Мектеп оқушыларының бойына көшбасшылық қабілеттерді қалыптастыру
Көшбасшы ұғымы – озық ойлы, ұтқыр білімді, қатарынан оқ бойы озық жүретін, алдыңғы сапты алқымдайтын қасиет. Көшбасшылық ол – адамның қыры, болмыс-бітімі.
Мектеп оқушыларының көшбасшылық қабілеттері тақырыбы бүгінгі таңда ғалымдар мен зерттеушілердің тарапынан үздіксіз қолға алынып отырған тақырып. Сыныптағы көшбасшы – сыныптың ғана емес, бүкіл мектеп ұжымының, ата-ананың, тіпті қаланың, ауданның, республиканың мақтаны болуы әбден ықтимал.
Мектеп оқушысының көшбасшылық қабілеттілігі оның бастамашылдығымен, жаңалыққа құштарлығымен, ойын еркін білдіріп, сыни көзқарасты ұстана алатындығымен ерекшеленеді. Өзіне ерекше талап қойғыш, дәстүрден тыс міндеттерді әмбебап әдістермен шешуге бейімділігі жоғары, жауапкершілігі мол тұлғаның сыныптастарымен қарым-қатынасы да жоғары деңгейде болатыны белгілі.
Балалардың қоғамдық қозғалысы, оқушылардың өзін -өзі басқаруы, еріктілік және көшбасшыларды анықтау күрделі педагогикалық міндеттерді тиімді шешуге, жаңа мыңжылдықта мемлекет дамуының негізін қалауға мүмкіндік беретін баланың әлеуметтенуінің маңызды факторлары болып табылады.
«Мен көшбасшымын» бағдарламасы білім алушыларды тұлғалық және азаматтық тұрғыдан анықтауға дайындайды, балалардың жасына қарай өзгеретін қызығушылықтарын ескереді, балалар мен ересектердің ынтымақтастығын қамтамасыз етеді, әрбір білім алушыға өзінің жеке қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда адамгершілікке, мейірімділікке, азаматтыққа, еңбекке, шығармашылық көзқкрасқа тәрбиелеу. Барлық тіршілік иелеріне құрметпен қарау, өз халқының мәдениетін қорғау.
Қазіргі уақытта күн сайын орын алып отырған елеулі өзгерістердің арқасында білім беру жүйесінде де, оқыту әдістемесінде де жаңарулар орын алуда. Мектеп оқушыларының көшбасшылық қабілеттері айқындалған соң, енді олармен үздіксіз, нәтижеге бағытталған жұмыстар реті жалғасатын болады. Ұстаздардың тарапынан мектепте көшбасшылық қабілетті дамытуға бағытталатын жұмыстардың кейбір түрлеріне тоқталайық. Бірінші, зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар беру. Зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі көшбасшы оқушылардың білім, машық, икем, қызығушылық қасиеттерінің дами түсуімен ерекшеленеді. Өздігінен іздену белең алып, зерттеу жұмыстары арқылы оқушы өзінің талап-тілектерін, ұмтылып отырған межесін қанағаттандыруға тырысады. Жаңа білім көзін дайын күйінде ала салмайды, өзі ізденіп, қарастырып, талмай еңбектену арқылы қол жеткізеді.
Көшбасшылық қасиет мектеп жасындағы балаларда 7 сыныптан басталады. 12-13 жасынан бастап оқушылар бой түзеп, орталарынан лидер пайда болып “Мен көшбасшы” концепциясы туындайды. Осы жастан бастап оқушылармен әр-түрлі жұмыстар жүргізіледі, лидерлік әр -түрлі кітаптар челленджі, тренингтер, ұлттық ойындар, ЭССЕ жазу, т.б. Әр іс-шарада “Ұят болады”, “Обал болады”, “Сауап болады” 3Б авторлық бағдарламаны қолдана отырып жұмыс жасалынды.
Іс-шаралар «Үш Б» бағдарламасына сүйене отырып өткізуіне қарай оқушылардың қабілеті анықталды. Темпераменттеріне байланысты бойындағы басқа қасиеттері анықталды.
Қазіргі жағдайда болашақ көшбасшыларды дайындау мемлекеттің стратегиялық міндеті болып саналады. Бұл өзекті мәселенің шешімін табуы қоғамның қарқынды өркендеп, білім көкжиегіне ұмтылған жастардың, оқушылардың санының арта беруіне ықпал етеді.
Көшбасшыны қалыптастыру – уақыт талабы, жалғасын таба беретін үздіксіз жұмыс. Бұл бағыттағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға да болады, оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде жалғастырып отыруға болады. Кез келген тұлға үшін қазіргідей қатаң бәсекелестік жағдайында терең білім ауадай қажет, өмірлік ұстанымдарын алға тарта білуі үшін жан-жақты білім қорын бойына жинақтауы тиіс. Көшбасшылық қасиет кез келген мектеп оқушысының өзіне деген сенімділігін арттырып, үйлесімді дамуға жол салады, өз алдына келелі міндеттерді қоя алады.
Көшбасшы қандай сыныпта оқыса да, өз соңынан достарын, құрбыларын тарта алу қабілеті бар, іске деген қызығушылықтарын туындата алатын тұлға.
Жеке тұлға көшбасшылыққа ұмтыла отыра “Ұят болады”, “Обал болады”, “Сауап болады” деген қағиданы ұстана отырса, ол жалпы мақсатқа қол жеткізу үшін барлық күшін жұмсап, көпшіліктің мүддесін де баса ойлайды. Кейбір қиындықтарға, сабақ барысында күрделі мәселелер алдынан ұшырасса да, оқушылар осындай көшбасшымен ақылдасып, кеңеседі және оның міндетті түрде қолдау беретіндігін біледі.
С. Маханова: «Көшбасшы өзінің айналасындағыларға жол нұсқап қана қоймайды, сол сияқты оның маңындағылар соңынан өз көңіл қалауымен, ешбір итермелеусіз-ақ ереді» -дейді. Көшбасшы тұлғаның бойында орын алатын психологиялық сапалық қасиеттер, атап айтқанда ұшқыр ой, күшті ерік-жігер, ұйымдастырушылық қабілеттер бірден байқалып тұрады. Бұл ойды отандық ғалымдар Г.К. Ашина, И.Р. Колтунова, Б. Ш. Ойрат, Е.С. Кузьминалар да қостайды.
“Ұят болады”, “Обал болады”, “Сауап болады” 3Б бағдарламасының 12-13 жастағы балалардың “Мен көшбасшы” концепциясы оқушылардың қабілетінің дамуына, пәндерге қызығушылығы, кітап оқуға белсенділіктері артты. Өзін өзі дамытуы, жеке тұлға болып қалыптасуы дамыды.
Жинақтайтын болсақ, көшбасшылық қабілет – оқушы бойындағы ерекше дарын, талант. Мектеп оқушыларының ғылыми жұмыспен айналысуы жеткіншектердің жарқын болашағына жол нұсқайды. Жалпы білім беретін орта мектептегі негізгі пәндер бойынша оқушылардың ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу көшбасшылық қабілеті жоғары оқушылардың бойларындағы қабілет-қарымын, танымдық қызығушылықтарын, логикалық ойлау барысын, нәтижеге бағытталған әрекеттерге бейімделуіне түрткі болады.
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласының білім бөлімінің
«№15 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Мектеп психологы
Амангелдина Аида Сабыржановна
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала. Мектеп оқушыларының бойына көшбасшылық қабілеттерді қалыптастыру.

шағым қалдыра аласыз