мақала "Инклюзив - бұл шетте қалу емес"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

мақала "Инклюзив - бұл шетте қалу емес"

Материал туралы қысқаша түсінік
ЕБҚ бар балалармен атқарылған жұмыстарын жариялау және олардың мүмкіндіктерін арттырып ортаға тарту
Материалдың қысқаша нұсқасы

ИНКЛЮЗИВ - ШЕТТЕ ҚАЛУ ЕМЕС...

«Даму мүмкіндігі шектеулі адамдар басқа адамдарды мейірімділік пен жанашарлыққа үйрету үшін өмірге келді, яғни басқа адамдарға өздерін қорғау жолын ашуға көмектесу үшін»

Жан Ванье.

Қазіргі заманда халқымыздың назарын аударып отырған мәселе мүмкіндігі шектеулі балалардың  ерекшеліктерін ескере отырып, білім үрдісіне толық енгізу, әлеуметтік бейімдеу. Бұны біз инклюзивті білім беру дейміз. Инклюзивті білім беру мақсаты- даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Инклюзивті білім беру-мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытып үйретудің бір формасы. Мүмкіндігі шектеулі оқушының оқып-үйренудегі қиындықтарын дер кезінде анықтап, оларға коррекциялық- педагогикалық қолдау үшін,білім игеруге байланысты қол жеткізілген деңгей туралы психологиялық-педагогикалық мониторинг өткізіліп тұруға тиісті. Сынып мұғалімі,психолог, логопед, дефектолог,жетелеуші тәрбиешісі тығыз ынтымақта бірлесіп жұмыс жүргізу нәтижесінде іске асады.Осымен қатар психологиялық- педагогикалық қолдауды бақылауын және орындалуын мектеп басшысы, координатор, психологикалық медицина-педагогикалық консилиумы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттеріне сәйкес бүгін мектептегі  инклюзивтік білім беру жүйесі жетелдіріліп келеді. Осы бағытта білім беруді енгізу арқылы оқушыны адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Психолог, логопед, дефектолог мамандары оқуда қиындықтары бар балаларды анықтауға диагностикалық жұмыс жүргізіп, оқушыларды қадағалау мақсатында жеке жоспарға сәйкес сабақтан тыс уақытта түзету-дамыту сабақтарын ұйымдастырады. Мүмкіндігі  шектеулі  балалармен жұмыс істейтін кабинеттер  құрал-жабдықтармен  толық қамтамасыз етілмеген. Арнайы сабақ кестесі бойынша  аптасына екі рет 20 минуттан жұмыстар жүргізіледі. Инклюзивтік білім беру- барлық балалардың тең құқығын анықтайды. Сыныптағы іс- шараларға қатысу, қарым-қатынасқа қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Барлық балалар сияқты ол да қоғамның бір мүшесі ретінде өзін еркін сезінеді.

Осы бағытты басшылыққа ала отырып Новопавлов ЖОББМ-да ағымдағы оқу жылында дефектолог кадры ашылып, мүмкіндігі шектеулі балалармен тығыз жұмыс жүргізіліп келеді. Оқушылар аптасына 2рет қосымша сабақ алады, арнайы мұғалім ықпалымен қоғамдық шараларға да белсене қатысып келеді.Ауылдық қайырымдылық акцияларында ауыл тазалығы, ауыл тұрғыны қарттардың қысқа дайындығына қол ұшын беруге аянбай атсалысады.

Мектепішілік шаралардан да құр қол емес, спорттық эстафеталар, сурет, қолөнер көрмелеріне өз еңбектерін ұсынып 4-сынып оқушысы Шарий Дмитрий ширақ спортшы, 5- сыныптан Альмекаев Максим «Ұлттық ою» тақырыбында қолөнерімен, Кушумов Амиржан «Ауылым» тақырыбында ерекше суретімен көзге көрініп алғыс хаттармен марапатталды.

Мектебіміздегі арнайы сабаққа қатысып жүрген оқушылар қуыршақ театрын құрып, мектеп жанындағы балабақша тәрбиеленушілеріне қонақтап барып, туынды ретінде халық ертегілері ішінен «Мақта қыз бен мысық» және «Шалқан» ертегісін қазақша-орысша екі тілде орындап өтті. Қойылымды көрген бүлдіршіндер де, тәрбиешілер де осындай тың жаңалықты қуанышпен қарсы алды.

Әрине, біз бұл шарамен тоқтап қалмаймыз, әлі де біраз жетістікке жетеміз деген сенімдеміз.

Педагогикалық ұжым – бір жақты ойлайтын, шығармашылық тұлғалар біріккен, өз ісін білетін мамандар тобы. Біз тәрбиеленушілеріміздің даму кемшіліктерін кешенді түзетуге, олардың компенсаторлық даму механизмдерін қалыптастыруға, біздің педагогтар тарапынан білікті көмек алуға жағдай жасаймыз. Біз әр оқушымыздың жетістігіне қуанамыз!





БҚО, Теректі ауданы Новопавлов ЖОББМ-нің дефектолог – мұғалімі А.Н.Бекболат













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.12.2018
1714
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі