Материалдар / Мақала: Латын әліпбиі жазуын жаңғырту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: Латын әліпбиі жазуын жаңғырту

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2020
298
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Латын әліпбиі жазуын жаңғырту


Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.

Бүгінгі таңда қазақ қоғамында латын алфавитіне өту мәселесі қызу талқыланып жатыр. Мұндай маңызды да өзекті мәселе, әрине, осылайша қоғамның түрлі қатпарлары тарапынан оңды солды талқылануға тиіс. Осының нәтижесінде қазақ елі ұтымды бір шешімге келері сөзсіз.

Осы орайда пікір айтқан азаматтардың көпшілігі Қазақстанның кириллицадан латынға көшуінің қажеттілігіне баса көрсетіп жатыр. Аз ғана адам осы кириллицада айнымай қалу жайында пікірлерін айтуда. Олардың бұл үшін айтар бір ғана себебі бар: ол, латын әріптеріне өткен жағдайда, соған дейін кириллицада жазылған кітаптар, мақалалар, журналдар не болады; Келер ұрпақ осылардағы бай рухани мәдени мұрадан көз жазып қалады деген алаңдаушылық.

Менің ойымызша, мұндай алаңдаушылық орынсыз. Келер ұрпақ ешқашан кириллицамен жазылған дүниелерден көз жазып қалмайды

Ал орыс тілін білген қазақтардың орыс тілінің төл әліпбиі кириллицамен жазылған қазақша кітаптарды қиналмай оқи беретіні анық. Сондықтан латынға өтсек, ұрпақтарымыз кириллицадағы рухани қазналарды қалай оқиды деп алаңдауға негіз жоқ. Тіпті латынға өткеннен кейін бұрын кириллицамен жазылған еңбектерді латынға көшіруге де қажет жоқ. Оларды қазақ және орыс тілдерін білген кез келген адам еркін оқи береді.

Ал латынға көшу не үшін қазаққа қажет деген сұраққа келер болсақ;

Біріншіден, қазақ халқы славян текті халық емес, олай болса, славян текті халықтар ғана қолданатын әліпбиді қолдану ынғайсыз. Сондықтан тәуелсіз Қазақелі Кеңес Одағы кезінде қазақ халқының ықтыярынсыз таңылған бөгде халықтың әліпбинен арылатын кезі келді.

Бүгінгі таңда кириллица әріптерін әлемде он екі ел қолданады: Олардың сегізі славян текті халықтар. Атап айтқанда Белоруссия, Босния,  Болгария, Македония, Черногория, Россия, Сербия және Украина. Славян текті болмаған төрт ел де осы әріптерді қолданады. Олар Казақстаннан басқа, Кырғызстан, Монголия жәнеТәжікстан. Ал осы төртеудің ішінде Монголия мен Тәжікстан сол кириллицаға қоса өздерінің төл әріптері монғол және арап жазуларын да бірге пайдалануда. Сонда әлемде алфавит мәселесінде кириллицаға кіріптар болып отырған екі-ақ ел болып отыр. Олар Қазақстан мен Қырғызстан.

Екіншіден қазақ халқы латынға көшу арқылы бүгінгі үстем мәдениеттердің кіші мәдениеттерді аждаһадай жұтып жатқан жаһандану дәуірінде өзінің ұлттық мәдениетін, тілін сақтауға септігін тигізеді. Өйткені қазақтар латынға көшу арқылы өзіне туысқан әзірбайжан, өзбек, түрік, түркімен сияқты елдермен бір әліпби жүйесіне өткен болады. Сөйтіп туысқан елдер бір-біріне селбесіп жаһандану дәуірінің мәдени қауіп қатерлеріне қарсы бірге табан тірей алады.

Үшіншіден латын әріптері бүгінгі таңда технология мен компютерге ең ынғайлы әріп жүйесі. Бұдан да ұтарымыз көп.

Латынға көшу шешімі алынған жағдайда байқайтың маңызды мәселе қай жүйеде көшу мәселесі. Мұнда жалпы айтқанда үш жүйе айтылуда:

Біреулер ағылшын тіліндегі нұсқасына сол күйінде өтейік, екінші біреулер түрік тілінің толықтырылған нұсқасын алайық, ал үшінші біреулер болса, латында қазақ тілінде жоқ дыбыстарға жаңа таңба табайық немесе сол дыбыстарды қос әріптермен бейнелейік дейді.

Осы туралы өз ойымда айтар болсам, ағылшын тіліндегі нұсқа қазаққа мүлде келмейді. Жаңа әріп немесе қос әріп пайдаланудан қазақ халпы не ұтады? Сондықтан Түркияның 90 жылға таяу уақыттан бері қолданып келе жатқан жүйесінің ғалымдар тарапынан толықтырылған 34 әріптік жүйесін пайдаланған дұрыс.

Бұл әріптерді бүкіл Түркі дүниесі пайдаланатын болса, сонда 200 миллионнан астам түркі дүниесі арасында түсіністік те, ынтымақтастық та нығаяр еді. Сөйтіп қазақ халқы бір оқпен екі қоян атып әрі бүгінгі заманауи ең үздік әліпби жүйесіне өткен болады, әрі туысқан халықтармен ынтымақтастығы күшейе түседі.

Латын әріптеріне көшкен уақытта оны іске асуында көп қиыншылық болады деуге негіз жоқ. Өйткені бүгінгі таңда әсіресе жастар ағылшын тілін де білгендіктін ертен-ақ латынға көшкеннің өзінде қиналмай оқи да, жаза да біледі. Тіпті бүгінгі таңда ғаламторда, Қазақстан латынға көшу жайында шешім қабылдамағанның өзінде,олар латын әріптерімен қазақша жазып та жатыр. Қиыншылық белгілі жастың, атап айтқанда 40-тың үстіндегі, ағылшын тілін мүлде білмейтін азаматтарда болуы мүмкін. Олар латын әріптерін бір екі күнде оқый алатын болса да, бірнеше ай сол әріптерде жазуда қиналары анық. Бірақ негізінде оңнан солға қарай жазылатын арап әріптеріне қарағанда, кириллица мен латын әріптерінің жүйесі бір. Тек, бір қатар әріптерінің бейнесінде  өзгерістер бар. Сондықтан мысалға айтар болсақ, 2014 жылының басынан латынға көшуді қабылдаған Қазақстанда бір жыл екі әріп жүйесі қатар қолданылып 2015 жылдан бастап толық латын әріптері жүйесіне өтуіне болады. Яғни бір жылда бүкіл Қазақстан азаматтарының латынға үйреніп кетуіне болады.

Сонымен сөзімді қорытар болсам, латын әріптеріне көшу тәуелсіздігіне 22 жылдан астам уақыт өткен және халықаралық қауымдастықта беделді орынға ие болған Қазақстанның рухани саладағы тәуелсіздігін айғақтайтын шара болып табылады. Ол сонымен қатар әлемнің технологияда үздік дамыған елдері және туысқан түркі халықтарымен етене араласуына мол мүмкіндік береді. Оның үстіне бұл шара Қазақстанның бүгінгі даму үрдісінің рухани саладағы жалғасы болып табылады. Сондай-ақ ол тәуелсіздікті, әсіресе мәдени саладағы тәуелсіздікті бекемдей түседі. Сондықтан Қазақстан латынға неғұрлым тезірек көшсе, соғырлым ұтымды болады.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!