400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала Мұғалім кәсібінің дамуы- білім беру жүйесінің негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шамалған станциясы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталық пен коммуналдық мемлекеттік мекемесі география пәні мұғалімі Козгамбаева Лаззат Болатовна



Мұғалім кәсібінің дамуы- білім беру жүйесінің негізі

Жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс. Олар: әдіснамалық , жалпы мәдени , тілдік бағыттылық. Біріншіден , педагогикалық қызметтің шығармашылыққа бағытталуы , екіншіден , зияткерлік мәдениетін, мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалы қарым-қатынасты игеруін әлемдік білім берудің дамуы беталысын бағдарлай алуы керек.
Оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға бағыт беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайды еркін бағдарлайтын, шығармашылық үдерістерді басқаратын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген, жан-жақты дамыған шығармашыл ұстазды талап етеді. Білім саласының дамуына, оқушылардың сапалы білім алуына зор үлесін қосып келеді.Оқушылар өз табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеу мақсатында кәсіби шеберліктің облыстық, республикалық сайыстарына белсене қатысады.
Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог, педагогикалық диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Педагогтік-психологиялық білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін , бейімділік сараптамалық қабілеттері мен идеялық ұстанымы бар білімді де білікті мамандар жыл сайы даярланып шығады .

Абайдың: “Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға”, – деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?! Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты міндет – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру. Біз осыны мінсіз атқаруға тиіспіз.

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған  басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекет жиынтығы. Педагогиялық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толық жету.Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білімде, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын.

Технология мен әдістеменің мақсаты бір – «қалай оқыту мәселелерін  қарастырады». «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады.Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

.«Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып,сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.

Жаңатехнологияныны пайдаланудың тиімді тұстары:

Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;

Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;

Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

Оқытушының уақытын үнемдейді

Қосымша мәліметтер береді.

Жаңатехнологияныпайдаланудыңоқытушығаберерінекелсек:

v Барлық  баланыоқыту;

vОқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;

vБілім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;

vОқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі.Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға,пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған.Мұндай технологияларды қолдану-біріншіден оқытушы ұтады,яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймын.



Пайдаланылған әдебиеттер:
 1 .Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 3 деңгей
2.Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару. Алматы -2014ж

3.Жаңаша білім берудің ерекшеліктері. Алматы -2013









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
391
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі