Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Мақала "Рухани жаңғыру- білім үдерісінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Олай болса, қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ –БІЛІМ ҮДЕРІСІНДЕ

А.А.Шекербекова

44 «Жаңа дала» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ш.Ділдабеков а/о, Жаңа дала ауылы

Рухани мәселе адамның санасын күрт өзгерту, сайып келгенде, қоғам жаңғыруының ең күрделі, ең қиын саласы. Өмір талабы инновациялық ізденістерді қажет етеді, сондықтан әр оқу жылында негізгі бағытымызды түрлендіріп, толықтырып отыруды тәжірибеге айналдырғанбыз. Осы орайда оқу тәрбие жұмысында жаңару үдерістерін енгізуді мақсат етіп отырмыз. Өйткені ҚР жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасында ұлтжанды, рух-жігері шыңдалған әлеуметтік жағынан бейімді тұлғаны тәрбиелеу – мектептерінің негізі ретінде айқындалған. «Рухани жаңғыру» - еліміздегі білім берудің бүтіндей жүйесінің, оның ішінде мектеп үшін айрықша «мүмкіндіктер кеңістігіне айналуда. Ғаламдану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің салмағы орасан зор болып отыр. Мұғалім ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек. Рухани жаңғырудың ең басты шарты – «білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу». Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 05.10.2018 жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында «Орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленгенін, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аудару керектігі жайлы айтылған. Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуы тиіс, бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болатындығын және білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуі тиіс екендігі жайында айтылғандай оқу-тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде-оқытушы басты тұлға болып табылатыны сөзсіз. Осындай талапқа сай қызмет істеу үшін алдымен оқытушы өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз мамандығын барынша жетілдіру және қызметі саласындағы жаңалықтар мен өз тәжірибені үнемі пайдалануы тиіс. Сонда ғана оқытушы қызметі бүгінгі күннің талабына сай болады. Үздіксіз іздену - бүгінде оқытушыларға қойылып отырған басты талаптардың бірі. Оқытушы шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру.

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір білімгердің сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Оқыту технологиясы оқыту үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Қазіргі кездегі білім беру сапасы білімгердің әртүрлі әрекет саласында өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндікті қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзіреттілік түріндегі білім нәтижелерімен түсіндіріледі.

Сондықтан, бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Оқу-тәрбие процесін жаңартумен қатар, оны жүзеге асыратын әрбір педагогтың көзқарасын, оқушымен қарым-қатынасын түбегейлі өзгерту, әр баланың жеке және жас ерекшелігіне қарай дербес дамуын қамтамасыз ету, оларға білімнің өз мүддесі үшін қажеттігін сезіндіру, құзырлылығын айқындау – бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім педагогикалық, психологиялық, философиялық, физиологиялық және т.б. ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. Бүгінгі таңда білім саласында қызмет ететін әрбір педагог жаңару процесін жалықпай қарсы алып, өзінің іс-тәжірибесіне енгізуге асығуы тиіс. Өйткені өркениетті елдің білім саясаты жаңашыл ұстаздың тың көзқарасын қажет етеді.

Сапалы білімнің негізі – жан-жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен тиімді технологияларды, әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыға кітаптан таба алмайтын білім беру. Ендеше бүгінгі білім берудің сапалы болуы үшін мұғалімнің жан-жақты академиялық білімінің болуымен қатар ұстаздың мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің, шығармашылық қабілетінің, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттерінің болуы тиіс. Жалпы инновациялық пен ақпараттық бағытты тең ұстаған ұстаздың жеке бас қасиеттері мен кәсіби шеберлігін біртұтас байланысты ұғым ретінде қарастырған абзал. Сонымен қатар жоғары қасиеттерге ие тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімнің кәсіби қасиеттері, икемділіктері жаңаша қырынан сипат алуы керек. Мұғалімнің білім-білік дағдылары, өз мамандығына қатысты білім жүйесі, жұмыс істеу шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым-қатынас стилі, педагогикалық әдеп, жүріс-тұрысы т.б. жатқызамыз.

Қорыта келгенде, Елбасымыздың жаңа жаһандық үрдерістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр.Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жал­ғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс — біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді. Ендеше, әлем өзгеруімен қатар біз де жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін аша білейік! Мектебіміздің білім сапасын арттыру үшін білім беру мен оқытудың жаңа тәсілдерін мақсатқа бағыттап тиімді  қолданайық!



Пайдаланылған әдебиеттер:
1. http://www.akorda.kz/
2.
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар журналы
3.
Елбасының 2018 жылғы 5 қазан күнгі Қазақстан Халқына Жолдауы
4. Әбілқасымова А.Е., Омарова Р.С. Мұғалімдердің танымдық іздемпаздығын қалыптастыру негіздері. Алматы, 2003ж.




































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
337
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12