Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала. «ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» – ЗАМАНАУИ БІЛІМНІҢ КІЛТІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру ұйымдарында цифрландырудың заманауи тенденциялары туралы түсінікті қалыптастыру, «электронды үкімет» порталы арқылы электрондық қызметтерді пайдалану дағдыларын игеруі.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» – ЗАМАНАУИ БІЛІМНІҢ КІЛТІ

Біздің буын керемет уақытта дүниеге келіп, өмір сүріп жатыр деп санаймын. Себебі, біз Тәуелсіз елде өмір сүріп, еліміздің жыл санап саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда нығайып келе жатқанына куә бола жүріп, оған өз үлесімізді қосу мүмкіндігіне ие болдық. Осының бәрі – Қазақ­стан­­­ның әлемдік аренада мо­йын­­­далғанының айқын белгісі. Әр дәуірдің өз талап-тілегі бар. Жаһандану дәуірі есік қаққалы жұрт жаңа технологияның тілін меңгеруге көшкен. Заманның көшінен қалмау – уақыт талабы. Осы тұрғыда қабылданған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы технологиялық тұрғыда дамуға қол жеткізеді. Сонымен қатар, IT бағдарламалар шығындарды азайтып, уақытты үнемдеуге көмектеседі, адамдар өзара ақпарат, тауар және қызмет түрлерін алмаса алатын болады.

«Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Цифрландыру дегеніміз Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсат емес, құрал. Бәсекеге қабілетті болу, өсімді, өнім өндіруді арттыру, міне, осы – мақсат», – деді Елбасы өзінің Жолдауында.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымды дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталады. Бағдарламаның 4 негізгі бағыты бар. Бірінші – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру. Екінші бағыт – экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу. Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру. Төртінші – IT мамандарды даярлау.

Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бастапқы жылдары-ақ батыл енгізіле бастады. Ең алдымен, мектептерді жаппай компьютерлендіру қолға алынды. Компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланылып, ақпаратпен орындалатын кез келген жұмыс компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Ақпаратты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды.

«Цифрлы Қазақстан» мем­лекеттік бағдарламасы 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 қаулысымен бекітілді. Бағ­дарлама бірнеше бағыттардан тұрады. Ал білім сала­сындағы цифрландыру мәселесіне келсек, бұл – адами капиталды дамыту бағыты. Бұл бағыт білім берудің басқару жүйесін құру, бастауыш білім беруде бағдарламалау негіздерін 2-сыныптан енгізу, жетекші АКТ мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын жаңарту сияқты іс-шаралар жүзеге асырылуда.

1-4-сыныптарға арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінде алдымен жаңартылған мазмұнда білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифр­лы құрылғылар және олар­дың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру, бі­лім алушылардың әртүрлі қолданбалы бағдарламаларды қол­дану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету, сондай-ақ интернет желісінде жұмыс істеуге дағ­дыландыру қарастырылған. «Ақпараттық-коммуникациялық технология­лар» пәнін оқыту барысында көзделген басты мақсат – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдыларын дамыту, робот техника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.

«Цифрлы Қазақстан» мем­лекеттік бағдарламасы шең­берінде республикада мұғалімдері цифрлы сауаттылық бойынша оқып білім алды. Айталық, «Базалық цифрлы дағдыларға» персоналдық компьютер мен ноутбукты, мобильдік құрыл­ғылар мен интернет желісін қолдануды жатқызуға болады. Ал «Электронды үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» дағдысы бойынша үйден шықпай «онлайн» элек­трондық мемлекеттік қызмет алу үшін «Электронды үкіметті» қолдану дағдыларын үйренді.

Электронды үкімет құру ісі билік органдарының жұмысын анағұрлым тиімді, азаматтарға қолжетімді ету үшін қажет болды. Бұрындары әрбір мемлекеттік орган өз бетінше «оқшау өмір сүріп», басқаларымен  байланысқа түсе қоймайтын, ал азаматтардың алуан түрлі анықтама, растама секілді өзге де қағаздарды жинау үшін толып жатқан инстанциялардан  өтуіне тура келетін. Осының барлығы бір ғана қызмет түрін пайдалану үшін толып жатқан мекемелер табалдырығын тоздыруға мәжбүрлейтін. Қазір бұл электрондық үкімет жобалары арқасында жүзеге асырылады.

Электронды үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға  мүмкіндік берген де дәл осы механизм.

Басқаша айтқанда, электрондық үкімет қажет:

Бүгінгі таңда электронды журналдар мен күнделіктер жүйесі республика бойынша мыңдаған мектептерде енгізілген. Кез келген ата-ана ғаламтор арқылы сол жүйеге кіріп, баласының үлгерімін қадағалай алады. Бар­лық мектеп жүйеге құпия сөз және логин арқылы кіреді және сіз балаңыздың білімін қадағалау үшін сынып жетекшісінен логин мен парольді алып енгізсеңіз жеткілікті. Сақтау батырмасын басу арқылы күнделікті автоматты түрде кіруге болады. Әр оқу жылына бір рет сабақ кестесі бекітіліп, автоматты түрде бар­лық тоқсанға қойылады. Мұғалім сабақ кестесіне сәйкес электронды журналға баға қояды. Баға автоматты түрде оқушының күн­­делігіне түседі. Жүйеде үйге бе­рілген тапсырма да көрініп тұрады және баланың күнделікті сабаққа қаншалықты дәрежеде жауап бергендігі де балл арқылы көрсетіліп тұрады.

Егер сіз бұрын соңды кірмеген болсаңыз келесі қадамдар арқылы кіруіңізге болады:

  1. Google браузерін басыңыз;

  2. Іздеу деген жерге күнделік кз ( қазақша терсеңізде болады) сөзін теріңіз;

  3. Kundelik.kz сөзін шерту арқылы келесі қадамға өтесіз;

  4. Сізден логин мен парольді сұрайды, енгізген соң кіру батырмасын басыңыз;

  5. Әрі қарай «Менің мектебім», «Менің сыныбым», «Күнделік», «Кесте», «Үй тапсырмасы» деген бөлімдерге кіре отырып қарап шығуыңызға болады.

  6. Күнделік бөліміне кіріп «Пәндер бойынша», «Тоқсандар бойынша» және «Қорытынды» бағаларын көре аласыз. Қажет жағдайда скриншот арқылы өзіңізге көшірмесін түсіре аласыз.

Қорыта айтқанда, Қазақстан бүгінде әркімге қай саладан болмасын мол мүмкіндік туғызып отыр, осы жаңашылдықты қолданып қана қоймай оны тиімді пайдалануды әр азамат өз алдына мақсат етіп қоя білуі керек. Білім беру ұйымын цифрландырудағы заманауи тенденциялар туралы білімді алу «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық қызметтерді пайдаланудағы мұғалімдердің құзыреттілігін кеңейтуге мүмкіндік береді, оған барлық жаңалықтарды білуге ​​және оларды кәсіби қызметте және күнделікті өмірде пайдалануға мүмкіндік береді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2021
657
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12