400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Мақала "Мамандық таңдау-басты бағдар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық - адамның үлкен өмірге қадам басарында зор жауапкершілік пен дайындықты қажет ететін өмірлік жолы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мамандық таңдау – басты бағдар.

Француз ойшылы Сен-Симон қоғамдағы барлық дерлік тәртіпсіздіктердің орын алуына «сәтсіз таңдалған, мәжбүрленген мамандықтар және осыдан туындайтын наразылықтар мен қорқыныштар» себеп болады дейді. Осы дәйекті сөзді кеңінен тарқататын болсақ, шынында да адам алғаш үлкен өмірге қадам басарда бірінші таңдауы мамандық жолы болмақшы. Дегенмен мамандық таңдау жолында қателікке бой алдырған адам өмірінің соңына дейін өзінің сүйікті ісің таппаса өзінің және қоғамның алдында рөлі болмаушы еді. Сәтсіз әрі мәжбүрлілікпен таңдалған мамандықтың адам өміріне оң әсер бермесі анық. Өйткені адамның бүкіл өмірі бастан аяқ жұмыспен байланысты. Ал сол мамандықтың сәтсіз таңдалуына мына факторлар әсер етеді екен.

      • Ата-ананың ықпалы;

      • Достарының ықпалы;

      • Белгілі бір мамандықты игерген адамның өзіңе қызығушылық;

      • Мамандықтың беделіне қызығушылық;

      • Оқу орнының орналасқан жеріне қарай мамандық таңдау;

      • Мектепте сүйікті пәні бойынша ғана мамандық таңдау т.с.с.

Жалпы мамандық таңдауда тұлғаның өмір жолы екі түрлі болады. Біріншісі, тұлға кішкентай кезінен неге қызығатынын және қандай мамандық пен қандай оқу орнында оқығысы келетінін алдын ала анықтап алады. Екіншісі, тұлға белгілі бір себептерге байланысты мамандық пен оқу орнын ауыстырып, соңында өзің басқа бір сала төңірегінен табады. Статистика бойынша адамдар оқыған оқу орны мен игерген мамандығына қарамастан жанына жақын мамандықпен жұмыс істеуі үшін өмірінің соңына дейін ізденісте жүреді екен. Кейбір адамдар бірінші реттік білімімен карьера құрып кете алса, кейбір адамдар бірнеше жұмыстың аясында қызмет атқарып барып қана карьера құра алады. Кейде адамдар білім алу барысында қателік жасағанымен сол салада керемет жетістіктер көрсете алғандары бар. Иә, жетістіктерге жету жолында бірден өзіннің қызығушылығын мен икемділігінді білгенің жөн. Бірақ сіз қателік жасағаныңызбен, «ештен кеш жақсы» дегендей әрқашанда бәрін өзгертуге болатынын ұмытпаңыз! Осы орайда Франклин Рузвельттің «Ешқашан ештеңе істемеген адам ғана қателік жібермейді» деген керемет дәйегі осы сөздерімізге дәлел болғандай.

Біздің қоғамда «Мамандық пен жар таңдауда қателік жіберме!» деген түмінік қалыптасқан. Алайда осы түсінік қанша жерден айтылып жатса да, іс жүзінде осыны ұстанып немесе осыны жүзеге асырып жатқандар аз деуге болады. Егер де адамдар жар таңдаудан қателік жібермесе, қоғамымызда ажырасу себептері кемитін еді. Ал мамандық таңдау барысында өз жүрегіңе құлақ түріп, қызығушылығын бей-жай қалдырмаған адам қазірде мамандар арасындағы тапшылықты көрсетпес еді. Өйткені мектеп қабырғасында мамандық таңдап, кейін жоғарғы оқу орнын аятағасың олардың 40 пайызы мамандық бойынша жұмысқа орналаса алмайды екен. Себеп неде? Әрине мектеп қабырғасында жүрген балаларға мамандық аясы туралы түсініктердің аз берілуі және оқушылардың өзінің болашақтағы өміріңе көңіл бөлмеуі сынды көптеген факторлар. Статистикалық мәліметтер бойынша жоғарғы оқу орнын аяқтаған түлектердің жартысынан көбі өзі игеріп шыққан мамандық бойынша жұмысқа орналасуға құлық танытпайды екен. Одан бөлек қазіргі қоғамымызға қажет емес немесе тұрып жатырған мекенімізге байланысты маман тапшылығы жоқ салада оқығандықтан да жұмысқа орналасуы қиындыққа соққандықтан жастардың біразы өзің басқа саладан тауып жатады. Сондықтан да адам өмірінің құндылығы мен мамандық сөзінің құндылығын түсірмеу үшін алғашқы сәттен-ақ бұл нірселерге үлкен жауапкершілікпен қараған жөн.

Қорытындылай келе, «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз, Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» деп қазақтың ойшылы Абай Құнанбаев айтқандай, белгілі бір нәрседе қызығушылығымыз бен икемділігіміз болса сол бағытты ұстанып, асқақ арманымызға жетелейтін қиындықтарға қарамастан, өмірімізге мін беретін мамандықтың иесі болуға тырысайық!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14.11.2023
191
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі