Материалдар / Мақала Есірткісіз өмір ғажайып 11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала Есірткісіз өмір ғажайып 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1-11 сынып оқушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2020
357
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Есірткісіз өмір ғажайып

Адамзат тарихында қаншама қанды оқиғалардың болғанын білеміз.

Ал,біздің ғасырымыздың басты дерті-есірткі деп білемін.Біреулер есірткі таратып,байлыққа кенелсе,ал қаншама жан бақытсыздыққа ұшырап,өлім құшуда.Нашақорлық туралы күнде естиміз.Олардың санының артып бара жатқанын да білеміз.Бірақ өз басымызда болмаған соң,өзгенің мәселесіне жүрегімізді де,жанымызды да ауыртқымыз келмейді.Біз алда не күтіп тұрғанын білмейміз,ал артта жас ұрпақ өсіп келеді...Не істеу керек?Есірткісіз өмірге қалай жетеміз?Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз?Міне,осы эссені маған тапсырғанда,жоғарыдағы сұрақтарға жауап іздеп көрдім.Менің ойымша,есірткіге еліктейтіндер,негізінен,жасөспірімдер мен жастар.Олар өлімнің не екенін терең ұғынбайтын жаста есірткіге ұрынады.Жасөспірім шақта өзінің бірге жүретін ортасы өте маңызды.Бүгінгі күні баланы қызықтыратын орта аз,қала баласы түнгі клуб,кафелерді жағалап,қорқор тартса,ауыл баласы көше тоздырып,арақ-шарап ішуге,темекі шегуге әуес.Ал осындай жүгенсіздіктен келіп,нашақорлыққа дейін барады.Себебі бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінбеуден деп ойлаймын.Біріншіден,ата-ана баласымен әңгімелесіп,оны не толғандырып жүргендігін,оның ортасы қандай,достары кім екенін білуге ,бос уақытын қайда,кіммен өткізетіндігін білуге,сырласуға уақыт табуы керек.

Жас кезінде адам қызыққыш келеді ғой.Сондықтан біреулер есірткі дәмін татып көруден бастап,ал біреулері басқалардың мәжбүрлеуімен нашақор болып жатады,айықпас дертке тәуелділігін тудырады.Есірткіге рухы әлсіз адамдар ғана душар болады деп ойлаймын.Сана-сезімі уланған адамның мінез-құлқы да күрт өзгеріске ұшырайды.Мен осы эссені жазбас бұрын Қызылорда қаласында орналасқан Наркологиялық диспансердегі емделіп жатқан адамдар туралы сұрастырып көрдім.Олар осы жолға қалай түсті екен деп зерттедім.Мен енді ол кісінің есімін құпия ұстаймын деп уәде бердім.С.есімді жігіт бұл есірткіге қызығушылықтан барғанын айтты.Бір рет көрейін не болады дейсің деген ойдың аяғы айықпас дертке әкелген.Бұл-білімсіздік.Есірткінің қаншалықты қаауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңіл қарау.Қазір сол ісіне өкінетіндігін айтты.Емделіп шығып қоғамға пайдалы болғысы келеді екен.Маған ол кісі досты дұрыс таңдау керек екенін баса айтты.Мен бұл кездесуден не түйдім?Салауатты өмір салтын ұстану өз болашағымызды биікке көтерудің басты құралы екендігін мойындап,өздігімізден білім алу арқылы сананы соған бағыттап отыру қажет деп ойлаймын.Себебі,мемлекетіміздің өркендеуі үшін дені сау,білімді,мәдениетті ұрпақ керек.

Қорытындылай келе,Мағжандай текті туған асыл бабамыз:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты-

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!-деп жастарға ,келер ұрпаққа мол сенім артты.

Тарихтың сан түрлі кезеңінде қаншама қиыншылықтарға төзіп,келер ұрпағы үшін барын да жанын да аямаған бабалар аманатына өз қолымызбен қастандық жасап алмасақ екен...

Есірткісіз өмір –ғажайып!Дүниедегі ең қымбат нәрсе,ол-біздің өміріміз.Өміріміз-өз қолымызда!

Шатбек Бекзат

11-сынып оқушысы

122 орта мектеп

Жалағаш ауданы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!