Мақала "Табиғат"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Табиғат"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға сынып сағаттарына қажет деп есептеймін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орман – табиғаттың сыйы!

Ол тек тамақ пен шикізат көзі, біздің планетамыздың «өкпесі» ғана емес. Орман – адамдарға емдік әсер ететін, күші мен қайратын қалпына келтіретін, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің әртүрлігінен эстетикалық ләззат алуға мүмкіндік беретін денсаулық қоймасы.

Жасыл желек арасында қаланың, ауылдың қапырығы мен шаңы, мазаны алар шуы жоқ кеудені керіп дем алуға болады. Гүл мен шөптің жұпар исін жұтып, құстардың сайраған дауысын тыңдап табиғаттың сұлулығына тамсанамыз. Орманда өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан осы кереметтің бәрі әп-сәтте өртпен аяусыз жойылады. «От – орманның қатыгез жауы»

Ол оған орны толмас және мағынасыз зиян келтіреді. Өртпен орман өсімдіктері ғана емес, көптеген құстардың ұялары, жас және ересек жануарлар, терісі бағалы аңдар мен құстардың азық қоры, ормандағы құрылыстар, дайындалған сүректер және жануарлардың азығы, ағаш көпірлер және басқа халық шаруашылығы объектілері жойылады. Орман өрттері негізінен адамдардың кінәсінен туындайды. Ол орманда жұмыс істейтін және демалатын туристердің, жидек және саңырауқұлақ терушілердің, балық аулаушылар мен аңшылардың отқа ұқыпсыз қарауының нәтижесінде болады. Өрт қауіпі бар маусымға дайындалу мақсатында орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері орман өрттері туындай қалған жағдайда олармен күресу үшін күштер мен құралдардың өзара іс-қимыл іс-шараларының жоспарын әзірлейді, шекаралас жатқан барлық заңды тұлғалардың және шаруа қожалықтары бірлесіп жұмыс жасайды. Осы кезде небір жағдайларға төтеп беріп , өртпен күресетін орман күзетшілері аянбай еңбек етіп, бақылау жүргізеді.


«Көкшетау» МҰТП РММ Шалқар филиалы

Шалқар орманшылығы

орман шебері Ысқақов А Қ

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2018
1298
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі