Таза Қазақстан
Мемлекет басшысы Қасым –
Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет 2024 – 2029 жылдарға арналған
«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын
бекітті. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барлық өңірде іске
асып жатыр.
Өткен жылдың сәуір айында
Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» науқанын
бастауға шақырып, Қазақстанды көгалдандыру мен өңірлердегі
аумақтарды қоқыстан тазартуға үнемі назар аудару қажеттігін айтқан
еді. Мемлекет басшысы Қасым –
Жомарт Кемелұлы «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен
ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек.
Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға жанашыр көзбен
қарауға тиіс» – деген.
Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев:
«Экология – жарлықпен жасалатын, өкіммен орындалатын шаруа емес.
Тазалық алдымен халқымыздың әдетіне, сосын қанға сіңген қасиетіне
айналуы қажет. Шын мәнінде, өркениетті елдің басты сипатының бірі
– тазалық пен тәртіп» деп атап көрсеткен болатын. Қазір
республикамыздың барлық аймағында, түкпір – түкпірінде дерлік «Таза
Қазақстан» экобағдарламасы жүзеге асып жатыр. Бес жылға дейін
жалғасатын шараның ауқымы кең. Қоршаған ортаның ластануы өзекті
болып отырған қазіргі қоғамда экологиялық мәдениетті
қалыптастырумен қатар, азаматтардың қоршаған ортаға деген
жауапкершілігін арттырудың маңызы зор. Осы бағытта балабақшадан
бастап, яғни «еңбектеген жас, еңкейген кәріге» дейін «жұдырықтай
жұмылуы» керек.
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы
экологиялық мәдениетті дамытудың әртүрлі әдіс – тәсілін қамтитын
кешенді әдісті қарастырады. Негізгі бағыттар экологиялық ойлауды
қалыптастыруды, жауапты мінез – құлықты дамыту және оны ынталандыру
шараларын, экологиялық білім беру мен ақпараттандыруды
қамтиды.
2029 жылға қарай коммуналдық
қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін 25% – дан 38% – ға дейін арттыру,
сондай – ақ экологиялық тәрбиені нығайту іс – шараларына тартылған
оқушылар үлесін 15% – дан 40% – ға дейін ұлғайту жоспарлануда.
Қоршаған ортаны таза ұстауды дағдыға айналдыруды
көздейді.
Тазалық пен тәртіп –
кез-келген аймақтың табысты дамуының кепілі ғана емес, тұрғындардың
мәдениеттілігінің өлшемі.
«Таза Қазақстан» экологиялық
акциясы аясында Жетісай қаласында да ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Тазалық жұмыстарына «А.Байтұрсынов атындағы №5 ЖББМ» КММ – нің
мұғалімдері және оқушылары
атсалысты.
Экологиялық
акция тек қоқыс жинаумен шектелмейді. Табиғатты таза ұстаумен
қатар, оның ластанбауы үшін өскелең ұрпақтың экологиялық сауатын
арттыру қажет. Осындай дәрістер арқылы
біз мәселенің салдарымен емес, себебімен
күресеміз. Алдағы таңдада осындай жұмыстар жалғасын табатын
болады.
Қорытынды:
Жазушы Толымбек Әбдірайым
«Сенбілік дегеніміз – тазалық жұмыстары ғана емес, жастарға ұлттық
мәдениет пен әдеби мұра туралы маңызды ақпарат жеткізетін танымдық
іс-шара деңгейінде болғаны құптарлық шаруа», –
деді.
– Әрі «Таза
Қазақстан» деген сөз жай экологиялық ортаның тазалығы емес, ол жан
дүниенің, тілдің, рухтың, сананың тазалығын дәріптеуге жол ашқаны
дұрыс. Әркім тазалықты өзінен бастайды деп айтып жүрміз. Ендеше
адамдар сол тазалықты тілінен, әдеп – иба мінезінен бастаса, онда нағыз «Таза
Қазақстан» болар едік. Елімізді қоқыс пен қардан ғана емес,
жемқорлық пен парақорлықтан, әділетсіздіктен де тазартсақ, сонда
біздің басты миссиямыздың орындалғаны, – деді
жазушы.