Материалдар / Мақала: Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа белесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа белесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамның ішкі әлемінің жаңаруы, сана –сезімі, жаңа өзгерісті қабылдау білуі туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2021
364
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шымкент қаласы

М. Лермонтов атындағы №17 ЖОМ

Бастауыш сынып мұғалімі

Джанбиршаева Сандигуль Утесиновна



Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа белесі


Рухани жаңғыру – адамның ішкі әлемінің жаңаруы, сана –сезімі, жаңа өзгерісті қабылдау білуі. Рухани жаңғыруды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, дамыған елдердің өркендеуіне «рухани жаңғырудың» әсері мол болған.

Рухани жаңғыру – ХХ ғасырдағы әлемдік өркениет дамып, жаһандану үрдісі жүріп жатқан кезеңде дәл мерзімінде жарияланған мақала. Олай дейтін себебім, рухани жаңғырудың әрбір белгілері халқымыздың бойында бар. Сондықтан оған мемлекетіміз құрылғалы бері тіпті, Қазақ хандығы мен Түркі дәуірі кезінен бері біте қайнасып келе жатқан салт –дәстүр, әдеп – ғұрып, ұлттық құндылықтарымыз бен асыл қазыналарымыздың сақталғаны дәлел бола алады. Дегенмен қазіргі уақытта жаһандану заманы қоғамға ықпал етіп, адамдарға өз зиянын тигізіп жатыр. Өйткені жастарымыз Еуропа мен озық алпауыт елдерге еліктеуде.

Сондай –ақ цифрлық ақпараттарға бас ұрып, өзіміздің салт –дәстүріміз бен тарихымызды, тіліміз бен ділімізді ұмытып қалуға шақ тұрғандары да бар. Сол себепті Елбасының бұл мақаласы дәл уақытында жарияланған еңбек. Бұл бір. Екіншіден, егер жаһандану заманынан рухани байлығымызға кері әсерін тигізеді деп қалып қойсақ,онда әлемнің көшінен қалып қоямыз. Сондықтан екеуін қатар алып жүруіміз қажет. Жаһандану заманында барлық озық технологияны меңгеруіміз, әлемдегі барша ақпараттарды білуіміз, қысқасы, өзіміздің дамыған озық 30 елдің қатарынан көру үшін заман үдерісінен қалмауымыз керек. Себебі жаһанданудың әрбір белгісі өмірімізге еніп кетті. Осы кезеңде рухани жаңғыруды қатар алып жүрмесек, ертеңгі күні жаһандану заманының зиянды ықпалына қарсы тұра алмай қалуымыз мүмкін.

Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды. Бәсекелік қабілет ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп, ХХІ ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу табыстың кілті екенін атап өтті. Прагматизм прнинципін пайдаланып ұлан –ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен алдағы межеге жету арқылы түрлі саяси радикалды иделогияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды. Елбасымыздың үшінші қағидасы ұлттық бірегейлікті сақтау проинципі бойынша ұлттық код, яғни халқымызға тән салт –санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда болуы керектігін баса айтты, сонда ғана алға басулар болатынын ескертті. Білімнің салтанат құруы принципіне сәйкес қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні білімді жастардың қолында екеніне баса назар аударды.

Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы, бәрі барынша өзекті және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл –парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат.

«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады..» Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы », деп атап өтті. Елбасымыз.

Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз. Мен рухани жаңғыруда әрбір тұлға өзінің жеке басынан бастауы керек деп санаймын.

«Рухани жаңғыру» -еліміздегі білім берудің бүтіндей жүйесінің айрықша «мүмкіндіктер кеңістігіне» айналуда. Бұл маңызды құжат білім беру ұйымдарының тәрбие және иделогиялық жұмыстарын жүйелеуге кең мүмкіндіктер ашады. Осы мақсатта біз рухани білім беру бағдарламасын дайындау және жетілдіріп отыру негізгі міндеті болып табылатын қоғамдастық жұмыстарын жетілдіру керекпіз деп санаймын. Жаңашылдықты ескі әдістермен оқытуға болмайтыны аян.

Сондықтан да бағдарламаны жүзеге асыру аясында жобаның әдістерін оқу –тәрбие үрдістеріне кеңінен енгізуге бағыт алу –заман талабы. Біздің таңдауымыздың негізінде білімнің салтанат құруы қағидасы тұр. Жобаның қызметі сөзден іске көшіп, қажетті қолданбалы икемділіктерге ие болуға мүмкіндіктер туғызу.

Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа белесі. Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысы Елбасымыз айқындаған дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!