жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала "Жобалау технологиясы бойынша оқушылармен жұмысты ұйымдастыру "
Ж
етісу облысы Талдықорған
қаласы
«К.Ушинский атындағы орта мектеп» КММ
Ағылшын тілі пән мұғалімі
Алия Ниязбаева Муксеитқызы
Еңбек өтілі: 21
Санаты: педагог-зерттеуші
Жобалау технологиясы бойынша оқушылармен жұмысты ұйымдастыру
«Мәселе жаза білуде емес, мәселе- өмірге белгілі бір көзқарас қалыптастырып, бір жаңалық аша білуде» - деп айтқан Джон Голсуорси сөзі бүгінгі күнде де өзектілігін жойған жоқ. Бүгінгі таңда ағылшын тілі – ғылым, туризм, бизнес және интернет тілі. Ол жаһандық тіл. Заман ағымына сай – ағылшын тілін білетін бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің міндеті болып отыр.
Осы орайда мен өз пәнімді оқытуда тәжірибемде оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға көп көңіл бөліп келемін. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80 пайызын сақтаса, өздері істегеннің 90 пайызын естерінде сақтау үшін белсенді оқыту әдістерін өз сабағымда үнемі қолданып келемін. Соның бірі «Жобалау технологиясы». Бұл технология ХХІ ғасыр сұранысына ие болған ең ұтымды, ең тиімді инновациялық технологиялардың бірі. Жобалау технологиясын қолдану оқытудың жақсы ойластырылған әдіс-тәсілдері мен құралдарына негізделген. Оның негізін қалаған - Джон Дьюи американдық ғалымның басты идеясы: Өз еркімен таңдап алған әрекетті ғана бала қызығып орындайды. Ұраны: «Бәрі өмірден, бәрі өмір үшін». Жобалау технологиясының ерекшелігі – баланың алдағы іс-әрекетті жобалай алуы мен оның субьекті бола білуі.
Жобалау технологиясы - оқушылардың жоспарлау жəне күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білім. Жоба – «іс-әрекет жасау арқылы оқыту». Бұл технологияның негізі - балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау. Бір мезгілде оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс істейді. Қандай да бір мәселенің шешімін іздейді, әр түрлі әдіспен бір нәрсені жобалап зерттейді, ал екінші жағынан әр түрлі ғылым, техника, технология аймағында шығармашылықпен жұмыс жасайды. Нәтижесінде теориялық білімі мен практикалық білімі ұштасып, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-талғамы бар жеке тұлға қалыптасады.
2018 жылғы шыққан «Country studies» авторлық бағдарламамның да әр тарауының сонғы тақырыбы жобалық жұмыспен қортындыланған. Сондай-ақ, жоба жұмыстарын жасауда оқушылардың креативті ойлауын дамыту үшін белгілі бір стратегиялар аса қажет. Мысалы, мен өз сабақтарымда оқушының жобалау жұмысын орындау барысында креативті ойлауын дамыту- инфографиканы қолданудың тиімді жол болып келетінін байқадым.
Бұл процесс кезінде оқушының оқу әрекеттерінде келесі алгоритмдер құрылады:
-Мәтіннен фактіні, қосымша мәліметтерді анықтап, мәселені айқындайды;
-Бұл мәліметтердің ішінен өзекті идеяны таңдайды;
-Дайын өнімге өзіндік баға береді;
-Негізгі мәнді таныстырылым ретінде қорғап жеткізу жоғарғы шегі болып табылады;
-Таныстырылымда сурет, белгі түріндегі ақпараттар басымырақ болады;
-Әр суретке тоқталып оқушылар мәтіндегі оқиға желісін сипаттай алады;
Осылайша, инфографиканы креативті ойлауды дамытудың жаңа бір ресурсы ретінде қарастыруға болады.
Оқушының креативтілігін дамытудың тағы бір тиімді стратегиясы оқыған мәтін негізінде скечтноутинг жасату. Осы технология жүйесін қалыптастырушы Майк Роудидің айтуынша скетчноутинг дегеніміз –«идеяларды ұстау» деген атау береді. Ал анықтамасы – қолмен салынған ұсақ символдар, сызбалар, басым бөлшегі қолжазбалардан тұратын түрлі визуалды жазбалар. Скетчноутинг арқылы мәтінді оқып болған соң, тез әрі жүйелі мазмұндау жұмысын жүргізуді, ары қарай не болады?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, болжауды үйренеді, оқығанын көз алдына елестете отырып, суреттейді, яғни ойды бейнелейді (визуализация жасайды).
Келесі аса шығармашылықты талап ететін «Дудлинг» стратегия. Бұл стратегия (Doodle) өзін-өзі дамытады, қиялды дамытады, шығармашылыққа бастайды, креативті ойлауды дамытады және тапсырмаларды шешуде стандарттан тыс ойлау дағдысын дамытады. Оқушылар алдымен оқыған шығармадағы негізгі тірек сөздерді анықтап, одан кейін шығарманың авторын немесе кейіпкердің бейнесін сөйлемдермен бейнелейді.

Стратегияның келесі бір түрі – «Меga Bloks» әдісі. Бұл әдіс баланың танымын жетілдіріп, ой-өрісін кеңейту арқылы визуалды және жазбаша мәтіндегі идеяны түйінді үзбе сөздер арқылы бейнемен ұтымды жеткізе білуде қолданылатын тақырыптық үзбе сөздерді оқушылар өзара байланыстыра отырып тұтас ойды құрайды. Кейбір оқушылар үзбе сөздерді құрай отырып, жаңа бір ойды құрап табады.
Жобалау технологиясы кезінде білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтары мен белсенділіктері арта түсті. Әр дайым жоба қорғауда жауапкершілік танытты. Білімі мен біліктілік қабілеттері жоғары екендігін көрсете білді. Білім алушылармен қарқынды жұмыс жүргізу барысында мектептегі шәкірттеріміз талай жетістіктерге жетіп, үлкен белестерді бағындыра білді.
Шындығында, қазақ қоғамы ғылым бойынша әлемде соңғы қатарда келе жатыр. Сондықтан заман ағымына ілесетін оқушылардың жан-жақты дамуына, өз ойын ортаға шығып еркін спикер болып қалыптасуына, бизнес, интернет жалпы жаһандық тілде сөйлеп тұруына болашақта көп көңіл бөліну керек деп ойлаймын. Сонда ғана Қазақстанның білімі мен ғылымына өз үлесін қосатын түлектер көптеп шығады деген сенімдемін.
«Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті деп білемін.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген