Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің тиімділігі
Дәстүрлі оқыту әдістерінен оқушылардың қалай білімді игергендігін жетістіктерінің нәтижелерінен көріп жүрміз. Дайын білім беруге негізделген әдіс-тәсілдер арқылы алған білім оқушылар жинақтаған басқа білімдерімен тиімді сіңісе алмайды. Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болады деп ойлаймын. Ол үшін оқушылар бойына өзгеріс енгізу үшін алдымен мұғалім өзі өзгеруі керек, сабақ барысындағы әдіс- тәсілдеріне өзгеріс енгізуі керек.
«Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен ғана шектеліп қоймайды, ол сонымен қатар мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағытталған». Осы сөздерді ескере отырып табысты оқу мен оқыту үдерісінде жеке тұлға өздерін еркін және қауіпсіз сезіну үшін мынандай жұмыстар атқардым:
Сауалнамалар, социограмма, тренингтер /оқушыларымды, қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қаншалықты жақсы білетіндігімді анықтау/.
Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Осы алға қойған мақсаттарға жету үшін өз тәжірибеме енгізілуге тиіс жаңа әдіс-тәсілдерді сұрыптадым. Қоғамға адам қалай керек болса, адамға да қарым-қатынас сонша деңгейде қажет. Сондықтан әр сабағымда диалогтік оқыту әдіс-тәсіліне көп көңіл бөлемін.
Выготскийдің оқу моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқу жеңіл болмақ. Оқушыларда Чиксентмихайи (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысамын. Басқаша айтқанда, оқушылар өзін –өзі ынталандыра алды және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болды. Осы мақсатта оқушыларға өз мақсаттарын қоюды үйреткенде, оқушылар жоспарлау мен белгілі бір нәтижеге жету үдерісінен рахат алады. Сабақтарымда оқушыларымды жұмысқа ынталандырып және сыныпта болатын жағдайлардың бәріне белсенді қатысуға мүмкіндік беремін. Оқушымен бірге сабақтың мақсатын анықтауға, сабақтың табыс критерийлерін анықтауға жетелеу, ұсыныстар ойлау, кері байланыс парақтарымен жұмыс болды. Мысалы, сабақтарда бейнежазба көрсетілімі бойынша, жұмбақтың шешуі, санамақ айту сайысы бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар сол күнгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын, табыс критерийлерін анықтауға тырысады. Бұл тәсіл оқушылардың ойын еркін жеткізуіне барынша ықпал ете отырып, сыни ойлауға жетелейді. Сондай-ақ, оқушылар бір-бірінің жауабын тыңдап, өз ойларымен бөліседі. Кейбір оқушылар қате жауаптары үшін қорықпай, ойын еркін жеткізуге тырысады. Басқа оқушылар өзара түсіністікке жетуге көмектеседі. Сабақтарымда оқушылардың жаңа тақырыпты оқытуда бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, бұрынғы білетін түсініктерімен байланыстырып тапсырмалар арқылы өрістетіп отырамын. Оқушыларға болжам жасауға, өз ойын құруға, оны қорғауға уақыт беріп, бір-бірін оқытуға да мүмкіндік беремін. Сабақтың барлық кезеңінде белсене қатысуын үнемі қадағалауда ұстаймын. «Стикердегі диалог», «Коктейль таяқшасы», «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдістері
Мерсердің зерттеуі бойынша әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі және оның үш түрі бар: әңгіме-дебат, кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме. «Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір- бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады.» Мысалы, сабақтарда рөлдік ойындар болады. Рөлдік ойындардың бірі жұптарға телефон арқылы диалог құру болса, екіншісі сұхбат алу түрінде өтеді. Оқушыларға әсіресе тілші рөлі ұнайды. Бұл жерде балалар тек жауап беріп қоймай, сұрақ қою дағдыларын да дамытады. Осы жерде оқушылардың бірлескен сұхбаты тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді, басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне көмектеседі, өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі. Сонымен қатар, жаңа тақырыпты меңгерту үшін және үй тапсырмасын тексеру сабақтарымда «Ойлан. Жұптас. Бөліс», «Бірге ойлаймыз», «Көршіңе айтып бер», "Жұбыңмен кеңес" әдіс-тәсілдері арқылы әрекет етуді ұйымдастырамын. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар бір-бірімен жұптасып тақырыпқа қатысты ой бөліседі. Одан кейін топтасып талқылау жүргізеді. Берілген мақал-мәтелдердің мағыналарын бір-біріне түсіндіреді, одан кейін топ болып талқылайды. Өздері білетін тақырыпқа сай мақал-мәтелдерді топ болып жазды. Осы жерде төмен деңгейіндегі оқушылар да қызу талқылауға қатысады, оқушылар арасындағы әңгіме арқылы сабақты меңгеріп шығады деп ойлаймын.
Сабақтың барлығында да топтық жұмыс ұйымдастырылады. «Крестиктер мен нөлдіктер», «Тақырыптық түйінді сөздер», «Тақырыптық теннис», «Константинополь», әдісін бекіту мақсатында қолдануға болады. Топқа ортақ сұрақ қойылған кезде оқушылардың барлығы да өз ойларын ұсынып, бір-бірінің пікірлерімен санасып, бір шешімге келіп жауап беруге дағдыланады. Әр топқа өз тақырыбы бойынша постер жасап, қорғап шығу тапсырмасы беріледі. Топтық жүмыс кезінде постермен жұмыстану оқушылардың қатынасын, есте сақтау қабілетін жақсартуға, бір деңгейде жұмыстануға көп көмегін тигізеді. Топтық жұмысты қорғауда балалар өз топтарындағы үздік оқушыларға сенім білдіріп жатады. Бұл әрекет балалардың бір-біріне құрметпен қарап, сенім білдіруін, топтық жұмысты орындау барысындағы жауапкершіліктерін көрсетеді. Топтық жұмыс барысында ынтымақтастық орнап, ЖАДА болады.
Топтық жұмыс барысында әрқайсысы тақырып бойынша білетіндерімен ой бөлісіп, бірі сөйлемдер жазса , екіншілері сурет салады.
Нәтижесінде топтық жұмыс – кез-келген оқушыны ұжымдық іс-әрекетте берілген сұрақты талқылауға, жұмысын ұйымдастыруға, пікірін айтуға, басқаны тыңдауға, өзгенің жасаған ой – тұжырымымен, дәлелдемелерімен келісетінін немесе оған өздерінің дәйектемелерін айтып, қарсы тұжырым құруға, басқаның ой-түйінін толықтыруға, білім көздерімен жұмыс істеуге, берілген уақытта жұмысын аяқтай білуге, өзіндік көмек көрсете отырып, бірін-бірін оқытуға үйрететіндігіне көз жеткізе отырып, топтық жұмыста әр оқушының ауызша және жазбаша сөйлеу дағдылары қалыптасады және әлеуметтік қарым-қатынасқа, өмірге бейімделеді деп тұжырым жасаймын.
Сабақ барысында бұрынғы сабақтармен салыстырғанда оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларының анағұрлым өскендігі, ойды жеткізудегі еркіндік байқалады. Әрқайсысы бір-бірінің көзқарасын тыңдап, өз ойларын айтуға және қорғауға үйрене бастады.
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтардың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кең қолданады деген пікір бар. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әртүрлі тәсілдерін пайдалануға болады. Осыны негізге ала отырып сабақтарда жайдан күрделіге қарай бағытталған сұрақтар қолданылады. «Серпілген сауал», «Қапшықтағы фасоль», «Кір жаятын жіп», «10 сұрақ» әдіс-тәсілідерінде түрткі сұрақтарына бірден жауап алынғаннан кейін, сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектеседі. Бұл жерде басқаға бағыттау тәсілін де қолдануға болады. Харгривс және Гэлтон күту уақытын үштен жеті секундқа дейін созса, бұл ерікті жауаптардың саны, қабілеттері төменірек оқушылар жауаптарының саны және басқа да параметрлердің өзгеретіндігін айтқан. Өйткені ойлануға берілген уақыт оқушыларға өз жауаптарын түзетуге, нақтылауға және дұрыстауға мүмкіндік береді. Сұрақ қою арқылы оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандыруға болатынына көзім жетті. Оқушылар төмен дәрежелі сұрақ кезінде барлығы да белсенді қатысатын болса, жоғары дәрежелі сұрақ қойылғанда белсенді, қабілетті оқушылар ерекше көрінеді.
Метатанымдық қабілеттер оқушыларға білім алуында тәуелсіздік береді. Метатану әдістерін игерген оқушылар оқыту мен оқудың үздіксіз үдерісінің жалпы мүддесінде мұғалімдермен тең әрекеттеседі және ақыр соңында мұғалімнің функциясын өздері атқарады. Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниеті –метатанудың маңызды аспектісі деп танытқан Шанк пен Циммерманның идеясын негізге ала отырып, оқушылардың метатанымдық қабілеттерін дамыту мақсатымен жеке тапсырмалар да енгізіледі. Сабақтарда оқушыларға маршруттық карта беріледі, «Бес жолды өлең» жазу, «Әдебиеташар» әдісі, «ТВ шоу» әдісі, санамақтар құрастыру, жұмбақтың шешуі болған сөзге мәтін құрастыру, әртүрлі жанрда мәтін жазу сияқты тапсырмалар болады. Маршруттық карта барлық оқушыларға бірдей беріледі. Қиналған кезде «оқулыққа қара» немесе «көршіңнен көмек сұра» деген нұсқаулар болғанымен, әр оқушы тапсырманы өз бетімен орындауға тырысады. Осы жұмыстар арқылы оқушылардың өз бетімен білім ала алатындарын көруге болады.
Сабақтарда тапсырмалар берілген уақыт ішінде орындалуына «таймер» өз көмегін тигізеді. Көшбасшылыққа бейім кейбір балалардың жұмысты орындауда үстемдік көрсетіп, өзгелерді өз әрекетіне бейімдеуге тырысқандығы байқалады. Бұл жерде «Топтың Алтын Ережесі» өз септігін тигізеді. Кей сабақтарда тұйық, салмақты оқушылардың сабаққа қатысуда белсенділігі төмен болады.
Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыстар оқушылардың әлеуметтік өзара қарым-қатынасын, бір-бірімен тиімді араласуы арқылы проблемаларды шешу дағдыларын дамытады деген ойға келдім. Бей-жай отырған оқушы жоқ, бәрі топтық ұжымдық іс-әрекетте болады. Топтық жұмыстар оқушылардың жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларын қажетті деңгейде дамытады, бұл өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді деген шешімге келдім.
Нәтижесінде өз ойларын ауызша және жазбаша жеткізуде қиналатын оқушылар менің көмегімді көп қажет етпейтін болды. Бойларындағы сенімсіздік жойылып, ойларын ашық, еркін жеткізе алатын болды, тілдік қорлары молая бастады, өзара ынтымақтастық орнап, жазба жұмысының нәтижелері де жақсарды. Дүниетанымдық көзқарасы қалыптасты, бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге үйренді. Диалогтік оқыту, сұраққа жауап алу, өз ойларын білдіретін тапсырмалар сабақ үстінде керек. Мұндай тапсырмалар әр оқушыдан шығармашылық тұлға қалыптастыруда көмекші құрал болатыны сөзсіз. Осы сындарлы оқытудың қазіргі уақытта болашақ жастарды біліммен қаруландыруда алатын үлесі зор.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің тиімділігі"

шағым қалдыра аласыз