Материалдар / Мақала Оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие беру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала Оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие беру

Материал туралы қысқаша түсінік
Азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – жасөспірімдердің құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі – жасөспірімдердің құқығының мәдениеті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2021
566
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие беру


Ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек,адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу-тәрбие жұмысының негізгі мақсаты.

Азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – жасөспірімдердің құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі – жасөспірімдердің құқығының мәдениеті. Жасөспірімдердің құқықтары туралы ақпаратпен оқушыларды жүйелі түрде қамтамасыз етудің қажеттілігі маңызды екенін ескерсек, онда бұл салада жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруда маңызды құралдың бірі – білім беру ұйымдары.

Жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі міндеттерін адал атқаруды, құқықтарын дұрыс пайдалануды, заңға деген құрметті, қарым-қатынас ережесін сақтауды, құқық бұзушылармен күреске қатысуды қалыптастырады.

Мақсаты– құқықтық мәдениетті, өз мінез-құлқы, айналасындағылардың әрекеттері мен құқық бұзушылықтары үшін азаматтық жауапкершілікті ұғынудың әлеуметтік-құқықтық нұсқамасын қалыптастыру. Оқушылардың құқықтық белсенділігінің жеткіліксіздігі көбінесе өз құқықтары мен мүдделерін қорғаудың заңды тәсілдерін білмеумен, тәжірибенің жоқтығымен түсіндіріледі. Сондықтан да сабақта теориялық білімді ғана емес, сабақтан тыс уақытта да шығармашылық деңгейде әртүрлі жағдайларды құрылымдай білу үшін құқықтық дағдыларды оқытқан жөн.

Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттық сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең ұрпақтың сана- сезімімен, күнделікті мінез – құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша міндетті іс.

Бүгінде оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқын дауда В.А. Сухомлинский сөзімен айтқандай “қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып жеке адамның мұқтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар қызығушылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік- құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез – құлықтарына қалыптастырады” деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлерін кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.

Құқықтық тәрбие беру жұмысын жоспарлау кезінде балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу керек. Мәселен, төменгі сынып оқушыларына сөз бен іс арасындағы алшақтық тән – бұл олардың жас ерекшелігі. Олар өмірлік жағдайлардың сан алуандығына бағдарлануды енді ғана үйреніп жатыр. Бұл алшақтық көбінесе бала үнемі тыйым салуды сезінетін, бұлтарыссыз, ойланбай мойынсұнған талап бар жерде болады. Ол үлкендердің алдында жазадан қорыққанынан ойланбай-ақ бағынуға мәжбүр, ал әртүрлі жағдайларда ұтылу балаларға өзінің тар құқықтық ой-өрісін еңсеруге көмектеседі, қарым-қатынас және жағдайдан шығу тәжірибесін қалыптастырады. Жасөспірімдер еліктеуге ұмтылады, өзінің «есейгенін», тәуелсіздігін, құрдастары арасындағы беделін көрсетуге тырысады, сондықтан қызықты, еліктіруші жағдайлар оларда жағымды әрекеттер қалыптастырады. Жоғары сынып оқушылары өзін, ұжымдағы, қоғамдағы, айналасындағы өз орнын терең зерттеуге бейім. Олармен жұмыс барысында осы бейімділіктерін есепке алу керек және шығармашылық жұмысқа (ауызша журналдар, әртүрлі тренингтер және т. б.) зейінін аударту қажет. Адам мінезі, оны тәрбиелеу негіздері 5–6 жасқа дейін қаланады. Бұдан соң адамда қаланған нәрсенің дамуы мен жетілуі жүреді. Тәрбиенің бұл кезеңі отбасында өтеді, сондықтан сынып жетекшісі құқық мәселелері үйде қалай талқыланатынын түсіндіруі қажет.

Мектепте сынып жетекшісінің күні бойы құқықтық сипаттағы әртүрлі мәселелерді шешуіне тура келеді: сыныптағы тәртіпті бағалау, мінез-құлық ережелерінің бұзылу, оқу мен қоғамдық міндеттерге ықылассыз қарау жағдайларын талқылау. Мұны оқушылармен талқылай отырып, әңгімеге «сенің құқықтарың», «сенің міндеттерің» терминдерін енгізу қажет. Әрбір жаңа оқу жылын мектеп жарғысының тармақтарын егжей-тегжейлі ұғындырып, білім беруге қатысты бала құқықтары Конвенциясының баптары туралы еске сала отырып, оқушының құқықтары мен міндеттері туралы әңгімеден бастаған жөн. Тәрбие жұмысы жоспарына заңды білуге қатысты сынып сағаттары мен әңгімелерді ғана емес, жағдайларды талдайтын тренингтерді, бейнероликтер көруді, мектеп инспекторымен әңгіме өткізуді енгізу керек. «Менің отбасымның тарихы» атты шығармашылық зерттеу оқушылар үшін қызықты болмақ. Әр оқушы ата-бабасы туралы мәліметтерді келтіре отырып, өз отбасының шежіресін бейнелейді. Бұл жұмыс оқушыларды ғана емес, олардың ата-аналарын да қызықтырады. Ақпарат бар жақтан: үйдегі мұрағаттан, аталары мен әжелерінің естеліктерінен жиналады, біреулері басқа елдегі туыстарымен байланысқа шығады. Бүкіл жұмыс өз түп-тамырын, ата-бабасының өткенін білу, отбасындағы жақсы дәстүрлерді жалғастыру қажеттілігі мәселесіне келіп түйіседі. Ортақ іздеу жұмысы отбасын татулыққа ұйыстырады, балалар өз отбасының тарихын мақтаныш тұтады. Мектептегі құқықтық тәрбие сынып сағаттарында ғана жүзеге асырылмайды. Әрбір пән мұғалімі өз сабағында құқықтық мәселені айналып өте алмайды, осылайша қағаз жүзінде емес, іс жүзінде құқық бұзушылықтың алдын алумен айналысады. Бастауыш мектептегі құқықтық тәрбие Төменгі сынып оқушыларының құқықтық тәрбиесін мектеп бойынша: кабинеттермен, мектеп дәстүрлерімен таныстыру сияқты экскурсиядан бастаған жөн. Бірінші күннен бастап заңды мінез-құлық дағдыларына: мектеп мүлкіне ұқыпты қарау, оқуға саналы түрде көзқарас, өз мінез-құлқы мен сыныптастарына, мұғалімдерге деген қатынас алдында жауапты болуға үйрету керек. Әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану және басқа да сабақтарда тиісті түсінік беру кезінде мәтіндер балалардың бойында әділдік, жауапкершілік, заңды сыйлау сезімдерін дамытудың негізі ретінде қызмет етеді. Сыныптан тыс іс-шаралар жүргізу үшін: «Бірінші сынып оқушысының құқықтары мен міндеттері», «Жақсы деген немене, жаман деген немене», «Қызыл, сары, жасыл» тақырыптарын алған жөн. «Әдепті және тәртіпті адамдар қаласы» ойынын ұйымдастыруға болады, оның барысында балалардың үйдегі, сабақтағы, үзілістегі, көшедегі мінез-құлқы, әдептілік ережесін сақтауы, сондай-ақ нашар әрекеттерін шын мойындай білуі ескеріледі. Экскурсия өткізу кезінде саябақ аймақтарындағы, ормандағы тәртіп ережелері талқыланады. Баланы әр адамның қоршаған ортаны қорғауға қатысатыны туралы ұғымға жетелеу керек.

Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Сондықтан да құқықтық тәрбиені адамгершілік тәрбиесі теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.Қоғамдық қайта құру кезеңінде құқықтың мәдениетті қалыптастыру барысындағы кемшіліктерді жеңу орын алады.Құқық қоғам мен қоғамның өрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Құқықтық мәдениеті төмен дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайында ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды.
Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен қүтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді.
Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі - орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.
Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз - орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты құқықтың білімдерімен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.
Саналы тәртіп пен мінез-құлықтарды құқықтың мәдениеттің іргетасы деп қарасақ, ол көркемөнер мәдениетімен қатынастар, сезімдер деңгейінде тікелей байланысады. Сезімдер әлемі эстетикалық қатынастарда негізгі рөл ойнайды. Әдебиет пен өнер бізге көркем бейнелерімен әсер етеді, оларды сезім арқылы қабылдаймыз. Өнердің көмегімен, әсіресе, өдебиет арқылы әлемді, қоғамдық қатынастарды танимыз.
Құқықтың мәдениеттің осы екі деңгейіне көтерілген, яғни құқықтың білімді меңгерген, заңды құрметтейтін адам заңға қайшы келетін әрекеттерден аулаң болады. Тек қана заңға сәйкес жүру дағдысы пайда болады. Мұны заңға мойынсұнушылық дейді. Бұл деңгейлік сатыда ішкі қозғаушы күш — адамның үяты, ар-ожданы. Ұят, ар-ождан және сенімдер адамның мәдениеті тек қана заңға мойынсұну емес, заңды қорғау үшін тұрақты белсенді әрекетке қатысуға дайын тұру.
Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну - адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес.
Қазіргі кезеңде қоғамның бірте-бірте демократиялық дамуы жалпы білім беретін орта мектептерде мектеп басшыларынан, мұғалімдерден құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап етеді.
Құқықтың тәрбиені заман талаптарына сай жүргізу үшін ең алдымен сынып жетекшілерінің және мектептердің озат тәжірибесін терең зерттеп, нәтижесін оқу және тәрбие жұмыстарында ұтымды, жинақты етіп пайдаланып, оңтайлы формалар, әдістер мен тәсілдерді іздестіру қажет.


 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!