Материалдар / Мақала Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері, жалғау.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАУ жанындағы мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

оқытушысы Жингиш Серікгүл



Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері

Қазіргі кезде мектептегі білім беруде маңызды мәселелердің бірі – оқушылардың коммуникативтік дағдысын дамыту. «Коммуникация» – қарым-қатынас, өзара байланыс дегенді білдіреді. Қоғам талабына сай, бәсекеге қабілетті, шығармашылығы дамыған жеке тұлға болып қалыптасу үшін коммуникативтік дағдыны дамыту қажеттігі туындайды. Тілдік қатынастың дыбыс арқылы айтылуы және әріп арқылы таңбалануы лингвистикада ауызша және жазбаша тілдік қатынас деп айтылады.

Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі тілдерді оқытудың жалпы теориясы - лингводидактиканың бөлімі болып табылады. Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытудың әдістемелік мәселелерін зерттеу мемлекетіміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында жүргізіліп келеді. Орыстілді мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі жан-жақты зерттеліп отырса да, әлі де жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді. Соның бірі – орыс тілді оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту.

Жалпы білім беретін мемлекеттік стандарт бойынша оқытудың міндеттері:

қазақ тілінде сөйлеу және жазу икемі мен дағдыларын қалыптастыру, яғни коммуникативті біліктілікті қалыптастыру; қазақ тілінің тілдік білім негіздерінің жүйесін танып білу, яғни тілдік білікті қалыптастыру; қазақ халқының мекенін, тарихын, рухани және материалдық мәдениетін, тұрмысын таныту, яғни тарихи-мәдени таным біліктілігін қалыптастыру», – деп белгілейді.

Жазудың қарым-қатынастағы маңызы туралы Н. А. Павленко: «Письмо – способ воспроизведения, закрепления языка», – дейді. Тілдік жүйе үлкен жүйе, үлкен құрылым деп жатсақ, ол жүйелі құрылым жазуға түсіп, яғни «тасқа қашалып, таңбаға басылып» дегендей, денотаттық тұрпатқа ие болғаннан кейін ғана мәңгілік құндылыққа айналды. Өйткені, жазу ауызша сөзді жай ғана таңбалап қана қоймай, адамның тіл туралы түсінігін кеңейтті, тереңдетті және ең бастысы, тілдің дәл қазіргідей күрделі деңгейге жетуіне әсер етті. Бүгінгі әдеби тіліміздегі мәтіндер, күрделі синтаксистік құрылымдар, күрделі фразалық тұтасымдар жазудың арқасында ғана дүниеге келді. Жазу дегеніміз – өзіне тән таңбалық сипаты бар, белгілі бір заңдылықтар арқылы тіркесетін әріптердің жүйелі жиынтығы. Жазу өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауындағы ең тиімді, қажетті жолы, ойды нақты, түсінікті берудің амалы.Сауатты жазудың қоғамдық мәні зор. Сауаттылықты қалыптастырудың негізі – емле ережелері.

Мектептегі жазба жұмысы алдына бірнеше ұстанымдар қояды:

1) Тілдің фонетика, морфология, синтаксис салаларын тығыз байланыста оқытады.

2) Әртүрлі тілдік құбылыстарды бір-бірімен салаластыра оқыту (дыбыс пен әріпті, фонеманы позиция тұрғысынан).

3) Мағыналық-құрылымдық ұстаным (морфемалардың құрамы мен мағынасы туралы білімді тірек ету).

Қазақ тілін сауатты үйрету үшін оқушыларға берілетін жазба жұмыстарын дұрыс жоспарлаудың маңызы зор. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектепте оқушылар қазақ тілінің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарын, грамматикалық құрылысын меңгеруге, ойын еркін жеткізуге, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеруге, сонымен бірге қазақша сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде қарым-қатынас жасай алуы қажет. Оқушыны мұндай дәрежеге жеткізу үшін педагог-мамандар түрлі жаңа технологиялардың тиімді жақтарын алып, оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту жолында жұмыс жасай алулары қажет. Оқу орыс тілінде жүргізілетін оқушылардың қазақ тілінде тілдік қатынас жасау деңгейін жетілдіруде, әсіресе жазылым әрекетін дамытуда арнайы қарастыруды қажет ететін мәселелер бар. Мектеп оқушылары мемлекеттік тілде өз ойын нақты, дәл жеткізе алмайды, олардың жазбаша сауаты нашар, тіл тазалығы мен сөйлеу мәдениеті талапқа сай емес.

Мектеп бағдарламасының талабына сай сауатты жазу дағдысын қалыптастыру үшін бірнеше жазба жұмыстар жүргізілуі тиіс. Мұндай жазба жұмыстарына жататындар:

1. Қысқа мәтіндер

2. Жазбаша жаттығулар

3. Жазбаша бақылау жұмыстары

4. Жазбаша ойындар

5. Сөздікпен жұмыс

Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда орфографиялық дағды қалыптастырып, өз ойын жазбаша дұрыс бере білуге дағдыландыратын және үйрететін жаттығу жұмысының тәжірибелік әдістерінің бірі - диктант жаздыру жұмысы. Жазбаша сөйлеу тілін дамыту бағытында жүргізілетін диктант жұмысының ең тиімді түрлері сұрыпталып, оқу бағдарламасында берілген модуль мазмұны бойынша аталған диктант түрлеріне мәтін қоры дайындалды:сөздік диктанты; жатқа жазу диктанты, терме диктант; бақылау диктанты; шығармашылық диктант.

Жеке сөйлемдермен жұмыс істеу дағдысы қалыптастырылғаннан кейін оқушыны шағын, қысқа мәтінмен жұмыс істеуге дағдыландырады. Мәтін мәнерлеп оқытылып, мазмұны айтқызылады. Мәтінмен жұмыста орындалатын жұмыс түрі: 1.Мәтінді мәнерлеп оқу; 2. Мәтінді жаттау; 3. Мәтінді ауызша мазмұндау.

Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда орындалатын жазба жұмысының бір түрі – шығарма. Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне меңгертуде де жазылым әрекетіне жаттықтыруда жүргізілетін шығарма жұмысының ерекшеліктері еңбектерде қарастырылды. Жазылым әрекетін жетілдірудің ең жоғары сатысы болып табылатын шығарма жұмысын орындауға, жаттығу арқылы тақырып мазмұнын әңгімелеуге, жоспарды өз бетімен құрастыруға, ой қорытындысын жасауға үйренеді. Шығарма – тіл дамыту жұмыстарының ішіндегі оқушылардың өзіндік ойын, тілін, сөйлеу мәнерін қалыптастыру ісіне тікелей қатысы бар тілдік қатысымды дамытатын жұмыс түрі.

Жаттығу жұмыстары қазақ тілі пәнінен жинақтаған теориялық білімді бекітуде, дұрыс жазу емлесі мен дұрыс сөйлеу өлшемдерін қалыптастыруда, оқушылардың тілін ұстарту, байланыстырып сөйлеуге үйретуде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту дағдыларын қалыптастырады. Қатысым әдісі арқылы оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда жүргізілетін жаттығулар жүйесінің қатысымдық бағыты, танымдық қызметі және шығармашылық ойлауды дамыту бағыттары негізге алынады.

Мемлекеттік тілді орыс сыныптарындағы оқушылардың жазба жұмысын дамыту аса күрделі әрі үнемі ізденісті қажет ететін іс. Сабақ жүргізу әдістемесін меңгерген ұстаз сабақты түсіндіріп қана қоймай, оқушының өз бетімен ізденуіне түрткі болып отыруы, жетектей білуі қажет. Осы орайда, ұстаз дәстүрлі әдіс-тәсілдерді түрлендіре отырып және жаңа технологияларды ұтымды пайдалана отырып оқыта білсе, оқушының бойындағы тілге деген қызығушылықтың артары және жазбаша сөйлеу тілінің дамуы сөзсіз.

Орыс мектептеріндегі қазақ тілін жүргізу мұғалімдерден көп дайындықты талап етеді. Сапалы сабақ оқу тәрбиесінің нәтижелі болуына тікелей әсер етеді. Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әр түрлі жағдайларға байланысты. Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс – тіршілігімен жан-жақты терең таныстыру.

Тіл дамыту-қазіргі мектептің оқу-тәрбие ісіндегі басты проблема-тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу. Сондықтан, мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамытуға, байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөледі, тілдік материалдарды дұрыс бере білу, тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының бір-бірімен қарым-қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылады.

Тілді дамыту дегеніміз – оқушының сөздік қорын дамыту, ойлаған ойын өз еркінше басқа адамға жеткізе алу, оның сөзін түсіне білу, қысқаша айтқанда еркін сөйлей білуге үйрену. Осыдан келіп тіл дамыту жұмысының кең аялы екенін көреміз.

Адам әрқашанда өз ойын ауызша және жазбаша жеткізеді, сол себептен бұл ұғымдар өзара байланысты. Ауызша жеткізу дегеніміз – сөйлеу. Сөйлеу – тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау. Әр адам сөйлеу арқылы екінші адамға өз ойын жеткізе алады.

Сөйлеу әрекетінің өз сипатамалары бар. Солардың бірі – сөйлеудің мазмұнды да мәнерлі болып келуі. Егер сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса ол сөз мәнін жоғалтуы мүмкін. Ал сөзді мәнерлеп айту – әрбір сөйлемге әсерлі үн, саз береді. Аталарымыз айтқандай, бір ауыз сөзбен адамды дертінен жазуға немесе өлтіруге болады. Демек, сөздің құдіреті өте күшті. Сабақтың пікірлесу кезеңінде оқушылар әрбір сөзді орынды қолданып, әр сөзге екпінді дұрыс қоя білуі керек. Сол жағдайда ғана олардың сөйлеу әрекеттері дұрыс қалыптаса түседі.

Әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне жағдай жасайды.

Тіл дамыту жұмысы, негізінен, мынадай 4 бағытта жүргізіледі.

Біріншіден, мәдени, әдеби сөйлей білу нормаларына үйрету, яғни орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, оқушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

Екіншіден, лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту, тілдің лексика және фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру көзделеді.

Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету.

Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі.

Тіл үйренуде ең басты міндет – оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. 
- Оқушылардың сөздік қорын дамытуға арналған әдіс –тәсілдер туралы мәлімет беру. 
- Әдіс – тәсілдер туралы теориялық ұғым беру. 
- Әдістерді тәжірибеде қолдана білуге үйрету. 
- Қазақша сөйлеу дағдысын дамыту 
- Жазбаша тілін дамытып, орфографиядан түсінік беру. 
- Сөздікті дамыту. 
- Сөйлеу тілінің граматикасын қалыптастыру. 
- Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. 
- Диалогтік сөздің қалыптастыру. 
- Түсінгенін айта білу. 
- Көркем шығармамен таныстыру. 
- Сауатты жазуға дағдыландыру.

Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол-сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма, кітап пен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері. Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, видео кассеталар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтар мен сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін. 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!