Қарқын тәсілі арқылы дарынды балалармен білім шыңына жету
Кіріспе
«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек»
М.В. Ломоносов
Дарын деген не? Дарын адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Яғни дарынды бала, асқан талант иесі. Дарындылық бала бойындағы алғырлық, зеректік.
Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта жан-жақты тұрғыдан қарастырған жөн. Көп психологтар ой-өріс дарындылығын диагностикалау үшін мынадай негізгі функцияларды өлшеп, зерттеу қажет екенін айтады: ой, зейін, ерік, қабылдау, есте сақтау. Қазіргі ғылым мен техниканың қарқынды дамыған шағында нағыз дарынды ғылыми қызмет, ғылыми ойлаудан іздеуге болады
Дарынды балалармен жұмыс істеу жолдары" Оқушылардың логикалық ой-өрісін, шығармашылық қасиеттерін аша отырып, өз бетінше жұмыс жасауға, тапқырлыққа, математика оқу бағдарламасын терең меңгеруге жасалған.
Оқушыларға олимпиадаға дайындық кезінде математика пәні бойынша терең білім беру. Оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге жағдай жасау;" Дарынды балалармен жұмыс істеу жолдары" Оқушылардың логикалық ой-өрісін, шығармашылық қасиеттерін аша отырып, өз бетінше жұмыс жасауға, тапқырлыққа, математика оқу бағдарламасын терең меңгеруге жасалған.
Меніңше, адамды танып-білу, оның бойындағы ерекше қабілетті көре білу мұғалім үшін аса қажет қасиет. Ол үшін ерінбей еңбек етіп, баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімін қадағалай отырып, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті жеке тұлғаны анықтауға болады. Егер мұғалім күнделікті сабақта оқушыға тапсырманы күрделендіріп беріп, бағыт-бағдар көрсетіп отырса, оқушы бұл тапсырманы орындағанда оқулық материалымен шектеліп қана қоймай, өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып, ізденіп жауап береді. Және де деңгейлік тапсырмалар беру арқылы- оқушының қабілетінің шарықтау шегін, танымдық сұрақтар беру арқылы – оқушының жан-жақты ойлау қабілетін, теориялық тапсырмалар беру арқылы- тақырыпты меңгеру қабілетін, венн диаграммасы арқылы – салыстыру қабілетін, ал тест әдісін қолдана отырып оқушының есте сақтау қабілетінің деңгейін анықтауға болады. Сонымен бірге сабақта қарқын тәсілін қолдану оқушының өз білімін шыңдауға, дәлелдеуге, өз уақытын тиімді жұмсауға, өз бетінше жұмыстануға дағдыланады.
Әдебиетке шолу
Кіріспе 1. Ү.Б.Жексенбаева «Балалар дарындылығын диагностикалау».
Алматы.2005ж.
2. М.Жұмабаев «Педагогика». Алматы. 1993ж.
Зерттеу әдістері
3. «Дарын» журналының жинақтамалары.
Нәтижелер
4. «Қазақстан мектебі» журналының жинақтамалары.2007-2009ж.ж.
Қорытынды
5. «Математикаі» журналының жинақтамасы.2009ж.
Зерттеу әдістері
Қазіргі мектепті жетілдіру бағыттарының бірі – дарынды балалармен жұмыс. Қай қоғамда болмасын ойлау қабілеті дамыған шығармашылықпен айналысатын талантты, дарынды жастар қажет, сондықтан мектептің міндеті осындай балаларды анықтап, қолдау көрсету. Біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама берілген: дарындылық белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі. Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар ұйымдастырылды. Яғни баланы оқыту мен тәрбиелеуде түрлі ізденіс жұмыстары арқылы дарындылықты анықтап олардың дұрыс қалыптасуына жағдай жасау керек.
Егер де олимпиадаға дайындайтын курстар мен әдістемелікнұсқаулар арқылы мұғалімдер тәжірибе алмасып отырса, мұғалім шығармашылық ізденіс жолында жүрсе, мұғалім олимпиадаға дайындықтың дұрыс жолын таңдап алып, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізер еді. Олимпиадаға дайындық бағытындағы мұғалімнің әдістемесінің мақсаты мен міндеттерінің дұрыс құрылуының арқасында оқушы пән бойынша терең білім алып, жоғары нәтижеге жетері сөзсіз. Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін, мектеп бағдарламасының біліміне сүйене отырып,математика пәнін тереңдете оқытып, олимпиадаға дайындау. Әр сынып оқушысының жас ерекшелігін ескеріп, әр түрлі деңгейдегі олимпиадалық, регаталық есептер, логикалық тапсырмаларды жинақтаймын. Мақсаты: Оқушылардың қарқын тәсілі арқылы логикалық ойөрісін, шығармашылық қасиеттерін аша отырып, өз бетінше жұмыс жасауға, тапқырлыққа, математика оқу бағдарламасын терең меңгеруге жасалған. Міндеттері: Оқушыларға қарқын тәсілі арқылы олимпиадаға дайындық кезінде математика пәні бойынша терең білім беру; Оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге жағдай жасау;
Нәтижелер
«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны –
логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский.
Психологтер соңғы жылдары адам бойындағы дарындылықтың екі түрін бөліп көрсетті. Біріншісін «Туа біткен» данышпан деп, ал екіншісінің өкілін «Келе-келе қалыптасқан» данышпан деп атау қабылданған. «Туа қалыптасқан» данышпандар — Моцарт, Рафаэль, Пушкин, тағы басқалары өз туындыларында керемет қабілеттілік танытқан. Бұл топқа біздің халықтың ішінен Шоқан Уәлиханов пен Мұхтар Әуезовты жатқызыпты. Ал «келе-келе қалыптасқан» данышпандардың ең үлкен қасиеті — қажымайтын жігер, білімге деген құштарлық, өзіне-өзі қоятын талаптың қатаң болуы екен. Ондайлардың саны мол.
Мектеп қабырғасында түрлі балалар оқиды. Ал адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты — табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену. Демек, табиғи таланттарды ашу, жас талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет не? Ол міндет — оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аянбай еңбек ету. Осы орайда дарынды балалармен жұмыстану барысында саралаудың қарқын тәсілін жиі қолданамын. Тапсырма тәсілі бойынша жеңілден күрделіге дейін тапсырмалар беремін.
Қарқын - кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады.
Қарқын тәсілі арқылы дарынды оқушылармен оқулықтың А, В деңгейлерін ауызша талдап өту С деңгейіндегі есептерді шығарту және қосымша олимпиада, регата логикалық тапсырмалармен жұмыстанып жоғарғы нәтижеге жету. Әлеуметтік желінің дамыған заманында сабақтан тыс уақытта оқушыларға материалдарды интернеттен жүктеп ватсап арқылы жіберу және ютуб каналдарынан күрделі тапсырмалардың шығарылу жолдарын видео роликтан қарап өз өздерін дамытып нәтиже көрсету.
Қорытынды
Менің ойымша қазіргі замандағы әр баланың мақсаты - өзінің білім деңгейін көтеру мен іздену болу тиіс. Осы мақсатты іске асыру барысындағы біздің міндетіміз сол тақырыпты игерумен қатар, кең ауқымды есептерді шешуге деген ойлау қабілетін машықтауымыз болу керек.
Бұны іске асырудың бір жолы қызықтыратын тапсырмаларды дұрыс таңдай білу. Ойлау барысында оқушының дербес жұмыс істеу мүмкіндігін, көңіл қоя білу қабілетін дамыту қажет.
Ұлы ақын Абай өмірдің мәні байлық пен мансапта емес, мәдениет пен әдептілікте, білім мен ғылымда екенін түсіндіре келіп, «Тегінде адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де — ақымактық» деп адамның ең негізгі артықшылығы тәрбиесі мен білімінде екенін айтады.
Абайдың жетінші қара сөзінде дарынды балаға берген алтын ережесінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреу – «ішсем, жесем, ұйықтасам» деп тұрады, екіншісі – «көрсем, білсем, үйренсем» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.» деген екен.
Оқушының өзіне деген сенімін арттырып және іс-әрекетін демеп, қабілетін дамытып, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу-ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін танып, оны сол бағытта жетелеу — ұстаз парызы. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар өте көп.
Өйткені XXI ғасыр — білімділер ғасыры. Сол себептен де білім сапасын арттыру, окушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай қарқын тәсілін қолданып оқытып, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыруымыз керек. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі ұрпак тәрбиелеу керек екенін естен шығармауымыз керек.
Баяндамамды қарқын тәсілі арқылы дарынды балалармен білім шыңына жету үшін инемен құдық қазғандай еңбектену керек екенін жеткізгім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ү.Б.Жексенбаева «Балалар дарындылығын диагностикалау». Алматы.2005ж.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала қарқын тәсілі арқылы дарынды балалармен білім шыңына жету

шағым қалдыра аласыз