Материалдар / Мақала. Қазақтың ұлттық ойындарымен баланың сөйлеу тілін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала. Қазақтың ұлттық ойындарымен баланың сөйлеу тілін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ойындар арқылы бала еш қиындығы, өз ойын ашық айтып, кез келген ортаға оңай сіңісіп кететін діні, ұлттық ойынның орасан пайдасы болмаса еш зияны жоқ екені жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2021
444
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Аннотация

Бұл жарияланымда балалардың сөйлеу тілін дамытудың бірден-бір негізі – ұлттық ойындар екені жазылған. Ұлттық ойындар арқылы бала еш қиындықсыз, өз ойын ашық айтып, кез-келген ортаға оңай сіңісіп кететіндігі, ұлттық ойынның балаға еш зияны жоқ екені жазылған. Мақалада логопедтерге ойынның қандай түрлерін сөйлеу тілінде кемшіліктер кездесетін балаларға пайдалануға болатындығы жазылған. Ұлттық ойындар арқылы оқушылардың сөйлеу мүмкіндіктерін, тілінің даму деңгейін қалптастыруға көмектеседі. Қазақтың ұлттық ойындары – логопедтерге үлкен көмек екенін айтылған. «Ұшты - ұшты», «Алтыбақан» т.б ойындарды логопедиялық сабақтарда ұйымдастыру әртүрлі әдіс-тәсілдермен жүзеге асады. Ойын – баланың жан серігі. Мақаланы оқи отырып, ең алдымен не нәрсенің болсын қайнар көзі болатындығын түсінесіз. Ойын арқылы баланың жауапкершілік, шағармашылық, қайраттылық қабілеттері артады. Ойын кезінде баланың ойлауы мен елестету қабілеттері ашық көрінеді. Өз ерекшеліктері ашылады. Қазақ халық ойындарын сабақ барысында қолдану оқушыларға ұтымды нәтиже береді.









































Қазақтың ұлттық ойындарымен баланың сөйлеу тілін дамыту

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы іс-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?» деп жырлағандай, баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.

Ойын - балалардың күнделікті тиімді іс-әрекеті. Ол балалар үшін әлеммен қарым-қатынас кезінде шексіз қажеттілік пен қызығушылығынан туындайтын іс-әрекеттің бір түрі.

Ойын кезінде баланың ойлауы мен елестету қабілетінің ерекшеліктері, оның белсенділігі, қарым-қатынасқа түсудің қажеттілігі ашық көрінеді.

Ойын арқылы бала үлкендер әлеміне еніп, әлеуметтік негізді қамти отырып, рухтық бағалықты қамтиды. Ойын кезінде баланың қиялы күшейе түседі.

Халық педагогикасында қазақ халық ойындары дәстүр ретінде қолданылады. Халық ойындары қазақ халқының педагогикалық мәдениетінің бір компоненті болып табылады. Бұл ойындары балалардың сөздік қорын молайтуға және белсендіруге, сөздерді дұрыс және еркін қолдануға, сұрақтарға толық жауап беруге, байланыстырып сөйлеуінің дамуына толық мүмкіндік береді. Ойын барысында барлық әрекеттерін сөзбен білдіру, сөйлеу әрекетін белсендіруге қажетті жағдай жасайды, дыбыс айтуының, лексикалық-грамматикалық құрылымының бұзылыстарын түзетуге, моторлы функцияларын жетілдіруге көмектеседі. Логопедиялық сабақтың нақты мақсат, міндеттеріне сай әдістемелік дұрыс іріктелген арнайы тәсілдер енгізу мүмкіндіктері шектеулі балалардың сөйлеу тілінің коммуникативті функцияларын қалыптастыру және түзетушілік міндеттерді шешу мақсатымен ойынның мазмұнын қарастыру және толықтыруды көздейді.

Қазақ халық ойындарын сабақ барысында әртүрлі өткізуі, оның ішіндегі тапсырмаларды балалардың сөйлеу тілінің даму деңгейіне, сөйлеу мүмкіндіктеріне байланысты логопедиялық сабақтарда қолдану халық ойынының түзетушілік функцияларын ажыратуға мүмкіндік береді. Халық ойындарын сабақтың мақсат, міндеттеріне байланысты логопедиялық жұмыстың әр кезінде қолдануға болады: дайындық, дыбысты машықтандыру, ажырату, коммуникативті дағдыларын қалыптастыру.

Балаларға бір ойын негізінде әртүрлі жақтан амал ету, логопедиялық жұмыста арнайы тәсілдер, материалдар қолдануға, ойынның мазмұны, міндеттері балалардың сөйлеу тіліне қойылатын талаптарды өзгертуге мүмкіндік тудырады.

Ойындар түзетушілік, тәрбиешілік, білімділік міндеттерді шешуінің байланысын қамтамасыз етеді. Кез келген әрекет кезеңменен қалыптасатыны белгілі. Балаларды халық ойындарына үйрету төмендегілей кезектілікпен жүреді:

  1. Логопед (экспериментатор) ойынды атайды. Балалар оның артынан

қайталайды, содан кейін өз бетінше ойынның атын атайды.

  1. Балалардың жасына сай, әрекетке ниеттейтін түсінікті және негізгі мақсаттарын, уәжділігін (мотивациясын) түсіндіру.

  2. Халық ойындарының мазмұнын балаларға түсінікті және оңай түрде түсіндіру. Әрекеттерді, қимыл-қозғалыстарды жаттықтыру. Қалыптастырып жатқан қимылдарды вербалдау.

  3. Лексикалық жұмыс ойынның міндетті элементі болып табылады. Ойын кезінде кездесетін жаңа сөздерді балаларға түсіндіріп, қайталап айтқызу керек.

  4. Түзету жұмысы логопедиялық сабақтың мақсатына сай жүргізіледі: қимылдарын жеілдіру, қалыптастырып жатқан қимылдарды вербалдау, дыбыстарды дұрыс айтқызу, т.б.

  5. Әр баланың әрекетін міндетті түрде сөзбен бағалай отырып, ойынды аяқтау. Қоғамдық мотивтерін енгізу.

  6. Логопедпен және балалармен қалыптастырылған функцияларды бағалау: әрі қарай жалғастыратын әрекетін анықтау үшін ойынға қатысушының әр қайсысының әрекетін бағалау қажет, меңгерген білімдеру, дағдылары, іскерліктері бағаланады.

Балаларды сөзсіз және сөйлеу тілінің процестерін қалыптастыруда логопедиялық сабақтар ойын түрінде өткізілуі тиіс, мысалы, «Сақина салу», «Хан алшы», «Орныңды тап», «Ұшты-ұшты», «Алтыбақан», «Сандық», «Қолтұзақ», т.б. ойындарды логопедиялық сабақта бала тілінің даму деңгейін ескере отырып, әр түрлі әдістермен, тәсілдермен де қолданылады. Бұл жағдайда ойынның коммуникативті беталыс принципі іске асады, сөйлеу әрекетіне ынталандыруына қажетті жағдай жасалады. Халық ойындарын ебімен қолдану балалардың шаршағандығын азайтады, балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Басқаша айтқанда, ойын сабақта шығармашылық атмосфераның болуына, жағымды жағдай тудыруға мүмкіндік береді. Бұл түзетушілік міндеттерді іске асыруға ықпал етеді.

М.Әуезовтің айтуынша, қазақ халқының тарихында көптеген қызықты ойындар бар, олар балалар үшін тек қана көңіл көтеру ісі емес, сонымен қатар ләззат алу құралы деген. Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, логопедтер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас бүлдіршіндер ойнай да, ойлай да білсін.

Ойын – мектеп жасына дейінгі кезеңде басталып, адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі.

Ойын – баланың жан серігі. Қай бала болмасын ойнап өседі. Ойын сырттай қарағанда қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді-мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені,  ең алдымен не нәрсенің болсын жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын – бала бойындағы қандай да болмасын бір өнердің бастауы деп білеміз. Өйткені, болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлерінің нышаны ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы: Базарбек Төтенаев, Алматы «Қайнар» баспасы 1998 ж.

  2. «Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар – М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев, Алматы «Балауса» 2000 ж.

  3. Бала тәрбиесі, № 12, 2013ж.

  4. Отбасы және балабақша. №1, 2014 жыл.

  5. Бала мен балабақша. №1, 2012 жыл.

  6. «Қазақтың ұлттық ойындары» Б.Төтенаев. Алматы «Қайнар» 2004 жыл.

  7. Бала тәрбиесі №2, 2015 жыл.

  8. Отбасы және балабақша №10-11-12,  2013 жыл.
     






































Батыс Қазақстан облысы. Казталов ауданы.

Бостандық жалпы орта білім беретін мектебі.

Ғайноллина Аяжан Сержанқызы. Логопед-мұғалім.

«Ұстаздық шеберхана» айдары







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!