мақала: "Рухани жаңғыру"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

мақала: "Рухани жаңғыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқаша мақала: "Рухани жаңғыру" қазақша тілде жазылған. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Рухани жаңғыру»

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
Н. Ә. Назарбаев.

Тұңғыш елбасымыздың еліміздегі рухани жаңғырудың тұжырымдамалық бағдары қарапайым азамат түсінетін, баршаға ұғынықты, бай әрі ықшам тілмен жеткізілген. Оның басты мақсаты – Ұлт жоспарын орындау аясында әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру болып табылады. Рухани жаңғыру бағдарламасының білім саласына қатысты тұсы - келешек ұрпақты кемел білімге сусындататын үлкен мүмкіндік. Қазір бәсекеден тыс қалған бірде - бір сала жоқ. Ал барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына тәуелді.  Елбасы жолдауына № 51 бөбекжай балабақшасы да, өз үлесін қосу мақсатында білім жолындағы тың идеяларды іздену үстінде. Соның ішінде мен де өз тобымда балаларыммен көп жұмыс атқарудамын. Біздің ең биік мақсатымыз келешегі кемел білімді ұрпақ тәрбиелеу. Бала бойына сапалы білім мен үлгілі тәрбиені сіңіру - тәрбиешінің алдына қойған басты мақсаты деп білемін. Әр үйдің үміті болған кішкентай бүлдіршіндерді Отансүйгіштікке, ұлттық салт - дәстүрімізді құрметтеуге, өлкеміздің табиғатын қорғауға қалыптастыру балабақша табалдырығынан бастау алуы қажет. Елбасымыздың алға қойған міндеттерінің бірі білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді көздеген. Мен осы бағытта өз тобымдағы балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру бағытын қосымша жоспар жасақтау арқылы алдыма мақсат қойып алдым. Менің міндетім балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға баулу арқылы, балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар туралы нақты жалпылама түсінік қалыптастыру болды. Осы міндеттерді жүзеге асыру барысында ең алдымен экология оқу қызметімен пәнаралық байланыс ұйымдастырдым, ертеңгілік жаттығуларды, оқу қызметтерін табиғат аясында өткізу арқылы табиғаттың әсемдігін сезіндіріп, оны қорғауға тәрбиелеу. Сонымен қатар күннің екінші жартысында табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктеріне қамқорлық жұмыстарын ұйымдастыру арқылы балаларды еңбекке тәрбиелеймін. Өлкеміздің көрікті жерлерін балаларға дәріптеу мақсатында теңіз жағасына оқу қызметтерін өткіздім. Алдағы уақытқа қойған бағытым: Мектепке дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін құру, аймақта қоныстанғандарды бақылау, табиғат бұрышын безендіруді әрі қарай жалғастыру, экологиялық акциялар ұйымдастыру. Балаларға экологиялық сапалы білім беруге арнайы жағдай жасау негізінде бейнелеу пәні жетекшісімен бірлесіп, жас эколог үйірмесі жоспарын жасақтап жатырмын. Барлық топтар арасында апталықтар, акциялар, көрмелер ұйымдастыру жоспарымда тұр. Отбасы және балабақша арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында «Құстарға қамқор болайық» тақырыбындағы экологиялық акцияны осы қазан, қараша айларына жоспарлап отырмын. Сөзімді қорытындылай келе, мен өз балабақшамда ізденімпаз тәрбиеші ретінде балабақша бүлдіршіндерін білімге деген құштарлығын арттырып, оны әрі қарай шыңдап, бүгінгі заман талабына сай етіп, жеке тұлға қалыптастыруда аянбай еңбек етуге жұмыстанамын. Мен өз кәсібімнің, жасап жүрген білім ошағын беделін арттыру мақсатында өзіндік қадамдарымды жасап келемін. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі жан - жақты болуы шарт деп есептеймін.

Шукеева Дина Сакеновна

51 Бөбекжай балабақшасы

«Балапан» ересек тобының тәрбиешісі.

Қостанай облысы, Қостанай қаласы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.05.2022
208
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі