Материалдар / МАҚАЛА: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ САБАҚТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МАҚАЛА: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ САБАҚТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Кез - келген мектептің мақсаты мен мұраты өркениетті елдердің қатарынан көріну, жер мен ел байлықтарын ысырапқа салмай игере білетін ұрпақ тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2021
392
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жумабекова Гульмира Бектемировна

ШҚО, Семей қаласы

Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия

Рухани жаңғыру орталығының жетекшісі,

тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі



РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ САБАҚТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Баяндама сабақтан тыс оқуға арналған. Баяндаманың мазмұндық құрылымы тақырыптан, тақырып бойынша берілген жоспардан, тақырып бойынша көмекші материалдардан құрастырылған. Оқушы дайын жоспар бойынша әр-түрлі тақырыпта ой қозғап, кез-келген ортада өз ойын айтуға үйренеді.

Мақсаты:

  • Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» кешенді

мақаласының негізгі міндеттерін түрлі іс-шаралар ұйымдастыру арқылы түсіндіру;

  • Әртүрлі іс-шараның өзіндік тақырыптары және әр тақырып

бойынша теориялық-практикалық, әдістемелік жұмыстардың атқарылғанын әр жұмыстың нәтижесі арқылы дәлелдеу.

Өзектілігі: Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім. Олардың қамын ойлау баршамыздың парызымыз. Кез - келген мектептің мақсаты мен мұраты  өркениетті елдердің қатарынан көріну, жер мен ел байлықтарын ысырапқа салмай игере білетін ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін етене таныстыру қажет.


Ұлттық жаңғырудың түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу.

Осы тұрғыда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы – мемлекеттің адами капиталының барлық мүмкіндіктерін айқындап беретін кешенді жоба.

Бұл бағдарламалық мақаланың мәні өзімізді-өзіміз танып, білуімізге негізделеді.

Орта білім беру барысында "Туған жер", "Туған ел" бағдарламасын жүзеге асыру зор міндет болып табылады. Сондықтан Елбасы мақаласындағы қазақстандық "рухани жаңғыру", кемінде өзара байланысты, бірін-бірі толықтыратын төрт сұрақтың қисынын қамтиды: біріншіден, жалпықазақстандық азаматтық қоғам орнату мұраты түбінде жетуіміз керек айнымас мақсатымыз болуы тиіс,

екіншіден, жалпықазақстандық азаматтық қоғамды мемлекеттік тіл факторы негізінде құру мәселесі,

үшіншіден, жалпықазақстандық азаматтық қоғамды құруда мемлекеттік тілдің интеллектуалды әлеуетінің жетіп-артылатын болуы және соған жағдай туғызу мәселелері,

төртіншіден, жалпықазақстандық азаматтық қоғамның "Мәңгілік ел" аталатын өркениеттік құбылысқа ұласуы үшін мемлекеттік тілде төл философиялық жүйені қалыптастыру міндеті.

Осы тұрғыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында мектебімізде 2018 жылдан бері үздіксіз туған өлкеміздің танымал тұлғаларының жүріп өткен жолынан сыр шертетін «Жақсылар салған іздермен...» тәрбие жұмысы жүріп жатыр.

Кіші бағдарламаның өзіне кеңірек тоқталып өтсек,өмірдің саяси, әлеуметтік және экономикалық салаларын дамыту қоғамдық сананы түрлендіруі арқылы жүреді. Қоғамдық сананы түрлендіру Қазақстан халқының салт-дәстүрін жоғалтпастан жаһандық қауіп-қатерлерге жауап беретін жобаларды іске асыруды талап етеді. Олардың негізгі шарттарының бірі ұлт мәдениетін және ұлттық мәдени-генетикалық кодын сақтау болып табылады. Халықтың ұлттық коды туған жеріне, оның мәдениетіне, әдет-ғұрыптарына, дәстүрлеріне ерекше көзқарас арқылы қалыптасады. Патриоттық сезім өзінің жеріне, кіші Отанына деген сүйіспеншілігінен басталады. Кіші Отанынан үлкен Отанына – өз туған жеріне махаббаттан басталады. Кіші бағдарламаның түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу үшін келесі негізгі жобалар іске асырылады.

1. «Өлкетану» жобасы.

2. «Отаным – тағдырым» жобасы.

3. «Саналы Азамат» жобасы.

Бәсекеге қабілетті, прагматикалық, күшті, патриоттық және белсенді халықты қалыптастыру үшін «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы білім және білімге құштар табысты болашақтың негізін құрайды.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының басты критерийлері: саналы ұрпақ, сапалы білім және бақуатты мемлекет.

Өлкетану» базалық жоба - білімін оқыту оқушылардың рухани-құндылық және тәжірибелік бағдарлануына ықпал етеді және оқу пәндері, тәртіп,сондай-ақ сыныптан тыс факультативтік сабақтар мен үйірме жұмыстары арқылы жүзеге асырылады.

«Отаным-тағдырым» базалық жоба - азаматтардың патриоттық сезімін дамытуға, жастардың ең маңызды рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтарына, қоғамның түрлі салаларында белсенді түрде көрінуіне кәсіби жағымды қасиеттер мен дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.

«Саналы Азамат» базалық жоба - кәсіптік бағдар беруді қолдау, кәсіптік қызметті таңдау еркіндігі жағдайында оқушылар арасында кәсіби өзін-өзі анықтауды дамыту, олардың мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне және еңбек нарығының даму талаптары мен перспективаларына сәйкес.

Рухани жаңғыру орталығында атқарылған іс-шараларға тоқталайық.


«Руханилықтың жалғасы – дәстүрлі өнер!»

( Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «дәстүрлі ән музыкасы» кафедрасының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі Рамазан Стамғазиевпен өткен дөңгелек үстел)

Мақсаты: Қазіргі заманда қазақ жастарына ұмыт болып бара жатқан дәстүрлі өнерді уағыздау, рухани жаңғыру аясында жастарды өз халқының өнерін қастерлеуге тәрбиелеу.


2Picture 1 018 жылдың 10-қараша күні облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Садырбаев Айдар Серікқазыұлымен кездесу.

Мақсаты: Елбасы жолдауын талдау және бүгінгі жастар мәселесі. Бұл кездесуге мектептің 10-11 сынып оқушылары қатысты.


«Желтоқсан тұр басында азаттық деген ұғымның!» тақырыбында желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен дөңгелек үстел.

М ақсаты: Қазіргі заманда қазақ жастарына 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын түсіндіру, рухани жаңғыру аясында жастарды өз халқының тарихын қастерлеуге тәрбиелеу.



«Талантты актер – театр шырағы»

«Шәкәрім. Жолсыз жаза» спектаклін семей халқына ұсынған облыстық

«дариға-ай» жастар театры актерлерімен кездесу

(шәкәрімнің «мұтылғанның өмірі» поэмасы желісімен)

Мақсаты: Өнер адамдарымен – облыстық «дариға-ай» жастар театрының ұжымы мүшелерімен кездесіп, театр өнерінің басқа өнер түрлерінен е рекшеліктерін таниды. Ж. Жұманбай (реж.) Бахтиновтың «Шәкәрім. Жолсыз жаза» спектаклінде басты кейіпкерлерді сомдаған актерлермен сұхбаттасу арқылы оқушылар шәкәрімнің «мұтылғанның өмірі» поэмасының айтар ойын біледі, шәкәрім өмірінің таныс болмаған қырларымен танысады, рухани байлықтарын толықтырады.


«Туған жерге тағзым!» танымдық сағаты.

(9-11 сынып оқушыларының қатысуымен)

МPicture 2 ақсаты: «Кітап – руханилықтың жаршысы» дегендей, Семей қаласы бойынша қоғамдық және қайырымдылық жұмыстармен тұрақты айналысып жүрген, меценат Марат Серікжанұлының өз Туған елі мен жеріне деген үлкен патриоттық сезімінің көрінісі болған, сол кісінің демеушілігімен шыққан кітаптарды талдай отырып, оқушылар өз елінің, жерінің тарихымен танысады.


«Тарих толқынындағы – Ұлы даланың жеті қыры». Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Исин Амантай Исаұлымен кездесу

Мақсаты: Белгілі тарихшы, ғалым, археолог, профессормен кездесіп, Ұлы даланың жеті қыры жайлы толық мағлұмат алады. Археолог, тарихшының тарих толқынындағы орасан еңбектерінің куәсі болады, сол арқылы жастардың бойында өз елінің тарихына деген сүйіспеншілік қалыптасады.





Негізгі үш жобадан басқа жыл сайын «Рухани жаңғыру» Бағдарламасына жаңа бағыттар қосылу үстінде. Олай болса 2020-2021 оқу жылына арналған арнайы жобаларға тоқталсақ.  
«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру»

арнайы жобасы

XXI ғасырдағы ғылыми-білім беру үдерісі мен заманауи коммуникация ерекшеліктерінің арқасында жаңа әліпбиге көшу жастарға, тіпті балаларға да оңай болады. ХХІ ғасыр – компьютерлік ғасыр деп бекер айтылмаған. Интернет-кеңістікте қазақ тілінің латын қарпіне немесе керісінше онлайн-аудармашысын пайдалануға болады.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы

Жаһандану дәуірінде уақыттың барлық сын-қатерлерін қабылдайтын жаңа буын қалыптастыру аса маңызды болып табылады. Мұның басты құралы - білім беру. Әлеуметтік-гуманитарлық саладағы жетекші 100 оқулықтың аудармасы - бәсекеге қабілеттілік пен прагматизм рухында тәрбиеленген қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастырудағы дұрыс қадам болып табылады.

«Туған жер» арнайы жобасы

Құндылықтар мен адамгершілік бағдарлармен біріге отырып, патриотизм ұлттық идеяға ие болады. «Туған жер» бағдарламасының міндеті Қазақстандықтарда өз ауылына, қаласына, өлкесіне, оның тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне, тұрмысына және Отан алдындағы адамгершілік борышына деген сүйіспеншіліктен, мақтаныш пен адалдықтан көрінетін шынайы патриотизм сезімін тәрбиелеу болып табылады.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы

Әр халықтың, әрбір өркениеттің жалпыұлттық сипаттағы және осы халықтың әрбір өкілі білетін қасиетті жерлері бар. Бұл рухани дәстүрдің негіздерінің бірі. Қазақстан үшін бұл ерекше маңызды. Біз рухани бай тарихы бар кең елміз. Бұл рухани географиялық белдеудегі адамдар арасында байланыс ешқашан үзілген емес.  

«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы

Қоғам прогресінің басты көрсеткіштері әрқашан оның мәдени жетістіктері болды. Сондықтан бұл жетістіктерді әлемдік деңгейде таныту аса маңызды. «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасының арқасында барлығымыздың отандық мәдениеттің заманауи жетістіктерімен танысуға мүмкіндігіміз бар.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасы

Бұл өз заманының батырлары. Адамдар әрдайым батырларға мұқтаж және қажет болады, оларды теңестіруге болатын және ең жақсы моральдық-этикалық қасиеттерді сіңірген адамның мінсіз бейнесі қызықтырады. Қарапайым халық арасында өмір сүретін және олар үшін өз ерліктерін жасайтын әлеуметтік кейіпкерлер ерекше бағаланады.

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы

Жоба ауылдағы өмір сапасын жақсартуға, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғыртуға және оларды өңірлік стандарттарға дейін жеткізуге бағытталған. Осы мақсаттарға жету үшін үш негізгі міндетті орындау қажет: ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту; шараларды жетілдіру арқылы әлеуметтік саланы кадрлармен қамтамасыз ету; ауылдағы жастар кәсіпкерлігін қолдау.

«Архив – 2025» арнайы жобасы

«Архив – 2025» жобасы – бұл біздің тарихымызды жүйелеу, соның ішінде оны өз бетінше зерделеу мүмкіндігі. Әр мемлекетте тарихи саясат туралы түсінік бар. Елбасы ұсынған «Архив-2025» жобасы дүниежүзі қазақтарының тарихына қатысты барлық деректерді жинауға мүмкіндік береді. Бұл бірегей жоба жүзеге асырылғанда, біз еліміздің жаңа тарихының куәгері боламыз.

«Ұлы Даланың ұлы есімдері» жобасы

«Ұлы дала - әлемдік өркениеттің бесігі».  Отан тарихын, халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін білу - патриотизм мен ұлттық сана-сезімді жаңғыртудың негізі. «Ұлы Даланың ұлы есімдері» – ұлы ата-бабаларымыз. Олар көпке танымал, біледі әрі құрметтейді. Біздің міндетіміз - олардың мұрасын зерттеу мен мәңгі есте қалдыруға ықпал ету, еске алып, ұмытпау.

«Түркі әлемінің генезисі» жобасы

Ұлы Даладан бастау алған түркітілдес халықтардың ежелгі мұрасы ортақ игілікке айналады. Ұлы Дала елі - әлемге жылқы шаруашылығы мен атқа міну мәдениетін сыйлаған дархан даламыз екені баршаға мәлім.

«Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі» жобасы

Қазіргі Қазақстан аумағында орналасқан Ұлы Дала - адамзат өркениетінің

тарихқа дейінгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі дамуының куәсі болып саналады. Сондықтан музейлер, еліміздің жалпы мәдени кеңістігінде қазіргі заманғы мәдениет пен тарихи мұра арасындағы «делдал» болатын ерекше тетікке айналуы тиіс.

Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы

Халық музыкасының қазақ халқы өмірінде ерекше рөлі бар. Қазақ халқының әндерінде оның көп ғасырлық тарихы, ойлары, сезімдері, үміттері мен армандары, тіпті, қайғысы мен қуанышы көрініс табады. Қазақтың ән өнерінің ауқымдылығы осылай анықталмақ. Мәнді де сазды әуендер әсемдігімен, сан алуан сюжеттері мен жанрлары арқылы тірі жанды баурап алады. Онда барлық жанрлар өзінің қайта өрлеу мен кемелдену күнін естірте алатын бай құдіретті күші бар.

«Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» жобасы

Деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы топтамасын шығару -Қазақстанның өркениет тарихын шартарапқа үздіксіз көрсетпек.

Қорытынды

Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті.


2020-2021 оқу жылында Рухани жаңғыру орталығында

атқарылған жұмыстар

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының басты критерийлері: саналы ұрпақ, сапалы білім және бақуатты мемлекет.

Picture 3 Бағдарламаны іске асырудың  2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы қалалық және аймақтық Рухани жаңғыру орталықтарымен келісіліп жүргізілді.

«ТУҒАН ЖЕР» АРНАЙЫ ЖОБАСЫ

«Туған жер» жобасының  шеңберінде 4-сыныптарда «Туған жерім-алтын бесігім!» танымдық сағаты өткізілді. Бағыты:Ұлттық бірегейлік және халықаралық позиция (ұлттық бірегейлікті сақтау) болды. Мақсаты: Жас ұрпақ Отанын сүюге, туған жерінің тарихын білуге, туған жерін қастерлей білуге тәрбиеленді.

КИЕЛІ ЖЕРЛЕР (СОКРАЛЬДІ ГЕОГРАФИЯ) АРНАЙЫ ЖОБАСЫ

« Қазақстанның рухани киелі жерлері. Қазақстанның сакралды географиясы» жобасы  бойынша «Қазақстанның сакралды географиясы» тақырыбында 11-сынып оқушылары Шығыс Қазақстанның киелі жерлерімен таныстырылды. Виртуалды экскурсиялар, танымдық сабақтар, жылжымалы жиындар, ғылыми конференциялар мен зерттеулер ұйымдастырылды.


100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ АРНАЙЫ ЖОБАСЫ

«Picture 2 Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша "қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" тақырыбында мектеп кітапханашылары 7-10 сынып оқушыларына жаңа кітаптарды таныстыру сағаттарын ұйымдастырды. Әр кітаптың презентациясы арқылы оқушылар жаңа кітаптар туралы толықтай мәлімет алды.



ӨЛКЕТАНУ АРНАЙЫ ЖОБАСЫ

Өлкенің тарихын кеңінен тану, зерттеу мақсатында 9-сыныптар арасында Алаш  қозғалысының жетекшісі, қоғам қайраткері, көсемсөзші Әлихан Бөкейханұлының 155 жылдығына арналған «Алаштың Әлиханы» тақырыбында қашықтықтан танымдық сағат ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды ұлтжандылық, отаншылдық рухта тәрбиелеуге ықпал жасай отырып, халық арасынан шыққан ұлы тұлғаларды қадірлей білуге тәрбиелеу. Іс-шара мектеп сайтында жарияланды.

Picture 9 Picture 25







«МҰРАҒАТ-2025» АРНАЙЫ ЖОБАСЫ

М ұрағат – тарих айнасы» тақырыбында 9-сыныптар оқушыларының

Мұрағат қызметкерлерімен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуге ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасы, "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы" КММ, ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Қадырова Лаура Қабдылғазықызы келді. Кездесу барысында оқушылар мұрағат жайлы толық мәлімет алды. Сонымен қатар

жас ұрпақ мұрағаттарда мәңгілікке сақталатын тарихи деректер – мемлекеттің ішкі-сыртқы жағдайы, саяси-идеологиялық қатынастары туралы құжаттар ұлттық байлықтың бір бөлігі ретінде қорғалатыны жөнінде, ел тарихының елеулі кезеңдеріне, тарих пен мәдениеттің деректі ескерткіштеріне, сондай-ақ белгілі тұлғалардың өмірі мен қызметіне қатысты жәдігерлер жайлы терең мағлұмат алды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!