«Тәуелсіздік-ел
тұғыры»
Жалпы тарихты еске алсақ
Қазақстан тәуелсіздігі қиындықтан басталды.Оның көп ұлтты халқының
үлкен бір бөлігі шаттана масайраудың орнына мәңгіріп, адамдар енді
Кеңес Одағының азаматтары емес екендіктерін білгенде қуаныштан
реніш басым болды. Себебі 1992 жылдың басында елдің халінің ауыр
болғаны соншалық , елдің өмір сүруге деген мүмкіндігі ең жақсы
айтқанда әлсіз, ал жаман айтқанда болар-болмас қана еді.
Халықаралық бақылаушылар арасындағы оптимистер Қазақстан он жылдай
ғана өмір сүре алады деп есептеді.Пессимистер құрдым одан әлдеқайда
ерте келіп жетеді деп қауіптенді.Ол қатер сыртқы агрессордың қарулы
басып кіруі емес, пайда болған бей-берекетсіздіктегі бірнеше
себептерінің кез келгені арандататын ішкі жарылыс деп
есептелінді.
Тәуелсіздік тәңірдің бізге
береген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.Біз бүгінге
дейін барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол
жеткіздік.Аз ғана уақыт ішінде елдің әл ауқаты көтеріліп,төл
мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар
жасалынып жатыр.Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары
айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік біздің ең басты игілігіміз, баға
жетпес құндылығымыз.Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы
Тәуелсіздіктен бастау алады. Дәуір жасампаздығы сенімді және
серпінді дамуға байланысты. Мемлекет басшысының атап өткеніндей,
жолдауда мемлекеттік саясаттың алдағы жылдардағы басымдықтары нақты
белгіленген.
Тәуелсіздік - ең басты
құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап
жеттік.Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп,
елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. Аз
ғана уақыт ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтық қиын
өткелдерінен аман өтіп келеміз. Барша Қазақстандықтар үшін
Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз
Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді
және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері
қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді
жандандырдық.
Тәуелсіздіктің 30 жылы тарихта
өз ерекшеліктерімен қалды.1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан
республикасының тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң
қабылданды.Заң 7 тарау,18 баптан тұрды. Ол- Қазақстан
Республикасының тәуелсіздігін бүкіл ғаламға жария еткен бірден-бір
тарихи құжат. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа
мемлекет пайда болды.Н.Назарбаев қол қойған алғашқы жарлықтарының
бірі-1991 жылғы тамыздың 29 -да «Семей полигонын жабу туралы»
жарлық болды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы, бүгінде
дүниежүзіне мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың
мәніне айналды. Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
Ассамблеясы біздің президентіміздің ұсынысын мақұлдап, 29 тамызда
халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады.
Қазақстан Республикасы 1992 жылы 2 наурызда Біріккен Ұлттар
Ұйымының 46- сессиясында толық құқылы мүшесі болып қабылданды.
Қазір еліміздің БҰҰ, Юнеско, ЕҚЫҰ секілді 70-ге жуық халықаралық
ұйымдарда өкілдігі бар. Мемлекет тәуелсіздігін қамтамассыз ету
мақсатында 1992 жылы қаңтарда еліміздің ішкі істер әскері құрылды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін айғақтаған әнұран 1992 жылы
қабылданып, 2006 жылы 7 қаңтарда өзінің тарихи миссиясын
аяқтады.1992 жылы 4 маусымда Жоғарғы кеңестік сессиясы
республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті.
Елтаңбаның авторлары Ш.Уалиханов пен Ж.Мәлібеков, тудың жобасын
сәулетші ,суретші Ш.Ниязбеков жасаған. 11 желтоқсанда Әнұранның
бірінші мәтіні қабылданды. 2006 жылы қазіргі қабылданған әнұран
сөзінің авторлары Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, әнін
жазған Шәмші Қалдаяқов. Халық арасында ыстық ықыласқа,
сүйіспеншілікке бөленген Шәмшінің «Менің Қазақстаным әні» ХХ
ғасырдың ортасында, Хрущевтің әкімшілік реформалары кезінде шыққан.
Бұл ән Қазақстан тұтас ел және жерінің бір қарыс жерін өзгеге
бермейді деген өжет дауылпаз ұран.
Жалпы Ел басы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев елдің жарқын болашағына жол сілтеді. Елдің
ертеңгі күніне деген сенімін оятты. Нұрсұлтан Әбішұлы ескі жүйенің
күйреу жағдайында жаңа зайырлы демократиялық Қазақстанды құру
секілді аса күрделі бүгінгі ғана емес, кейінгі ұрпақтың қамы
жолындағы жауапкершілігі мол жұмыстарды жүйелі бастап, батыл да
табанды әрекеттерімен, абыроймен жалғастырып келеді. Қысқа уақыт
ішінде Еуразия кіндігінде барлық Қазақстандықтардың мақтанышы
болған, әрі кейінгі ұрпаққа тарихи мұра болар
-Астана бой
көтерді. Бүгінде Нұр-Сұлтан – болашақтың каласы.
Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы болып табылатын жас
қала, баршамыздың арман қаламыз. Еліміздің көгілдір туы желбіреген
тәуелсіздігіміздің ордасы. Нұр-сұлтан қаласы Еуразияның дәл
ортасында орналасқан: бір жағынан – еуропалық жетістік, екінші
жағынан – шығыс дәстүрі үйлесімін тапқан. Шыңдары көкті тіреген
асқақ Алатау баурайынан Ұлы даланың кіндігіне көшіріліп, ерке
Есілдің жағасынды бой түзеген әсем Нұр-сұлтан -жаңа ғасыр ғажабынан
жаралған жас қала. Жер шарының картасынан бұл қаланың атауы да өз
орнын алды. Тарихымен табиғаты, сәулетімен бүкіл тіршілігі
дара, ғажап үлгілі күйіміздің күмбірі, көңіліміздің жыр-гүлі
жас қала күн сайын енсесі биіктеген қалаға айналуы өзімізді
сүйсіндіріп , әлем жұртын көркімен
тамсандырды. Қаламыздың сәулет кешендері арасында атақты
еуразияшыл ғалым, түркологтың есімі берілген білім ордасы Л.Н.
Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті де айрықша орынға ие.
Университет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
1996 жылғы 23 мамырдағы бастамасымен құрылған. Бүгінде Л.Н.
Гумилев атындағы ЕҰУ өз білім алушыларына Қазақстан мен
Нұр-сұлтанның мәдени, қоғамдық және саяси өміріне белсенді
араласуларына зор мүмкіндік
ұсынады.
Қорытындылай келе
тәуелсіздіктің орнауына 30 жылдай уақыт өтіпті. 30 жылдың ішінде
елімізде білім саласында біраз өзгерістер де
болды. Елімізде балабақша мәселесі шешіліп, 6
жасқа дейінгі балалардың 90,5% мектепке дейінгі біліммен
қамтылған. Мұғалімдердің де еңбегі
бағаланып, педагог мәртебесі туралы заң қабылданды.Мұғалімдердің
тиімді жұмыс жасауына өкімет тарапынан үлкен қолдау жасалынып
жатыр. Болашақта еліміз өркендеп, әлемнің дамыған елдер қатарына
қосылып,өркендеуіне тілектеспін.
Әдебиеттер
тізімі
-
«Қазақстан тарихы» әдістемелік
журнал, 2012 жыл.
-
www.kazakhstan.awd.kz
-
https://www.enu.kz/yntymaktastyk/shetel-studentterge/astana-turaly/
-
www.kazhistory.ru