Мақала, шығарма, эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала, шығарма, эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Есірткісіз өмір ғажайып! Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға Нашақорлық проблемасы Денсаулық сақтау саласы үшін де, жалпы қоғам үшін де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасында нашақорлықпен ауыратын науқастардың саны шамамен екі есеге өсті: Тіпті сегіз жасар балалар да мамандардың көмегіне мұқтаж болған жағдайлар тіркелген. Бұл ойландыратын жағдай.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға


Есірткісіз өмір ғажайып!




"Адамдар өздеріне жаратқаннан

Денсаулық сұрайды, бірақ олар оны

өз күшінде сақтау туралы ойламайды"

Демокрит





Нашақорлық проблемасы Денсаулық сақтау саласы үшін де, жалпы қоғам үшін де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасында нашақорлықпен ауыратын науқастардың саны шамамен екі есеге өсті: Тіпті сегіз жасар балалар да мамандардың көмегіне мұқтаж болған жағдайлар тіркелген. Бұл ойландыратын жағдай.

Мені ойландыратыны «Есірткіге» жарнаманың қажеті де жоқ. Есіктен - есікке, ауыздан - ауызға, достарыңыз бен таныстарыңыздың кеңестеріне... осылай оңай жолмен ақ қол жеткізуге болады. Сіз ойламаған жерден сондай топтардың арасында болып қалуыңыз ғажап емес және оған ешқандай тосқауыл жоқ. Ал, адам үшін ең қымбат ұғым ол - өмір. Адам баласы өзінің саналы ғұмырында осы өмірді бақытты өткізуге тырысады. Алдына мақсат қойып, асыл мұраттарының орындалуы үшін күресіп бағады. Өмірдің ғажайып сырларын ашып, махаббат әлемінің тұңғиығына үңіледі, ұрпағына мирас боларлық мәңгілік ғұмырды жалғастыруды көздейді. Егер өмір осыншалық қымбат болмаса, мұның бәрі бос әурешілік емес пе? 

Біз есейген сайын ақылды бола бастаймыз, бірақ бір нәрсені түсіне алмаймыз: өмірдің мәні неде? Неліктен біз дүниеге келеміз, өмір сүреміз? Мұның бәрі не үшін? Бұл қаншалықты маңызды және оны кім басқарады? Неліктен біз ең маңызды нәрселерді басқара алмаймыз? Менің ойымша, өмірдің мәні – денсаулықтың қадірін жете түсіне отырып одан ләззат алу. Мен бүгін, дәл қазір мына жарық әлемде денім сау болып өмір сүргеніме қуаныштымын. Күн сайын мен сәулесін шашқан нұрлы күнді, шегі жоқ көгілдір аспанды, қара түнді жарық қылған самсаған жұлдызды көремін… Мен өмірдің бір-ақ рет берілетінін, сондықтан өмірді бағалау керектігін түсінемін. Менің қорқынышпен өмір сүргім келмейді, ата-анам бақытты болғанымды көргенін қалаймын. Достарымның мені темекі шеккенім немесе есірткі қабылдағаным үшін емес, жағымды қылықтарым үшін құрметтегенін қалаймын. Мен бақытты өмір сүретініме сенімдімін, өйткені мен өміріме қауіп төндіретін есірткіге «менің өмірімде саған орын жоқ!» деп айта аламын, өйткені мені қолдайтын қымбат адамдарым қасымда, өйткені мені бақытты ететін барлық мүмкіндік бар. Мен өз тағдырымды өзім жасаймын. Ешқандай есірткі біздің өмірімізді жарқын етпейтінін, ол тек мақсатыңа, арманыңа жетер жолды жабатынын анық түсінемін және осындай ғажайып өмірді таңдауға достарымды да шақырамын.

Менің тілегім – бүгінгі ұрпақ ата- бабамыздың маңдай тер, қасық қанымен келген бейбітшілік заманының қадірін жете түсініп, берілген ұлттық тәрбиеге қанығып өссе екен деп тілеймін.Бейбіт заманда, барлығы қолжетімді кезеңде өмір сүріп жатқан жастарымыз «Өмір қандай ғажап!» екенін ұғынса деймін.


Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы

Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектебінің

9 сынып оқушысы Ақберген Дамира Берлібекқызы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.11.2022
548
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі