ботулизмнің қоздырғышы табиғатта кең тараған. Оның тұрақты өсуі жерде (топырақта) болады, су, көкөніс, жеміс, тамақ арқылы адам мен жануарлардың, құстар мен балықтардың ішегіне түседі. Аталған нысандарда қоздырғыш химиялық және физикалық факторлардың әсеріне тұрақты спора түзеді. Ботулизм қоздырғышының вегетативтік түрі суды қайнатқанда 2-5 минут ішінде өледі. Кейбір штаммдардың спора түзетін түрлерінің (әсіресе А, В, С, F) ыстыққа төзімділігі өте жоғары. Олар 1,5 сағат қайнатқанда өлмей, тек автоклавта ғана өледі. Ботулинум токсині 70-80С-та жартылай ыдырайды. Ал қайнатқанда 5-15 минуттың ішінде толық ыдырайды.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі - анаэробты жағдайда сақталынып, бактериямен залалданған тағамдар, әсіресе қауіпті үйде консервіленетін (баклажан, қозықұйрық, жеміс, жидек) тағамдар және ет өнімдері (колбаса, сүрленген ет, тұздалған балық т.б.). Жұғу механизміне байланысты аурудың 3 түрі бар: 1) тамақтан болатын ботулизм, 2) жарақат ботулизмі, 3) емшектегі балалар ботулизмі.

Патогенезі. Тағам арқылы түскен ботулотоксинді асқазан ішек жолында асқазан сөлі және басқа ферменттер ыдыратпайды, ол тез арада ішектің шырышты қабаты арқылы қанға сіңіп жүйке жүйесінің әр түрлі бөліктерін зақымдайды. Механизімінің негізінде ботулотоксин жүйке-бұлшықет түйіспелерін (синапстарын) зақымдап, қозудың жүйкеден бұлшық етке өтуін бұзады. Нәтижесінде науқаста салдану, птоз, бет және жұтқыншақ нервісінің салдануы пайда болады.

Клиникалық көрінісі. Жасырын кезең орташа 4-6 сағат, сирек кезде 2-5 және 7 күнге дейін созылады. Ауру гастроэнтериттік кезеңмен басталады: толғақ тәріздес іш ауруы, құсу, іш өту (жиілігі 5 рет) байқалады. Гастроэнтериттік кезең бірден неврологиялық кезеңмен алмасады.

Бөлек мүшелермен жүйелердің зақымдалуына байланысты ботулизмнің ағымын шартты түрде мынадай нұсқауларға бөлуге болады:

1. диспепсиялық бұзылу - ауыздың құрғауы, жұтынудың қиындауы, метеоризм, іштің қатуы, қатты, кейіннен сұйық тағамның жұта алмауы.

2. көздің көру қабілетінің бұзылуы - көздің қарауытуы, көз алдында тордың, тұманның пайда болуы, әдеттегі жазуды оқи алмауы, заттың екеу болып көрінуі кейіннен птоз (қабақтың жабылуы), анизокория (көз қарашығы көлемінің әртүрлілігі), мидриаз (көз қарашығының айқын кеңеюі және тұрақты болады), ішке қарай қылыйлану.

3. тыныс алудың бұзылуы - ауаның жетіспеушілігі, кеуденің қысылуы, үстірт демалу, дауыс өзгерістері (қырылдап мұрыннан сөйлейді).

Ауру тыныс алудың бұзылуымен басталса, көбінесе өлімге әкелуі мүмкін. Науқасұа аурудын клиникалык белгілері мен зертханалық зерттеу нәтижесі арқылы диагноз қойылады. Науқастың қанында орташа лейкоцитоз, нейтрофилез және аурудың ауыр түрінде нейтрофилдердің жас түрлері анықталады.

Зерьханалық зерттеу барысында науқастан алынған материалдардан (қаны, құсығы, асқазанның шайынды суы) және қолданған тағамнан ботулотоксин табуға негізделген. Ботулизммен ауырған науқастарды міндетті түрде шұңыл ауруханаға жатқызу керек.

Күтім ерекшеліктері. Ботулизм науқастары ерекше күтім мен байқауды талап етеді. Науқастар бұлшықет әлсіздігі мен неврологиялық бұзылыстарға байланысты өзін-өзі күте алмайды, сондықтан бөгде адамдардың көмегін қажет етеді. Алғашқыда бірнеше күндер бойы ауру қатаң төсек тәртібін ұстану керек. Зақымдалған жүйке қызметінің қалпына келуі бірнеше айға созылады. Мейірбике аурудың тыныс алуын қадағалайды, егер жедел тыныс алу жетіспеушілі гінің алғашқы белгілері пайда болса, ауруды тез арада жасанды өкпе желдендіруіне өткізу қажет.

Ботулизм ауруларында жұтқыншақ және көмекей бұлшықеттерінің салдануына байланысты олар өздігінен тамақтана алмайды. Егер науқас сұйық тағамдарды жұта алмаса, оларды қан тамыр арқылы тамақтандыру керек. Жұтыну қызметі сақталынса да, тамақтандыру кезінде сақ болу қажет. Өйткені тағамның бөліктері тыныс алу жолдарына өтіп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда аспирациялық пневмонияға әкелуі де ықтимал.

Емі. Ботулинге қарсы антитоксиндік сарысу енгізеді. Ауру тудырған токсиннің түрі белгісіз болған жағдайда сарысудың барлық төрт түрін де егу қажет. Токсиннің түрі анықталғаннан кейін өзіне сәйкес сарысуды қолданады. Алғашқы рет бір емдік мөлшерді егеді. Ол үшін 10 мың ХБ (Халықаралық бірлік) сарысуының А түрін, 5 мың ХБ В түрін, 10 мың ХБ Е түрін егеді.

Алдын алуы. Халық арасында жүргізілетін санитарлық ағарту жұмысына назар аудару керек - консервіленетін азық түліктерді мұқият жуып тазалау, консервіні дұрыс дайындау және сақтау ережелерін қатаң қадағалау баты назарда болу керек. Сонда ғана біз өзімізді де жақындарымызды да қорғап қала аламыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2025
104
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі