400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: Оқу мақсатына бағытталған тапсырмаларды әзірлеу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу мақсатына бағытталған тапсырмаларды әзірлеу қадамдары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу облысы, Ақсу ауданы

Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Орынбекова Жазира Орынбековна

Оқу мақсатына бағытталған тапсырмаларды әзірлеу қадамдары

Жаңа форматты сабақ қалай ұйымдастырылуы керек деген сұрақтың шешімін бүгінгі таңда барлық педагог біледі. Алайда барлық педагог сабақ соңында оқу мақсатына жетіп жүр ме? Білім алу процесінің және білім сапасының негізгі діңгегі – оқу мақсаты. Оқу мақсатына жеткізетін тапсырмаларды әзірлеудің жолдарын төмендегідей қарастырып көрсек.

Әр сабақтың оқу мақсатын педагог терең түсіну үшін құрамындағы тірек сөздерге басым назар аударуы қажет. Оқу мақсатын терең түсініп алғанда ғана осы мақсатқа оқушыны жетелейтін тапсырмаларды ойластыра алады. Тапсырмаларды белгілі бір әдіспен жүзеге асырмас бұрын, тапсырмалар қандай болуы керек деген сұрақтың шешімін іздеу қажет. Сабақтың өн бойында үш тапсырма алатын болсақ, ол оқу мақсатына біртіндеп баспалдақ тәрізді жеткізу үшін күрделене беруі қажет. Бірінші тапсырмаға қарағанда екінші тапсырма арқылы оқу мақсатына жақындай түссек, үшінші тапсырманы орындау барысында оқушы оқу мақсатына қол жеткізгендігіне көзі жетуі керек. Мінсіз тапсырманың белгісі – күрделене түскен тапсырмалар. Тапсырма оқу мақсатына жетуге бағытталмаса бас тарту қажет.

Тапсырма оқушылардың жас ерекшелігіне сай болғанда оқушы оқу процесі ағымынан түсіп қалмайды. Тапсырма оқушыға не оңай, не күрделі болған жағдайда ағынға ілесе алмай зерігіп кетеді. Тапсырма оқушыға қызықты болуы керек. Оқушы тапсырманы орындау процесінде жаңа білім мен жаңа дағдыға ие болуы керек.

Тапсырмалар үйлесімділігі де оқу мақсатына жетуде маңызды болып табылады. Сабақта жоспарланған үш тапсырманың біріншісі жаңа теориялық пәндік білім беретін тапсырма болса, екінші тапсырма оқушы бойында нақты бір дағдыны қалыптастыруға бағытталуы керек. Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі - оқушы бойында нақты дағдыларды қалыптастыру міндетін жүктейді. Үшінші тапсырма қалыптастырушы бағалау тапсырмасы немесе бақылау тапсырмасы. Оқушының оқу мақсатына жете алғандығын нақты өлшеуге болатын тапсырма болуы қажет.

Қорыта келе тапсырмалар сапалы, ойластырылған болғанда ғана оқушы оқу мақсатына қол жеткізеді. Оқу мақсатына жету арқылы білім сапасының артуына жол ашамыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қаңтар
287
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі