жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
МАҚАЛА Қазақ поэмаларының тақырыптық ерекшеліктері
Мұхамет Айман Серікқызы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқытушысы
Еуразия аграрлық колледжі
Қазіргі қазақ поэмаларының тақырыптық ерекшеліктері
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы поэма жанры әдебиеттанушылардың қазақ поэмасының қандай дәрежеде жазылып, қадағалап сыни пікір жазулары - поэзияның көркемдік деңгейін еселеу, поэтикалық қуатын арттыру мақсатындағы талап пен талғамның жаңа биіккке көтерілу үстінде екенін көрсетеді. Поэма- қазіргі казақ поэзиясындағы мол өркендеп , кең өріске шыккан шешуші жанрлық түрлердің бірі болып табылады. Поэзия — қасиетті де сөз. Поэзияны үлкен кұлып десек, оны ашатын алтын кілт — акын жүрегі.Ақын халықтың сүйікті де ардақты азаматтарының қатарында тұрады . Халық қалаулысы болу ақынның тілге шешен болуы ғана емес, бірге сонымен бірге халық тұрмысының шындығын суреттеуі , оның қуанышына куанып , қайғысына бірге кайғыруы . Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский поэзияға мынадай анықтама береді: куанышы. «Поэзия - сәбидің күнәсіз ажары, жарқын жанары, күміс күлкісі, жанды Поэзия көрікті қыздың жүзіндей ұялшақ, албырт кызғылт, теңіздей, көгілдір аспандай тұңғиық көзінің ынтықтық сәулесі. Әйтпесе оның кара көзіндегі өткір от , мәрмәр иығына төгілген бұйра шашының толқыны , торғын кеудесінің демігіп тыныстауы, күміс үнінің гармониясы, сиқырлы сөзінің музыкасы, тал бойы, сұңғак сымбатынын мінсіз мүшелері , сұлу қозғалыстарының ғажайып сиқыры ... Поэзия қайраты кайнардай балғын жігіттің отты көзі , өрен ерлігі, тентек тегеуріні , аспан мен жерді жалынды құшағына сыйдырмақ болған тойымсыз талабы . Поэзия ұйығандай , құйылғандай орныққан , өз еркін әбден билеген , өмір үшін жетіккен , тәжірибемен шыныққан , рухани күші теңескен көңіл көзі көреген , ойға батыл , майданға батыр ер қуаты . Бүкіл әлем , гүл . Бояулар , дыбыстар , бар жаратылыс , барлық өмір – поэзия дүниесі , осы құбылыстардағы құпия қуат , оларға тіршілік , ойнақы өмір беретін сырлар поэзияның тетігі мен жаны . Поэзия - әлемдік өмірдің кан тамырының соғуы , сол өмірдің қаны мен оты , жарығы мен күні » қазіргі қазақ әдебиетінің орга жығылып , орта жолда қалып қоймайтындығы көңілге медет , ойға азық . Ескі және жаңа замандардың арасындағы өлaрa мезгілдің өзінде - ақ қазақ поэзиясына сыры да , жыры да бөлек жаңа ақындар толқыны келіп қосылып , ұлтымыздың көркем ойының көшін түзуде.Жаңарған заман , өзгерген қоғам сияқты жаңа ақындар да көктен түскен , ғажайыптан пайда болған жоқ .
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэмасынын такырып ерекшеліктері «Тәуелсіздік жылдары қазақ ақындары өлең өлкесінің өрелі жанры поэмаға құлаш ұруын үдете түсті. Ел көгінде желбіреген азаттык туынын желбіреуі қазақ ақындарының шабытына шабыт қосты » , - деп баға берген болатын поэма жанрының маманы Ә.Нарымбетов.Қазақ халқы тәуелсіздікке қол жеткізуі қазақ әдебиетінің де оның ішінде поэма жанрының да жан - жақта құлаш ұра дамуына үлкен әсерін тигізбей қойған жоқ.Осы кезеңдегі поэтикалық шығармаларды алап карасақа әртүрлі тақрыптарды арқау етіп , жан - жақты дамығанын көре аламыз .Сол себепті де жіктеп қарастырсақ болады : осы кезеңдегі поэтикалық шығармаларды такырыптық жағынан төмендегіше .Тарихи оқиғаларға байланысты ( « Желтоқсан » оқиғасына қатысты ) : Асқар Егеубаев « Желтоқсан » , Зәбира Сүлейменқызы « Желтоқсан ызғары » , Несіпбек Айтұлы « Мұқағали - Желтоқсан » , Ғалым Жайлыбай « Ақ сиса » , « Қара орамал » және т.б. 2.Тарихи тұлғалар жайындағы : Жәкен Бөденұлы « Жақия » , Темірхан Медетбек « Махамбет рухының монологы » 3. Елбасына арналған поэтикалық жырлар : Несіпбек Айтұлы « Бәйтерек » дастаны , Тұрсынхан Әбдірахманқызы « Елтұтқа » поэмасы , Күләш Ахметова « Теңдік үшін мұхитқа қайық салдық » поэмасы ; 4. Жаңаша бағытта туған поэмалар : Қ.Мырзалиевтің « Бес жыл өткен сон » поэмасы , Мұхтар Шахановтың « Өркениеттің адасуы » мен « Жазгер жады космсформуласы » ; 5. ХХ ғасырдағы тарихи оқиғалар жайындағы поэмалар : Қ . Мырза Әли « Өткелдер » , « Дерт » , « Заман - ай » ; ХХ ғасырдың соңғы ондылдығында қазақ ақындары кеңестік дәуір тұсында айта алмаған , терең бойлай алмаған тарихи тақырыптарға ден қойды . Ол кешегі Ресей патшасы жүргізген отаршылдық зардаптары еді . Тарихи тақырыппен қоса тарихи тұлғалар өмірін арқау еткен поэмалар қатары да өсті.Сонымен қатар бұл жылдары тарих қойнауына енген ХХ ғасырдың көркем шежіресін жасаған поэмалар көбейді.Солардың қатарына Қадыр Мырза Әлінің « Өткелдер » , « Дерт » , « Заман - ай » поэмаларын атауға болады . Ақын « Өткелдер » поэмасында балалық шағын соғыс ұрлаған , ерте есейір ауылдағы қыз келіншек пен қариялардың ауыр бейнетін бөлісу мақсатында қолдарындағы күрегін алып егістікке шыққан өз замандастарының көзімен көрген шындығына жан бітірген . « Кетті жанып бір кезде шанғандары : Сталиндік құжаттар- Жалған бәрі ! » деп басталган шыгарма отыз жетінші жылғы зұлматтан бастап сөз болады . Отызыншы жылдардың ойраны « У іштік кой тостақтан , кесемен де ! » дейтін тек қана лирикалық киіпкерге емес , жалпы қазақ халқына у iшкiзгені мәлім .
Поэма жанрының көркем әдебиеттің халық тарихымен ажырамас бірлікте екенін көрсетті . Қазақ ақындары тәуелсіздік тұсында ел өмірінен ерекше орын алған тарихи оқиғаларға жан бітірді . Егемендік , азаттық идеясын көтерген туындылар - бүгінгі тәуелсіздігіміздің онайшылықпен келмегенінің айғағы
Қорыта айтканда , тәуелсіздік жылдарындағы поэзиялық шығармалардың көркемдік , идеялық және әдіс - тәсілдік салада да өзгеріске түскенін атап айткан шығармашылық мақсатқа жен . Акындардың көркем ойлау , көркем бейнелеу -көркем образдар жүйесінің жеткізе алды . Поэзиялық тык шыгармаларда Біріншіден , кеңестік дәуірдің соңғы жылдарында орын алған көсемсөздік сипат жалғасын тапты . Екіншіден , нәзік лириканы бойына сіңірген жыраулык дәстүрдің жаңгыруы көруге болады . Үшіншіден , көне түркілердің сарынын жеткізетін түркішіл желі дүниеге келді . Төртіншіден , ұлттық танымын еуропалык үлгімен көмкере білген шығармашылык иелері әдебиет алаңына шықты . Тәуелсіздік идеясы қазақ әдебиетінде ежелден қоныс тепкен ұғым . Тәуелсіздік дәуірінде бұл мәселе қиялдан гөрі нақты шындық ретінде жырлана бастады . Алайда оны қабылдау әптүрлі ыңғайда болды . Азаттықтың әркімге де қуаныш әкелетіні анық . Әйтсе де , ол халықтың барлық бөлігіне бірдей молшылық пен таусылмас игілік әкелген жоқ . Жаһандану үдерісінің жағымсыз әсері де сезіле бастады . ізгілікке құштарлықтан өмір уықыт тынысын сезініп отырады . Демек , ақын поэзиясындағы көркемдік қабылдау , арналарынан қоғам , кезең көріністері бар сыр - сипаттарымен даралана түседі . Осындай ізденістер ақынның он үш томдық шығармалар жинағының өн бойынан көрінеді . Ақын өлеңдердің алтын қазығы біреу –халық қамын ойлау . Әсіресе , замана жайынан ой ұқтырып , қоғамның әлеуметтік жағдайын шыншылдықпен шынайы жырлаған сыншылдық сарын әсте қалмай өлең өрімінде бірге дамып отырады . Қазіргі қазақ поэмаларының бұрынғы поэмалардан басты айырмашылығы ретінде ондағы оқиғалардың , сюжеттік тәсілдердің тек бір ғана оқырманың басына ғана құрыла бермейтіндігін атауға болады . Яғни,мұндағы ерекшелік – баяндау тәсілі ауқымды түрде болады және өмір шындығы да кең аумақты қамтиды . Бұдан « поэмалардың барлығы бірдей , ұқсас түрдегі баяндау тәсіліне ие » деген ой тумауы тиіс . Себебі , өзіндік стильге , ұстанған агымга , колданған әдістерге сай әр поэманың өзіндік ерекшеліктері де болатыны сөзсіз . Қазіргі поэма жанры тақырып түрлілігімен , дәуір , ұлт рухын берумен , өткен оқиғаларға өз бағасын айтуымен ерекшеленеді . Қорыта айтқанда еліміздің тәуелсіздік алуы қазақ жазушыларының ұлттың арғы тарихына үңілуге жол ашты . Әр түрлі тақырыптарды қозғады .
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген