Материалдар / Мақала Көкшетау.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала Көкшетау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мұғалімдерге көмегі зор
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2020
421
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Рухани жаңғыру» идеясы аясында география сабағында туған өлке материалдарын қолданудың дидактикалық негіздері


Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлы

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Абдирова Зауреш Сагинаевна

Ақтөбе қаласындағы №14 КММ география пәні мұғалімі


Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі ұлттық және жалпыадамзаттық гуманистік сезімдер арқылы өтіп жатқан өзін өзі анықтау мен ұлттық жаңғыру үдерістері болып табылады. Сондықтан Отанымыздың тарихын тереңінен білу қажет, себебі онда жаңа қоғам құрылысшыларының рухани күш-қуаты жинақталған. Оның дәлелі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» туралы Қазақстан халқына Жолдауында: «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық», - деп келтірілген. Яғни Түркі елінің данышпаны Күлтегін армандаған «Өркениетті Түркі Елі», Асан Қайғының «Жерұйығы», Алаш қайраткерлерінің «Алашордасы», Мұстафа Шоқайдың «Түркістан Республикасы» шын мәніндегі ақиқатқа айналған кезі деп айта аламыз. Аталған тұлғалардың бәрі де туған жерін, Отанын қорғаған патриоттар болатын. Сондықтан өлкетанудың мазмұнында патриоттық тәрбиенің ролі жоғары болып табылады [1, 9-б.].

География сабағында туған өлке материалдарын қолдануда ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруда – қоғамдық және танымдық, георафиялық, экологиялық, педагогикалық проблемаларды қамтиды. Оның мазмұнын құрайтын географиялық өлкетану – белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы. Өлкетанудың негізгі міндеті өлкеміз жөнінде түрлі ақпараттар, материалдық ескерткіш үлгілерін, т.б. мәліметтер жинақтауға бағытталады. Өлкетанудың мазмұнында Қазақстандағы өлкетану ісінің бастаулары, Қазақстанды зерттеп-тану қоғамдарының іс-әрекеттері, ғылыми еңбектердің өлкетану жұмысында пайдаланылуы, орта ғасырлардағы шетел және орыс зерттеушілерінің еңбектері, сонымен қатар ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басындағы қазақ демократиясы өкілдерінің еңбектері мен қайраткерлігі, Қазақстандағы өлкетану жұмыстарының қазіргі жай-күйі және тарихи өлкетанудың түпдеректері, тарихи өлкетану жұмысының бағыттары, археологиялық, этнологиялық түпдеректер және олардың өлкетану жұмыстарында пайдаланылуы және өлке тарихын оқып-білудегі олардың рөлі ашып көрсетілген. Өлкетану – жалпы білім беретін орта мектептің тарих, география, биология пәндерінің мұғалімдеріне арналады, бұл болашақ өлкетанушылар мен саяхатшыларға туған өлкенің табиғи және рухани құндылықтарын танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады, өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне, тарихи санасының қалыптасуына ықпал етеді.

Географиялық өлкетанудың басты мақсаты: туған өлкесі жайлы білімді терең меңгерту және дамыту, оқушылардың бойында азаматтық ұстаным қалыптастыру, отансүйгіштік сезімге, туған өлке тарихын зерттей, зерделей білуге, жинақтылыққа тәрбиелеу, танымдық қызығушылықтарын тереңдету, география сабағында Отанына деген патриоттық сезімдерге тәрбиелеуді жүзеге асыру және оқу сабақары үдерісі кезінде туған өлкені оқып-білу мүмкіндігін кеңейту.

Оқушылар алғашқы географиялық ұғымдарды, туған жер табиғаты ерекшілігін, ашылу тарихы, зерттеу тарихын, зерттеушілер еңбектерімен, жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, топырағы , өсімдіктері мен жануарлар дүниесі туралы оқып үйренеді. Туған жер табиғатына топсеруенге шығып, өсімдіктер гербарийін, тау жыныстары коллекциясын жинатуға, ауа-райына бақылау жұмыстарын жүргізуге үйретеді. Негізгі мақсаты оқушыларға осы пән туралы, туған өлке табиғаты, хадқы, мәдениеті, тарихы, географиялық картасы туралы алғашқы түсінік беріледі. сондай-ақ, өлкетану негізінде олардың бастапқы геогрфиялық білімдері мен икемділіктерін қалыптастырады. Мектепте «Өлкені танып білу деген ұғымға қандай теорияны алуға, енгізуге болады?» деген сұрақ ең бірінші шешілу керек. Осыған қандай теорияны алсақ, сол ғана өлкетануды зерттеудің анықтамасын береді. Бір жағдайларда өлке деп мектептің айналасын алады, басқа жағдайларда әкімшілік ауданның немесе облысытың шекарасын қарастырады. Ол әрине жоғары сыныптар үшін зерттелетін аймақ болып табылады. Сондықтан мектептегі өлкетану жұмысы осы аталған екі торритория географиясын танып-білудегі өлкетану принциптерін қолданатын сатысы ретінде меңгерілуі керек.

Бірінішісі мектеп айналасындағы қоршаған орта бастауыш сыныптардағы өлкетану жұмыстарын жүргізетін ең алғашқы нысан ретінде және физикалық география курсын өтететін алғашқы сыныптарға қажет.

Екіншісі, әкімшілік облыстың территориясы – Қазақстанның физикалық және әлеуметтік-экономикалық географиясының 8-9 сыныптары өлкетану сферасына кіреді.

Өлкетану жұмыстарын жүргізудегі басты қолданылатын әдістерге: «өз өлкесінің тарихымен танысу, әдеби әдіс, далалық бақылау, картографиялық, статистикалық көрсеткіштер экскурсия және жорық ұйымдастыру, танымдық ойындар ойнату, фото және видеокөрініс» жатады [2, 194-б].

Өлкенің табиғат жағдайын білу өлкетану жұмысының ең басты бөлімі болып саналады. Оған өлкенің геологиялық құрылысы, жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, өзендері, көлдері, батпақтары, топырақ және өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі, экологиясы кіреді.

Мектептегі география пәні мұғалімі өлкенің табиғат жағдайларын танып-білуге арналған жұмыстардың жалпы бағдарламасын жасайды. Ол бағдарлама қандай сала бойынша жасалатын жұмыстардың жоспары беріледі.

Өлкетануды ұйымдастырудың формаларын 2 категорияға бөлуге болады:

«1.Бағдарламы оқыту сабақтары (сабақ кезінде және сабақтан тыс);

2.Бағдарламасыз (сыныптан тыс жұмыстар жүргізу);

3.Бастауыш сыныптарда оқушылардың туған өлкесінің табиғаты мен халқының өмір сүру салтымен алғашқы танысуы басталады» делінген [3, 72-б].

Ол жеке тапсырмаларды орындау формасы түрінде өтеді, яғни мектеп территориясының аумағындағы бақылаулардан басталады. Оқушылар қоршаған ортаның өмірін көруге үйренуі келешекте география оқу курсын түсінуге және оны меңгеруге ой-өрістерін дамытады. Неғұрлым оқушылар өз көзімен көріп рындаса, соғұрлым олардың бойында географиялық ұғымы бай болады. Сондықтан бастауыш сыныптарда сабақтарды табиғатқа көбірек өткізу керек.

Сонымен қатар: «5-7 сыныптарда бағдарлама бойынша жергілікті географиялық объектілерде жүйелі түрде сабақ кезінже, сабақтан тыс жұмыстар түрінде өткізілуі жоспарланған. олар метеорологиялық, гидрологиялық бақылаулар, топырақты зерттеу және т.б.» жұмыстардан тұрады [4, 49-б].

Жоғары сыныптарда орта мектептегі өлкетану материалдары экономикалық географияның практикалық сабақтарынан алында. Өлкені танып білуге бағдарлама бойынша әр сыныптарда өткізілетін оқыту экскурсиялры үлкен рөл атқарады.

­Өлкетану материалдарының жиналуына және өзінің тұратын жерін жетік білуге көмектесетін жұмыс түрлеріне оқушылардың өз ауылының шаруашылық салалармен танысып, ондағы табиғат ресурстарының ауыл шаруашылығын дамытудағы пайдаланылуы, мал шаруашылығының даму жағдайы туралы мәліметтер жинайды.

Өлкетану жұмыстарының кең таралған түрі туристік жорықтар. Туризм спорттың және денсаулық мақсатын көздейді. Олар саяхат жасаған жерлермен танысу барысында туристік жорықтарда оқушылар табиғатты бақылайды және сол өлке халқының шаруашылығымен танысады. Жорық кезінде олар өлкетану сипатындағы тапсырмалады орындайды, жиналған әртүрлі материалдар мектептің өлкетану бұрышы мен мұражайын толықтырады.

Туристік жорық өз бағдарламасына өлкетанулық зерттеулер қосу керек. Туризм оқушыға өз бетінше жұмыс істеуді, бақылауды, жерді бағдарлауды, жергілікті халықпен дұрыс әңгіме жүргізуді үйретеді.

Әсіресе туристік саяхаттарда оқушылардың бойында өз өлкесін тануға бағытталған оыйн білдірудің шексіз мүмкіндіктері ашылады.

Әдетте экскурсия немесе туристік жорық ұйымдастыру таңдап алынған белгілі бір объектіге бағытталады. Олардың басымы жаз айларында өткізіледі.

Қазіргі таңда оқушылар қауымының жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Физикалық география пәні мектеп географиясындағы ең алғашқы бастама буыны болып табылады. Егер оқу-тәрбие барысында оқушыны қызықтырып ынталандыра алатын болсақ, географияның келесі бөлімдері оңай жалғасын табады. География пәнінінң басты ерекшелігі табиғатты, экономиканың дамуын, қоршаған орта мен экологиялық мәселелерді, патриоттық кешенді түрде тәрбие берудегі бірден-бір өзекті технологияға ие пән болып табылады. Физикалық география курсының жалпы шолуында өз өлкесінің табиғатының жекелеген бөліктерімен танысу оқушыларды өзінің тұрған жерінің табиғатын одан әрі жан-жақты оқып үйренуге жетелейді. Физикалық география мен өлкетануды тікелей байланыстыру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру керек. Өлкетану тарих ғылымымен де байланысты. Оқу барысында оқушылардың алған білімін ары қарай жетілдіру үшін экскурсияда өзінің туған өлкесі туралы эссе жазу, сурет салу, сенбіліктер арқылы дамыту керек.

Өз өлкесінің табиғаты жөнінде алған білімі Қазақстанның экономикалық географиясын оқып үйрену үшін негіз болып табылады. Мектеп оқушыларын табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға тәрбиелейді.

Қорыта айтқанда, географиялық өлкетануды оқыту кезінде оқушылардың бойынан өмірде өз ұстанымын айқындаған, оны қорғай алатын, туған Отанына сүйіспеншілік сезімі мол, өлке туралы жан-жақты білетін, экологиялық мәдениетті, теориялық білімін іс-тәжірибе жүзінде пайдалана білетін жеке тұлғаны қалыптастырамыз.


Әдебиеттер

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына жолдауы. – Астана, 2014. – 65 б.

  2. Ащурков В.Н, Кацюба Д.В., Матюшин Г.Н. Историческое краеведение. М.: «Просвещение», 1980. – 460 с.

  3. Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары – Астана, 2013. – 104 б.

  4. Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары – Астана, 2013. – 104 б.









ӨТІНІМ


1

ТАӘ

Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлы

2

Жұмыс орны, лауазымы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі

3

Ғылыми дәрежесі, атағы, санаты

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

4

Баяндама тақырыбы

«Рухани жаңғыру» идеясы аясында география сабағында туған өлке материалдарын қолданудың дидактикалық негіздері

5

Байланыс телефоны

87474010447

6

Электронды поштасының мекенжайы

adk7575@mail.ru

7

Қатысу форматы (күндізгі, сырттай, он-лайн)

он-лайн



ӨТІНІМ


1

ТАӘ

Абдирова Зауреш Сагинаевна

2

Жұмыс орны, лауазымы

Ақтөбе қаласындағы №14 КММ география пәні мұғалімі

3

Ғылыми дәрежесі, атағы, санаты

жоқ

4

Баяндама тақырыбы

«Рухани жаңғыру» идеясы аясында география сабағында туған өлке материалдарын қолданудың дидактикалық негіздері

5

Байланыс телефоны

87474010447

6

Электронды поштасының мекенжайы

adk7575@mail.ru

7

Қатысу форматы (күндізгі, сырттай, он-лайн)

он-лайн



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!