Материалдар / Мақала тақырыбы "Жастарды кәсіпкерлікке баулу жолдары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала тақырыбы "Жастарды кәсіпкерлікке баулу жолдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Экономикалық тәрбие - жастар арасындағы кәсіпкерлік іс бастауының негізі болып саналады. Оқушылардың экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту деп түсінуіміз керек. Жас жеткіншектердің еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру экономикалық тәрбиенің алғышарттары болып табылады. Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі қайта құру кезеңінде өте көкейтесті мәселелердің бірі. Оларды халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық білімдермен қаруландыру қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2018
1876
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жастарды кәсіпкерлікке баулу жолдары


Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі «жастар арасындағы кәсіпкерлік іс». Елбасы Н. Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында жастар саясатын жүзеге асыруға арналған кешенді бағдарламалар жасап, оның орындалуын тікелей өзі қадағалап келеді. Егемен еліміздің болашағы жастар еншісінде. Сондықтан да жастар саясатының тиімділігін арттыруға баса көңіл бөліп келеді. Еңбек етуші халықтың 60 пайызы шағын және орта бизнесте жұмыс істеген кезде Қазақстан тұрақтылыққа қол жеткізетінін атап өткен еді.

Жалпы, жастардың мәселелеріне, оның ауылдық жерден қалаларға қоныс аударуына және бұдан кейінгі жұмысқа орналасуына, бейімделуіне қатысты түйінді мәселелер аз емес. Жастардың кейбір бөлігі өздерінің күш- қуаты мен білімін қайда жұмсарын білмейді. Жастар проблемаларының бүгінгі жағдайы бұл жұмыста жаңа басымдықтармен тетіктерді әзірлеуді талап етеді. Мемлекет үлкен өмірге қадам басқан әрбір жігіт немесе бойжеткен өзінің еңбегімен және ықыласымен 4 негізгі құқықтарымен міндеттерін, яғни жақсы кәсіби білім алуды, лайықты деңгейде ақы төленетін тұрақты жұмыс болуын, отбасын құру үшін өз баспанасының болуын, салауатты өмір салтын жүргізу мүмкіндігінің болуын іске асыру үшін барлық жағдайды туғызуы тиіс, – деді Елбасы. Жастар – еліміздің ертеңгі болашағы. Сол ұрпақты саналы да білімді етіп тәрбиелеу – төл міндетіміз. Ендеше, бүкіл ұжым болып бұл дағдарыстан өз біліктілігімізбен, игілікті істерімізбен шығатынымызға сенім мол. Ел үшін, ұрпақ үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын кез келді. Бұл Жолдау біздің бағыт-бағдарымызды айқындап, ертеңге деген сенімімізді нығайта түсті.

Елімізде қазіргі таңда шешімін табу үлкен қиындықтар туғызып отырған жастардың жұмыссыздық деңгейін азайтуда, нарықтық экономикалық жүйеде әрбір жастың өз білімін, қабілетін, дағдысын орынды дұрыс пайдалана отырып, мектеп оқушыларының бос уақытында айналысып отырған шағын кәсіпкерлік жұмыс нәтижесі жұмыссыз жастардың кәсіпкерлік іске қызығушылығын танытуы мүмкін. Жастардың әлеуметтік мәселесін шешу үшін, көзі қарақты белсенді жастардың пікірімен санасу керек. Сонда ғана, ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңірген жастардың қоғамдағы ролі артады. Жастарды кәсіпкерлік іске баулу, жұмысқа орналастыру, оларға заманауи технологияны меңгерту күн тәртібінен түспей отырған өткір мәселелердің бірі.

Экономикалық тәрбие - жастар арасындағы кәсіпкерлік іс бастауының негізі болып саналады. Оқушылардың экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту деп түсінуіміз керек. Жас жеткіншектердің еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру экономикалық тәрбиенің алғышарттары болып табылады.

Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі қайта құру кезеңінде өте көкейтесті мәселелердің бірі. Оларды халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық білімдермен қаруландыру қажет.

Экономикалық білім беру оқушыларды экономика саласы бойынша біліммен қаруландырады және білімді сенімге, мінез – құлық нормасына айналдыратын эканомикалық тәрбиеге негіз болады , күнделікті өмірде оқушылардың білімін , сенімін іс жүзінде қолдана білуге жетелейді.Экономикалық тәрбие – мектепте берілетін адамгершілік тәрбиесінің құрамдас бөлігі.

Экономикалық тәрбиенің негізгі міндеттері – оқушылардың экономикалық санасы мен ойлауын үздіксіз дамыту, балалардың өз қажеттіліктерін толық қанағаттандыру құралы ретінде еңбекке ұмтылу, мамандық таңдауға саналы қатынасы, экономикалық талдау іскерлігі мен дағдысын игерту,  мінез құлықтың белгілі сапасына тәрбиелеу, еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздерін игерту.

Оқушыларға экономикалық білім мен тәрбие берудің нәтижелері олардың экономикалық мәдениетін және жаңа типтегі экономикалық ойлауын қалыптастырады.

Экономикалық білім материалдық игіліктердің мазмұны, сипаты, ерекшеліктері, оларды өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну, қоғам дамуына материалдық өмірдің ықпалы туралы экономикалық теориялар жиынтығынан тұрады.

Оқушыларды экономикалық тәрбиелеудің негізгі категорияларын қалыптастырғанда, мектеп жасындағы балаларды экономикалық тәрбиелеудегі шетелдік және отандық алдыңғы қатарлы тәжірибелерді талдаудың нәтижелерін, сондай-ақ оқушыларды экономикалық тәрбиелеудің көкейкестілігі, дұрыстығы және мазмұны жөніндегі қоғамдық пікірді есепке аламыз. Осыған байланысты экономикалық тәрбиенің мақсаты жеке тұлғаны экономикалық әрекетке дайындау деп қорытындылауға болады.

Уақытты бағалай білу жеке тұлғаның маңызды экономикалық мәні мен сипаты жинақылыққа тәрбиелейді. Әртүрлі экономикалық қатынастар үрдісінде меншікке деген қатынас сөзсіз көрініс береді. Бұл қатынастарды педагогикалық және экономикалық тұрғыда сауатты басқару оқушылар бойында үнемшілдік, есепшілдік, сақтық сияқты сапаларды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан жастарының проблемалары, шын мәнінде осы заманғы жас ұрпақтың проблемаларын ғана емес, бүкіл қоғамның міндеттерін де қамтитыны белгілі. Осы арада жас ұрпақтың ең басты проблемасы – оның материалдық жағынан қамтамасыз етілмеуі көзге ілінеді. Жас буын Қазақстанның осы заманғы шынайы тұлғасы мен жүргізіліп отырған жастар саясатына байланысты өзіндік сипатқа ие болып отыр. Жастар отбасын құрады, сәбилерді дүниеге әкеледі, жаңа ғана еңбек жолын бастаған жас мамандардың тұрғын үй сатып алып, оны жасандыруға тіпті екі-үш айлық жалақысы да жетпейді... Мейлінше дені сау және еңбекке жарамды, тепсе темір үзетін жастарға жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер төлеудің орнына, оларға тек өздерінің білімін, қабілеті мен мүмкіндіктерін өздерінің отбасылары мен мемлекет игілігіне тиімділікпен жұмсауына мүмкіндік берген маңыздырақ. Мемлекет мүмкіндіктердің мұндай кең көлемін кәсіпкерлікте ұсына алады деп айта аламыз. Кәсіпкерлер де өз тарапынан осындай мүмкіндіктерді жастардың өз бизнесін жасауға тарту, өзін-өзі танытуға тарту мүмкіндігінің қажеттілігі керек. Сонымен бірге, жаңа кәсіпорындар жұмыс істеуге машықтанған жастар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік жасайды. Амал қанша, мұндай жауапкершілікті өзіне алуға әзір емес, бірақ қиналмай-ақ «жоғары жалақы» алуды көздейтін жастар да аз емес...

Мемлекетімізде кәсіпкерлік саласын қолдауға байланысты көптеген бағдарламалар жұмыс жасайды, бірақ жастар кәсіпкерлігі саласы бойынша «Даму» қорының ғана арнайы бағдарламаларында нақты механизмдер белгіленген. Жастар арасында кәсіпкерліктің әлсіз дамуының себебін түсіндіретін факторлар мен проблемалардың бүгінгі күні айқын, олар: біріншісі, жастар арасында бизнес білімінің жеткіліксіздігі және мемлекеттік бағдарламаларға ақпараттық қолдаудың тиімсіздігі, екіншісі, тәжірибенің жеткіліксіздігі, үшіншісі, ең негізгі проблема бұл жастар арасындағы жобаларды қаржыландыру мәселесі болып табылады.

Елбасы әрбір маңызды басқосуда кәсіпкерлікті дамыту жөнінде айтып, тиісті тапсырманы беріп те жатыр. Осыған орай, мемлекет экономиканы тұрақтандырудың негізгі бағыты ретінде кәсіпкерлікті дамытуға барынша қолдау көрсетіп келеді. Қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жас кәсіпкерге біршама қолдау бар. Қазақстан әлемдік өркениет көшінен өз орнын алуы үшін отандық өнімдеріміз барлық жағынан талапқа сай болуы қажет. Ол үшін отандық кәсіпкерді, оның ішінде жас кәсіпкерді кешенді түрде барынша қолдау керек. Жас кәсіпкер – ертеңгі аяғынан тұрған, әлеуеті күшті, халықаралық деңгейде жұмыс істейтін кәсіпкер қалыптастырушы орта. Өткен жылдың басында Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен республикалық жастар форумында 7 пікірсайыс алаңының бірі нақ осы жастар кәсіпкерлігі мәселесіне арналды. Дегенмен бұлай тоқмейілсуге де болмайды. Бір нәрсе анық, ол – ең негізгі міндет ретінде жастар кәсіпкерлігін дамыту және жас кәсіпкерлерге жеке бизнесін қалыптастыруға және шағын бизнесте өзіне жұмыс табу үшін мүмкіндік беру қажет. Мемлекеттік органдар кәсіпкерлерге қолдаудың көрсетіліп жатқанын айтады, ал жас кәсіпкерлер қолдаудың жеткіліксіз екендігін алға тартып келеді. Менің ойымша бұл үнемі жүретін күрес. Мемлекеттік қолдау бар, бірақ шектеулі, талаптары қатаң, жас кәсіпкерлерге қолжетімді емес. Жас кәсіпкерлердің мемлекет жасап отырған қолдаулардан алып отырған үлесі мүлде төмен. Егер жастар кәсіпкерлігін қолдау барынша кешенді түрде жүргізілсе, жұмсалған әрбір теңге еліміздің экономикасы үшін салық пен түсім ретінде 2-3 теңге болып қайтады деп ойлаймын. Еліміздегі әлеуетті кәсіпкер 25-34 жас шамасындағы азаматтардан құралғанын ескерсек, әлбетте жастар кәсіпкерлігін дамытудың маңыздылығын талап етеді.

Қазіргі уақытта мектептерге SAGE халықаралық бағдарламасы енгізілуде. Қазақстанның барлық мектептеріне бизнес көшбасшыларын дайындайтын SAGE халықаралық бағдарламасы енгізілуде. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифнг барысында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Әуез Қарабалаев айтты. - ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе Қазақстанның барлық мектептерінде кәсіпкерлікке бейімдейтін SAGE халықаралық бағдарламасы енгізілуде. Бұл коммерциялық емес, қазіргі жаһандық ойлайтын бизнес көшбасшыларын дайындайтын бірден-бір бағдарлама болып табылады. Аталған бағдарлама жаһандық деңгейдегі бизнес-көшбасшылардың жаңа толқынын құруға септігін тигізеді. SAGE халықаралық бағдарламасының пилоттық жобасы Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ақтөбе және Қарағанды сынды 5 аймақты қамтиды. Біздің жоспар бойынша ол оқу бағдарламасына 8 сыныптан бастап енеді, - деді Ә.Қарабалаев.

Барлық салада жас кәсіпкерлер қызметін дамытуға мән беріп, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдаудың белгілі бір үлесін мақсатты түрде олардың қызметін дамытуға және қолдауға бағыттау қажет. Себебі жастар бизнеспен айналысу кезінде қаржылық, ақпараттық, білім, инфрақұрылым және осы секілді басқа да көптеген проблемаға кезігіп отыр. Жалпы жастар кәсіпкерлігінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны әлі де жетілдіріп, әкімшілік тосқауылды азайтып, бизнеске салық жүктемесін төмендетіп, қаржылық және қаржылық емес шаралар түрінде бизнесті кешенді қолдауды жүзеге асыру қажет. Ең басты мәселе – олардың құқықтық мәртебесінің анықталмауы болып отыр.

Жаңадан іс бастайтын тәжірибесіз жас кәсіпкер қаржылық ғана емес, ең әуелі ақпараттық, кәсіп жүргізу туралы білім, бизнес- жоба жасау, өнімі мен қызметін өткізу және бизнес бастауда басқа да көптеген қиындықтан өзі жол тауып шығуға мәжбүр. Сондықтан мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдаудың белгілі бір үлесі мақсатты түрде жас кәсіпкердің қызметін дамытуға және қолдауға бағытталса дейміз. Жас кәсіпкердің қызметін мемлекеттік сатып алу арқылы қолдау.

Жалпы айтпағым, тәжірибесі жоқ жас кәсіпкерге өзгелермен қатар заңның қатал талабы тең қойылады. Жұмысын енді бастап, тұрақты дамыта алмай жатып қатал талап қоюдан ұтылмасақ, ұтпайтынымыз анық. Назар аударатын мәселе – өңірлердегі, ауылдық жердегі жастардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру және жас кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау өзекті болып отыр. Алдағы кезеңде кәсіпкерлік қызметте жұмыс істеушілердің үлес салмағын экономикалық белсенді халықтың 60-70%-ына дейін жеткізу үшін осы салаға жастарды көбірек тартуымыз керек. Жалпы жастар басқаратын компаниялар үлкен тәуекелділікке тап болғанымен, жетістікке жетуге мүмкіндігі мол, елге қызмет ету уақыты көп екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Алдағы уақытта Қазақстанға бизнесті дамытуға қабілетті, білікті жастар көптеп керек болады. Жастардың бизнеске қызығып, кәсібін ашып, жұмысын бастауы үшін бастапқы капиталға қол жеткізуін қамтамасыз ету керек. Ақпараттық қызмет көрсету, кәсіпкерлік дағдылары мен бизнес жүргізуді оқыту; өңірлік және салалық ерекшелікке қарай басым

және перспективалық бағыттарды айқындау; өндірілген тауарлары мен қызметтерін өткізуге ықпал жасау және мүдделерін қорғау бағыттарында қолдау көрсету қажет.

Қазіргі білім беру жүйесі жастарды кәсіпкерлікпен айналысуға ынталандырмайды, алған білімдері бизнесте көмектеспейді, азаматтың тұлғалық өсуін қамтамасыз етпейді, заманауи талаптарға жауап бермейді. Білім ордасын бітірген жас еңбек нарығында ешкімге керексіз болып, алған мамандығында бір күн жұмыс істемей, қайта мамандану жолын іздеп жатады. Бұл әрине бір адамның шаруасы секілді, бірақ жиынтығында қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Бұған бәріміз жауаптымыз және бейжай қарауға болмайды. Жастардың өмір жолында аяқтан тік тұрып кетуі үшін жан-жақты қолдау көрсетілмесе, ертеңгі күні елімізде күрделі әлеуметтік мәселе туындайтыны анық, яғни оқу бағдарламаларына кәсіпкерлікті енгізу қажет. Ия, жастардың бизнесті жүргізудің негіздері жөніндегі дағдыларды үйренуі үшін оқу бағдарламаларының қатарына кәсіпкерлік негіздерін оқытуды қосу керек. Сол кезде болашақ маман иесі өз мамандығымен қатар кәсіпкерліктің негізгі қағидаларын игерген болар еді. Бизнеспен айналысуға ниетті жастар мақсатты түрде кәсіпкерлік негіздерін игеріп, одан әрі өз кәсібін ашып жұмыс істегені әлдеқайда тиімді болары анық. Өмірге қадам басқанда, құстың қос қанатындай мамандығы мен кәсіпті бастау қабілеті қатар болады. Осы кезде мемлекет қаражаты тиімді игерілген болар еді. Жалпы ел экономикасын дамытуда ШОБ маңыздылығын ескеріп, рөлін мойындап, дамуына болашақта жаңа серпін беру және кәсіпкерліктің маңыздылығын насихаттау үшін мемлекеттік деңгейде «Кәсіпкерлер күні» кәсіби мерекесін бекіту қажеттілігі туындап отыр және алдағы жылдардың бірін «кәсіпкерлер жылы» деп жариялауды ұсынар едім. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың барлық қызметінің негізгі қағидалары жас кәсіпкердің қызметін қолдау мен дамытуға бағытталуы тиіс. Қателіктері болса, бірден жазалап, кәсібін тексеріп, жауып, айыппұл салып, бұдан кейін кәсіпкерлікке келмейтіндей етпеуіміз қажет. Керісінше, кешіріммен қарап, қолдап, қателігін түзеуге мүмкіндік беріп, үнемі қызметін жетілдіріп, аяқтан тұрып кетуіне жағдай жасағаннан ұтарымыз әлдеқайда көп болады. Сондықтан ең бастысы бизнеспен айналысу ережесі қарапайым, оңай әрі түсінікті болуы керек. Бұл жерде айтпағым – мемлекет пен қоғам тарапынан қолдау, дамыту құралдары мен ережесі, бизнеспен айналысып жатқан жастарға қоғамның көзқарасы оң болуы керек. Адамды еңбекке баулып, табысқа қарай ұмтылысына ынталандырып қолдау қашанда пайдалы. Абай атамыз айтқандай, маңдайымыздан аққан терімізді сатуымыз қажет. Жастарға кәсібінің нағыз маманы болуға және өз бастамасын жүзеге асыруға мүмкіндік пен жағдай жасасақ болғаны. Ал табысты болу жас кәсіпкердің еншісінде...

Кейде жастардың арнаулы экономикалық білім алғанымен, қоғамға қажетті кейбір жеке белгілерін игермейтіні байқалады. Бұған себеп: отбасында, мектепте, жоғары және басқа оқу орындарында экономикадан берілетін тәрбиенің жеткіліксіздігі. Экономикалық тәрбие оқушыларға экономикалық заңдардың сипати мен әсерін түсінуге мүмкіндік береді. Оқушыларды еңбекке, жеке меншік пен қоғамдық меншікке ұқыптылықпен қарауға, тапсырманы өздігінен жауапкершілікпен орындауды жоспарлай білуге, уақыты мен бюджетін тиімді пайдалануға, экономикалық талдауды қалыптастыруға дағдыландыру керек. Мұның өзі – ұзақ жүретін үрдіс.

Тәрбие негізі баланың жас кезінен бастап отбасында қалыптастырылады. Одан кейін ол мектепте одан ары қарай дамытылады. Оқушыларға экономикалық тәрбие берудің негізгі мақсатының бірі – оларды өз бюджеттерін тиімді пайдалануға дағдыландыру. Кейбір ата-аналар балаларына жұмсауға ақша береді. Бұл, әрине дұрыс емес. Мұндай тәрбие баланы ақшаға үйір етіп, теріс мінездерді қалыптастыруына жол ашады. Ата-аналар отбасы қаржысының қандай еңбекпен табылатынын, ақшаны қалай тиімді жұмсау қажеттілігін балаларына түсіндіріп отыруы тиіс. Ата-ана балаларына жұмсауға ақша бергенде мөлшерлеп жұмсауға тиіс екендігін айтып отырған абзал. Мөлшерден артық ақшасы бар бала оны қалай болса солай жұмсап, ақшаның құнын бағаламай кетуге әдеттене бастайды. Сондықтан оқушы ата-аналардың еңбегін, тапқан табысын қастерлей білуге дағдыланғаны жөн. Ендеше мұғалім экономикалық тәрбие беру үшін қазіргі нарықтық экономика жайлы заңдылықтарды көбірек біліп, терең түсініп, оны тәрбие барысында пайдалана білуі өте маңызды.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!