жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
мақала: "Қашықтықтан оқыту нысаны - инновациялық білім беру үлгісі"
Қашықтықтан оқыту нысаны - инновациялық білім беру үлгісі
Кашкенова А.М. , Мубаракова Н.Ж. ИнЕУ жоғары колледжінің оқутышылары
Білім беру жүйесіне қазіргі заманғы техникалық құралдарды белсенді енгізу әлемнің көптеген елдерінде және Қазақстанда да, білім беру процесіне көзқарасты түбегейлі өзгертті. Оқытудың кеңінен таралған жаңа түрі – қашықтықтан оқыту. Білімге қойылатын жаңа талаптар, ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы, оқытудың жаңа әдістемелерінің пайда болуы, әлемнің әр түрлі елдерінде жалпы орта білім беру бағдарламаларын стандарттау - осының барлығы қол жетімді телекоммуникациялық, ақпараттық және педагогикалық технологияларды барынша пайдалану арқылы оқыту жүйесіне көзқарасты мұқият қайта қарастыруды талап етеді.
Қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту интернет арқылы оқытушы-тьютордың бақылауымен білім алуға мүмкіндік беретін оқытудың инновациялық түрі ретінде қарастырылады.
Қашықтықтан оқытудың мақсаты- студенттерге өзгеріп жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдайларға тиімді бейімделуге және заманауи қоғамға табысты түрде кірігуге мүмкіндік беретін әмбебап білім беру элементтерін ұсыну. Оқытудың бұл түрі алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларға негізделеді, оларды қолдану студенттің өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне тез және икемді бейімделуді қамтамасыз етеді.
Қашықтықтан оқытудыңбасты ерекшелігі - барлық пәндерді оқу және оқытушылармен қарым-қатынас Интернет және электрондық хаттар алмасу арқылы жүзеге асырылады, сондықтан оқу орнына бармай-ақ білім беру қызметтерін алу мүмкіндігі.
Мұндай оқыту әдісін пайдалану қажеттілігінің факторлары:
- денсаулығы нашар, жиі ауыратын және мүгедек балалармен білім беру үдерісін ұйымдастыру мүмкіндігі;
- дарынды балалармен қосымша сабақтар өткізу;
- оқу жүйесіне әр түрлі стандартты емес тапсырмаларды (ребустар, кроссвордтар және т. б.) енгізу арқылы сабақтың тиімділігін арттыру мүмкіндігі;
- сабақты білім алушының өзіне ыңғайлы уақытқа белгілеу мүмкіндігі.
Қашықтықтан оқыту келесі педагогикалық міндеттерді шешеді:
- студенттер арасында танымдық дербестік пен белсенділікті қалыптастырады;
- тиімді білім беру кеңістігін құрады;
- студенттердің сыни тұрғысынан ойлауын және әртүрлі көзқарастарды конструктивті талқылау қабілетін дамытады
Қашықтықтан білім беру технологиялары - студенттер мен оқытушылардың ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді қолдану арқылы қашықтан өзара әрекеттесуін жүзеге асыратын технологиялар.
Білім беру технологиясы - бұл кешен, оның құрамына келесі факторлар енеді:
- диагностика құралдары;
- оқыту нәтижелерін алдын-ала жоспарлау;
- белгілі бір жағдайлар үшін оңтайлы критериилар моделін таңдау;
- оқыту модельдерінің жиынтығың қамтиды.
Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту электрондық оқыту нысандарының бірі болып саналады, мұнда:
Студент:
оқу уақыты мен нысанын өзі анықтайды;
материалды меңгеру ретін өзі таңдайды.
Студенттің міндеттері:
жоспарланған білім алу үдерісінің нәтижелеріне жеткізу;
білім беру бағдарламасына сәйкес барлық материалды меңгеру.
Оқытушының міндеттері:
қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы білім беру үдерісін ұйымдастыру;
студенттің қорытынды бағалау жүйесін әзірлеу және бағалау;
консультациялық қолдау көрсету.
Сонымен қатар, оқытушы студенттердің жоспарланған оқу нәтижелеріне жетуіне жауапты болып табылады.
Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану барлық оқу курсын немесе жеке бөлімдерді меңгеру үшін ұйымдастырылуы мүмкін. Курстың жеке тақырыптарын меңгеру "әлсіз" және "мықты" студенттер үшін жеке жүргізу ұсынылады.
Қашықтықтан оқытудың маңызды аспектісі - оқу процесіне қатысушылар арасындағы байланысты сақтау. Байланысты қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы телекоммуникациялық технологиялар қолданылады.
Қашықтықтан оқытудың негізгі түрлері:
Бейнедәрістер өткізу үшін әдетте қолданылатын Skype бағдарламасы
Бейнеконференциялар, түрлі форумдар мен пікірталастар.
Чат – оқу сабақтарында пайдалануды талап ететін чат-технологиялары. Мұндай сабақтар синхронды түрде өткізіледі, яғни барлық қатысушыларға бір уақытта чатқа қол жеткізу мүмкіндігі беріледі.
Вебинарлар. Қашықтықтан өткізілетін сабақтар, іскерлік ойындар, семинар мен конференциялар, зертханалық жұмыстар және басқа да іс-шаралар, олар телекоммуникация құралдарын және интернет желісінің басқа да мүмкіндіктерін қолдана отырып жүргізіледі. Вебинарлар чат-сабақтардан көп жұмыс ұзақтығымен (бірнеше күн немесе тіпті ай), сондай-ақ асинхронды өзара іс-қимыл әдісін қолданумен ерекшеленеді.
Қашықтықтан білім беру технологияларын жүзеге асыру мақсатында келесі құралдар болуы қажет:
басқару жүйесі. Әдетте бұл үшін колледж сайты, оқытушының, студенттердің жеке кабинеті, жеке электронды күнделік пен журнал жүргізіледі;
- әзірленген және бекітілген оқыту контенті;
- құжаттарды бірлесіп сақтау және редакциялау мүмкіндігін қамту;
- блог немесе оқытушы сайты;
- желілік интерактивті тақталар, білім картасын жасауға арналған ресурстар.
Қашықтықтан оқытудың барлық түрлері әр түрлі білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қолдануға болады:
- түрлі интернет-іс-шараларға қатысу (онлайн, офлайн) (интернет-фестивальдар, олимпиадалар, конкурстар, викториналар және т. б.);
- емтиханға дайындық;
- әр түрлі колледждің телекоммуникациялық іс-шараларына қатысу;
-жобалау және зерттеу қызметін жүзеге асыру, сондай-ақ желілік жобаларды жүргізу;
- "қызығушылық"бойынша қосымша оқытуды ұйымдастыру.
Колледжде қашықтықтан және күндізгі оқу түрлерін біріктіру арқылы білім беру процесін ұйымдастыру оқытудың ең қолайлы нұсқасы болып табылады.
Қашықтықтан оқыту курстарын құру процесі оқыту мақсаттарын, дидактикалық мүмкіндіктерін, қашықтықтан оқыту технологияларына қойылатын талаптарын терең талдау жүргізуден басталуы тиіс.
Материал құрылымына келесі мазмұнды компоненттер енгізілуі тиіс:
- материалды игеру жөніндегі нұсқаулық;
- негізгі оқу материалы, оның ішінде барлық қажетті иллюстрациялар;
- алынған білімді бекітуг еарналған сұрақтар мен тапсырмалар;
- түсіндірмелері бар бақылау тапсырмалары.
Қашықтықтан оқыту үшін материалды әзірлеудің ең тиімдісі оқу ақпаратының мультимедиялық көрсетілімі, өйткені мультимедиялық элементтер материалды жақсы қабылдауға және есте сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар студенттің санадан тыс реакцияларын іске қосу мүмкіндігі де қамтамасыз етіледі. Материалды берудің мультимедиялық түрі көп функциялы, яғни бөлімнің немесе дәрістің бір бөлігі сабақтың өзіндік фрагменті болуы мүмкін, мысалы, білімді қайталау немесе бақылау.
Қазір жетілдірілген 3D-технологиялар белсенді қолданылады, кітап беттері емес, мысалы, тұтас бөлменің немесе мұражай залының моделі болып табылатын көрініс мүмкіндігін береді. 3D нысандарын қолдану арқасында жаңа материалды меңгеру процесінде қатысу әсеріне жетуге болады.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру инновациялық жоба ретінде бірнеше ірі блоктарды қосады және келесі іс-шаралар кешені арқылы іске асырылады:
1) Қашықтықтан оқытудың ақпараттық жүйесін енгізу.
2) Негізгі курсты қолдау үшін және оқу пәндері бойынша түрлі қолданыстағы факультативтерін қашықтықтан оқыту курстарын әзірлеу
3) Негізгі курс пен факультативтік сабақтарды қолдау мақсатында оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу.
4) Білім беру процесіне әзірленген курстарды енгізу.
5) Ашық білім беру технологиясын іске асыру.
Оқытушылар үшін қашықтықтан оқыту өз біліктілігін арттыруға мүмкіндік туғызадыі, өйткені әр түрлі әдістемелік бірлестіктер арқылы өз әріптестерімен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ онлайн іс-шараларға қатысуға болады.
Білім беруді дамыту бағдарламасында ақпараттық білім беру технологиялары мен оқыту әдістерін әзірлеу және іске асыру үйлесімді дамыған, ол әлеуметтік белсенді және шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Бұл ретте қазақстандық білім беру жүйесіне қашықтықтан білім беру технологияларын белсенді тарату, халықаралық ақпараттық және коммуникациялық кеңістікте лайықты орын алуға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер тізімі
Андреев А.А. Преподавание в сети Интернет / отв. редактор В.И. Солдаткин, С.Л. Коплан, Г.А. Краснова и др. – М.: Высшая школа, 2003.
Кондакова М.Л. Методические рекомендации по организации учебного процесса с использованием дистанционных образовательных технологий в условиях сетевого взаимодействия образовательных учреждений и организаций / М.Л. Кондакова, Е.Я. Подгорная; Федеральное агентство по образованию; Российская академия образования. – М.: СпортАкадемПресс, 2005.
Коротенков Ю.Г. Дистанционное обучение в системе образования / Ю. Г. Коротенков // Школьные технологии. – 2005. – № 3.
Полат Е.С. Дистанционное обучение: проблемы и перспективы / Е. С. Полат // Открытая школа. – 2009. – № 1.
Шукшина Е.Е. Система дистанционного образования с использованием Интернет-технологий: статья, Красноярский государственный университет, Красноярск, Россия 2008 .

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген