Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Ұстаз салған сара жол"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз салған сара жол

Адам бол! Бұл сөзді көбінесе бала кезімізде үлкен қарияларымыздың аузынан естіп жататын едік. Осы сөздің түп мағынасының аса тереңде жатқандығына мән берсек, өте киелі ұғым екендігіне көзіміз жеткендей болады.Тереңірек үңіліңізші, адам баласына айтылатын «Адам бол» сөзінің құдіреті неде деп ойлайсыз?

Сол кездегі менің оқушылық пікірім былай еді: «Адам баласы адамның рақымы мен махаббатынан жаратылады. Оны басқа тіршілік иелерінен ерекше саналы, сезімді етіп жаратады. Демек адам өзінің ерекше саналығымен, ойлау жүйесінің кеңдігімен сараланады» деген ойда болушы едім.

Балалық шағымызда үлкендер «Кімді үлгі тұтасың?» десе, бірден ұстазымыздың аттарын атаушы едік. Шын мәнінде, осы ұстаным өмірде өз жолымызды табуға көп септігін тигізді. Жанарынан мейірім төгіліп тұратын аяулы ұстазымыздың әр қылығын іштей бақылап, жүріс-тұрысын мұқият көз алмай қарап, сүйкімді жүзіне қараумен отырушы едік.Осындай ұстаздарымызды мақтан тұтатынбыз.

Кезінде ұстазымыз: « Кез келген адам көшбасшы бола алады, ертең есейген соң сендер де көшбасшы болуларың мүмкін» деуші еді. Өмір өтеді, адамның бала күнгі армандарына жету үшін өмірлік көшбашының рөлі зор екендігіне ешбір шүбә келтіру мүмкін емес.

Ұстаз салған сара жолдың бағытын мен де ұстанып, бүгінде бір мекеменің ұстазы болып, шәкірт тәрбиелеудемін .

Қазіргі таңда Тараз қаласындағы бір ммектепте мұғалі болып жұмыс жасаймын. Бүгінгі таңда шәкірттерім халықаралық, республикалық деңгейдегі байқауларға қатысып, мекемеміздің қоржынын жүлделі орындармен толтыруда. Әр уақытта шәкірттеріме ақылымды айтып, көмекті қажет ететін балалармен досындай сырласып, әрқашан қолдау көрсетіп отырамын.

Шәкірттерім-менің мақтанышым! Дархан даладай кең, сабырлы мінездеріне қарап, іштей риза боламын. Осының бәрі жүйелі жұмыс жасап жатқанымыздың арқасы деп білемін.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.05.2021
492
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12