Мақала: "Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған модельдердің жіктелуі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: "Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған модельдердің жіктелуі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Көптеген дамыған елдерде жалпы адами құндылықтары мен әлеуметтік талаптарға сай білім беру жүйесінде барлық балалар тең және тосқауылсыз білім алулары қажет деген шешімге келген. Қазақстан Республикасының Заңнамаларында балаларды қорғау аясындағы халықаралық құжаттарға сәйкес мынандай ұғым енгізілген: ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар (тұлғалар) және барлық оқушылардың жекелік мүмкіндіктері ескеріле отырып сапалы білім алудағы тең құқығы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МОДЕЛЬДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ


Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің бастауыш сынып мұғалімі мамандығының 4 курс студенті

Барболқызы Ләззәт

Жетекшісі: педагогика пәнінің оқытушысы, педагогика ғылымының магистрі Б.Секенова


Көптеген дамыған елдерде жалпы адами құндылықтары мен әлеуметтік талаптарға сай білім беру жүйесінде барлық балалар тең және тосқауылсыз білім алулары қажет деген шешімге келген. Қазақстан Республикасының Заңнамаларында балаларды қорғау аясындағы халықаралық құжаттарға сәйкес мынандай ұғым енгізілген: ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар (тұлғалар) және барлық оқушылардың жекелік мүмкіндіктері ескеріле отырып сапалы білім алудағы тең құқығы. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес елімізде 2011 жылдан бастап инклюзивті білім беру кезеңімен енгізілуде. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары 1.1 тарауы «Қол жетімділік пен инклюзивті білім беру» төмендегі мақсаттарға жетуді болжайды: - инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз етуді, жұмыс біліктілігі бойынша сұранысқа ие арнайы кабинеттерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын құруды, сондай-ақ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруды; - ерекше білім беруге қажеттіліктері бар тұлғалар үшін білім берудің барлық деңгейлеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету, жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде қаржыландырудың жоғары нормативі қарастырылған, оларды оқыту үшін мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылған. Қойылған мақсаттар жалпы білім беруде ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету әдістемесімен қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді, оның негізгі және маңызды аспектілері осы әдістемелік нұсқаулықта ұсынылған[1].

Қазіргі қоғамның заманауи дамуы кезеңінде бір жағынан алып қарағанда кіріктіруге бағытталған (техникалық және технологиялық жүйелердің, ақпараттық-коммуникативтік құралдардың дамуы), екінші жағынан қарағанда адамзаттың дербестікке ұмтылып қоғамнан оқшаулана бастауы анық байқалатын, жалпы әлеуметтік өмірдің қарама-қайшылықтарға толы динамизмі нақты көрініс беріп отыр. Көптеген күнделікті мәселелер, нақты өмірдің тауқыметі, қоғамның өзгеру деңгейлерінің жылдам алмасуы адамдардан жоғары белсенділікпен қатар алға ұмтылуды, ізденімпаздықты және де үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан болар, заманауи әлеуметтік жағдай өмір мен тұрмыстың бітпейтін мәселелерін, әрбір жаңа буынның, әрбір жеке адамның алдында тұрған және жалпы адамзатта қалыптасқан мәдени-тұрмыстық түсініктер мен шешімдерге тәуелсіз түрде, жаңаша тұрғыда қайтадан ой елегінен өткізуді алдыңғы орындардың біріне шығарып отыр. Қазіргі қоғамда заманауи әлеуметтік- экономикалық ахуалда өсіп келе жатырған жас ұрпақтың нақты да сенімді әлеуметтік бағыттарды жоғалтып ала бастағаны байқалады. Әлеуметтендірудің қалыптасқан дәстүрлі формаларының қазіргі заманға лайықталмаған жарамсыздығы, олардың бір жолды таңдауын, яғни жастардың өз болашағы үшін өздерінің жауапкершілігі жоғары болуын талап етеді. Бұл жағдайда жастар мен жасөспірімдердің заманауи қоғамдық қатынастарға бейімделмегендігі мен дайын еместігі көптеген маңызды мәселелердің туындауына себеп болады. Бұл мәселелерге тән ортақ белгі бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту қазіргі заманның талаптары мен тілектері ескеріле отырып жүргізілуі керек. Қазіргі күрделі әлеуметтік даму жағдайында, құндылықтар мен әлеуметтік нормалардың өзгере бастаған заманында, отбасында берілетін тәрбиенің ықпалы азайған заманда балаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыда қолдаудың маңызы өсетіні белгілі. Педагог пен баланың қарымқатынасындағы ұстанымдар мен парадигмалар да өзгереді: «оқушы мен оқытушы» орнына, «адам мен адам» парадигмасы қалыптаса бастайды. Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бұл - баламен кеңесе отырып оның жеке қызығушылықтарын анықтау, оның белгілі бір мақсаттарға деген ұмтылыстары мен мүмкіндіктеріне қолдау көрсету, оның адами қасиеттері мен құндылықтарын сақтай отырып дамуына, оқыту нәтижелеріне өз бетінше қол жеткізуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне, көпшілікпен араласуына, өмір сүру салтын қалыптастыруға кедергі келтіретін қиындықтарды жеңуіне көмектесу болып табылады. Инклюзивті оқыту практикасында психологиялық-педагогикалық қолдау бұл әрбір баланың мүмкіндігі мен қажетіне қарай әлеуметтік- психологиялық және педагогикалық жағдай жасауға бағытталған мамандар тобының қызметтерін қамтиды[2].

Қазіргі әлемде, сонымен қатар Қазақстанда да әлеуметтік-экономикалық ахуалдары ауыр жағдайдағы отбасылар санының өсуіне байланысты педагогика мен психологияда «өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар» түсінігі жиі қолданыла бастады. Кейінгі жылдары бұл өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау қазіргі күннің көкейтесті мәселелерінің біріне айнала бастағаны да белгілі болды. Бұл мәселенің басты себептерінің бірі өскелең ұрпақтың қалыптасуында айтарлықтай әсері бар, балалар мен жасөспірімдердің дамуы үшін аса маңызды отбасы, білім беру, дем алу уақытын ұйымдастыру, денсаулықты сақтау секілді салаларға әсер еткен соңғы онжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың зардаптары да болуы мүмкін. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар ұғымының мағынасы қөптеген мәселелерді қамтитын күрделі мазмұн болып табылады. Өмірлік қиын жағдайға душар болған балалар қатарына элеуметтік аз қорғалған және жағдайы төмен отбасылардан шыққан, ата-аналарының қамқорлығынан айрылған, мүгедектігі бар және дамуында бұзылыстары бар, оқыс жағдайларға тап болған, зорлық-зомбылық көрген және де бұл қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар жатады. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар ұғымына толық түсінік бере отырып, бұл балалардың әлеуметтік-педагогикалық сипаттамасын берудің маңызы бар. Бала – бұл әрбір жас кезеңіне тән өзіндік морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері бар, үнемі өсу және даму үстіндегі организм. Әрбір бала, өз өмірінің әртүрлі кезеңдерінде, әлеуметтік жағдайына да қарамастан, өзінің де қалауынсыз түрліше қиын жағдайларға тап болып әртүрлі деңгейдегі көмекке, қолдау мен қорғауға мұқтаж болуы мүмкін. И. Г. Кузина «өмірлік қиын жағдай» ұғымын, «адамның өзінің айналасындағылармен әлеуметтік қарым- қатынасы мен қалыпты өмір сүру дағдыларын объективті түрде бұзатын және субъективті тұрғыдан «күрделі» деп танылатын, ақырында адамды өз мәселелерін шешу үшін арнайы әлеуметтік қорғау қызметтерінің көмегі мен қолдауына жүгінуге мәжбүрлейтін жағдайлар» деп қарастырады. Н. Г. Осухова болса, бұл ұғымды «сыртқы жағдайлардың немесе іштей өзгерістердің әсерінен баланың өмірге бейімделуі бұзылады да, нәтижесінде ол осыған дейінгі қалыптасқан мінез-құлық тәсілдері мен модельдері арқылы өзінің күнделікті өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтындай күйге жетеді» деп түсіндіреді .«Өмірлік қиын жағдайлар» ұғымын анықтаудағы түрліше көзқарастар мен ұстанымдарды зерттей және саралай отырып, оның нақты белгілерін ажырату мақсатында келесі анықтаманы қарастыруға болады: өмірлік қиын жағдай, бұл – адамның қалыпты және қауіпсіз өмір сүруіне зардабын тигізетін және оның бұл жағдайдан өз бетінше шығып кетуі екіталай. белгісіз болатындай күйге түсуіне жеткізетін күйзелісі». Бұл жағдайда адамға міндетті түрде көмек керек. Әсіресе, өмірлік қиын жағдайларға тап болған балалар көмекке аса мұқтаж болады. Олар үшін, қиын жағдайлардан шығудың мүмкін жолдарын табу өте күрделі мәселе болып табылады. Бұл фактілерді ескере отырып, әлеуметтік-педагогикалық қолдау барысында өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға көмек көрсетудің барынша тиімді жолдарын табу мен болжау қажет. Мұндай қолдаудағы басты мақсат- баланың қалыпты өмір сүруі мен тәрбиеленуі үшін барынша қолайлы жағдай жасау. Қазіргі заманда өмір сүретін балалар үшін іс-әрекеттің екі саласы бар, және де олар бала тәрбиесіндегі негізгі институттар болып келеді - бұл, отбасы және білім беру жүйесі[3].

Бала өміріндегі көптеген мәселелер де осы екі институттың әсеріне көбірек байланысты болып келеді. Бала үшін отбасы – бұл, оның дене бітімінің, психикасының, мінезқұлқының және интеллектісінің жақсы қалыптасып, дамуына ыңғайлы жағдайлар жасайтын орта. Әлеуметтік институт ретінде, отбасының бала өмірі мен тәрбиесі үшін қажет жағдайларды қамтамасыз ете алмауы, өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың пайда болуына әкелетін басты факторлардың бірі болып саналады. Жалпы әлемдік тәжірибедегі инклюзивті білім беру, білім беруге ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жекелей оқыту ұстанымын жүзеге асыруға негізделген. Білім беруге ерекше қажеттіліктері бар балаларға мыналар жатады: - мүмкіндіктері шектеулі балалар; - мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар отбасыларынан шыққан балалар; - қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім балалар, виктимді балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтікэкономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан шыққан балалар) . Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар - қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар;

"Инклюзивті әдіснамалық негізгі" ұғымы білім беру адамның негізгі құқықтарының бірі болатын және де ол әділ қоғамның негізін құрайтын тұжырымнан қалыптасқан. Барлық оқушылар жеке қасиеттеріне немесе проблемаларына қарамастан білім алуға құқылы . Әлемдік қоғамдастық барлық адамдардың нәсілдік, этникалық, жыныстық, дене, психикалық және басқа да айырмашылықтарына қарамайтын құқықтары теңдігі принципін басшылыққа ала отырып, БҰҰның халықаралық құқықтық актілерінде инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдарын бекітті. «Инклюзивті білім беру – барлық дискриминация формасына тосқауыл қоятын, оқушының білім алуындағы әртүрлі қажеттіліктері мен алуан түрлілігін есепке ала отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған, жалпы білім беруді дамытудың үздіксіз процесі». Әлемдік заманауи қоғамдастықта жаңа мәдени норма қалыптастыруадам арасындағы айырмашылыққа сыйластықпен қарау және әр адамның даралану құқығын, сонымен бірге қоғам тарапынан оның қандай да бір өзгешелігін, білім алу ортасындағы ерекшеліктерін есепке алу және мойындау. Сондықтан да инклюзивті білім беру оқушының оқу процесі барысындағы әртүрлі қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін, алуан түрлі ерекшеліктерін мойындаудан басталады[4].

Ерекше білім беру қажеттілігі - бұл әр оқушының оқуы табысты болуын қамтамасыз ету мақсатында психологиялық-педагогикалық әдістермен жүзеге асырылатын оқу үдерісіндегі көмек пен қызмет көрсету қажеттілігі. Жалпы білім беруді дамыту инклюзивтілік принципті негізге ала отырып, білім берудегі құндылықты бағдарлардың өзгеруін болжайды. Инклюзивті білім берудің негізгі құндылықтары оқу үдерісінің барлық қатысушыларына төмендегілерді мәлімдейді: - мүмкіндіктердің алуан түрлілігін кедергілер мен проблемалар емес, ресурстар ретінде қарастыру. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру және оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін қоғамдағы толерантты мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің ресурстары. Бір оқушының қиындықтарын жеңуге қатысты жұмыс, әдетте, басқа балаларға да пайда әкеледі; - оқу үдерісін оқуда жоғары жетістіктері бар оқушыларға ғана емес, барлық сынып оқушыларына бағдарлап құру; - ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды тек мамандармен (логопед, арнайы педагог, психолог, жеке көмекші) ғана емес, барлық білім беру процесіне қатысушылар тарапынан және де бірінші кезекте мұғалім тарапынан қолдауды қамтамасыз ету; - оқу процесінде оқушыға көмек көрсету мәселелерін командалық тәсілмен шешу; - оқушыларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру кезінде "кемсітуден" бас тарту. Көмек "инклюзивті білім алушы", "ерекше", "дағдарысты", "инклюзияға жататын" балаларға емес, оқушылар қауымдастығының толық құқылы мүшесі болатын оқушыға көрсетіледі. Кемсіту дисриминацияның көрінісі болып табылады. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың табысты оқуы үшін мектеп олардың жеке ерекшеліктеріне қарай барлық қажетті оқу жағдайлары мен қызметтерін жасауы керек. Сапалы білім алудың жағдайларына халықаралық қауымдастық төмендегілерді жатқызады: - оқушылардың алауан түрлі мүмкіндіктерін қабылдай алатын мұғалім; - білім алушының қажеттілігіне қарай білім мазмұнын бейімдеу; - білім алушының түрлі мүмкіндіктеріне қарай оқу процесінің формасын ұйымдастыру, оқытудың көпнұсқаулығы мен амал-тәсілдерін қолдану; - білім алушылардың жетістіктерін әртүрлі тәсілмен бағалау; - мамандардың көмегі; - жеке сабақтарды жүргізу үшін техникалық құралдармен, оқуәдістемелік құралдармен қамтамасыз ету; - ерекше білім беру қажеттіліктерін барлық деңгейде (орталық, аудан, мектеп) қамтамасыздандыру процесін басқару болып табылады[5].

Ойымызды қорытындылайтын болсақ, қазіргі күні инклюзитвті білім беру жаһандық қоғамдық үрдіс болып отыр, ол барлық дамыған елдерде орын алып келеді. Инклюзивті білім беру көп қырлы үдеріс, ол білім беру жүйесіндегі барлық құрамдастардың қосылуын талап етеді. Өткізілген мониторингтік зерттеудің нәтижелері бойынша республика аймақтарында, жалпы, ерекше білімділік қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосуда оң динамика орын алып отырғаны туралы қорытынды жасауға болады. Инклюзивті білім берудің кеңінен етек жайып, дамуындағы бетбұрыстары инклюзивті білім беруді іске асырып отырған білім беру ұйымдары секілді үдеріс қатысушыларының синхрондық жұмысындағы және олардың қызметін аудан, қала, облыс деңгейінде үйлестірудегі қажеттіліктерді көрсетті. Жалпы, Қазақстан бойынша инклюзивті білім берудің орын алып отырған үлгілеріне, сонымен қатар Инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтарындағы және эксперименттік алаңшалардағы қызметке жүргізілген талдау республикамыздағы инклюзивті білім берудің келешектегі дамуы үшін келесідей ережелерді анықтауға мүмкіндік берді: − Жергілікті атқарушы органдардың, соның ішінде Білім басқарламаларының қызметіндегі жүйелілік және мақсатқа бағынушылық; − Елде инклюзивті білім берудің жергілікті енгізілуіне және дамуына ықпалын итгізетін ресурстық орталықтардың құрылуы, оларды ақпараттық, ғылыми-педагогикалық, материалды-техникалық және өзге ресурстарын үйлестіру және интеграциялау (кіріктіру); − ерекше білімділік қажеттіліктері бар балалардың жалпы білім беру үдерісіне қарқынды қосылуын қамтамасыз ететін механизмдерді жетілдіру; − ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдармен) әлеуметік серіктестікті дамыту, соның ішінде жалпы білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру кабинеттерін құру және қолдау; − ерекше білімділік қажеттіліктері бар, үйде білім алатын балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосудағы тәжірибені инклюзивті білім берудің бір үлгісі ретінде зерделеу; − инклюзивті білім берудегі терминологияны жетілдіру. Жүргізілген зерттеулер көрсетіп отырғандай, инклюзивті білім беруді дамыту үшін, жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарының, мемлекеттік басқару органдарының және қоғамның басқа да әлеуметтік институттарының жүйелі және өзара байланысты жұмысындағы қажеттіліктерді әлі де зерттеуге болады. Одан басқа, инклюзивті білім берудің дамуындағы маңызды кезең ретінде Ресурстық орталықтардың қызметін инклюзивті білім беру үдерісіне қолдау көрсету және елдегі білім беру ұйымдарында инклюзивті білім берудің тиімді үлгілерін таратуда кеңейту қажет деп ой қорыта аламыз.



Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Электронды ресурс - http://wikipedia.org.

2. Теория социальной работы / под общ. ред. И. Г. Кузиной. – Владивосток: Изд-во ДВГТУ, 2006. – 232 с.

3. Осухова Н.Г. Психологическая помощь в трудных и экстремальных ситуациях. М.: Академия, - 2005. - 288 с. (Высшее профессиональное образование) 2006

4. Концептуальные подходы к развитию инклюзивного образования в Республике Казахстан. Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан Республики Казахстан.01.06.2015 г. № 348

5. «Бала құқықтарытуралы» ҚазақстанРеспубликасыныңЗаңы 08.08.2002 ж. № 345- II

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2025
143
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі