400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

мақала "Жаңаша оқыту- жаңаша көзқарас"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі білім беру жүйесіндегі көптеген өзгерістер мен жаңашылдықтар болып жатқаны баршамызға мәлім. Еліміздің бүгіні мен ертені осы келешекұрпақ- жастарда екені бірімізге белгілі, сондықтан бұл өзгерістер келешек ұрпаққа сапалы білім беру мақсатында қолданып жүр. Сол өскелең ұрпаққа сапалы білім беріп, тәрбиелеу - мына біздердің, мұғалімдердің қолында.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жапарова Т. Ж.

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

№1М.Горький атындағы Қарабалық орта мектебі

Қостанай обласы, Қарабалық ауданы


ЖАҢАША ОҚЫТУ – ЖАҢАША КӨЗҚАРАС.

Ұрпағымыз бәсекеге

қабілетті болу үшін

алдымен білім жүйесін

нақтап алуымыз керек.

М.Әуезов

Қазіргі білім беру жүйесіндегі көптеген өзгерістер мен жаңашылдықтар болып жатқаны баршамызға мәлім. Еліміздің бүгіні мен ертені осы келешекұрпақ- жастарда екені бірімізге белгілі, сондықтан бұл өзгерістер келешек ұрпаққа сапалы білім беру мақсатында қолданып жүр. Сол өскелең ұрпаққа сапалы білім беріп, тәрбиелеу - мына біздердің, мұғалімдердің қолында. Оқу бағдарламасы сабақтарды заманауи үлгіде, өзгеше дәстүрмен және тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы өткізу мақсатында ұйымдастырылған.[4, 7бет] Мен өз педагогикалық тәжірибемде оқыту әдісіме жаңа бір үлес қоса отырып, үйрену мақсатында біліктілігімді арттыру үшін «Қазақ тілі иен әдебиеті» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 160 академикалық сағат көлемінде оқу курсын аяқтадым. Менің бірінші кезеңде түсінгенім, ұстаз алдындағы басты мақсат – оқушының сындарлы ойын қалыптастыра отырып заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Бұдан кейін қашықтан оқыту барысында түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушы бойындағы жеке қабілеттерді ашып, қызығушылықтарын арттыра білу арқылы, өзімнің бойымда да өзгеріс болғанын байқадым. Негізгі өзім көп нәрсе алдым, бұрын барлық тізгін менің қолымда болса, яғни өзім жаңа сабақты түсіндріп, бағалап, менің пікірім дұрысырақ деген пікір болса, осы курс барысында оқушыларға көбірек сенім артып, еркін отыруға, сөйлеуге, қолпаштауға, бір – бірін, өзін – өзі бағалауға мүмкіндік беру керек екенін көзім жетті.

Жалпы алғанда, оқушылардың оқуды қалай жақсартуға болатыны туралы сенімділігі артты, оқуға деген жағымды қарым – қатынас қалыптасты, олар бір – бірімен пікір алмасуға үйренді Балалардың белсенділік деңгейі жоғарлады, соған байланысты дұрыс жолмен келе жатыр деген ойға келдім.. «Үш білім саласының қиылысу ортасында технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім(ТПМБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра мен Келер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пән бойынша арнайы білімдердің оқушылардың осы білімдерді қалай игеретінін түсінумен бірге жүруін көздеуі керек».[2, 1-деңгей, 32-бет]. Яғни, оқыту үдерісіндегі жаңа өзгерістерге тез бейімделетін мұғалім керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы арқылы, біріншіден, мұғалімнің кәсіби шеберлігі артады, екіншіден баланың ой – өрісі, санасы жетіледі. Ең бастысы – бір орында тоқтап тұрмай, ары қарай тиімді даму жолдарын іздестіру қажет. Болашақта осы игерген әдіс- тәсілімді одан әрі дамытып, жүйелеп, өзімнің іс – тәжірибемде толық түрде қолдануға тырысып және нәтижесін шығаруға мүмкіндік туғызамын. Жай мұғалім – хабарлайды, жақсы мұғалім – түсіндіреді, керемет мұғалім- көрсетеді, ұлы мұғалім – шабыттандырады демекші, оқушыларымды шабыттандыруға, іздене отырып білімдерін арттыруға тырысамын. Жаңартылған оқу, бұл түрлі әдіс –тәсілдермен қызықты өткізуге болатынын, бірігіп, қоса жұмыс жасап, көрсету арқылы ынталандыра білу. Ал, енді сіздердің алдарларыңызға өзімнің 9 сыныпқа арналған ұзақ мерзімді жоспардың «Болашақ энергия көздері» атты тарауы бойынша құрылған сабақ жоспарымды ұсынамын. Сабақтың тақырыбы «Күн энергиясы».

Сабақтың тақырыбына қатысты бағдарламадан тыңдалымның мақсатын, айтылымның оқу мақсатын алдым. Сабақ мақсатын құруда оқушылардың жас ерекшелігі, қабілеттері, қажеттіліктері ескеріп оқу мақсатына сәйкес Смарт форматында құрастырдым.Сондықтанда оқушыларымның барлығы, көбісі, кейбірі де мақсатқа жете алды.

Атап айтсам,оқушылардың барлығы орындай алады, «Күн энергиясы» тақырып бойынша бейне материалды тындап, көтерілген тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық мәселені анықтайды.

Оқушылардың көбісі орындай алады:«Күн энергиясы» тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, өз пікірін білдіреді.

Оқушылардың кейбірі орындай алады: «Күн энергиясы» тақырып бойынша сыни көзқараста өз пікірін білдіре отырып, ауызша мәтін құрайды.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін сабақ барысында келесібелсенді оқыту әдістерін қолдандым.Бұл әдістер сабақтың мазмұнына байланысты тақырыпты меңгертуге, сабақ үстінде оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған.

«Күн сәулелері» ойынын жағымды орта тудыру үшін қоладанамын.“

Жаңа сөздерді меңгерту үшін «Адасқан әріптер» әдісін енгіземін. Тиімділігі: Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Оқушылардың тыңдалым бойынша алған білімін анықтау және бекіту үшін тыңдалымнан кейін топтық жұмысты«Графикалық органайзер» әдісі арқылы жүргізем. Олар кестені толтырып бейне материалдан көтерілген тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық мәселені анықтайды.«Күнге қадам» әдісін жұппен жұмыс істеу кезінде қолданамын. Тапсырманы орындауда әр оқушы тындалым бойынша сұрақтар құрайды, көршісі қойылған сұрақтар бойынша өз пікірін білдіріп жауап береді.Жеке жұмысты «Дербес пікір айту» тәсілі бойынша ұйымдастырдым.Оқушыларға ұсынылған тақырыптар бойынша өз ойларын ауызша мәтін құрастырып жеткізуге мүмкіндік жасалады.Тақырып бойынша қорытынды жасай алады.Белсенді оқыту әдісін қолдана отырып, оқушының өзіндік рефлексия жасау дағдысының дамуына,сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуіне, құрдастарымен қарым қатынасының дамуына, танымдық белсенділігі арттыруға мүмкіндік берем.

Саралап оқытуды дұрыс қолданғанда бала ақыл - ой деңгейімен белсенді әрекет арқасында өнімді нәтижеге жетеді. Сондықтанда өз сабағымда оқушылардыңжемісті еңбек істеп, нәтижеге жету үшін жағдай жасаймын. Тыңдалымның аудио-видео мәтіні түсінікті болу үшін «Адасқан әріптер»әдісі арқылы мәтін алды жұмысын жүргізіп, жаңа сөздерді меңгертіп, тыңдалымды түсініп тыңдауға жағдай жасаймын.Тыңдалымнан кейінгі жүргізілген топтық жұмыс тапсырманы тиянақты орындай алу үшін оқушыларға «Графикалық органайзер» кестесі беріледі.Жұптық жұмыста«Күнге қадам» әдісі бойынша диалогті құруда қиналатын оқушыларға тірек сөздер қолдау ретінде ұсынылады. Айтылым дағдысы кезінде «Дербес пікір айту» әдісі арқылы тақырып бойынша өз көзқарасын білдіретін ауызша мәтін құрастыру тапсырмасы орындалады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушыларға көмек ретінде пікір білдіруге болатын тақырыптар тақтаға ілініп қойылады. «СМС» әдісі арқылы сабақ бойынша алған білімдеріне қорытынды жасауға қалыптастырдым. Осылай оқушылардың қабілетін ескере отырып,тапсырмалар беріп оларды мақсатқа жетуге ықпал жасаймыннәтижесінде Блум таксономиясы бойынша ойлау деңгейлері : талдау,жинақтау,бағалау деңгейіне жетеді.

Критериалды бағалау- сабақта күтілетін нәтижеге бағыттайтын баспалдақ, сондықтанда оқу мақсаттарына сәйкес құрдым.

Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу үрдісінде оқушылардың ағымдағы білім деңгейлерін анықтау үшін және оқушылар арасында өзара байланысты орнату үшін қолданамын. Сол себепті мен тапсырмалардан соң «Күн мен тілек»- әдісі арқылы оқушылар бір-біріне тапсырма бойынша тілектер айтады. «МЕДАЛЬ»-бағалау әдісі арқылы тапсырманың жақсы жағын және ұсынысын білдіреді, «Үш шапалақ» сияқты қалыптастырушы бағалауларды қолданып, оқушылардың ынтасын, өз- өзіне есеп беруін жетілдіріп, кері байланыс жасауға еңгіздім. Критериалды бағалау-оқушының  оқу жетістігін бағалау. Әр тапсырманың орындалуын қамтыған Бағалау парағы сабақтың басында оқушыларға үлестіріліп беріледі. Олар сол бойынша өздерінің білім деңгейлерін анықтап, жоғары жетістікке жетуге талпынады, өз іс-әрекетіне қорытынды жасалды. Сабақ жоспарын алдыңғы өткізген ықшам сабақтарда кеткен кемшіліктерді, атап айтсам критерийлерді мақсатқа қатысты құруды, саралап оқытуды үздіксіз жүргізуді басшылыққа ала отырып құраймын. Қазіргі таңда ұстаз болу – жаңа заманның жаңалықтарынан хабардар болу деген сөз.[5,27бет] Яғни, үнемі біліміңді жетілдіріп отыру қажет. Жаңартылған оқу бағдарламасының мақсаты – оқушы алған білімін шынайы өмірде қолдана білуінде. Соның ішінде тіл мен әдебиет пәнінің мақсаты – өзіндік ой-пікір қалыптастыра отырып, ортада бөлісе алуында. Сондықтан да мемлекетіміздегі білім саласындағы өзгерістер бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиеленуіне ықпалын тигізбек деген ойдамын. Соңғы жылдары елімізде мұғалімнің мәртебесін көтеру үшін түрлі заңнамалар қабылдануда. Бұл – жақсылықтың белгісі, қалыптасқан дәстүрді сыйлау мен қастерлеудің жолы. Шынтуайтында, бедел – мәні терең, тұғыры биік, қалыбы айрықша құндылық.Сондықтан адам да, қоғам да тірнектеп бедел жинайды.Беделсіз адамды да, маманды да ешкім сыйламайды. Оның қоғамда, жұмыс орнында, өз отбасында қадірі жоқ. Ұстаз еңбегі – адамзат игілігімен астасқан еңбек, ұстаз абыройы қашан да биік, қазір де, болашақта да осылай болу тиіс. Қай мемлекет ұстаздарына қатысты қандай саясат ұстанса, мемлекеттің беделі де соған сай қалыптасады. Сонда ғана қоғамның береке – бірлік, тәлім – тәрбие, ақыл – парасат өлшемі орнығып дамиды. Сол себепті, мұғалім үшін ең үлкен сый – шәкірттерінің жетістігін көру.[1]

Бұл жаңа бағдарламаның тиімді жақтарын толық меңгердім деп айта алмаймын. Сонда да болса аз уақыт ішінде оқушылардың сәл де болса өзгергенін бақылай отырып, бұл бағдарламаның оқытудағы тиімділігі жоғары болатынына сенімдімін. Бағдарламадағы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту болғандықтан, баланың түсіну деңгейін анықтап және оның түсінігін толықтыруға немесе қайта құруға көмектесемін. Алдағы тәжірибемде сабақ берудегі кедергілерді болдырмау үшін көп еңбектене отырып, әдіс – тәсілдердің дағдыларын жан – жақты игеруге тырыса отырып біліктілігімді әлі де жоғарылата бергім келеді.
ӨзмақаламдыУшинскийдің: « Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту – ең маңызды мақсат»- деген сөзімен аяқтаймын.




Пайдаланылған әдебиеттер:

1. bilimdiler.kz

2.Мұғалімге арналған нұсқаулық, 1-деңгей.

3.ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтің жолдауы, 2012 жыл, 14-желтоқсан

4.2011-2020 жылдарға арналған ҚР мемлекеттік білім беру бағдарламасы.

5. «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қ.Р. Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауы. 18қаңтар, 2014жыл., 27 бет




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
263
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі